Педагогикалық ұстаным: түсінігі мен түрлері



бет1/4
Дата11.12.2023
өлшемі40,12 Kb.
#137554
  1   2   3   4

Педагогикалық ұстаным: түсінігі мен түрлері

Адамның өмірлік ұстанымы – оның мінез-құлқына және қызметіне әсер ететін нақты әлеуметтік жағдайларға байланысты идеологиялық және моральдық көзқарастар, білім мен дағдылардың, нанымдардың және әдеттердің көрінісі.


Адамның белсенді өмірлік ұстанымы бала кезінен қалыптасуы керек. Ол күнделікті қиындықтарды еңсеру, әлеуметтік тәжірибені меңгеру және кәсіби дағдыларды игеру нәтижесінде адамзатты оқыту мен тәрбиелеу үдерісінде ұзақ уақыт бойы дамып келеді.
Ұстаным деп – белгілі бір мәселеге қатысты көзқарасты атаймыз. Ал психологтар болса, «ұстаным» сөзін – адамның белгілі бір іс-әрекетке бейімділігі деп түсіндіреді [1;85].
Белсенді өмірлік ұстаным мұғалімдер мен педагогтар арасында да, студенттер арасында да болуы тиіс. Оның қатысуы педагогикалық үдерістің барлық қатысушыларының өзара іс-қимыл мен іс-әрекеттерге, білім беру қызметінің нәтижелеріне қолдау көрсететін және жақсартылған қарым-қатынастарының сапасы үшін жауапкершіліктің өте жоғары деңгейін білдіреді. Мұғалімдердің белсенді өмірлік ұстанымының ерекше маңызы бар. Ол белгілі бір қиындықтарды жеңу, кәсіби дағдылар мен тәжірибені игеру тәрбиелеу, оқыту және үйрету.
Педагогикалық ұстаным дегеніміз – ұйымдастыру жолдары мен әдістерді анықтайтын, оқыту үдерісінің мақсаттарына, заңдылықтарына сәйкес базистік жағдайлар. Сонымен қатар жүріс-тұрысы мен мінез-құлқының негізгі қағидаттарын, білімгелермен қарым-қатынасында оның көзқарасын, әрекеттерін еркін және жауапкершілікпен анықтау [2;115]. Демек, педагогтың көзқарасын қалыптастыруға оның мамандығына байланысты ұстанымдары ықпал етеді. Ал өз кезегінде педагогтың көзқарастары сабақты түсіндіре, жеткізе алуының қайнар көзі. Сол себепті, кез келген педагог өзінің ұстанымдары мен көзқарастарының, білімінің және болжамдарының желісінде сапалы білім бере білуі тиіс. Рамон Пажарес: «Ұстаз оқыту стилін таңдаған кезде оның білімінен гөрі, ұстанымдарына негізделген ойлары аудиторияға ықпалдырақ болатынын ескеруі керек» екенін айтады [3;75]. Ғалымның сөзінен педагогикалық ұстаным мұғалім үшін және олардың педагогикалық қызметі үшін ерекше талап екенін ұғамыз.
Оқыту ұстанымдары – дидактикалық үдерісті жүргізу және ұйымдастыру үшін құрылған нормативтік талаптар мен мақсатты ойлардың жиынтығы. Ұстанымдар – жалпы педагогикалық заңдар, нормалар, оқытуды басқару үдерісінің жиынтығы болып табылады [2;47]. Қазіргі заманғы дидактикада классикалық ежелден танымал сондай-ақ ғылым мен тәжірибенің көбеюі нәтижесінде пайда болған ұстанымдар бар.
Ғұлама ғалым әл-Фараби «Тәрбиесіз берген білімнің күні қараң», – дейді [4;95]. Ұлы ұстаздың айтқан сөзінен білімнің бастауы тәрбиеден екенін ұғамыз. Ахмет Байтұрсынұлының барлық педагогикалық еңбектерінің тәрбиелік мәнін зерделейтін болсақ, онда педагогика жолындағы ұстанымының болашақ мамандарды тәрбиелеудегі, кісілік келбетін қалыптастырудағы мүмкіндіктердің мол екендігіне көзіміз жетеді.
«Тіл жұмсар» атты еңбегінде: «Бала білімді тәжірибе арқылы өз бетінше алу керек. Мұғалімнің қызметі – оның білімінің, шеберлігінің керек орны өздігінен алатын тәжірибелі білімнің ұзақ жолын қысқарту үшін, ол жолдан басқалар қиналмай оңай өту үшін, керек білімін кешікпей кезінде алып отыру үшін, балаға күшіне қарай шағындап беру мен бетін белгілеген мақсатқа қарай түзеп отыру үшін керек», – дейді [4;115]. Бұл айтылғандардан педагог тек қана жол көрсетуші, бағыт-бағдар ғана беруші екенін көруімізге болады. Сонымен қатар, оқыту әдістемесіне қарай Ахмет Байтұрсынұлы мен Жүсіпбек Аймауытұлының идеясы бір-бірімен ұқсас келеді. Жүсіпбек Аймауытұлы оқытудағы негізгі әдістемелік ұстанымын былай деп береді: 1) Жаңа өтілетін сабақты баланың білетін мәліметтерімен байланыстыру; 2) қажетті таныстыру арқылы сабақтың мазмұнына баланың ынтасын, ілтипатын ояту; 3) сабаққа қатысты қызықты сұрақтар қою арқылы қызығушылығын сақтап қалу; 4) қажетсіз мәліметтерді балаға ұсынбай, қызықты нәрселерді ғана сөйлеп, үйрету: 5) баланы жалықтыратын біркелкі мәліметтер бермей, түрлі қызықты әдістер қолдану; 6) оқыту деректі, көрнекті болу және оған сай жобаларды дұрыс қолдану; 7) өзгелердің қызығушылығын ояту үшін, оқытушы өзіде сол сабаққа қызығушылықпен қарап, жақсы көруі керек [4;125]. Бұл ұстанымдары арқылы педагог балаға тек қана кітаптағы дайын мәліметтерді беріп қоймай, сонымен бірге өзінің тәжірбиесіндегі баланы қызықтыратын, көңілін сол сабаққа аударатын әдістерді қолдану керектігін ұғамыз.
Педагогикалық ұстанымдар жүйесі Ю.К.Бабанский, В.И.Загвязинский, М.Н.Скаткин сынды басқа да ғалымдардың қажырлы еңбектері нәтижесінде құрылды. Оқушылардың танымдық және тәжірибелік көзқарастары педагогикалық басқарудың пайда болу және даму деңгейлеріне, барлық ұстанымдардың жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталуына, әрбір оқушының жеке дара тұлға екенін ескере отырып, келесі ұстанымдар жүйесі жинақталды:
1. Оқытудың бірізділігі және жүйелілігі ұстанымы
2. Ғылыми мазмұн мен ғылыми әдіснама ұстанымы
3. Оқытудың саналы түрде болуы мен белсенділігі ұстанымы
4. Теория мен тәжірибенің байланыс ұстанымы
5. Көрнекілік ұстанымы
6. Оқудың түсінікті болу ұстанымы
7. Білімнің беріктігі ұстанымы (сілтеме керек)
«Оқытудың бірізділігі және жүйелілігі ұстанымы. Бұл ұстанымды оқушының білімі берік болу үшін, оның ақылында қоғамды жақсы бейнелеу мақсатында, ғылыми білімді жүйелі және білім алушылардың танымдық мүмкіндіктеріне қарай беру деп түсінеміз. Яғни, білім алушыны дұрыс ойлауға үйрету, ақыл-ойының дамуын жақсартып, бойында дағдыларды қалыптастыру үшін жаттығулар, қисынды ойлау тәсілдерін талап ететін жұмыстар жүргізу. Бұл ұстаным оқытуды рационалдық, эмоцианалдық, мазмұндық, таным, іздеу қабілеттері сынды компоненттерді пайдалану арқылы жүргізуді ұсынады.
Ғылыми мазмұн мен ғылыми әдіснама ұстанымы білім алушыларға ғылымда ашылған жаңалықтарды үйретуді талап етеді. Сондықтан, оқу жоспары мен бағдарламасына ғылыми білім енгізіледі және оларды меңгеру үшін пәндер арасындағы байланыстар қолданылады.
Ғылымилық ұстанымының талабы – оқушыларға ғылым тарапынан анықталған білімдерді ұсыну. Мектептік білім берудің миссиясы ғылыми білімдерді игерту. Оқудың ғылымилығы алдымен мектеп білімінің жүйесіне және оқытушының оны қалыптастыру ұстанымдарын қатаң ұстануын, материалды оқушыға толық жеткізе алуын талап етеді.
Оқытудың саналы түрде болуы мен белсенділігі ұстанымы. Өз бетімен меңгерілген білім санаға жақсы сіңеді. Білімді саналы меңгеруге оқу желісі, өз бетімен жұмыс, белсенділік, оқу-тәрбие жүйесін ұйымдастыру, білім алушының танымдық іс-әрекетін басқару сынды педагогтің әдіс-құралдары көмектеседі. Білім алушының өзінің танымдық белсенділігі оқу материалын терең және жүйелі түсінуге әсер етеді» [5;99].
Демек, біріншіден, оқытушы тек бір ғана ұстанымды ұстанып қана қоймай, олардың жүйелілігіне мән беруі керек. Мақсаттарын ғылыми түрде бекітіп, мазмұнын жүйелеп, оқыту барысына талдау жасап, оқушыларға қолайлы жағдайларды жасай алуы керек.
Екіншіден, оқытушы барлық қарама-қайшылықтарды, педагогикалық үдерістің өзара байланысушы қырларын (білімді игеру және дамыту, білімдегі қарапайымдылық пен жүйенің болуы және т.б.) көре білуі керек және заңдылықтар мен ұстанымдарды сақтай отырып, олардың байланысын қадағалай алуы керек.
1-кестеде орыс халқының педагогтары ұсынған ең басты педагогикалық ұстанымдар салыстырмалы түрде ұсынылған:





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет