Бағдарламалық сұрақтар Бөлімнің аты: Нәруыздар. Ферменттер



Pdf көрінісі
бет1/57
Дата06.02.2023
өлшемі0,97 Mb.
#65587
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57
Байланысты:
50 сұрақ



Бағдарламалық сұрақтар 

Бөлімнің аты: Нәруыздар. Ферменттер. 
1. Нәруыздардың жалпы қасиеттері мен атқаратын қызметтері, атап шығу, мысалдар 
келтіру. Құнды және құнсыз нәруыздар. Алмастырылатын және алмастырылмайтын 
амин қышқылдары. Дипептидті жазу және оны атау 
• 
Нәруыздар әр түрлі қызмет атқарады: құрылымдық, қорғаныштық, 
тасымалдау, жиырылу, катализдік, реттеуші, қоректік, электротрансформациялау. 
Құрылымдық қызметі(пластикалық) – нәруыздар өсімдіктердің, жануарлардың,
микроорганизмдердің құрылымын қамтамасыз етеді. 
Қорғаныштық қызметі – организмнің қорғаныштық қызметін ммундық жүйе 
атқарады. Осы жүйелер иммуноглобулиндер мен антиденелерді организмге түскен бөгде 
заттарға, бактерияларға қарсы жауап ретінде синтездейді. 
Тасымалдау қызметі – нәруыздар суда ерімейтін заттарды(липидтерді, стероидтарды, 
майда еритін витаминдерді) қан ағысымен тасымалдау арқылы оларды нысана-органдарға 
апарады. 
Жиырылғыштық қызметі – организмге үйлестірілген қозғалыс мүмкіндігін береді. . 
Катализдік қызметі -нәруыздардың ең үлкен тобы. Бұл қызметті толып жатқан 
ферменттер атқарады. Организмдегі биологиялық катализаторлардың барлығы дерлік 
ферменттер болып табылады 
Реттеуші қызметі - – жеке жасушалардағы және тұтас организмдегі зат алмасуын 
реттейді. Мысалы, инсулин гормоны, гипофиз гормондары және т.б. жатады. 
Қоректік қызметі – бұл қызметті қоректік нәруыздар атқарады. Оған негізгі азық – 
түлік өнімдері болып табылатын жануарлар мен өсімдіктердегі альбумин, глобулин, казеин, 
глиадин, гордеин, зеин және басқа қоректік ақуыздар жатады. 
Электротрансформациялау қызметі - Нәруыздар осмостық және электрлік 
энергияны макроэргиялық АТФ энергиясына айналдыра алады. 
Нәруыздардың қоректік құндылығы, олардың амин қышқылдық құрамымен байланысты, 
биологиялық құндылығы - бірінші кезекте, алмастырылмайтын амин қышқылдарымен 
олардың балансталғандығымен байланысты. Осыған байланысты тағамдық нәруыздар құнды 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет