Емишова Аманкуль Бастаубаевна Ғылыми-әдістеме бөлімшесінің басшысы



Pdf көрінісі
Дата03.03.2017
өлшемі6,56 Mb.
#6111

Емишова Аманкуль Бастаубаевна

Ғылыми-әдістеме

бөлімшесінің басшысы

Хақназар хан 

(1538-1580 жж. билік құрды)

Хақназар - 1538-1580 жылдардағы қазақ ханы, 

қазақ халқын біріктіруге, қазақ мемлекеттігін

нығайтуға айрықша еңбек сіңірген мемлекет

қайраткері, қолбасшы, Қасым ханның ұлы

Билікке келуі

Хақназар хан тағына әкесі Қасым хан 

өлген соң 20 жыл өткеннен кейін отырды

Қасым хан өлгеннен кейінгі 20 жыл

аралықта Қазақ ордасында хан құтаймай

Момыш, Тоғым, Ахмет, Тахир, Бұйдаш

хандар билік жүргізе алмай, сырт жаулармен

шайқастарда шейіт болған болатын.

Қасым ханның тұсында

айбыны асқан

Қазақ хандығы

іштей әлсіреп, сырт жаулармен

күресте ірі-ірі сәтсіздіктерге

ұшыраған еді. Батысында

Ноғайлы, шығысында Моғолстан, 

солтүстігінде Сібір (Көшім хан), 

оңтүстігінде Өзбек

хандықтарының қысымында

болды.

Осындай кезеңде билікті қолына

алған

Хақназар

елінің еңсесін көтеріп,

сыртқы жағдайларды Қазақ ордасының

мүддесіне лайықты пайдалана білді.

Қасым ханның бастаған ісін ілгері

жалғастырып, Ноғай ордасының бір

бөлігін

Қазақ

хандығына

қосты.

Мемлекет

шекарасын

Еділ

мен

Жайыққа жеткізді. Башқұрт халқының

Ресейге мойынсұнбаған бөлігі де Қазақ

ордасының

құрамына

дендеп

кірді.

Орыс патшасы Иван Грозный Хақназарды

құдіретті әмірші ретінде танып, елшілерін

жіберіп тұрды. 

Хақназар Сібір хандығымен болған

күрестің нәтижесінде Орта жүздің шетте

руларын жинап, оңтүстікке топтастырды

Ойраттарға

1554

жылы

күйрете соққы берді. 1555 жылы

Моғолстан ханы Абд әл-Ләтиф

сұлтанды жеңіп, Ұлы жүз рулары-

ның

көпшілігін

қосып

алды.

Моғолдар шебі Тәңіртаудан әрі

ысырылды.

Түркістан,

Сығанақ, Сауран, Сайрам, Тараз

қалаларын қайтарып алды.

Қасым

ханнан

кейінгі

бүліктердің салдарынан әлсіреген

хандықты нығайтып, біріктіру

үшін

Қасым

ханның

баласы

Хақназар хан

(1538-1580

жж.)

осылай тарих сахнасына билікке

келді.

Хақназар қазақ хандығын

42

жыл

биледі.

Қазақ хандығының

300

жылдық

тарихында Хақназардай ұзақ жыл

ел билеген хан болған емес. Ол ел

басқаруда,

әскери-саяси

істерді

жүргізуде қажырлы да қабілетті

болды,

аса

күрделі

сыртқы

жағдайларда

дипломатиялық

дарыны мол қайраткер екендігін

көрсетті.

Хақназар хан

таққа отырған

соң

хандық

үкіметтің

билігін

нығайтуға және күшейтуге бар

қажыры мен қайратын жұмсады.

Өзінен бұрынғы

Тахир хан

және

Бұйдаш хан

тұсында шашылып

бытыраңқы

жағдайға

түскен

қазақ хандығын қайта қалпына

келтіріп, біріктіруді мақсат етті.

Осы жылдары жарыққа шыққан

қазақ-қырғыз

одағын

үздіксіз

нығайтты,

қазақ-қырғыз

одағына

сүйене

отырып,

Моғолстан

хандарының

Жетісу

мен

Ыстықкөл

алабын

жаулап

алу

әрекетіне

тойтарыс берді. Хақназар хандық

құрған дәуірде қазақ хандығының

сыртқы жағдайында аса ірі тарихи

оқиғалар

орын

алды.

Бұл кезде батыста күшейе түскен

орыс мемлекеті шығысқа қарай

ірге кеңейтіп

1552

жылы Қазан

хандығын,

1556

жылы

Астрахан

хандығын

басып

алды.

Осы

жағдайға байланысты,

Еділ

мен

Жайық

арасында

ұлан-байтақ

өңірді мекендеген Ноғай ордасы

ыдырай бастады.

Хақназар-

«қазақтар мен ноғайлардың ханы»

Ноғай ордасындағы феодалдық топтар

тоқтамады, осы күресті пайдалана

Хақназар

ноғай мырзаларының көбін өз

шығарып,

Жайық өзенінің сол жағындағы

территорияны қосып алды. Жайық

жапсарлас

жатқан

дала

үшін

күрес

ғасырдың 60-шы жылдарында

да жалғаса

Нәтижесінде Ноғай жерлерінің 

бір бөлігі Хақназардың билігіне 

көшіп, қазақ хандығының 

жерін кеңейтіп, күш қуаты мен 

беделін арттырды. Тарихи 

деректемелерде осы кезеңде 

қазақ ханы Хақназарды 

«қазақтар мен ноғайлардың 

ханы» 

деп атаған.

Ноғай ордасының ыдырауы

Ноғай

ордасын

билеген

маңғыт мырзаларының арасында

үкімет

билігіне

таласқан

феодалдық қырқыс үдей түсті,

бұл қырқыстар халық бұқарасын

қатты

күйзелтіп,

жаппай

наразылық

тудырды,

Ноғай

одағы

құлдырап,

ауыр

дағдарысқа тап болды.

Хақназар хан тұсында

Қазақ

хандығының күшеюі және халық

өмірінің оңалуы, Ноғай ордасына

қарасты

қазақ

тайпаларын

қызықтырып өзіне тартты. Ноғай

одағына

қарасты

көшпелі

тайпалардың бір бөлігі қаңлылар,

қыпшақтар тағы басқалар Қазақ

хандығына

келіп

қосылып

жатты. Оларды Хақназар хан

құшақ жая қарсы алды.

Ноғай ордасын билеушілерінің 

бірі Ысмағұл мырза ішкі 

феодалдық қырқыста өз ағасы 

Жүсіп мырзаны өлтірді. Жүсіп 

мырзаның балалары Ысмағұл 

мырзамен соғысты бастайды. 

Ноғай ордасында өзара 

қырқысқан екі топ пайда 

болды. 

Ысмағұл

мырзаның тобы Мәскеу 

княздігіне қосылуды жақтаса, 

оған қарсы топ Қазақ хандығына 

қосылуға бой ұрды. Бұл жағдайды 

шебер пайдаланған Хақназар хан 

Ноғай

ордасының көп ұлысын 

(бұлардың көбі қазақтың кіші жүзі 

алшын одағына енген тайпалар) 

өзіне қосып алды

Хақназар хан

Ноғай ордасының

ыдырауын

пайдаланып,

Жайық

жағалауындағы көшпелі тайпаларды

қазақ хандығына қосып алумен ғана

тынбады,

батысқа

қарай

ауған

ноғайларға қуалай шабуыл жасап,

одан

ары

ығыстырып,

Қазақ

хандығының

жерін кеңейтіп, күш-

қуаты мен беделін арттырды.

Ауыр дағдарысқа ұшыраған Ноғай

одағы ішкі феодалдық

қайшылықтар мен қырқыстардың

және халық бұқарасының

феодалдық үстемдікпен қанауға

қарсы күрестерінің нәтижесінде

бордай тозып, 1569 жылдан соң

мемлекет ретінде өмір сүруден

қалды.

Ноғай

одағына

қараған

қазақ тайпалары және олардың

этникалық

территориясы

Қазақ

хандығына

бірікті.

Бұрын

Ноғай

одағының

астанасы

болып

келген

Сарайшық қаласы

да қазақ

хандығына өтті.

Бұл қазақ хандығының, қазақ

тайпаларының және қазақтардың

этникалық территориясын біріктіру

жолында жасаған жеңісті

қадамдарының бірі болды. Сонымен

қатар ноғайлы дәуірінде жасалған

немесе жаңғыртылып жырланған

қыруар жырлар, «Қырық батыр 

жыры» сынды алып эпос қазақ

мәдениетінің қазынасына қосылды.

Ноғай ордасының

ыдырауы, оған қарасты қазақ

тайпалары мен олардың

мекендеген жерлерінің қазақ

хандығына қосылуы

хандықтың батыс, солтүстік

және оңтүстік жағындағы

жағдайға өзгеріс тудырды. 

Орыс мемлекеті мен қазақ

хандығы арасындағы кең өңірді

алып жатқан Ноғай одағының

ыдырауы, оның бір бөлігінің

қазақ хандығына қосылып, енді

бір бөлігінің орыс патшасына

бағынуы, шығысқа қарай кеңейіп

келе жатқан орыс мемлекетінің

шекарасын қазақ хандығына

жақындата түсті.

1563

жылы Сібір хандығының

билігін тартып алған

Көшім хан

ендігі

жерде қазақ хандығына дұшпандық

позиция ұстады. Оның үстіне моңғол

билеушілері

мен

қазақ

хандары

арасында

да

қақтығыстар

болып

отырды.

Осындай күрделі жағдайлармен

есептескен

Хақназар

хан

Қазақ

хандығының

сыртқы

саясатын

өзгертті.



Өзінен

бұрынғы

қазақ

хандары

үнемі жауласып келген Маураннахрдағы

Шайбани

әулетімен

одақтастық

байланыс

орнатуға

ұмтылды.

Орта

Азияның

ең

ірі

қалаларының

бірі

Ташкентті басып алуға бағытталған

әскери қимылдарын тоқтатты. Шайбани

әулетінен шыққан Бұхара ханы

Абдолла

ІІ-мен

қазақ ханы

Хақназар

«қастаспай

дос болып, өзара көмектесу»

жөнінде

«анттастық шарт»

жасасты.

Хақназар

ханның бұл

дипломатиялық

шарасы

оңды болды. ХҮІ ғасырдың 60-

жылдарының

соңы

мен

70-жылдарының

басында соғыс қимылдары тоқтап, бейбітшілік

орнады.

Қазақтардың Орта Азия халқымен

сауда-

саттық

және

мәдени

қарым-қатынасы,

экономикалық байланысы одан әрі өрістеді.

Мұның

өзі

қазақ

хандығының

ішкі

жағдайын жақсартуға, халқының шаруашылық

өмірінің оңалуына тиімді болды. Сонымен

қатар

қазақ хандығын

нығайта түсті.

Бұхара хандығы

Бұхара

ханы

Абдолла ІІ (1557—1598)

тұсында Ташкент маңын Барақ

ханның

баласы

Баба сұлтан

биледі. Ол Бұхараға

бағынбай өз алдына тұрды. Үнемі

Абдолла

ханмен

соғысты. Сөйтіп, Баба сұлтан

Бұхара

хандығынан

бөлініп шығуға әрекет етті.

Қазақ ханы

Хақназар

өзбек хандарының

өзара қырқысына араласып, біресе

Абдолла

ханды

, біресе

Баба сұлтанды

қолдап екеуін де

әлсіретуге, осы арқылы өздеріне үлкен пайда

түсіруге тырысып бақты.

1579

жылы

Абдолла хан

екінші

шеру тартып Баба сұлтанға қарсы

жорық

жасады.

Қазақ

ханы

Хақназар

оның

Баба

сұлтанға

қарсы

күресін

қолдады.

Қазақ

хандығы осының бодауына Абдолла

ханнан

Түркістан

аймағындағы

бірнеше қаланы қайтарып алды.

Ташкент билеушісі Баба 

сұлтан қазақ хандығына

Түркістан, Сауран

қалаларын бергенде, 

қазақ сұлтандары Баба 

сұлтанды қолдады.

1579

жылдың

екінші

жартысында қазақ сұлтандары

әскерлерімен Ташкентке келді.

Олар қайтадан Абдолла жаққа

шықпақ

болып,

Ташкент

билеушісі

Баба сұлтанға

қарсы

астыртын әрекет істеді.

Бірақ бұл астыртын әрекетті

сезген Баба сұлтан қазақ

сұлтаны Жалымды, оның

екі ұлын, Хақназар ханның

екі ұлын өлтірді. Іле-шала

оның астыртын жіберген

адамы 1580 жылы Хақназар

ханды өлтірді.

Аңыз

Қазақ

жүздерінің

бөлінуі

жөніндегі

халық

аңыздарының

Хақназар

хан

есімімен

тығыз

байланысты екенін ғылым да жоққа

шығармайды.

Қазақ

жүздерінің

Хақназар тұсында пайда болғанын

ауыз әдебиетіміздің қалдырған асыл

мұраларының бірінде былай дейді:

«Алаштан қазақ тараған, 

Ноғайлыға қараған.

Жауға алдырмай ноғайлар,

Бір-біріне жараған.

Ноғайдан қазақ бөлініп, 

Үш жүз болып тараған»

— деген тарихи жолдар дәлелдей

түседі. 

Алғашқы жол

қазақтың тегі

алты алаштың бірі екенін

меңзесе, 

екінші жол

қазақ

хандығы ыдырап, елді

жекелеген сұлтандар бастап, 

қазақтардың Ноғай

ордасына қарап кеткен кезін

көрсетеді. 

Шумақтың

үшінші, төртінші

жолы құлауға айналған

хандықтың елін еншілеп, 

жерін кеңейтіп алуға

ұмтылған қырда жүрген

қалмақтардың, ойдағы

шайбанилықтар мен 

моғолстандықтардың

әрекетінен көрініс береді. 

Бұл

жоғарыда

айтылған

Хақназар

бастаған қазақтардың төрт тарапта майдан

ашып жүрген кезіне тұспа-тұс келеді. Және

Ноғай ордасының

орыс бодандығына қарап

Қазақ хандығынан біржола ірге ажыратқан

кезінен хабар береді.

Міне,

қазақ жүздерінің

де пайда болған

кезі осы тұсқа келеді. Жырау жырлаған

"

Ноғайдан қазақ бөлініп, үш жүз болып

тараған

", — деген жолдар осыған куә.

Хақназар хан тұсындағы үш жүздің пайда болуы 

туралы ақиқат пен аңыз

Мемлекеттiк билiктi нығайтқан хан – Хақназар

Қорытынды

Қасым ханнан кейін әлсіреген

Қазақ хандығының билігін

қолына алған Хақназар хан 

қазақ елінің еңсесін көтерді. 

Сыртқы жағдайларды ел 

мүддесіне пайдалана білді. 

Хақназар хан қазақ халқын

біріктіріп, мемлекеттің

нығаюына ерекше еңбек

сіңірді. 

Хақназар ханның өз алдына билік

құрған хандардан ерекшелігі-

қанды қырғын соғысқа, 

ұлтараздыққа бармай,  

мемлекеттер арасындағы

дипломатиялық әдістерді жиі

пайдаланып отырды. Ол ең

алдымен өз төңірегіне өте сенімді

тату одақты ұйымдастыра білді. 

ТҮЙIН:

Түйіндеп

айтқанда,

Хақназар ханның

тұсында Қазақ

хандығының iшкi және сыртқы

саяси жағдайы жақсарды.

Қазақ

мемлекетi

көршi жатқан елдермен

байланыс жасап, достық одақтар

құруға ұмтылды. Қазақ мемлекетiнiң

халықаралық субъектi ретiндегi рөлi

қалпына келдi.

Бiз Қазақ хандығының тарихын сөз

еткенде

Керей мен Жәнiбек, Қасым, Есiм,

Тәуке, Абылай, Кенесары

хандарды ерекше

атаймыз. Қазақ хандығын қырық жылдан

артық басқарып, ХVI ғасырдың 20-30

жылдарындағы төмен құлдыраудан кейiн

мемлекеттi қайта түлеткен

Хақназарды

да

сол ардақты һәм даңқты хандарымыздың

қатарында атауға әбден болады.

Қасым ұлы Хақназардың

ардақты аты

мен елге сiңiрген еңбегiн қалай

дәрiптесек те жарасады.

Пайдаланған әдебиеттер

1.

Айбын. Энциклопедия / Бас ред. Б. Жақып. - Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2011. - 880 б.

2.

Әбусейітова М. Хақназар және XVI ғасырдың екінші жартысында мемлекеттің нығаюы // 

Егемен Қазақстан. - 1998. - 11 қараша.

3.

Қазақ хандығының қайта дәуірлеуі. Хақназар хандық құрған дәуірде // Қазақтың көне тарихы.-

Алматы, 1993. - 251 - 255 б.

4.     Қазақстанның Россияға қосылуының тарихи алғы шарттары: Хақназар хан // А. Сабырханов

Ұлы бетбұрыс. - Алматы, 1981. - 13-18 б.

5.     XVI-XVII ғасырлардағы қазақ хандықтары. Хақназар хан туралы // Қазақ ССР тарихы.Т.1. -

Алматы, 1957. - 188 - 189 б.

6.     Мағауин М. Хақназар хан туралы // Мағауин М. Қазақ тарихының әліппесі - Алматы, 1995. -

27-30 б.

7.

Тарихи тұлғалар: танымдық - көпшілік басылым / құраст. Б.Тоғысбаев. – Алматы: 

Алматыкітап,  2009 . - 210 б.

8.

Хақназар хан  //  Қазақтар : Көпшілікке арналған анықтамалық. - Алматы, 1998. - 71-72 б.    

9.

Интернет  материалдары. Суреттер

Назарларыңызға

рахмет!


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет