Пән : «Коммуналды гигиенасы»



бет1/49
Дата02.05.2023
өлшемі226,41 Kb.
#88966
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ


«Гигиена-2» кафедрасы
ДӘРІС КЕШЕНІ


Пән : «Коммуналды гигиенасы»


Пән коды - KG 4211
Мамандық: 051102- «Қоғамдық денсаулық сақтау»


Оқу сағатының көлемі (кредиттің) - 360 сағат/ 8 кредит


Курсы және оқу семестрі: ІV- курс 7- 8 – семестр

2014-2015 оқу жылдары


Дәріс кешені кафедра мәжілісінде талқыланып, бекітілген.


Хаттама № ____ ________ 2013ж.


Кафедра меңгерушісі м.ғ.к., доцент _______________С.У. Ескерова

1.


1.Тақырыбы: Кіріспе дәріс. Коммуналды гигиена пәні. Пәннің даму тарихы. Коммуналды гигиенасы саласындағы қоғамдық денсаулық бакалавры жұмысының негізі ретіндегі заңнама.
2.Мақсаты: студенттерді коммуналды гигиена пәнімен, даму тарихымен таныстыру. Коммуналды гигиенасы саласындағы қоғамдық денсаулық бакалавры жұмысының негізі ретіндегі заңнамаларды қарастыру.
3. Дәріс тезистері:
Коммуналды гигиена - оқу жоспары бойынша медико – профилактикалық факультетінің алдыңғы қатарлы, арнайы пәні болып саналады және аса ауқымды әрі салалы санитарлық-эпидемиологиялық қызмет жұмысының бөлімі болып табылады. Коммуналды гигиена - қаланы салу құрылысынын ірі көлемді мәселелерінен бастап, елді мекендерді көркейту, астаналық мегаполистан адамдар ұжымы (космостық корабль, су асты кайығы) өмір сүретін автономды нысандарда тіршілікке қажетті жүйелерді дамытуға дейін айналысады. Соған байланысты коммуналдық гигиена елдегі қоғамдық – экономикалық қатынастарға, мемлекеттік құрылымға және меншік түрлеріне байланысты болады.
Гигиеналық пәндердің арасында коммуналдық гигиена ерекше орын алады, өйткені ғимараттардың құрылысын бөлінетін жер телімдерін бөлуді және оларды таңдауды, оларды санитарлық тұрғыдан оңтайлы көркейтуге (сумен қамту, су бөлу, санитарлық тазарту, жылумен қамту, жылыту, желдету), атмосфералық ауаны, су көздерін, топырақты ластанудан қорғау шараларын негіздейді, санитарлық қорғау аймақтарының көлемін бекітуді анықтайды. Бұл талаптарды одан ары қарай басқа да гигиеналық пәндер (еңбек гигиенасы, тағам гигиенасы, балалар және жас өспірімдер гигиенасы) іске асырады.
Коммуналдық гигиена фундаменталды гигиеналық ғылым ретінде санитарлық-эпиедмиологиялық қызмет органдарының тәжірибе жүзіндегі ғылыми негізі болып саналады. Себебі, ағымды және ескертпелі санитарлық қадағалау жүргізу барысында санитарлық – гигиеналық және санитарлық – эпидемияға қарсы іс-шараларды халықтың денсаулығын сақтауға және нығайтуға бағыттап жүзеге асырады. Жоғарыда айтқандарды ескере отырып коммуналды гигиенаның қазіргі кездегі анықтамасын беруге болады.
Коммуналды гигиена – елді мекендер жағдайында тұрғындар денсаулығына қоршаған орта факторларының тигізетін әсерін зерттеп соның нәтижесінде тұрғындардың өмір сүру жағдайын қолайлы етуге және денсаулығын сақтауға бағытталған гигиеналық нормалармен және санитарлық ережелерді жасайтын гигиенаның бөлімі.

Коммуналды гигиенаның негізгі бөлімдері:


1.Су және елді мекендерді сумен қамту гигиенасы.
Бұл бөлімде шаруашылық – ауыз су мен қамту үшін су сапасын гигиеналық нормалауды ғылыми тұрғыда негізделеді, судың сапасы эпидемиялық тұрғыдан қауіпсіз, химиялық құрамы бойынша зиянсыз және органалептикалық қасиеті бойынша қолайлы, сонымен қатар елді мекенде шаруашылық ауыз сумен қамту нормасы бекітіледі.
2.Су нысандарын санитарлық қорғау.
Су нысандарындағы судың сапасын ғылыми тұрғыда негіздейді. Себебі, ол су орталықтандырылған шаруашылық – ауыз сумен қамту су көздері ретінде және демалу тағы басқа мақсаттарға қолданылады. Су нысандарын ластаушы көздерді зерттеп олардың тұрғындар денсаулығына қауіптілігін тексереді. Су нысандарындағы биологиялық және химиялық ластаушылардың ШРЕМ негіздейді, судың сапасын жоғары болуын қамтамасыз ету үшін су нысандарына іркінді суларды жіберу жағдайын зерттеп анықтайды.
3.Топырақты санитарлық қорғау және елді мекендерді тазарту.
Бұл бөлім топырақты биологиялық және химиялық заттармен ластаушы көздерді және ластану жағдайларын қарастырады, топырақтағы экзогенді химиялық заттардың шектеліп рұқсат етілген мөлшерлерін, атмосфераның жерге жақын қабатындағы ластаушылардың топыраққа көшуін зерттейді, өсімдік текті азық-түліктерге зиянды заттардың жинақталуын ғылыми түрде негіздейді. Елді мекендерде салауатты өмір сүру жағдайын жасау үшін елді мекенді тазартуға қойылатын санитарлық талаптарын негіздейді.
4.Атмосфералық ауаны санитарлық қорғау.
Атмосфераның ластаушы көздерін және атмолфералық ластаушылардың таралу қашықтығын және қарқымдылығын қарастырады. Атмосфералық ластаушылардың концентрациясын ғылыми тұрғыда негіздейді, олар тұрғындар денсаулығына зиянсыз және өмір сүрудің санитарлық тұрмыстық жағдайын бұзбайтындай болуы қажет (максималды бір реттік ШРЕМ мр және орташа тәуліктік ШРЕМ от концентрациялар).
5.Елді мекендердегі физикалық факторлардың гигиеналық маңызы.
Тұрғындардың денсаулығына және өмір сүру жағдайына шу, діріл, электромагниттік өрістер секілді физикалық факторлардың әсерін зерттейді. ШРЕД және тұрғындар денсаулығына физикалық факторлардың қолайсыз әсерінің алдын алуға бағытталған шараларды ғылыми тұрғыда негіздейді.
6.Тұрғын және қоғамдық ғимараттар мен құрылыстар гигиенасы.
Ғимараттың ішкі ортасын және баспаналық азаматтық мақсаттағы құрылымдардың адам үшін қолайлылығын сәулеттік жоспарлау мәселелерінің маңызын инженерлік, қондырғылардың, бөлменің ішкі ортасының қолайлы гигиеналық жағдайын қалыптастыруда қондырғыларды дұрыс пайдалану мәселесін пайдаланады.
7.Елді мекендерді жоспарлау гигиенасы.
Табиғи-климаттық жағдайлардың сауықтыру маңызын және тұрғындардың өмір сүруі үшін олардың қолайлы жағдай қалыптастырудағы рольін қарастырады. Елді мекендер жоспарлауда, елді мекендер территориясын таңдауда, функционалдық аймақтарға бөлуде оларды қалай ескеру қажеттігін қарастырады. Қала құрылысын салуда қолайлы табиғи факторларды дұрыс пайдалануды және олардың қолайсыз әсерін төмендету мәселесін ғылыми тұрғыда негіздейді. Тұрғындар денсаулығына антропогендік факторлардың қолайсыз әсерінің алдын алу үшін қаланы салуды гигиеналық талаптарды жасайды.
8.Тұрғындар денсаулығы қоршаған орта жағдайының көрсеткіші ретінде.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет