2022-2023 оқу жылына арналған
«Қазақстан тарихы» пәнінен
№1 межелік бақылау сұрақтары
1.
"Қазақстан тарихы" ғылым ретінде
Қазақстан тарихы – тарихи оқиғаларды, құбылыстарды, фактілерді, процестерді
біртұтас түрде зерттейтін, Қазақстан аумағында көне дәуірден бүгінгі күнге дейін
болған тарихи заңдылықтар мен заңдылықтарды ашатын ғылым.
Қазақ халқының тарихының бастауы ғасырлар мен мыңжылдықтардан бастау алады.
Ол өте күрделі және басқа көршілес елдердің тарихымен тығыз байланысты және
адамзаттың тарихи даму заңдылықтарына сәйкес дамиды. Кеңес дәуірінде
Қазақстандағы тарих ғылымы провинциялық рөл атқарды.
Тарих-адамзат қауымының, халықтар мен мемлекеттердің өткен өмірін, бүгінін және
болашағын зерттейтін ғылым. Тарихты білу-сонау өткен замандағы маңызды
оқиғаларды, сол кезеңдегі адамдардың өмір-тіршілігін оқып-үйрену.
Яғни тарих дегеніміз - өткенді бүгінді түсіну үшін зерттейтін ғылым.
2.
Глоттогенез және культурогенез тұжырымдамалары, олардың адам
эволюциясындағы маңызы.
Глотогенез - адам тілінің қалыптасу процесі. Тілдің пайда болуы туралы әртүрлі
теориялар бар, олар тілдің қалай шыққанын, қалай пайда болғанын өзінше дәлелдейді.
Тіл білімінде оларды екіге бөліп қарайды.
1. Биологиялық теориялар тілдің пайда болу себебін адам организмі мен
психикасының ерекшеліктерінен іздейді.
а) Еліктеу теориялары, оның ішінде кең таралған «дыбысқа еліктеу қағидасы»
бойынша алғашқы адамдар қоршаған ортадағы дыбыстарға, көрініс, бейнелерге
еліктеп, оларды белгілеу үшін әртүрлі дыбыстар шығарудан бастайды (Х. Штейнталь).
б) «Одағай теориясы» бойынша адамдардың өздеріндегі көңіл-күй әсері бойынша
еріксіз, оқыс дауыстар шығаруы қазіргі тілге негіз болады.
в) Ымдау теориясы бойынша алғашқы кезде тілде «сөздермен» бірге мимикалар мен
жестілер көп болған.
2. Қоғамдық теориялар бойынша тілдің пайда болуы әлеуметтік себептерден ізделеді.
а) «Қоғамдық келісім теориясы» бойынша адамдар белгілі бір заттарды белгілеу үшін
оларды бірдей атауға келіседі.
б) Еңбек теориясы бойынша тіл адамдардың бірлесіп еңбек етуі кезіндегі байланыс
жасау қажеттігінен пайда болған. Бұл теория бойынша тіл, еңбек пен бірге «адамды
адам еткен» факторларға енеді.
Тілдің қазіргі түрдегідей қалыптасқан кезін бұдан 200 мың жыл бұрынғы кезден әрі
деп, ал қазіргі тілдердің бәріне негіз болған ең көне тілді бұдан 50 мың жыл бұрын
өмір сүрген деп жорамалдауға болады. Яғни дыбыстардан сөздер құрастырып, оларды
байланыстырып сөйлемдер құрап сөйлеген.
Культурогенез – жалпы кез келген халық пен ұлт мәдениетінің пайда болуы мен
қалыптасу процесі және мәдениеттің алғашқы қоғамдағы сол күйінде пайда болуы.
Қазіргі уақытта мәдениеттің пайда болуының біртұтас теориясы жоқ.
Культурогенез мәдениетте бұрын болмаған жаңа құбылыстардың пайда болуы арқылы
мәдениеттің өзін-өзі жаңарту процесінің үздіксіз жүзеге асуы. Басқаша айтқанда,
мәдениеттің қалыптасу процесі бір рет емес, адамзат тарихында үнемі болып тұрады.
Мәдениеттің пайда болуы туралы теориялар бар.
Космологическая теория
Бұл теорияны жақтаушылар В.И.Вернадскийдің, П.Тейхард де Шарденнің,
Л.Н.Гумилевтің пікірінше, мәдениеттің пайда болуы мен дамуына жер бетінде қолайлы
жағдайлар жасауға ықпал ететін белгілі бір ғарыштық күштердің әсері болған. Демек
жерде адамның дамуына, ерекше қасиеттердің пайда болуына қолайлы жағдайлар
болып,мәдениет пайда болды.
Символдық теория бойынша мәдениеттің бастауы, адамның өмір сүруіне қажетті
ақпараттар символдар арқылы берілуден басталған.
3.
Адамның тарихқа дейінгі эволюциясы.Қазақстан тарихының кезеңделуі және
хронологиялық шеңбері.
4.
Адамның пайда болуы туралы қазіргі теориялар.
Homo Sapiens, Homo habilis,
Homo erectus.
5.
Қазақстан
аумағындағы тас дәуірінің археологиялық ескерткіштері. Гулбану
6.
Ежелгі металлургия және көшпенділер өркениетінің пайда болу алғышарттары.
Металлургия –
кенді шикізаттан, қайтарма шикізаттан және шикізатты өңдеудің әртүрлі
аралық өнімдерінен металдар мен қорытпаларды өндірумен айналысатын
өнеркәсіптің саласы. Металлургия
-
бұл металдарды бөліп алу мен тазарту, химияның,
физиканың, физикалық химияның және бірқатар техникалық пәндердің негізінде
пайда болған және дамыған қорытпаларды, ұнтақты және композициялық материал
-
дарды алу әдістері туралы ғылым. Б.з.б. дейінгі бірнеше мыңдаған жылдарға дейін
-
ақ
алтын, күміс, мыс, қорғасын секілді металдар алынған. Қазіргі уақытта металлургия
саласына 72 металл жатады. Бүгінгі күні 86 металл белгілі, оның 63
-
і, яғни 75 % жуығы,
XIX ғасырдың басында ашылды. Металдың ашылуы мен оны таза күйде бөліп алуға
дейін көп уақыт өтті. Мысалы, бериллий 1798 жылы ашылды, ал таза металл
зертханада тек 1899 жылы алынды –101 жылдан соң. Металдың зертханада
алынуымен оның өнеркәсіптік өндірілуіне дейін де көп уақыт қажет. Кез
-
келген
металды бөліп алу процесінің өнеркәсіптік игерілу ұзақтығы өңдеу құнымен ғана емес,
оның тәжірибелі қолданылуымен де анықталады.
Ежелгі металлургияның отаны ретінде қазақ жерін атауға болады. Металды балқыту
арқылы, одан бұйым жасауды ата
-
бабамыз осыдан 4
-
5 мың жыл бұрын меңгерген еді.
Металлды меңгеру бойынша археолог ғалымдардың ғылыми тұрғыдан дәлелдері
Қазақстаннан табылған көптеген құнды жәдігерлермен байланысты. Қазақстан бүгінгі
таңда да түсті және қара металлургияның қайнар көзі саналады. Археолог
ғалымдардың мәлімдеуінше ежелгі замандағы металлургияны өндіру Орталық
Қазақстан жерінде жүзеге асты. Бұл аймақта ерте кезеңде адамдар мыс балқыту
арқылы түрлі бұйымдар жасаған.
Металл өндіру мен оның тарихтағы орны жайлы Қазақстан Республикасы Тұңғыш
Президенті Н.Ә. Назарбаев «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақалада мынадай ой
-
пікір
білдіреді: «Металл өндірудің амал
-
тәсілдерін табу тарихтың жаңа кезеңіне жол ашып,
адамзат дамуының барысын түбегейлі өзгертті. Сан алуан металл кендеріне бай қазақ
жері –
металлургия пайда болған алғашқы орталықтардың бірі. Ежелгі заманда
-
ақ
Қазақстанның Орталық, Солтүстік және Шығыс аймақтарында тау
-
кен өндірісінің
ошақтары пайда болып, қола, мыс, мырыш, темір, күміс пен алтын қорытпалары алына
бастады. Ата
-
бабаларымыз жаңа, неғұрлым берік металдар өндіру ісін дамытып,
олардың жедел технологиялық ілгерілеуіне жол ашты. Қазба жұмыстары барысында
табылған металл қорытатын пештер мен қолдан жасалған әшекей бұйымдары, ежелгі
дәуірдің тұрмыстық заттары мен қару
-
жарақтары бұл туралы тереңнен сыр шертеді.
Осының бәрі ежелгі замандарда біздің жеріміздегі дала өркениеті технологиялық
тұрғыдан қаншалықты қарқынды дамығанын көрсетеді».
Қазақстандағы
металлургия өндірісі бастауы энеолит кезеңінен бастау алады. Ғылыми
тілде энеолит дегеніміз мысты
-
тас кезеңі деп сипатталады. Ал мыс болса бірнеше
металлдар қоспасынан тұрады.
Неолит дәуірінен соң келетін келесі тарихи кезең –
энеолит дәуірі деп аталады. Осы
энеолит дәуірінде адамдар мыс балқытуды толық игеріп, оны тұрмыста кеңінен
қолдана бастады. Энеолит дәуірі б.з.б. ІІІ
-
ІІ мыңжылдықтар аралығын алып жатыр. Бұл
дәуірдің басты ерекшелігі, жоғарыда атап өткеніміздей –
металл өңдеуді игеру болып
табылды. Осы
дәуірде тас құралдар жасау ісі құлдырап, олардың орнына мыс
қосылған бұйымдар жасала бастады. Энеолит дәуірінде алғаш рет мыстан пышақтар,
түйреуіштер және инелер жасала бастайды.
Энеолит дәуірінде алғаш рет мыстан пышақтар, түйреуіштер және инелер жасала
бастайды.
Мыстан жасалған шоттың немесе басқа да құралдардың тастан жасалған шапқыға
қарағанда жұмыс істеу тиімділігі бірнеше есе артты. Мыстан жасалған құралдар
тиімділігі нашар тас құралдарды жаппай ығыстырып шығара бастады. Мыс
қалыптардың ойлап табылуы құралдарды көбейтіп шығаруға мүмкіндік берді. Мыстан
жасалған өткір жүзді құралдардың пайда болуынан қармақ сияқты бұрын белгісіз
болған құралдар да ойлап табылды. Металлдың адам мен қоғам өміріне ене бастауы
энеолит дәуірінің басты ерекшелігі болып табылатын
7.
Ұлы
дала аумағындағы Энеолит және қола дәуірі.
Қола
дәуірі –
адамзат қоғамындағы тарихи
-
мәдени кезең. Ол қола металлургиясының
кең қанат жайып, еңбек құралдары мен қару
-
жарақ жасауға арналған негізгі
материалға айналуымен сипатталады. Бұл кезде неолит дәуірінің мәдениеті дамып,
металл игеріле бастады. Негізінен, қола дәуірі мәдениеттері осы металл кендері көп
жерлерде дамыды. Мұндай өңірлерде дайындалған қола бұйымдар бірте
-
бірте
іргелес жатқан жерлерге де тарады. Адам баласы мысты энеолит дәуірінде игерген
болатын. Оған қарағанда, қоланың қатты әрі берік болуы құрал
-
саймандардың
сапасын арттырып, еңбек өнімділігін жоғарылата түсті. Қола дәуірінің хронологиялық
шегі б.з.б. 4
-
мыңжылдықтың аяғы мен б.з.б. 1
-
мыңжылдықтың басын қамтиды. Ежелгі
қола
құралдары Оңтүстік Иран, Түркия мен Месопотамиядан табылды. Кейінірек олар
Мысырға (б.з.б. 4
-
мыңжылдық аяғы), Үндістанға (б.з.б. 3
-
мыңжылдық соңы), Қытайға
(б.з.б. 2
-
мыңжылдық ортасы) және Еуропаға, Қазақстанға (б.з.б. 2
-
мыңжылдық)
тарады. Қола дәуірінің Америкада өз тарихы бар. Мұнда металлургия орталығы Перу
мен Боливия жерінде болды. Африкадағы қола дәуірі туралы мәселе археологиялық
зерттеулердің жеткіліксіздігіне байланысты әлі толық шешілмей келеді.
8.
Ботай мәдениеті және оның жылқы көлігі коммуникациясының пайда
болуындағы ролі.
Достарыңызбен бөлісу: |