Бағдарламалық сұрақтар
Бөлімнің аты: Нәруыздар. Ферменттер.
1. Нәруыздардың жалпы қасиеттері мен атқаратын қызметтері, атап шығу, мысалдар
келтіру. Құнды және құнсыз нәруыздар. Алмастырылатын және алмастырылмайтын
амин қышқылдары. Дипептидті жазу және оны атау
•
Нәруыздар әр түрлі қызмет атқарады:
құрылымдық, қорғаныштық,
тасымалдау, жиырылу, катализдік, реттеуші, қоректік, электротрансформациялау.
Құрылымдық қызметі(пластикалық) – нәруыздар өсімдіктердің, жануарлардың,
микроорганизмдердің құрылымын қамтамасыз етеді.
Қорғаныштық қызметі – организмнің қорғаныштық қызметін ммундық жүйе
атқарады. Осы жүйелер иммуноглобулиндер мен антиденелерді организмге түскен
бөгде
заттарға, бактерияларға қарсы жауап ретінде синтездейді.
Тасымалдау қызметі – нәруыздар суда ерімейтін заттарды(липидтерді, стероидтарды,
майда еритін витаминдерді) қан ағысымен тасымалдау арқылы оларды нысана-органдарға
апарады.
Жиырылғыштық қызметі – организмге үйлестірілген қозғалыс мүмкіндігін береді. .
Катализдік қызметі -нәруыздардың ең үлкен тобы. Бұл қызметті толып жатқан
ферменттер атқарады. Организмдегі биологиялық катализаторлардың
барлығы дерлік
ферменттер болып табылады
Реттеуші қызметі - – жеке жасушалардағы және тұтас организмдегі зат алмасуын
реттейді. Мысалы,
инсулин гормоны, гипофиз гормондары және т.б. жатады.
Қоректік қызметі – бұл қызметті
қоректік нәруыздар атқарады. Оған негізгі азық –
түлік өнімдері болып табылатын жануарлар мен өсімдіктердегі альбумин, глобулин, казеин,
глиадин, гордеин, зеин және басқа қоректік ақуыздар жатады.
Электротрансформациялау қызметі - Нәруыздар
осмостық және электрлік
энергияны макроэргиялық АТФ энергиясына айналдыра алады.
Нәруыздардың қоректік құндылығы, олардың амин қышқылдық құрамымен байланысты,
биологиялық
құндылығы - бірінші кезекте, алмастырылмайтын амин қышқылдарымен
олардың балансталғандығымен байланысты. Осыған байланысты тағамдық нәруыздар
құнды