1
Гормондар
БИОЛОГИЯ
•
АДАМ
•
ГОРМОНДАР
Гормондар –
эндокриндік бездер деп
аталатын ішкі секреция бездерінен қанға
бөлінетін
химиялық
хабаршылар.
Бұл
гормондар денедегі нысана-жасушалар мен
ұлпаларға әсер етеді. Мысалы,
өсу гормоны
ми астындағы гипофиз безінен бөлінеді. Өсу
гормоны бүкіл денедегі жасушалардың бөлінуі
мен өсуін ынталандырады. Инсулин – бауыр
мен бұлшықеттерге қандағы глюкозаны алуға
және сақтауға көмектесетін гормон. Ол
ұйқы
безі деп аталатын безден бөлінеді. Ағзада
көптеген әртүрлі гормондар әрекет етеді. Өсу
гормоны сияқты кейбір гормондар көп жағынан
әсер етсе, ал инсулин сияқты гормондар нақты
бір жағынан әсер етеді. Адреналин сияқты
кейбір гормондар өте тез, ал тестостерон және
эстроген сияқты
гормондар ұзақ уақыт бойы
әрекет етеді.
•
Гормондар дегеніміз не?
1-бөлім: Гормондар
Өсу гормоны мидың астыңғы
бөлігінде орналасқан гипофизден
бөлінеді
ДИАГРАММА 01:
• Ұсынылатын фильм
– Гормондармен танысу
Қосымша сұрақ
C1. Гормондар жүйесінің жүйке жүйесінен айырмашылықтары қандай?
Гормондар жүйесі қан айналымында жүретін химиялық заттардан тұратындықтан, жүйке жүйесі сияқты жылдам
әрекет етпейді. Жүйке жүйесі секундтар бойы әсер етсе, гормондар бірнеше минут не одан да көбірек уақыт
бойы әсер етеді. Бірақ, гормондардың әсері жүйке жүйесінің әсеріне қарағанда ұзаққа созылады.
2
БИОЛОГИЯ • АДАМ • ГОРМОНДАР
• Бізге гормондар не үшін қажет?
• Гормондар қалай жұмыс істейді?
Гормондар тіршілік ету ортасына бейімделуге және ағза қызметтерінің үйлесімді қызмет етуіне көмектеседі.
Адреналин және кортизол гормондары адамды күйзеліс жағдайларына дайындап, оларға қарсы тұруға жағдай
жасайды. Жыныс гормондары сияқты кейбір гормондар ағзаның жыныстық жетілу
кезіндегі дамуын бақылайды
Гормондардың
көпшілігі
–
ақуыздар,
кейбіреулері ғана – стероидтар. Олар
ерекше құрылымға ие, сондықтан,
қосымша
рецепторлары бар жасушалармен байланысып,
оларды ынталандырады. Гормонның нысана-
жасушамен байланысуы жасушаны белгілі
бір әрекетке келтіреді. Мысалы,
жасушаның
бөлінуіне немесе оның басқа гормонды
өндіруіне әкеледі.
Қосымша сұрақ
C2. Егер өте көп немесе өте аз гормон бөлінсе, не болады?
Гормондардың дұрыс мөлшерде бөлінбеуі ағзаның қызметіне жағымсыз әсер етеді, тіпті кейде өлімге соқтырады.
Сусамырмен ауыратын адамдарда инсулин жеткілікті бөлінбейді.
Сондықтан, олардың ағзасынагормон
жіберілмесе, қандарындағы қант мөлшерін бақыланбайды. Әлемде өмір сүрген ең ұзын адамдардың
кейбіреулерінің бойлары шамамен 9 футқа (2.7м) дейін жеткен. Себебі, олардың өсу гормоны өте көп мөлшерде
бөлінген