Пікірлер алаңы Ісмет Кеңесбаев



Дата22.10.2023
өлшемі1,01 Mb.
#120547

Пікірлер алаңы
Ісмет Кеңесбаев
Әлімхан Жүнісбек
Сапархан Мырзабеков
Ісмет Кеңесбаев
Ісмет Кеңесбаев (1907-1995) – 1954 жылы жарық көрген «Қазіргі қазақ тілінің» фонетика тарауында былай дейді: «әдеби тілде ерін үндестігі елеңбейді десе де болады. Осыған қарағанда ерін үндестігінің қазақ әдеби тілі үшін айтарлықтай үлкен мәні бар деуге болмайды. Ерін үндестігі қазақ тілінде… әсіресе екі буынды сөзде ерін дауыстысымен келген алғашқы буынның еріндік ықпалы анық сезіліп тұрады. Үшінші буында солғындау сезіледі»
Сапархан Мырзабеков
«Дауыстылар тоннан жасалғандықтан әрқашан да басқа дыбыстарға ықпалын жүргізеді, бұл жағынан үнділер де қалыспайды. Олар да дауыстылар сияқты үнсіз дауыссыздарға күштілік жасайды. Дауыс қатысы жағынан әлсізі – үнсіз дауыссыздар. Сөйте тұра қатаңдар мен ұяңдар әсте тіл табыса алмайды. Қатар келгенде кейде ұяңдар қатаңданып, кейде қатаңдар ұяңданып кетуге мәжбүр»
Әлімхан Жүнісбек
«Дыбыстардың үндесуі мен үндестік заңы қазақ тілі фонологиясының ең өзекті мәселелерінің біріне жатады. Дыбыстардың акустика-артикуляциялық сипаттарын нақты білгенде ғана бұл заңдылықты жақсы аңғаруға және түсінуге болады »
Сәйкестендіріңіз
Сингармонизм
Ассимиляция
Морфемалардың жігінде көрші келген дауыссыздардың акустика-артикуляциялық жақтан біріне-бірінің ұқсауы, бейімделуі, өзара тіл табысуы.
Тілдегі сөздердің бірыңғай жуан, не жіңішке буынды болып келуі.
Прогрессивті ассимиляция
Алдыңғы дыбыстың кейінгі дыбысты өзіне тәуелді етуі.
Регрессивті ассимиляция
Кейінгі дыбыстың алдыңғы дыбысты тәуелді етуі.
Аккомодация
Морфемалар жігінде қатар келген дауысты және дауыссыз дыбыстардың бір-біріне ықпал етіп, бейімделіп айтылуы.
Диссимиляция
Бір сөз ішінде артикуляциялық ұқсастығы жоқ екі немесе одан да көп дыбыстың келуі.
Протеза
Сөздің алдынан басы артық дыбыстың қосылуы: лаж – ылаж, леген – ілеген.
Эпентеза
Сөз ішінде дауыссыздардың арасына дауыстының қыстырылуы: класс – кыласс, наурыз – науырыз.
Метатеза
Дыбыстардың өзгерісі, бір сөз немесе буын ішінде буындардың немесе дыбыстардың өзара орын ауыстыруы: әпке – әкпе.
Элизия
Келесі сөздің басында тұрған дауысты дыбыспен қатар келуіне байланысты бастапқы сөздің соңында тұрған дауысты дыбыстың айтылмауы: сары ағаш – сарағаш, қара ағаш – қарағаш.
Гаплология
Өзара бірдей ұқсас көрші буындардың бірінің түсіп қалуы: морфофонология – морфонология, түтүндік – түндік.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет