«Дүниетану» сабақтарында пысықтау. Оқушылардың білімін тексеру. Дүниетану сабақтарында тест қолдану



бет1/22
Дата14.08.2023
өлшемі82,48 Kb.
#105255
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
дуниетану)


1. «Дүниетану» сабақтарында пысықтау.Оқушылардың білімін тексеру.Дүниетану сабақтарында тест қолдану.
Оқушылардың білім-білік дағдысын дамыту барысында сабақтың әр түрлі типтерін қолданамыз. Сабақты талапқа сай өткізудің бірнеше методикалық әдістері бар. Осы әдістерге сай сабақты мынадай типтерге бөлуге болады:
Жаңа сабақ
• Білімін жетілдіру
• Қайталау сабағы
Аралас сабақ
• Бағалау сабағы
Соның ішінде қайталау сабағы оқушының білімін тарау бойынша саралап тексеру үшін және жеке-жеке білімін бағалау үшін қолданылады.
Қайталау сабағын өткізерде алдын ала жоспар жасап, оның мақсатын көрсетіп сол тарауға немесе тақырыпқа негіздеп сұрақтар мен тест дайындау қажет. Сұрақтар мен тестті деңгейлік тапсырма түрінде алу қолайлы.
Қайталау сабағында сабақты өтудің бес түрі қолданылады.
Ауызша сұрақтар
• Өзіндік жұмыс
• Практикалық жұмыс
Бақылау жұмысы, тест, сынақ алу
• Іскерлік ойындарын ұйымдастыру.
Өткен тақырыпты қайталап, пысықтау кезінде осы өткен тақырып бойынша берілген сұрақтарға жауап беру, 20-25 минутқа арналған өзіндік жұмыс алынуы тиіс.
Қазіргі уақытта оқушылардың білім-білік дағдысын қалыптастыру, дамыту барысында түрлі әдістемелік әдістер қолданылады.
Бүгінгі бала, ертеңгі азамат, мемлекетімізді ары қарай дамытушы тұлға. Сондықтан да білім негізі бастауыш сыныптан бастап қаланады. Бастауыш сатыдан бастап білім беру процесімен бірге тәрбие де жүреді.
«Дүниетану» пәні жалпы оқушыларды табиғатты сүюге, оны таза ұстап күтуге, эстетикалық тәрбиеге үйретеді. Оқушылар табиғатты қорғауды үйрену үшін, оны бақылап, зерттеп, нақты білім алуі тиіс. Сондықтан да келесі тест түрінде жасалған бақылау, оқушылардың білімдерін жинақтап, әр бөлімнен алынған білімнің негізгісін бөліп алады.
Тест әдісі оқушының сөздік қорын толықтырып, сөйлеу мәдениетін дамытуға ықпал етеді. Келесі тест тапсырмалары 2-4 сынып оқушыларына арналған. Олар оқулықтың әр бөлімдерінің қорытындысы ретінде алынған бақылау түрінде болады.
Бұл тесттердің тағы да бір қолайлы жағы, 4 сыныпта дүниетану пәнінен бастауыш сатыда алған білімдерін тексеру, тиянақтау.
Тесттер жинағы сонымен қатар балалардың білімдерін тексергісі келген ата- аналарға да қолдануға болады.
2. «Жаратылыстану» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстардың маңызын айқындаңыз.
Дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы жалпы дүниетану пәндерінің ерекшеліктеріне байланысты білім беру және тәрбиелу процестерінің жүйесіне кіреді.
Сыныптан тыс жұмыстар ұйымдастырылатын оқу түрнлері оқушыларға білім және тәрбие беруде үлкен маңызға ие. Бұл оқу үрдісінде балаларға қосымша білім және тәрбие беретін оқу түрі болып есептелінеді.
Сыныптан тыс жұмыс түрлері оқушыларға табиғаттың құпия сырларына қаныға түсуге айқара жол ашады, құштарлығы оянады, өз беттерімен жұмыс жасауға белсенщділігі артады, білімдері тереңдейді. Сыныптан тыс жұмыстар барысында бала бойында жауапкершілік, тәрбиенің басқа түрі қырларының қалыптасуы жүзеге асады. Сыныптан тыс жұмыс түрінің сабақтан тыс оқу түрінің айырмашылығы, оқу бағдарламасына сәйкес оқушының орындауы міндетті, сыныптан тыс жұмыс түрлері оқушының өз еркімен, қызығушылықпен белсенді айналысады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет