Пән: Мектепалды сынып мұғалімі



бет1/5
Дата18.03.2023
өлшемі192,17 Kb.
#75317
  1   2   3   4   5

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ



Пән: Мектепалды сынып мұғалімі:
ДЕФЕКТОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЛОГОПЕДИЯ НЕГІЗДЕРІ
Тапсырма: Дыбыстарды дұрыс айтуды қалыптастыруда логопедиялық жұмыстың кезеңдері мен принциптері



Орындаған:Байбағысова Алмагүл Абайқызы
Тексерген: Мышбаева Гулмира Мұратқызы


2022-2023 оқу жылы
Дыбыстарды дұрыс айтуды қалыптастыруда логопедиялық жұмыстың кезеңдері мен принциптері
Дыбыс айту кемшіліктерін түзетудегі логопедиялық жұмыс кезеңдері.
Арнайы әдебиеттерде дыбыс айту кемшіліктерін түзетудегі логопедиялық жұмыс кезеңдерінде әртүрлі пікір айтылады. Мысалы, Ф. Ф. Рау екі кезеңге бөлсе, О. В. Правдина, О. Ф. Токарева үш, ал М. Е. Хветцев төрт кезеңге бөледі. Кезең саны әртүрлі болғанмен олардың негізгі максаты бір болып келеді. Логопедиялық түзету жұмысының мақсаты мен міндетіне байланысты төмендегідей кезеңдерге бөлу тиімді:

Аталған кезеңдердің арасында айқын шекара жоқ - біріншісінің аяқталуы екіншісінің басталуына ұласып кетеді. Дайындық кезеңі. Бұл кезеңнің негізгі мақсаттары: - баланы түзету жұмысына ынталандыру, - саналы түрде тапсырмаларды орындауға үйрету, - зейінін, тыңдау есте сақтау ойлау қабілетін дамыту, - артикуляцияны дұрыс калыптастыру, - дыбысты қабылдау, ажырату жатады. Артикуляцияны дұрыс қалыптастыру үшін арнайы жаттығулар колданылады. Жаттығулар қойылатын дыбысқа байланысты жүйеленеді және ерін, тіл қимылдарын, қалпын дағдыландыруға бағытталады. Балаларды қызықтыру үшін және жаттығуды ойларына сақтап қалу үшін әр жаттығу әртүрлі атпен аталады. Мысалы:
1 «Күрекше». Тіл босаңсытылады, жалпақ күйге енгізіледі де, төменгі ерін үстіне қойылады. Осы қалыпта бірнеше секунд ұстап тұру керек.
№ 2 «Чашечка» «Шәшке».
Ауыз кең ашылады, жалпақ қалыптағы тіл жоғары көтеріледі де, шәшке формасы беріледі. Тілдің шеттері тіске тимейді. 
№ 3 «Иголочка» «Инеше» 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет