Пән: Биологияны оқытудың әдісемесі



бет1/6
Дата03.11.2022
өлшемі4,71 Mb.
#47181
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Лек 10

СМАЙЛИК

«ЖЕТІСТІК САТЫСЫ»

Пән: Биологияны оқытудың әдісемесі

9.1.10. Тақырыбы: «Рефлексия» және «педагогикалық рефлексия» ұғымдары.


Тақырыптың жоспары:
1. «Рефлексия» ұғымының қалыптасуы.
2. «Педагогикалық рефлексия» ұғымы
3. Рефлексияның психологиялық-педагогикалық мазмұны.
4. Рефлексия типтері мен түрлері.
5. Мұғалімнің кәсіби рефлексиясы және оның маңызы.
«Рефлексия» сөзі ежелгі латын тілінің «reflexio» сөзінен туындайды, аудармасы
«көрініс беру, кері айналу» мағынасын білдіреді. Философиялық сөздіктерде рефлексияның үш түріне түсініктеме беріледі. Олар: қарапайым (әрекеттер рефлексиясы); ғылыми (жаңа білімді меңгеру әдістерінің рефлексиясы); философиялық (ойлау мен болмыстың шектелген қатынастарын және біртұтас адамзат мәдениетін қайта түсіндіру).
Ал Ожегов және Шведовтың «Толковый словарі» аталған ұғымды өзін-өзі талдау, өзінің ішкі жағдайы туралы ойлану деп көрсетеді. Бұл сипаттамалар рефлексияның әрекеттердің барлық түрлерінде қолдануға болатын әмбебаптығын көрсетеді.
Рефлексия ұғымының шығуына бірден-бір себеп – философия саласында таным туралы жалпы түсініктің пайда болуымен, оның ішінде жүйелі жасалған тарауларының бірі таным теориясымен тікелей байланысты.
Антика дәуіріндегі талқылаудың негізгі пәні ретінде, рухани іс-әрекеттің жиынтықты тәжірибесінен сыни және жүйелеуші рефлексиялау алынған. Мысалы, Сократ алдыңғы кезекте өзін өзі тану міндетін ұсынды. Оның зерттеу пәні ретінде, танымдық қызметтегі рухани белсенділік қарастырылады, Платон мен Аристотельдің ой-пікірлерінде ойлау мен рефлексия бастапқыда тәңірдің ақыл-ойына тән болатын атрибуттар ретінде түсіндіріледі де, онда «ойлау мен ой-пікірдің бірлігі» қамтылады.
Дж. Локк «мен рефлексия деп, ақыл-ойдың өзінің іс-әрекетін, оның көрініс табу тәсілдерін қамтитын бақылауды атаймын, соның салдарында ақыл-ойда осы болмыстың идеялары пайда болады. Түйсік пен рефлексия, яғни сыртқы материалдық заттар түйсік нысандары, біздің өзіндік миымыздың ішкі іс-әрекеті, рефлексия объектісі ретінде, барлық идеялар бастау алатын бірлікті құрайды» - деп пайымдайды. Оның пікірі бойынша, рефлексия – адамзат ақыл-ойының ерекше іс-әрекеті, еркін белсенділігі. Ол өз кезегінде күш-қуат идеяларын туындатуға және санада көрініс табатын түйсіктер мен идеялардың алуан түрлілігін себепті байланыстыруға қабілетті бола отырып, рефлексия келесі қызметтерді атқарады: жанның ішкі іс-әрекеті туралы білімді меңгеру және осы іс-әрекетті саналы ұғыну.
Қайта өрлеу және Жаңа дәуірдің философиясында «рефлексия» ұғымы адамның тұлға ретінде даму мүмкіндіктері мен тұтастығын, сонымен бірге қозғалыс пен оны тану тәсілдерін көрсететін, адамзат болмысының маңызды сипаттамаларының біріне айналды.
Алғаш рет гносеологиялық астарда рефлексия ұғымы Декарттың білімді негіздеудің философиялық мәселесі контексінде көрініс тапты. Декарт рефлексияны индивидтің өзіндік ой-пікірлерінің мазмұнына шоғырлануын, сыртқы, денелік заттардан оқшаулану қабілетімен теңестірді. «Мен ойлаймын, нәтижесінде мен тіршілік етемін» – деген пікір рефлексияның ойлау сияқты негізін қалайды, ал ойлау өз кезегінде білімді рефлексивті түрде қайта жаңғыртады.
И.Г. Фихте рефлексия туралы ілімді өзін өзі тану туралы іліммен байланыстырады. Философ индивидтің өмірінде ойлау орын алғанда, онда ол адамның ішкі толғанысында еркін рефлексия шарты ретінде пайда болады, алайда «Мен» өнімі ретінде емес, абсолютті деректің көрінісі ретінде байқалатындығына назар аудара келе, рефлексияның ішкі қабылдауда орын алатын белгілі байланыстар арқылы білімді жоғары көтеруге ықпал ететіндігін, сананың саңылауларын ашатынын тілге тиек етеді.
«Рефлексия» ұғымы ресей философиясына неміс философиясы классиктерінің еңбектерінің Еуропаға кең таралуымен байланысты келді. Ресейлік философияда рефлексия сананың аса маңызды мазмұны болып саналатын, тұлғаның өзінің рухани, діни тәжірибесін саналы ұғыну тәсілі ретінде анықталады.
Кеңес заманының белгілі философы мен әдіснамашысы Г.П.Щедровицкийдің пікірі бойынша, рефлексияның қажеттілігі, индивидтің іс-әрекеті қиындықтармен жүзеге асырылған жағдайда пайда болады, яғни «индивид өзі қалаған өнімді алмаған, немесе қажетті материалды таппаған, немесе қажетті әрекеттерді мүлдем жүзеге асыра алмаған жағдайда» пайда болады. Мұндай жағдайда әрекет етуші өзінің алдына іс-әрекетке қатысты сұрақтарды қояды: бұл әрекет неге орындалмады, жетістікке жету үшін не жасау қажет. Жаңа іс-әрекет позициясына өте отырып, индивид «мағына құру» құралдарын игереді, оларға сүйеніп, алдыңғы іс-әрекетін түсінеді және сипаттайды.
Рефлексия таза философиялық ұғым болып қалмай, арнайы ғылыми, психологиялық терминге де айналып, рефлексияның табиғаты психология ғылымында да кеңінен қарастырылады.
Психологиялық сөздікте рефлексия тұлғаның ішкі психикалық актілері мен күйлерін тану үдерісі ретінде анықталады. ХХ ғасырда психологияның дербес ғылым ретінде қалыптасуынан кейін, оның көптеген салаларға бөлінуіне байланысты (жас ерекшелік, жалпы, әлеуметтік, медициналық, педагогикалық және т.б.) «рефлексия» ұғымы әлеуметтік психологияда жан-жақты қарастырылады, себебі ғылымның аталған саласы қоғамның дамуындағы «адамзат факторының» рөліне қатысты міндеттерді шешумен шұғылданады.
Рефлексия әлеуметтік психологияда әрекет етуші субъектінің – тұлғаның немесе қауымның – оны шындығында басқа индивидтер немесе қауымдар қалай қабылдайтындығын және бағалайтындығын ұғынуы түрінде көрініс табады.
ХХ ғасырдың 90-жылдарына дейін педагогика ғылымында рефлексия ұғымын философиялық-психологиялық тұрғыда түсіндіруге басымдылық берілді. Оны педагогикалық энциклопедиялық сөздікте берілген: «рефлексия – субъектінің ішкі психикалық актілерді және күйлерді өмірлік тәжірибе негізінде өзін өзі тану үдерісі», – деген анықтамадан көруге болады.
М.В. Захарченконың пікірінше, рефлексия туралы сөз қозғалғанда, педагогика ғылымның өкілдері біріншіден, рефлексияның жалпы адамзат айналысуға тиісті іс-әрекет екендігіне; екіншіден, адамзат болмысының өзгеше бөлшегі ретіндегі осы іс-әрекеттің ерекше педагогикалық сипаты барлығы; үшіншіден, оған пәндік іс-әрекеттің бірқатар бейнелері тән екендігі атап көрсетіледі. Бұл түсіндірмелер бізге рефлексияны тұлғаның танымын кеңейтетін, оны дамытатын, өзіндік пікірін қалыптастыратын басты әрекеттерінің бірі деп қарауға мүмкіндік береді.
Рефлексия тұлғаның өзін-өзі дамытуындағы мықты құралы болып табылады. Білім беру үдерісін рефлексия адамның өз әрекетінің маңызын түсіну арқылы тұлғаның дамуына әсер ететін факторымен байланысты. Өзіндік ойлау ынтаның дамуына бастау болып табылады. Терең өзіндік ойлаудан кейін келесі үдерістер дами бастайды: өзін-өзі анықтау – өзін-өзі таныту – өзін-өзі іске асыру – өзін-өзі реттеу.
А.А.Бизяева педагогикалық рефлексияны мұғалімнің өз қызметіне және өзіне оның субъектісі ретінде сыни талдау, мәнін ұғыну және оқушы тұлғасын дамытудағы оқыту тиімділігін бағалау мақсатында белсенді зерттеушілік көзқарас ұстану қабілетін байқататын күрделі психологиялық феномен деп түсіндіреді.
Көрнекті ғалымдар Ш.А.Амонашвили, В.И.Загвязинский, т.б. педагогикалық рефлексияны жаңаша ойлау стиліне жатқызады. В.А.Кан-Калик, А.В.Мудрик, т.б. маманның педагогикалық әрекетке дайындығының құрамына даралық, шығармашылық, авторлық ізденістер мен қатар жетілген педагогикалық рефлексияны да жатқызады. «Рефлексия – адамның өз істерінің мәнін түсіну, олар туралы ойлану барысында өзіне өзінің нені, қалай жасағаны туралы толық және анық есеп беруі немесе өзі әрекет барысында басшылыққа алған ережелер мен кестелерді мойындауы не жоққа шығаруы» (В.А. Кан-Калик).
Мұғалімнің кәсіби рефлексиясы - бұл оның оқушының "әлемнің ішкі көрінісін" көрсету қабілеті. Операциялық мағынада, мұғалім үшін рефлексивті ойлау дегеніміз: алдымен басқа адамның, яғни шәкіртінің кім екенін түсінуге тырысу. Содан кейін оның даму болашағы қандай болатынын, қалыптасқан жағдайда оны әрі қарай дамыту үшін қайсысын нақты мақсат үшін қабылдауға болады және қайсысы оқушыны дамуға ынталандыратынын елестетіп көру. Мұғалімнің санасында тек оқушы ғана емес, сонымен қатар оқушыға қатысты жасалынатын әрекеттер де рефлексивті түрде көрініс табуы қажет.
Мұғалімнің педагогикалық рефлексиясы – бұл кез-келген кәсіби мәселені талдау процесі, нәтижесінде мәселенің мәнін шешудің жаңа перспективалары пайда болады. Осылайша, рефлексивті мұғалім – ол ойлаушы, талдаушы, өз тәжірибесін зерттейтін кәсіби маман.
Ол мұқият тыңдаушы, ақылды бақылаушы, парасатты әңгімелесуші. Ол өзін-өзі дамыту мен өзін-өзі жетілдіруге деген қажымас қажеттілігі бар "өз кәсібінің Мәңгілік оқушысы".


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет