Сыртқы орта жағдайларының микроағзаларға әсері. Физикалық, химиялық және биологиялық факторлар.
Пән: Микробиология
Лектор: PhD, аға оқытушы Саржанова Ш.М.
Микробтарға қоршаған ортаның көптеген факторлары әсерлерін тигізеді.
Микроорганизмдерге физикалық факторлардың әсері (температура, ылғылдылық, жарық, кептіру, иондамайтын (УКС, инфрақызыл) және иондаушы (радиация) сәулелер, ультрадыбыс, қысым т.б)
Микроорганизмдерге химиялық факторлардың әсері (дезинфектанттар, антисептиктер, химиопрепараттар т.б).
Микроорганизмдерге биологиялық факторлардың әсері (антибиотиктер, бактериоциндер, микроциндер, эубиотиктер (пробиотиктер), бактериофагтар, симбиоз, метабтоз, синергизм, антагонизм).
Микроорганизмдерге физикалық факторлардың әсері.
Микроорганизмдерге температураның әсері
Температура – микробтар өміріндегі ең маңызды факторлардың бірі.
Микроорганизмдер -34°C, 100°C аралығында тіршілік етеді.
Температураға байланысты өсу аймағы әртүрлі микроорганизмдер тобы үшін кең ауқымда ауытқиды.
-Психрофилдер
-Мезофилдер
-Термофилдер
Әр түрлі микроорганизмдер топтары үшін температураның үш нүктессі бар:
Оптималь — ең тіршілікке қолайлы температура;
Минималь – бұл тіршілікке қажетті температураның ең төменгі шегі;
Максималь — микроорганизмдер тіршілік ететін температураның жоғарғы шегі.
Психрофилдер
Психрофилдер (грекше psichros-салқын, суық; philein-сүю, салқын сүйгіш микроорганизмдер) төменгі температурада өмір сүреді.
Оларды солтүстік теңіздерде, мұздақтарда, тоңазытқыштарда, ағын суларда және басқада жерлерде кездестіруге болады.
Бұлардың ішінде балықтың, су өсімдіктерінің ауруларының қоздырғыштары, азықтық өнімдерді ыдырататын микроорганизмдер болуы мүмкін.