Қозғыш тіндер Қандай да болсын қозғыш тіндердің негізгі қасиеті – тітіркенгіштік немесе сыртқы ортаның әсеріне, өзінің физикалық және химиялық жағдайын өзгертіп, белсенді жауап беруге дайындық қабілеті болып табылады



бет1/11
Дата29.12.2023
өлшемі112,65 Kb.
#144890
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Қозғыш тіндер
Қандай да болсын қозғыш тіндердің негізгі қасиеті – тітіркенгіштік немесе сыртқы ортаның әсеріне, өзінің физикалық және химиялық жағдайын өзгертіп, белсенді жауап беруге дайындық қабілеті болып табылады.
Козғышты тінді тітіркендерірсе жауап түрінде қозудың үрдістері пайда бола бастайды, тіннің тыныш күйінен әрекетке көшеді, солай онын белсенділігі күшейеді.
Қозғыш тіндердің жалпы физиологиялық қасиеттеріне мыналар жатады:
1) Қоздырылған тіндер- өзінің ерекше қасиеттерін жүйелі түрде жасай бастайды оларға: ет жиырылуын, ширығуын, жүйенің қозуды өткізуі, бездердің сөлді шығаруын жатқызамыз. Солай қозатын тіндердің тітіркенуелерге жауап бере алу қасиетін қозғыштық десек, оның жауабын- қозу үрдістері дейміз.
2) өткізгіштік – пайда болған қозуды электрлік сигнал түрінде,тітіркендірген жерден әрі қарай, тіннің ұзына бойымен өткізу қаблеті.
3) рефрактерлік кезеңі – тіндердегі пайда болған қозу кезіндегі оның қозғыштық қабілетінің уақытша төмендеуі.
Рефрактерлік екі түрлі болады:
Абсолюттік рефрактерлік кезең - қозу үрдістерінің басталуынан бастап тіндердің қозғыштық қасиеті күрт төмендейді. Ол біраз уақытқа дейін кейінгі тітіркендіргіш күшіне жауап бере алмай қалады. Ұзақтықтары: жүйке талшығында 1,2мс, еттің талшықтарында 5мс, ет пен жүйке байланысатын түйіспеде 8бен 10мс.
Салыстырмалы рефрактелік кезең- тітіркенудің төменгі мөлшерлері қозудың табалдырығына жауап бере алмай қалады.
Супернормальды кезең- қозғыштық қасиетінің күшеюі.
Субнормальды кезең- тіндердің қозғыштық қасиеті қайта төмендеп кетеді де, табалдырық күші жоғарғы тітіркендірштікке жауабын қайтарады.
Лабилділік- тітіркену жиілігіне сәйкес 1секунд ішінде пайда болатын қозудың ең жоғарғы әрекеттік ширақтығын айтады. Герц өлшемімен белгіленеді. Мысалы, жүйкенің лабилділігі 1000герц демек жүйке секундына 1200рет тітіркендірілсе бұдан пайда болатын қозудың саны 1000нан аспайды. Тін неғұрлым қозғыш болса оның лабилділігі соғұрлым жоғары болады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет