Пән сабақтарында
ақпараттық коммуникациялық
технологияны қолдану
тиімділігі
Жоба құраушы: Тайпақ орта жалпы білім беретін
мектебінің директорының оқу ісі жөніндегі
орынбасары: Есенгалиева Г.К.
“Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі
оқытудың жаңа технологияларын енгізу,білім
беруді ақпараттандыру, халықаралық
ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу”
Қ.Р.”Білім туралы” Заңының 8-бабы
.
Мұғалімнің оқу-тәрбие үрдісінде жаңа ақпараттық
технологияларды тиімді қолдану үшін төмендегі талаптар
орындалу қажет
1. Интерактивті тақтамен жұмысты меңгере білу.
2. Интерактивті тақтаның арнайы бағдарламаларымен
жұмыс
3. Электрондық оқулықтарды, олардың ішкі модульдерін
жаңа тақырыпқа байланысты қолдана білу.
Негізгі міндеттері
1. Педагог мамандардың ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды пайдалана алу дайындығын анықтайтын
белгілер мен көрсеткештерді жасақтау және олардың
ақпараттық құзырлығын қалыптастыру мүмкіндіктерін
зерттеу.
2. Педагог мамандарды ақпараттық-коммуникациялық
технологияны өз қызметтеріне енгізуге байланысты
ұйымдастыру жүйесін жасақтау.
3. - АКТ-ны оқытуда мұғалімдердің кәсіби қайта даярлау
және біліктілігін жоғарылату.
4.
Ақпараттық –коммуникациялық технологияны
оқу
үрдісіне енгізу
Жаңа ақпараттық технологиялар
Мультимедия
Интерактивтік тақта
Интернет кеңістігі
Электрондық оқулық
Жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланудың тиімділігі:
-Оқушының өз бетімен жұмыс істеуі;
- Уақытын үнемдеуі;
- Білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру;
-Шығармашылық қабілетін дамыту
-Қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;
- Қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;
- Экономикалық тиімділігі;
- Іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып
үйренуде ( би өнері, қол еңбегі, дене шынықтыру сабақтары т.с.с.);
- Қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақпен есту
мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен әртүрлі
тәжірибе нәтижелерін көріп, сезінуге мүмкіндік береді;
- Оқушының ой- өрісін, дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор.
Жоғарыда айтылғандарды тұжырымдай келе,
келесі мәселелерге тоқталып өтуге болады, олар:
1. Заманауи ақпараттық технология оқу құралы
ретінде оқытудың тиімділігін
арттыруға мүмкіндік береді.
2. Білім беруді ақпараттандыру оқытуды
дербестендіру үшін қолайлы жағдайлар
жасайды.
3. Заманауи ақпараттық технологияның оқу-
тәрбие үдерісіндегі орны ерекше.
«Білім беруде ақпараттық технологияларды пайдаланудың тиімділігі»
атты жобамды қорытындылай келе төмендегідей ұсыныстарға тоқталамын:
- Оқу орындарын қазіргі заманға сай жаңа ақпараттық құрал-
жабдықтармен жабдықтау, интерактивтік тақталар мен мультимедиялық
кабинеттермен және арнаулы пәндер бойынша электрондық оқулықтармен
қамтамасыз ету;
- Оқытудың жаңа ақпараттық технологияларын пайдалану бойынша білім
жетілдіру курстарын жиі ұйымдастыру;
- Ақпараттық құзыреттілікті қалыптастырудан күтілетін нәтиже жаңа заманға
сай ақпараттық мәдениеті мен құзіреттілігі қалыптасқан, теориялық
білімдерін іс жүзінде қолдана алатын жеке тұлға қалыптастыру.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу-тәрбие үрдісінде қолдану
оқушының өз мамандығына қызығушылығын арттырып, шығармашылық
шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын қалыптастырып, мамандық сапасын
арттырып, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда үлкен
септігін тигізеді.
Қ.Р.Президенті Н.Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа
Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында атап
көрсетілгендей, ақпараттық технологиялар мен ақпаратты
таратудың жаңа нысандарына бағдарланған
мамандандырылған білім беру бағыттарын құру міндеті де
алдымызда тұр. Өткен ғасырдың 30жж сауатсыздықпен күрес
жүргізілгендей, компьютерлік сауаттану жөніндегі ауқымды
іске азаматтарды, әсіресе, жастарды тарту қажеттілігі нақты
айтылған және мемлекеттік қызметке жаңа қызметкерлерді
қабылдау кезінде компьютерді, интернетті қолдана білу
дағдысы міндетті талап болуға тиіс екендігі атап көрсетілген.
Сабақ барысында АКТ-ны қолдануда жеткен
жеткен жетістіктер:
1.Окушылардың шығармашылық қабілеті дамыды.
2.Оқушы өз бетімен жұмыстанады.
3.Оқушыларды ұқыптылыққа, нақтылыққа
тәрбиелейді.
4.Басты мәселеге назар аударады.
5.Оқушылар жеке іс –әрекетін дұрыс жоспарлауға,
дұрыс шешім қабылдауға үйренді.
Достарыңызбен бөлісу: |