Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары 1-тарау. Жалпы ережелер


-параграф. Педагогтерге кезекті біліктілік санаттарын



бет7/20
Дата31.12.2021
өлшемі330,45 Kb.
#23194
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20
1-параграф. Педагогтерге кезекті біліктілік санаттарын

беру тәртібі
79. Біліктілік санатын кезекті беруге:

«педагог» біліктілік санатына:

тиісті бейіні бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар немесе қайта даярлау курстарынан өткен, педагогикалық қызметке алғаш рет кіріскен, Ұлттық біліктілік тестілеуінен табысты өткен, сондай-ақ мынадай кәсіби құзыреттерге сәйкес келетін адамдар:

оқу пәнінің, оқу-тәрбие процесінің, оқыту және бағалау әдістемесінің мазмұнын біледі; білім алушылардың психологиялық-жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жоспарлайды және ұйымдастырады, білім алушының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етеді, білім беру ұйымы деңгейіндегі іс-шараларға қатысады, білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқытуда жеке тәсілді жүзеге асырады, кәсіби-педагогикалық диалог дағдыларын меңгерген, цифрлық білім беру ресурстарын қолданады;

«Педагогикалық этиканың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 190 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20619 болып тіркелген) сәйкес педагогикалық этиканың негізгі нормаларын сақтайды;

2) «педагог-модератор» біліктілік санатына:

тиісті бейіні бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар адамдар, сондай-ақ қайта даярлау курстарынан өткен адамдар, мынадай кәсіби құзыреттерге сәйкес келетін кемінде екі жыл педагогикалық өтілі бар адамдар:

«педагог» біліктілік санатының жалпы талаптарына сәйкес келеді, бұдан басқа:

оқытудың инновациялық нысандарын, әдістері мен құралдарын қолданады;

кәсіби шеберлік конкурсының қатысушысы немесе жүлдегері немесе жеңімпазы болып табылады немесе білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес білім беру ұйымының, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушы немесе жүлдегер немесе жеңімпаз оқушылары бар;

3) «педагог-сарапшы» біліктілік санатына:

тиісті бейіні бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар адамдар, сондай-ақ қайта даярлау курстарынан өткен адамдар, мынадай кәсіби құзыреттерге сәйкес келетін, кемінде үш жыл педагогикалық өтілі бар адамдар:

«педагог-модератор» біліктілік санатының жалпы талаптарына сәйкес келеді, бұдан басқа:

ұйымдастырылған оқу қызметін, оқу-тәрбие процесін талдау дағдыларын меңгерген;

өзінің және білім беру ұйымы деңгейінде әріптестерінің кәсіби даму басымдықтарын конструктивті анықтайды;

кәсіби шеберлік конкурсының қатысушысы немесе жүлдегері немесе жеңімпазы болып табылады немесе білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес аудан (облыстық маңызы бар қала) деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға, облыс деңгейінде конкурстарға, жарыстарға қатысушы немесе жүлдегер немесе жеңімпаз оқушылары бар;

облыс, ел телевидениеде трансляциялауға енгізілген бейне -, телесабақтар дайындады (болған жағдайда);

4) «педагог-зерттеуші» біліктілік санатына:

тиісті бейіні бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі, мынадай кәсіби құзыреттерге сәйкес келетін, кемінде бес жыл педагогикалық өтілі бар адамдар:

«педагог-сарапшы» біліктілік санатының жалпы талаптарына сәйкес келеді, бұдан басқа:

сабақты зерттеу және бағалау құралдарын әзірлеу дағдыларын меңгерген;

білім алушылардың зерттеушілік дағдыларын дамытуды қамтамасыз етеді;

оқушылардың зерттеу дағдыларын дамытуды қамтамасыз етеді;

облыс, республикалық маңызы бар қалалар және астана, республика деңгейінде тәжірибені жинақтайды (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар мен салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдары үшін);

кәсіби шеберлік конкурсының қатысушысы немесе жүлдегері немесе жеңімпазы болып табылады немесе білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес облыстық, республикалық, халықаралық деңгейлерде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушы немесе жүлдегер немесе жеңімпаз оқушылары бар;

«Қазақстан мұғалімі» ұлттық сыйлығының қатысушысы немесе жүлдегері немесе жеңімпазы, «Үздік педагог» атағының иегері (болған жағдайда) болып табылады;

ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), облыстың (бар болса) деңгейінде педагогикалық қоғамдастықта тәлімгерлікті жүзеге асырады және даму стратегиясын сындарлы айқындайды;

тиісті уәкілетті органның ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары ұйымдастырған педагогтерге арналған семинарларды, конференцияларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысады;

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Білім беру мазмұнын сараптау республикалық ғылыми-практикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі – Білім беру мазмұнын сараптау республикалық ғылыми-практикалық орталығы) «Сарапшылардың электрондық базасына» сәйкес немесе Техникалық және кәсіптік білім департаменті жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңес ұсынған оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды сараптау жөніндегі сарапшылардың құрамына кіреді (болған жағдайда);

еліміздің, облыстың телевидениесінде трансляциялауға енгізілген, білім беру порталдарында орналастырылған бейне-телесабақтар дайындады (болған жағдайда);

интернет-ресурстарды пайдалана отырып, жұмыс тәжірибесін таратады;

5) «педагог-шебер» біліктілік санатына:

тиісті бейіні бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білімі, келесі кәсіби құзыреттерге сәйкес келетін кемінде алты жыл педагогикалық өтілі бар адамдар:

«педагог-зерттеуші» біліктілік санатының жалпы талаптарына сәйкес келеді, бұдан басқа:

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңесте немесе Техникалық және кәсіптік білім департаменті жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңесте мақұлданған авторлық бағдарламасы бар немесе білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен немесе Техникалық және кәсіптік білім департаменті жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңес ұсынған оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдардың тізбесіне енгізілген басып шығарылған оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің авторы (бірлескен авторы) болып табылады немесе тест тапсырмаларын, оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді сараптау жөніндегі сарапшылар құрамына кіреді немесе уорлд скилс (WorldSkill) (кәсіби шеберлік конкурсы) чемпионаттарының сарапшысы немесе педагогтердің біліктілігін арттыру бойынша тренер болып табылатын адамдар;

республикалық немесе халықаралық кәсіби конкурстардың жүлдегері немесе жеңімпазы болып табылады немесе білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес республикалық немесе халықаралық деңгейлердегі олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың жүлдегерлерін немесе жеңімпаздарын дайындаған;

«Қазақстан мұғалімі» ұлттық сыйлығының қатысушысы немесе жүлдегері немесе жеңімпазы, «Үздік педагог» атағының иегері (болған жағдайда) болып табылады;

интернет-ресурстарды пайдалана отырып, жұмыс тәжірибесін таратады;

тәлімгерлікті жүзеге асырады және облыс, республика деңгейінде кәсіби қоғамдастық желісін дамытуды жоспарлайды (болған жағдайда);

Білім беру мазмұнын сараптау республикалық ғылыми-практикалық орталығының «Сарапшылардың электрондық базасына» сәйкес немесе Техникалық және кәсіптік білім департаменті жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңес ұсынған оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды сараптау жөніндегі сарапшылардың құрамына кіретін адамдар (болған жағдайда);

республика деңгейінде тәжірибе жинақтайды, тиісті уәкілетті органның ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары педагогтерге арналған семинарларды, конференцияларды ұйымдастыру мен өткізуге қатысады;

еліміздің, облыстың телевидениесінде трансляциялауға енгізілген, білім беру порталдарында орналастырылған (болған жағдайда) бейне -, телесабақтар дайындаған.

80. Білім беру ұйымы жыл сайын 1 қыркүйекке дейін алдағы қаржы жылына арналған біліктілік санаттарын берудің (растаудың) перспективалық жоспарын жасайды және бекітеді, ол қажеттілігіне қарай түзетіледі.

81. Білім беру ұйымы біліктілік санатын беру үшін педагогтердің тізімдік құрамын (электрондық тасымалдағышта) аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) білім бөлімдеріне, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім басқармаларына, республикалық ұйымдар білім беру саласындағы уәкілетті органға (тиісті саланың республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдары мен білім беру ұйымдары үшін) ұсынады.

82. Педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау) туралы соңғы шешімді Комиссия қабылдайды.

83. Әрбір педагог бойынша Сараптама кеңесінің ұсынымдарын қарағаннан және алғаннан кейін Комиссия педагогтердің портфолиосын қарайды және мынадай шешімдердің бірін шығарады:

1) өтініш берілген біліктілік санатына сәйкес келеді;

2) өтініш берілген бір деңгейге төмен біліктілік санатына сәйкес келеді;

3) «педагог» біліктілік санатына сәйкес келеді (өтініш берілген біліктілік санаты сәйкес келмеген кезде);

4) өтініш берілген біліктілік санатына сәйкес келмейді.

84. «Өтініш берілген біліктілік санатына аттестаттаудан өтпеген» деген шешім қабылдаған кезде Комиссия үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Комиссияның барлық мүшелері қол қойған шешімнің негіздемесімен бірге аттестатталған адамның электрондық поштасына жазбаша хабарлама жібереді.

85. Комиссияның шешімі осы Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хаттамамен ресімделеді. Аттестаттаудан сәтті өткен педагогтердің тізімі аттестаттауды өткізген мемлекеттік органның немесе білім беру ұйымының Интернет-ресурсында жарияланады.

86. Педагогтер (басшылар, басшының орынбасарлары) жүктілігі және босануы бойынша демалыстан немесе бала үш жасқа толғанға дейін оны бағып-күтуге арналған демалыстан немесе жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерлер үшін демалыстан шыққаннан кейін біліктілік талаптарына сәйкес келетін санатқа Біліктілік тестілеуін тапсырады. Педагогтердің осы санаты үшін қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау кезеңін тиісті деңгейдегі аттестаттау комиссиясы бір жыл ішінде өткізеді. Бұл ретте педагогте осы кезеңде бар біліктілік санаты сақталады.

Тиісті санатқа балл саны жетпеген жағдайда, аттестаттау рәсімі осы Қағидалардың 15-тармағына сәйкес жүргізіледі.

87. Педагог (басшы, басшының орынбасары, әдіскер) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 болып тіркелген) бекітілген әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың тізбесіне сәйкес еңбекке уақытша жарамсыздық кезінде күнтізбелік бір жылға Біліктілік тестілеуінен босатылады. Бұдан әрі жалпы негізде аттестаттаудан өтеді.

88. Осы Қағидалардың 87-тармағында көрсетілген педагогтер біліктілік санатының қолданылу мерзімін ұзарту туралы мәселені шешу үшін Комиссияға мынадай құжаттарды ұсынады:

1) біліктілік санаттарының қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтініш (еркін нысан);

2) біліктілік санатының қолданылу мерзімін ұзартудың негізділігін растайтын құжат.

89. Комиссияның біліктілік санатының қолданылу мерзімін ұзарту жөніндегі отырысы өтініш келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өткізіледі.

90. Комиссияның біліктілік санатының қолданылу мерзімін ұзарту туралы шешімі осы Қағидаларға 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хаттамамен ресімделеді.

91. Педагогтер:

біліктілік санаты берілген лауазымдағы жұмысын қайта бастағандар;

білім беру саласындағы уәкілетті органнан, білім беруді басқару органдарынан, біліктілікті арттыру ұйымдарынан, жоғары оқу орындарынан білім беру ұйымдарына ауысқандар;

Қазақстан Республикасынан тыс жерде мамандық бойынша оқуда (тағылымдамада) болғандар;

педагогикалық қызметті жүзеге асырған және Қазақстан Республикасына жақын және алыс шетелдерден келген;

педагогикалық қызметке алғаш рет кіріскендер білімін, еңбек өтілін растайтын құжаттары болған жағдайда № 338 бұйрыққа сәйкес біліктілік талаптарына сәйкес келетін санатқа Біліктілік тестілеуін тапсырады.

Педагогтердің осы санаты үшін қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау кезеңін тиісті деңгейдегі комиссия бір жылдан кейін өткізеді. Бұл ретте педагогте біліктілік санаты берілгенге дейін бір жыл бойы «педагог» біліктілік санаты қолданылады.

Тиісті санат бойынша балдар саны жеткіліксіз болған жағдайда келесі аттестаттау кезеңінде педагог бастапқы өтініш берілген біліктілік санатына немесе төмен деңгейге Біліктілік тестілеуін тапсырады.

92. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 53-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлікке шығуға екі жылдан аз қалған зейнеткерлік жасқа дейінгі педагогтер Біліктілік тестілеуінен босатылады.

93. Зейнетке шыққаннан кейін педагогикалық қызметті жүзеге асыруды жалғастыратын зейнеткерлік жастағы педагогтер аттестаттау рәсімінен жалпы негізде өтеді.

Біліктілік санатын жалпы негізде беру (растау) рәсімінен бас тартқан жағдайда біліктілік санаты «педагог» біліктілік санатына дейін төмендетіледі.

94. Мынадай санаттағы педагогтерге:

«санаты жоқ» біліктілік санаты «педагог» біліктілік санатына теңестіріледі;

«екінші санат» біліктілік санаты «педагог-модератор» біліктілік санатына теңестіріледі;

«бірінші санат» біліктілік санаты «педагог-сарапшы» біліктілік санатына теңестіріледі;

«жоғары санат» біліктілік санаты «педагог-зерттеуші» және (немесе) «педагог-шебер» біліктілік санаттарына теңестіріледі.

95. Қазақстан Республикасының шегінде педагогикалық салада тиісті мамандық бойынша жаңа жұмыс орнына ауысқан кезде педагогтердің (басшылардың, басшы орынбасарларының, әдскерлердің) бар біліктілік санаты оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін сақталады.

96. Педагогтерге біліктілік санатын беру білімі туралы дипломда көрсетілген мамандыққа (біліктілікке) немесе атқаратын лауазымы бойынша тиісті біліктілік беріле отырып, қайта даярлау туралы құжатқа сәйкес жүзеге асырылады.

97. Білім туралы дипломда бір мамандық ретінде көрсетілген пәндерді оқыту жағдайында біліктілік санатын беру оқытылатын/оқытылған пәнді/пәндерді (таңдау бойынша) көрсете отырып, негізгі лауазым бойынша жүргізіледі және негізгі лауазым бойынша санат беріледі. Негізгі лауазымы бойынша берілген біліктілік санаты тиісті бағыт бойынша оқытылатын барлық пәндерге/оқуларға қолданылады.

98. Шағын жинақталған мектеп педагогтері үшін дипломда көрсетілмеген пәндерді оқыту жағдайында кезекті біліктілік санатын беру пәнаралық (аралас) пәндер бойынша тиісті біліктілік бере отырып, қайта даярлау туралы құжат болған кезде атқаратын лауазымы бойынша жүргізіледі.

99. Педагог жоғары оқу орындарында немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында мамандарды кәсіптік даярлау жүзеге асырылмайтын пәндерді оқытқан жағдайда, оның бұрын алған санаты сақталады. Біліктілік санатын кезекті беру біліктілікті арттыру туралы тиісті құжат болған кезде жалпы негізде жүргізіледі.

100. Арнайы білім беру ұйымдарында сабақ беретін педагогтер кезекті біліктілік санатына дипломына сәйкес, бейіні немесе қайта даярлау туралы құжат бойынша, білім беру ұйымдарындағы тиісті бейін бойынша өтеді.

101. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері кезекті біліктілік санатына оқытатын бейінге сәйкес өтеді.

102. Әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың), қосымша білім беру ұйымдарының педагогтеріне (әдіскерлеріне) диплом бойынша немесе атқаратын лауазымы ескеріле отырып біліктілік санаттары беріледі.

103. Білім беру ұйымынан тиісті пән бойынша әдістемелік сүйемелдеуді жүзеге асыратын ұйымдарға немесе білім беру қызметін жүзеге асыратын ұйымдардан ауысқан кезде педагогтің бар «педагог-модератор», «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші», «педагог-шебер» біліктілік санаты оның қолданылу мерзімі өткенге дейін сақталады (теңестіріледі).

104. Әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың), «Дарын» орталықтарының, ақпараттандыру, мектепке дейінгі, арнайы және қосымша білім беру, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының әдіскерлеріне білім беру ұйымдарына ауысу немесе еңбек қызметін қоса атқару жағдайында «педагог-модератор», «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші», «педагог-шебер» біліктілік санаты сақталады.

105. «Өзін-өзі тану» пәнінен сабақ беру кезінде педагогтің біліктілік санаты білім беру бағдарламалары бойынша «Өзін-өзі тану» пәні бойынша біліктілікті арттыру курстары туралы уәкілетті органмен келісілген құжаты болған кезде бұрын оқытылған пән бойынша біліктілік санатына теңестіріледі және қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін сақталады.

106. Біліктілік санаттарын кезекті, мерзімінен бұрын беру (растау) кезінде «Өзін-өзі тану» пәні бойынша педагогтер дипломға сәйкес мамандық бойынша немесе «Өзін-өзі тану» пәні бойынша Біліктілік тестілеуінен өтеді.

107. Бейіннен тыс педагогикалық білімі бар мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне тиісті бейін бойынша қайта даярлау туралы құжат болған кезде біліктілік санаты беріледі.

108. «Көркем еңбек» пәні бойынша сабақ беретін педагогтер «Технология», «Бейнелеу өнері», «Сызу» мамандықтары бойынша дипломмен аттестаттаудан өтеді; «Графика және жобалау» пәні бойынша – «Бейнелеу өнері», «Сызу», «Информатика» мамандықтары бойынша диплом, сондай-ақ бұрын берілген біліктілік санатын ескере отырып кәсіптік оқыту ескеріледі.

109. Арнайы білім беру ұйымдарында немесе арнайы сыныптарда (топтарда) білім туралы дипломда көрсетілген мамандық бойынша емес қызмет жүргізген жағдайда, біліктілік санатын кезекті беру тиісті бейіні бойынша қайта даярлау туралы құжаттың негізінде атқаратын лауазымы бойынша жүргізіледі.

110. Инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын жалпы білім беретін мектептерде сабақ беретін педагогтер дипломда көрсетілген мамандыққа сәйкес кезекті біліктілік санатын беруден өтеді, бұл ретте портфолиода ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалармен жұмыс жөніндегі материалдар көрсетіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет