Педагогтердің аттестаттауға дайындық жағдайын бақылаудың нәтижесі туралы анықтама өткізген күні



Дата30.03.2023
өлшемі16,59 Kb.
#77577

Педагогтердің аттестаттауға дайындық жағдайын
бақылаудың нәтижесі туралы
АНЫҚТАМА
Өткізген күні: 14.01.2023 ж.-20.01.2023 ж. аралығы.
Бақылаудың мақсаты: Педагогтердің педагогикалық шеберлігінің біліктілік деңгейін жоғарылату.
Бақылау нысаны: Аттестациядан өтетін педагогтер.
Бақылаудың түрі: Салыстырмалы.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығымен бекітілген «Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары» Қағидаларына сәйкес педагогтерді аттестаттау «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 1-тармағы 3) тармақшасына сәйкес бес жылда бір реттен сиретпей өткізілетін педагогтердің педагогикалық шеберлігінің біліктілік деңгейін жоғарылату мақсатында ағымдағы жылдың 14-қаңтары мен 20-қаңтары аралығында «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің №38 «Толағай» бөбекжай бақшасы» МКҚК-ның 2022-2023 оқу жылында аттестаттаудан өтетін педагогтеріне бақылау жүргізілді. Аттестатталушы педагогтерге мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының педагогтері үшін: «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту әдістемесі және жас психологиясы» – жиырма тапсырма; «Мемлекеттік білім беру стандартын және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларын білу» –он тапсырма екендігі, сондай-ақ «Мемлекеттік білім беру стандартын және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларын білу» – 70%; «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту әдістемесі және жас психологиясы» «педагог» біліктілік санаты – 50 %; «педагог-модератор» біліктілік санаты – 60%; «педагог-сарапшы» біліктілік санаты – 70 %; «педагог-зерттеуші» біліктілік санаты – 80 %; «педагог-шебер» біліктілік санаты – 90 % көрсеткіште жаңарғандығы түсіндірілді. Педагогтерге ПББ өткізудің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін өткізу пункттеріндегі аудитория және әрбір педагогтің орны бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етілетіндігі, қандай да бір тыйым салынған заттар табылған және аудиторияда мінез-құлық қағидаларын бұзған педагог аудиториядан шығарылған немесе тестілеуде бөгде адам анықталған жағдайда аттастаттау Қағидаларының 18 және 19-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша акт жасалатындығы, бейнежазбаны қарау кезінде тестілеуді өткізу ережесін бұзу фактілері анықталған жағдайда акт жасалатындығы және нәтижелері жойылатындығы қатаң ескертілді.


Зерделеу барысында аттестатталатын педагогтердің қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау құжаттамалары, «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5750 болып тіркелген) бекітілген біліктілік талаптарына немесе кәсіптік стандартқа («Педагог»кәсіби стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 15 желтоқсандағы №500 бұйрығы) сәйкес келетін педагогтің кәсіби құзыреттілік деңгейі, жалпы педагогикалық өтілдері, санатқа өту мерзімі мен реттілігі қаралды.
Қорытынды: Қалыптастырылған өтініштер (құжаттар топтамасымен бірге) Мемлекеттік корпорация арқылы, ақпараттық жүйе арқылы немесе портал арқылы қалалық білім бөліміне жіберілуге әлі де дайын еместігі айқындалды. Педагогтердің аттестациялаудан өту ережесіне сәйкес бірінші кезеңінен (тест тапсыруға) өтуге дайындықтары қалыпты деңгейде.
Зерделеу нысанындағы педагогтердің білім беру потенциалының кеңістігі максималды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Оқу-тәрбиелеу үрдісінде дамытатын заттық-кеңістік орта барлық топтарда және кіші топтарда да балалар мен үлкендердің қатынасын және ортақтасқан әрекеті мүмкіндіктерін, балалардың қимыл белсенділігін, сонымен қатар жеке жұмыс жүргізуге мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Қолданыстағы дамытушы заттық-кеңістік ортасы мазмұнды толықтырылған, трансформацияланған, толық және жартылай функцияланған, вариативті, қолжетімді және қауіпсіз. Барлық педагогтердің еңбек өтілі өтініш берілген біліктілік санатына сәйкес келеді.
Ұсыныстар:

  1. Педагогтердің жиынтық папкаларын тиісті құжаттамалармен толықтыру.

  2. Педагогтерді аттестациялаудан өту ережесінің екінші кезеңі басталғанша түрлі конкурстарға қатыстырып, жетістіктер қорын ұлғайту.

  3. Әлеуметтік желілерде педагогикалық қызмет барысын барынша сапалы әрі прогрессивті жүргізу.

  4. Педагогтердің біліктілікті арттыру курстарына қатысуын ұйымдастыру.

«Педагог-зерттеуші» санатындағы
қазақ тілі оқытушысы: Г.Каржаубаева


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет