Педагогтармен ебқБ-мен байланысы түсінігі мазмұнын ашу



бет1/2
Дата26.04.2023
өлшемі104,79 Kb.
#86970
  1   2
Байланысты:
ЭССЕ Нышанбай М Аязбай Р


ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ЭССЕ
Тақырыбы:Педагогтармен ЕБҚБ-мен байланысы түсінігі мазмұнын ашу.


Орындаған:Нышанбай М.Аязбай Р
Тобы:1601-10
Қабылдаған:Сақулова А.Б.

Мовкебаева З.А. және Оралканова И.А. сынды қазақстандық авторлардың


әділ жасаған ескертулері бойынша, мектепке дейінгі және мектептік оқыту тәжірибесіне белсенді түрде енгізіліп жатқан инклюзивті білім беру педагогикалық маршрутты ендіруде жаңа ережелерді талап етеді. Ол өз әрекетін тек дидактикалық тұрғыдан ғана емес, құндылықтық бағдарды өзгерту деңгейінде де қайта қарастыруды меңзейді. Инклюзивті білім берудің ең басты қағидасы даму мүмкіндігі шектеулі оқушылардың әр түрлі қажеттіліктеріне сай неғұрлым шектемейтін, көбірек ортаға қосатын білім беру орта жасалуы керек. Инклюзивті білім беруидеясын қолдап, оны жүзеге асыра отырып педагогтар инновациялық тәртіпте әрекет етеді.
Авторлардың айтуынша, инклюзивті білім беру жағдайындағы жалпы білім беретін ұйымдарда педагог жұмысының басты міндеттерінің бірі даму мүмкіндігі шектеулі баланы және оның отбасын жалпы білім беру ортасына енгізуді

реттейтін үдерісті сапалы түрде басқару болып табылады.Бұл бағыттағы алғашқы қадам білім беру үдерісінің барлық қатысушыларын, ең алдымен, өзін өзгерістегі әлеуметтік жағдайға дайындау болуы керек. Педагогтар тыңдауға үйреніп, дәйекті, шыдамды болып, әр баланың оқу мәнеріне сыйластықпен қарау керек . Сонымен қатар, оларға қажет:





    • балалар әр түрлі оқитынын, әр түрлі қарқынмен білім алатынын мойындау және осы ерекшеліктерді ескере отырып сабақты жоспарлау;

    • әрекеттерді бекітілген оқу жоспарына емес, жағдайға байланысты жоспарлау;




    • барлық балалар мектепке келу үшін және оқу үдерісін тиімді ету үшін ата-аналармен өзара әрекеттесу;

    • сыныптағы барлық балалардың және жеке әрқайсысының сұраныстарын икемділікпен, шығармащылықпен орындау;

    • әр сыныпта оқушылардың белгілі бір бөлігінің оқуында қиындықтары

болатындығын білу.


Сонымен бірге, Мовкебаева З.А. мен Оралканова И.А. балаға бағдарланған оқытудың белсенді әдістерін қолдануды ұсынады. Ол әдістер:

  • барлық балаларға ойнауға, оқуға және жауапкершілікті бөлуге көмектесу;

  • оқудағы қиындықтардың дәрежесі мен ауырлығын төмендетіп, қиындықтың ары қарай дамуына жол бермеу;










  • оқуды қызықты түрде жасау;


  • өткен материалды мектептегі және үйдегі жағдайлармен байланыстыру;




  • балалардың қызығушылығын сақтау және оларға өздерінің жеке темптерімен сәйкес оқуға мүмкіндік жасау үшін оқыту жылдамдығы мен әдістерін түрлендіру;




  • сыныпта өзара қарым-қатынасты жақсарту;




  • мұғалімге өз дағдыларын жетілдіруге көмектесу.

Тағы бір ресейлік автор Панасенкова М.М. пікірінше, жақсы, түсінікті сөйлесу де оқыту мен білім беруде маңызды болып табылады. Оның ойынша, педагогтар:



  • қарапайым, түсінікті тілде сөйлеп, материалды логикалық, дәйекті түрде түсіндіруге;

  • вербалды емес тілдің тәсілдерін білу және дұрыс өңдеу, дене тілін түсіну, дауыстың ырғағын, бет әлпетінің өзгерісін айыруға, т.б.;

  • көбіне сөйлесуде бақылайтын емес, қолдайтын және мадақтайтын тәсілдерді қолдануға;




  • сөйлеу тілімен қолдана алмайтын, нашар еститін немесе ана тілі оқу тілінен басқа даму мүмкіндігі шектеулі балаларға көмектесу үшін сөйлесу әдістерін қолдануда иілгіштік танытуға;




  • балалардың шаршауын алдын алу үшін үнемі үзілістер жасап отыруға;





Мамандар арасында жалпы қабылданған талап спецификалық терминдерді қолдануда белгілі ережелерді сақтау болып табылады

Қолдануға



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет