Педагогиканың әдіснамалық бағдарлары Философиялық бағдарлары



Дата15.11.2023
өлшемі17,26 Kb.
#123899
Байланысты:
1.Педагогиканың әдіснамалық бағдарлары


  1. Педагогиканың әдіснамалық бағдарлары

    1. Философиялық бағдарлары

Педагогикадағы кез келген әдіснамалық құрылғы оның философиялық негіздері б.т. Философия сонымен адам болмысының мәселелерін кең арнада қарастыра отырып, педагогикаға бағдар б.т. Қазіргі философия біркелкі емес, онда түрлі және бәсекелес ағымдар, бағыттар, мектептер, ілімдер бар. Білім берудің жаңа парадигмасының пайда болуы мәдени өркениеттің дамуының негізгі көрінісі б.т. Білім берудің жаңа парадигмасын практикада жүзеге асыру үшін педагогтың кәсіби-зерттеушілік мәдениетін қалыптастыру қажет. Педагогтың кәсіби-зерттеушілік мәдениетін және инновациялық құзыреттілігін қалыптастыру дегеніміз әлемдік бәсекеге қабілетті білім беруді жүзеге асыратын жаңа парадигманың қоғамдық дамытудағы үлесі, жалпы орта білім беретін және жоғарғы мектептердегі инновациялық реформаларды жүзеге асыру, білім беру саласындағы инновациялық өзгерістер, оқу-тәрбие үрдісіне жаңа ақпараттық, коммуникациялық технологияларды кеңіне пайдалану және т.б. Педагогтың зерттеушілік әлеуетін қалыптастыру білім беру теориясын түсінуге мүмкіндік беретін философиялық және білім беру практикасында өзінің идеясын жүзеге асыруға көмектесетін практикалық бағыттылығ бар әдіснамалық білімдер жиынтығын құрайды.

    1. Жалпы ғылымилық бағдарлар

Педагогиканың жалпы ғылымилық негіздері оның көп ғасырлық болмысында мәнді өзгерістерге ұшырады. Қазіргі педагогика өзінің жалпы ғылымилық негіздері бойынша бұрынғы дәуірлердегі педагогикадан айырықша деуге болады. Бүгінгі күні ғылыми жетістіктер 5-7 жыл ішінде тіпті ескіріпте үлгереді. Өзіне қарайлап, өзін зерделеп педагогика қазіргі уақыттан оза дамитын ғылымға айналуда.
Парадигма – теория ғана емес, әрі ғылыми әрекет үлгісі.
Ғылымның даму тұжырымдамалары және педагогикадағы ғылыми білім мына құрылымда қарастырылады:

  • Ғылым философиясы тұрғысынан педагогиканың генезисі;

  • Педагогика ғылымының мақсаты, педагогикалық білім ұғымы;

  • Ғылыми-педагогикалық рационалдық және педагогикалық білімнің ғылымилығының өлшемдері;

  • Ғылым-педагогикалық танымның эмпирикалық әдістері;

  • Ғылым-педагогикалық факт;

  • Ғылым-педагогикалық танымның теориялық әдістері;

  • Ғылым-педагогикалық теорияның құрылымы

1.3. Дидактикалық бағдарлары
Дидактика – оқытудың педагогикалық теориясы. Білім беру – адамның, қоғамның және мемлекеттің мүддесіне сай тәрбие мен білім беру мақсатына бағытталған үдеріс. Дидактика дегеніміз оқытудың мазмұнына, әдістеріне және ұйымдастыру түрлеріне ғылыми негіздеме беретін оқытудың педагогикалық теориясы. Дидактика мынадай жалпы екі сұраққа жауап беруі тиіс: Нені оқыту керек? және ұалай оқыту керек? Дидактика – бұл оқытуды теориялық деңгейде зерттейтін педагогикалық пән. Маңыздысы, бұл педагогикалық ғылыми пәндердің бірі, яғни педагогика ғылымының саласы болып келеді. Дидактиканы кез келген педагог бәлуі қажет, өйткені біздің заманымызда теориялық білімге сүйенбей, ірі практикалық мәселені ойдағыдай шешу мүмкін емес. Сондықтан практикалық әрекет теориясы, яғни оқыту әрекетінің тоериясы қажет. Бұл – дидактиканың дәл өзі.
Дидактиканың пәні мен объектісі. Дидактика пәні туралы пікірлер өте көп. Біреулер дидактиканың объектісі ретінде оқытуды білім беру мен тәрбиелеу құралы ретінде қарастырса; екіншілер оқытудың заңдылықтары мен ұстанымдарын, олардың мақсатын, білім мазмұнының ғылыми негіздерін, әдістерін, формаларын, оқыту құралдарын бірінші орынға қояды; үшіншілері оқытудың және білім берудің бірлескен өзара әркетін алға тартады; төртіншілері жалпы дидактиканың пәні деп тек оқыту үрдісін ғана емес, оның дамуына қажет жағдайларды (мазмұны, ұйымы, құралы, т.б) жүзеге асыратын әр түрлі тұрақты нәтижелерді де есепке алады. Егер бүкіл осы анықтамаларды жинақтасақ, онда дидактиканың оқытудың мақсаттары, мазмұнын, заңдылықтарын, әдістері және оқыту ұстанымдарын зерттейтіні мойындалады. Бұл жалпы анықтамалар дидактикалық зерттеудің объектіні қамтитынын анықтайды.
Дидактиканың қызметтері:

  • Оқыту үрдісін және оның орындалу жағдайын сипаттау және түсіндіру;

  • Оқыту үрдісін жетілдіріп ұйымдастыру, жаңа оқу жүйелерін, жаңа технологияларын құрастыру;

Дидактианың міндеттері:

  • Білім беру мазмұнын және оның оқытудың әрбір деңгейіндегі көлемін анықтау;

  • Оқыту үдерісін сипаттаау және түсіндіру;

  • Оқыту үдерісінің теориялық модельдерін ойластыру және оны практикада тексеру;

  • Оқыту үдерісін ұйымдастырудың неғұрлым жетілген жаңа жүйесін, оқытудың жаңа технологияларын жасау.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет