Пірәлиев С. Ж., Нәрібаев К. Н., Жампеисова Қ.Қ., Қойгелдиев М. К


  «Мәңгілік  Ел»  ұлттық  идеясының  үшінші  құрамдас  бөлігі



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата22.01.2017
өлшемі0,56 Mb.
#2453
1   2   3   4

3.  «Мәңгілік  Ел»  ұлттық  идеясының  үшінші  құрамдас  бөлігі 

деңгейінде  болашақ  маманның  ұлттық  сана-сезімін  қалыптастыру 

«МЕН  –  БІЗ  –  БАРШАМЫЗ  –БӘСЕКЕГЕ  ҚАБІЛЕТТІ  ЗИЯТКЕР 

ҰЛТПЫЗ» сынды феномендік барабарлыққа бағытталуы тиіс. 

Мұндай  көзқарас  тұрғысынан  зерделегенде,  этникалық  барабарлық 

(МЕН)  пен  азаматтық  барабарлықтан  (БІЗ)  бәсекеге  қабілетті  зияткер  ұлтқа 

(БАРШАМЫЗ)  бағыт  алған  қозғалыс  Қазақстан  Мемлекеті  болашақ 

маманының  ұлттық  сана-сезімін,  ұлттық  рухын,  азаматтығын,  патриоттығы 

мен  әлеуметтік  белсенділігін  қалыптастырудың  негізгі  даму  векторы  болып 

табылады.  Бұл  –  Қазақстанның  өркениетті  даму  жолы.  Бұл  –  еліміз  

тәуелсіздік  алған  күннен  бергі  уақытта  жарияланған  барлық  стратегиялық 

ұлттық 

жобалардың, 



Мемлекет 

басшысының 

Қазақстан 

халқына 


10 

 

Жолдауларының  негізгі  өзегіне  айналған  «Мәңгілік  Ел»  ұлттық  идеясының 



даму жолы. 

 

V. Бірінші курс студенттеріне арналған «Мәңгілік Ел» пәніне 

қойылатын талаптар 

 

1. Ұлттық сана-сезімді қалыптастыру  – бір сәтте жүзеге асатын әрекет 

емес.  Бұл  ұзақ  үдерісті  болашақ  мамандардың  игерген  білімі  мен  дағды-

машықтарын,  іс-әрекет  тәсілдерін,  алынған  білімнің  тәжірибе  жүзінде 

пайдаға  асуын  мақсатты  түрде  (курстан  курсқа)  ұлғайту  мен  жинақтаудың, 

сондай-ақ  тәжірибені  эмоционалдық  тұрғыда  бағалай  білу  қатынасын 

(рефлексия,  барабарлық)  қалыптастырудың  өзіндік  жүйесі  ретінде 

қарастырған жөн. 



      

2.  Тұлғаның  күрделі  құрылымдық  түзілімі  ретінде  ұлттық  сана-сезім 

оқыту  мен  тәрбие  беру  ықпалы  арқылы  қалыптасып,  оның  мазмұны,  оқыту 

бағыты  мен  әдістері  негізінде  анықталады.  Осыған  орай  ол  теориялық, 

қолданбалы мәнге ие дербес ғылыми пәннің нысанына айналуы тиіс. 



      

 3.  ЖОО-дағы  тұтас  педагогикалық  үдерістегі  болашақ  мамандардың 

ұлттық сана-сезімін, азаматтығын, патриоттығы мен әлеуметтік белсенділігін 

қалыптастырып,  дамытудың  үздіксіз  үдерісі  жүйесінде  (курстан  курсқа) 

бірінші  курс  студенттеріне  арналған  «Мәңгілік  Ел»  пәнінің  жүйені 

қалыптастырушы курс ретінде енгізілуі айтарлықтай роль атқаруы тиіс. 

      



4.  «Мәңгілік  Ел»  ұлттық  идеясының  ұлттық  бағдарлама  дәрежесінде 

көтерілуі «Мәңгілік Ел» пәнінің іргелі мәселесіне айналуы тиіс. 

 

Жаңа  пән  жаңарып  отыратын  әлемдегі  ұғым-түсініктердің,  қағидалар 



мен нұсқаулардың мән-мағынасын нақтылап, қоғам сұранысы бойынша түрлі 

көзқарастардың ортақ келісімге келу өлшемдерін реттеуі тиіс. 



5.  Пәннің  қисыны  ұлттық  тәжірибедегі  даралық,  ерекшелік  пен 

жалпылықтың өзара ұқсас жақтарын анықтауға негізделуі керек. 

 

«Мәңгілік  Ел»  пәнінің  ұлттық  және  педагогикалық-тәрбиелік  мәні 



этникалық,  азаматтық  және  жалпыұлттық  әлеует  сынды  үш  өлшем  арқылы 

мейлінше толымды түрде ашылады.  

 

Бұл  қағидалар  тарихи  жады,  әдіснамалық  мәдениет  пен  әлеуметтік 



бағдар ортақтығы сынды инновациялық бастаманы арқау еткен. 

Осы  тұрғыдан  келгенде,  «Мәңгілік  Ел»  пәні  –  Қазақстан 

Республикасындағы  жаңа  әлеуметтік-мәдени  жағдайда  зор  сұранысқа  ие 

болашақ мамандардың ұлттық сана-сезімін, ұлттық рухын, зияткерлік әлеуеті 

мен  жаңа  қазақстандық  патриотизмін  қалыптастыруға  бағытталған  жаңа 

феномен.  



        6.  Мазмұндық  интеграция  заманауи  білімнің  дамуындағы  жетекші 

үрдіс  болып  табылады.  Интеграциялану  (бірігу)  пәнаралық  байланыстың 

оқыту үдерісінде жаңа сапаға көтерілуін білдіретін инновациялық технология 

болып  табылады.  Бұл  –  интеграцияның  негізгі  мәні.  Осыған  байланысты 



11 

 

«Мәңгілік  Ел»  пәнін  сапалы  оқытудың  маңызды  алғышарттардың  бірі 



пәнаралық сипат болуы керек. 

 

«Мәңгілік Ел» пәні біріккен (интеграцияланған) курс ретінде болашақ 



мамандарға  көптеген  ғылым  салалары  (тарих,  философия,  география, 

этнография,  әдебиет,  этнопедагогика,  этика  және  әдептілік  және  т.б.),  өнер, 

мәдениет, кескіндеме, сондай-ақ шынайы өмір жайында білім берілуі керек. 

Интеграцияланудың  нәтижесі  –  тұтастану  қасиеттеріне  ие  жүйе  екендігі 

белгілі. 

 

Олай  болса,  «Мәңгілік  Ел»  пәндік  саласы  әдістемелік  тұрғыда  келесі 



принциптерді ұстануы керек: монизмнен плюрализмге, біржақты көзқарастан 

көпдеңгейлі сараптамаға және пәнаралық пайымдауға көшу. 

 

Көпдеңгейлілік, пәнаралық алғышарттары: 



-Ел туралы абстрактылы пікірден оның мәні мен даму перспективалары 

жайлы нақты түсінікке өту; 

-болашақ мамандардың ұлттық рух, ұлттық болмыс пен инновациялық 

бастамалар жайлы білімдерін тереңдету; 

-теориялық  көзқарастарды  жанды  шығармашылық  және  белсенді  де 

өнімді іс-әрекет негізінде толықтыру. 

           6.  ЖОО-ға  арналған  «Мәңгілік  Ел»  пәнінің  негізгі  міндеті  –  болашақ 

мамандардың  ұлттық  сана-сезімін  дамыту  мен  жаңа  қазақстандық 

патриотизмге  тәрбиелеу  бойынша  білім  деңгейін  мейлінше  тереңдете  түсу, 

атап  айтқанда,  кәсіптік  тұрғыда  өзін-өзі  тануы  мен  зерделеуі  деңгейін 

жетілдіру болып табылады. 

 

Қазақстан ЖОО-ларында «Мәңгілік Ел» пәні  метапәндік сипатқа ие 



болуы тиіс. Осылайша, пәнді Қазақстан мектептеріне енгізу арқылы студент 

жастардың ұлттық сана-сезімін үздіксіз қалыптастыруға жол ашылады.  

 

        


VI. Бірінші курс студенттеріне арналған «Мәңгілік Ел» пәнінің мақсаты, 

міндеттері, мазмұны 

 

«Мәңгілік  Ел»  пәнінің  мақсаты:  ұлттық  сана-сезімі,  ұлттық  рухы,  

патриоттық  рухы,  тарихи  санасы  мен  әлеуметтік  жадысы,  кәсіби  біліктілігі 

мен  бәсекеге  қабілеттілігі  жоғары  деңгейлі,  мемлекетіміздің  тұрақтылығын, 

тәуелсіздігін, қауіпсіздігін сақтау бойынша белсенді әрі шешуші әрекеттерге 

даяр, өзге мәдениет өкілдерімен салихалы сұхбат құра алатын мамандардың 

жаңа буынын, қоғамның әлеуметтік белсенді мүшелерін тәрбиелеу. 



   

                        «Мәңгілік Ел» пәнінің міндеттері 

 

 1. Қазақ халқының ұлттық мәдениетіне терең бойлау, оның тарих, тіл, салт-



дәстүр, өзіндік болмыс сынды маңызды құрамдас бөліктерін зерделеу, сонымен 

бірге  қазақ  халқының  ұлттық  мүддесін,  ұлттық  құндылықтары  мен 

құндылықтар бағдарын саналы түрде қабылдау негізінде болашақ мамандардың 

(ұлтына  қарамастан)  жоғары  деңгейлі  ұлттық  сана-сезімі  мен  оның  өзегі 



12 

 

ретіндегі ұлттық рухты қалыптастыру. 



2.  Болашақ  мамандардың  (мемлекет  құрушы  ұлт  өкілдерінің)  ұлттық  сана-

сезім,  жасампаз  рух,  патриоттық  рух,  тарихи  сана  мен  әлеуметтік  жады 

дамуының  негізі  ретінде  өз  ұлтының  түп-тамырларын,  туған  халқының 

қалыптасып,  даму  тарихын  терең  пайымдауға  тәрбиелеу.    Осы  ретте  ұлттың 

даму  тарихы  өткен  мен  бүгін  және  болашақтың  ажырамас  бірлігі,  өзара 

байланысы сапасында зерделенеді. 



3.  Болашақ  мамандардың  (ұлтына  қарамастан)  Қазақстан  халқының  тарихи 

дамуындағы  басты  қозғаушы  күш,  біріктіруші  әрі  нығайтушы  бастама  болып 

табылатын  ұлттық  рухы  мен  бірлік  рухын  дамыту  және  нығайту  (халықтың 

рухы  мықты  болған  сайын  оның  мемлекеттігінің  перспективалары  жоғарылай 

түседі). 

4.  Болашақ  мамандардың  қазақ  тілін  мемлекеттік  тіл,  ұлттық  сана-сезімнің 

базалық тетігі, қазақ халқының, қазақ жерін мекендейтін барша халықтар мен 

ұлыстардың руханияты мен бірлігінің тұғыры, тұтастай ұлттық рух дамуының 

негізі ретінде белсенді түрде меңгеруге дайындығын дамыту. 



5.  Қазақ  халқының  озық  дәстүрлерін  (қонақжайлық,  барша  адамдарға  деген 

ықыласты  көңіл  мен  қамқорлық,  төзімділік)  негізге  ала  отырып,  болашақ 

мамандардың  (ұлтына  қарамастан)  бірлесіп  өмір  сүріп  жатқан  халықтар  мен 

ұлыстардың  салт-дәстүріне,  ұлттық  мәдениеті  мен  тарихына  деген  құрмет 

сезімін дамыту. 

6.  Болашақ  мамандарды  (ұлтына  қарамастан)  өз  бойында  келесі  қасиеттерді 

саналы түрде қалыптастыруға бейімдеу: а) жоғары деңгейдегі ұлттық абырой, 

патриотизм  мен  азаматтық,  төзімділік  (толеранттылық)  пен  гуманизм;  ә) 

этносаралық, конфессияаралық және мәдениетаралық сұхбат құруға әзірлік; б) 

Мейірімділік,  Ақиқат,  Сұлулық  «мәңгілік»  мұраттарын  бейнелейтін  және  жер 

бетінде  бейбітшілік  пен  тыныштық  орнауына  септігін  тигізетін,  зорлық-

зомбылыққа  жол  бермейтін  өмір,  еркіндік,  ар,  сенім,  махаббат,  бақыт  сынды 

жалпыадамдық тұғырлы құндылықтар бағдарын ұстануға ықыласты болу. 



7.  Болашақ  мамандардың  заманауи  әлеуметтік-мәдени  жағдайда  келесі 

қасиет-сапаларға  ие  бәсекеге  қабілетті  зияткер  тұлғаға  деген  сұраныстың 

жоғары  болатындығын  саналы  түрде  пайымдап  түсінуге  бағыттау:  а)  өзін 

жетілдіруге, өздігімен дамуға, өзінің негізгі күш-қуатын іске асыруға және өзін 

танытуға  ұмтылыс;  ә)  жаңа  білім  мазмұныны  игеріп,  тың  идеяларды  ойлап 

табуда бастамашылдық таныту және оларды отан игілігі үшін жүзеге асыруға 

дайын болу. 

 

 



«Мәңгілік Ел» пәнінің мазмұны 

        

        

       Тақырып  1.  Тәуелсіздіктің  қалыптасу  кезеңіндегі  стратегиялық 

құжаттар мен Президент Жолдаулары аясындағы қазіргі Қазақстанның 

ұлттық идеясы мен ұлттық саясаты.  «Ұлттық идея», «ұлттық мұрат», «ұлт 

көшбасшысы», «ұлттық элита» ұғымдарының мәні. Ұлттық идея мен ұлттық 



13 

 

мұраттардың  көп  этникалық  қоғамда  этномәдени  және  азаматтық  тұрғыда 



пайымдалуы.  Олардың  бірлігі  мен  өзара  байланысы.  Қазақстандағы  ұлттық 

идея:  этникалық  барабарлықтан  біртұтастану  мен  келісімге.  Бәсекеге 

қабілеттілік ұлттық идеяның маңызды құрамдас бөлігі ретінде. Ұлттық идея 

мен  ұлттық  мұраттардың  мазмұндық  аясында  жаңа  қазақстандық 

патриотизмге тәрбиелеу. 

    


      Тақырып  2.  Болашақ  мамандарға  «Мәңгілік  Ел»  ұлттық  идеясы 

аясында  ұлттық  тәрбие  беру.  Болашақ  мамандарға  ұлттық  тәрбие  беру: 

мақсаты,  міндеттері,  мазмұны.  «Тәрбие»,  «этникалық  тәрбие»,  «ұлттық 

тәрбие»  ұғымдарының  мәні.  Ұлттық  тәрбие  мұраттары  аясында  болашақ 

мамандарға ұлттық тәрбие берудің маңызын арттыру. Болашақ мамандардың 

ұлттық  сана-сезімін  қалыптастыру  моделі.  «Мәңгілік  Ел»  ұлттық  идеясы 

аясында  болашақ  мамандардың  ұлттық  сана-сезімін  қалыптастырудың 

әдіснамалық  негіздері  (тұлғалық-әрекеттік,  субъектілік,  жүйелік-тұтастық, 

аксиологиялық,  мәдениаттанушылық,  этнопедагогикалық,  этномәдени, 

көпмәдениеттік, құзырлық ыңғайлар). 

 

       Тақырып  3.  Ұлт  пен  тұлғаның    дүниетанымдық  тұғырының  өзегі 



ретіндегі  діл.  Ақыл  жүйесі,  ой  бейнесі,  пайымдау,  әлемсезіну, 

дүниеқабылдау  сипаты,  адамдардың  топтық  сипаттамасы,  көзқарастар  мен 

ой-пікірлер  жиынтығы  ретіндегі  ділдің  сипаттамасы.  Ділдің  құрылымдық 

компоненттері.  Ұлттық  құндылықтар  –  діл  негізі.  Ұлттық  және 

жалпыадамдық  құндылықтардың  өзара  байланысы.  Ұлтық  құндылықтар 

жүйесі:  халықтың  тілі,  тарихы,  салт-дәстүрлері,  табиғаты,  мораль  және  т.б. 

Қазақ  халқының  ділі  және  оның  өзіндік  ерекшеліктері.  Қазақ  халқына  тән 

ділдің қалыптасуына ықпал ететін факторлар (географиялық орта, климаттық 

жағдай,  қазақтың  көшпенді  мәдениеті,  өмір  салты,  дін,  тәңіршілдік,  ата-

бабалардың  аруағына  табыну  және  т.б.).  Қазіргі  қазақ  жастарының  ұлттық 

ділінің қалыптасу ерекшеліктері.

 

 



Тақырып  4.  «Қазақ  елі»  идеясының  қалыптасуы  мен  даму  тарихы. 

«Ел»  ұғымының  пайда  болу  тарихы.  «Түрік  елі»  идеясының  пайда  болуы. 

Ислам  өркениеті  және  «Ел»  ұғымының  жаңа  мазмұнға    ие  болуы.  «Қазақ 

идеясының»  ұлттық  идея  ретінде  туындауы.  «Зар  Заман»  дәуіріндегі  «Қазақ 

елі» идеясы. «Алаш» қозғалысы және «Қазақ елі» идеясы. Кеңес үкіметі және 

«Қазақ  елі»  идеясы.  Тәуелсіз  Қазақстан:  «Қазақ  елі»  идеясы  уақыт  талабына 

жауап ретінде. 

 

        Тақырып  5.  Ұлттық  сана-сезім  қазіргі  адам  санасының  ажырамас 



бөлігі ретінде. «Сана», «тұлға санас-сезімі», «ұлттық сана-сезім» ұғымдары. 

Ұлттық  сана-сезім  халық  дүниетанымының  бір  бөлігі  ретінде.  Қазақ 

халқының  ұлттық  сана-сезімнің  құрамдас  бөліктері  (тарих,  тіл,  салт-

дәстүрлер,  мәдениет).  Ұлттық  сана-сезім  –  адам  іс-әрекетін  реттеуші, 



14 

 

тұлғаны  дамытушы  қуат  көзі.  Тұлғаның  ұлттық  сана-сезімінің  жалпы 



сипаттамасы.  Этнос  мүшелерінің  этносқа  қатыстылық,  өзіндік  болмыс 

сипаттамасы  туралы  ой-толғамдарының  ролі.  Тұлғаға  және  топқа  тән 

этникалық  стереотиптер,  симпатиялар  мен  антипатияларда  ұлттық  сана-

сезімнің  көрініс  табуы.  Ұлттық  сана-сезім  психологиясы.  Ұлттық  сана-

сезімнің негізгі үш қырының – өзін-өзі тану, өзіне деген қарым-қатынас, өзін-

өзі  реттеудің  психологиялық  сипаттамасы.  Адамның  өзі,  ұлттық  тегі, 

халқының  дүниетанымы  жайлы  түсініктер  жүйесі.  Дербес  сана-сезім  және 

тұлғаның өзін-өзі теңдестіру үдерісі – «Мен - тұжырымдама» - ұлттық сана-

сезім  негізі.  ЖОО-дағы  тұтас  педагогикалық  үдеріс  жағдайында  болашақ 

мамандардың  ұлттық  сана-сезімін  қалыптастырудың  ерекшеліктері,  жүйесі, 

формалары мен әдістері. 

 

        Тақырып  6.  Этникалық  әлеуметтену  мен  этникалық  теңдестіру 

тұлғалық  ұлттық  сана-сезім  дамуының  негізі  ретінде.  Этникалық 

әлеуметтену  ұғымы.  Тұлғаның  этникалық  әлеуметтенуінің  ролі.  Этникалық 

фактордың  адам  өміріндегі  ролі.  Этникалық  әлеуметтену  –  әлеуметтенудің 

жеке  аспекті,  қоғамда  қалыптасқан  этноәлеуметтік  ролдерді  игеруі 

барысында  тұлғаның  даму  және өзін-өзі  дамыту  үдерісі  ретінде.  Этникалық 

барабарлық  түрлері.  Этникалық  барабарлық  ұлттық  сана-сезім  дамуының 

негізі  ретінде.  Этникалық  барабарлықтың  қайнар  көздері.  Барабарлық 

типтері,  адаптациялық-компенсаторлық  үдерістер  және  өмір  мағынасы, 

жатсыну  факторлары.  Этноцентризм  феномені,  мазмұндық  және  үғымдық 

аспектілері.  Тұлғаның  саналы  түрде  пайымдауы,  әлеуметтенуі  және  ұлттық 

мәдениетке  араласуы  контексіндегі  этноцентризм.  Топаралық  қарым-

қатынастардағы  этноцентризмнің  көрінісі.  Этноцентризм  психологиялық 

функция  ретінде.  Тұлғаның  этникалық  құзіреттілігінің  белгілері  ретіндегі 

этникалық  сана-сезім,  этникалық  барабарлық  және  этникалық  төзімділік 

(толеранттылық).  Этникалық  әлеуметтену  нәтижесі  ретіндегі  этникалық 

құзіреттілік. Этномәдени сана және сана-сезім. 



 

Тақырып  7.  Қазақ  ұлттық  мәдениеті  және  оның  болашақ  маманның 

ұлттық  сана-сезімін  қалыптастырудағы  ролі.  Ұлттық  мәдениеттің  мәні 

мен  міндетінің  жалпы  сипаттамасы,  оның  компоненттері.  Дәстүрлі  ұлттық 

мәдениет  және  оның  функциялары  (адаптациялық,  коммуникативтік, 

сигникативтік,  интеграциялық,  әлеуметтену  функциясы,  ақпараттық 

функциясы,  нормативтік-реттеуіштік  және  теңдестіру  функциялары).  Қазақ 

халқының  дәстүрлі  рухани  мәдениеті  және  оның  ерекшеліктері.  Қазақ 

халқының  ұлттық  салт-дәстүрлері.  Ауызша  шығармашылық  (ертегілер, 

халық  жырлары,  аңыз-әңгімелер  және  т.б.).  Қазақ  халқының  ән-жыр 

шығармашылығы.  Ақын-жыраулар  (Қорқыт  ата,  Асан  Қайғы,  Бұхар  жырау 

және т.б.) мен күйшілер Дала Рухын сақтаушылар ретінде. 

Қазақ  халқына  тән  рухани  мәдениет  жүйесінің  қалыптасуына  көне 

философиялық ойдың әсері – әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари. 



15 

 

Қазақ философиялық ойының негізін қалаушылар – Ахмет Йассауи, Мұхамет 



Қайдар  Дулати.  Төле  би,  Қазыбек  би  және  Әйтеке  би  қазақ  халқының 

бірлігінің, әділеттілік пен данышпандықтың, асқақ абырой мен ар-ұжданның 

символы  ретінде.  ХІХ  ғ.  Екінші  жартысындағы  ағартушылары  – 

Ш.Уәлиханов,  Ы.Алтынсарин,  А.Құнанбайұлы,  Ш.Құдайбердіұлының 

өмірлік мәндегі бағдарлары және олардың қазақ халқы ұлттық сана-сезімінің 

қалыптасуына әсері. 



 

        Тақырып 8. Ұлттық тіл ұлттық сана-сезімнің базалық тетігі ретінде

«Ұлттық тіл» ұғымының мәні. Қазақ тілінің пайда болу тарихы. Қазақ тілінің 

туып  қалыптасуына  әсер  еткен  факторлар.  Тіл  –  ұлттық  ой  айнасы.  Тіл 

ұлттық құндылық ретінде. Тіл ұлтты біріктіруші өзек ретінде. Тіл халықтың 

бүгінгі  өмірін  өткен  тарихпен  және  келешекпен  байланыстырушы  дәнекер 

ретінде (жалғастық мәселесі). Тіл ұлттық сана-сезімнің базалық тетігі, халық 

руханиятының өзегі, патриоттық тәрбиенің маңызды құралы ретінде. Тілдің 

ұлттық  мәдениетпен,  халыққа  тән  мінез,  психология  және  руханиятпен 

табиғи байланысы. Тіл – халық әлемсезінуінің (ділінің), оның құндылықтары 

мен  салт-дәстүрлер  жүйесінің  көрсеткіші.  Мемлекеттік  тілді  меңгеру 

негізінде  ұлттық  сана-сезімді  қалыптастыру,  ұлт  абыройын  асқақтату  – 

ұлттық тәрбие жүйесіндегі басым бағыт. Қазіргі Қазақстандағы үш тұғырлы 

тіл моделі. 

 

 



Тақырып  9.  Қазақ  халық  педагогикасындағы  этика  негіздері. 

«Этика»  ұғымының  мәні.  Қазақ  халық  педагогикасындағы  этика  идеялары. 

Қазақ  этикасының  ұстанымдары  мен  ерекшеліктері.  Қазақ  этикасының 

түрлері.  Қазақ  этносында  ішінде  және  одан  тыс  ортада  адамдармен  қарым-

қатынас жасау ережелері. Қазақ халық әдебінің өзіндік ерекшеліктері. Қазақ 

әдебінің  дәстүрлі  нормалары.  Қазақтардың  халықтық  әдеп  кодексіндегі 

үлкенге  құрмет.  Қазақ  халқының  тіл  (сөйлеу)  әдебі.  Қазақтардың  іскерлік 

әдебі.  Отбасылық  әдеп  негіздері.  Сәлемдесу  және  қоштасу  әдебі. 

Қонақжайлылықтың әдептік нормалары. Бата беру. Бата түрлері. 

       Тақырып  10.  Қазақ  отбасындағы  бала  тәрбиесі  жүйесі.  Қазақ  отбасы. 

Қазақ отбасының сипаттамасы, құрылымы мен дәстүрлері. Қазақ отбасындағы 

отбасылық  тәрбиенің  психологиялық  негіздері  және  ұрпақтар  жалғастығы. 

Қазақ отбасындағы бала тәрбиесі жүйесі. Қазақ отбасын басқару ұстанымдары 

мен ерекшеліктері. Қазақ отбасындағы отбасылық құндылықтар және ата-ана 

беделі. Қазақ отбасындағы балаларға тәрбие берудің әдістері мен құралдары. 

Қазақ отбасындағы қарым-қатынастың құқықтық негіздері мен қарым-қатынас 

жасау  мәдениеті.  Қазақ  отбасындағы  психологиялық  ахуал.  Қазіргі  қазақ 

отбасындағы құндылықтар мен дәстүрлер. Қазақ отбасындағы ұл мен қыздың 

ата-ана  алдындағы  парызы.  Заманауи  жағдайда  өскелең  ұрпақтың  ұлттық 

сана-сезімін,  патриоттығы  мен  азаматтығын  қалыптастырудағы  отбасының 

ролі мен жауапкершілігі. 



16 

 

       Тақырып  11.  Қазақ  халқының  ұлттық  мәдениетінің  құрамдас  бөлігі 



ретіндегі  дін  және  оның  ұлттық  сана-сезімді  қалыптастырудағы  ролі

Ислам  діні.  Ислам  дінінің  Қазақстанда  даму  тарихы.  Тұлғаның  рухани 

құндылықтарының  қалыптасуындағы  Құранның  ролі.  Ислам  дінінің  негізгі 

ұстанымдары.  Ислам  дінінің  қазақ  жерінде  таралуындағы  Арыстанбаб,  Қожа 

Ахмет Йассауи және т.б. ілімдерінің мәні. Ислам мәдениеті. Ислам діні және 

ұлттық 


салт-дәстүрлердің 

мән-маңызы. 

Абай, 

Ш.Құдайбердіұлы 



еңбектеріндегі  ислам  уағыздары.  Қазақ  халықтың  ұлттық  сана-сезімін 

қалыптастырудағы ұлттық мәдениеттің құрамдас бөлігі ретіндегі ислам дінінің 

ролі.  Рухани,  тұрмыстық  өмірдегі,  отбасындағы  діннің  алатын  орны.  Діни 

қызмет пен діни ұйымдар туралы Қазақстан Республикасының Заңы. Студент 

және  дін.  Болашақ  маманның  рухани  құндылықтарын  қалыптастырудағы 

діннің алатын орны.  



Тақырып  12.  «Мәңгілік  Ел»  ұғымы  мен  құбылысы  аясындағы 

ұлтаралық  қарым-қатынас,  этносаралық  және  конфессияаралық 

келісім  мәдениеті.  «Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті» ұғымының мәні. 

Ұлтаралық 

қарым-қатынас 

мәдениеті 

қоғамның 

рухани 


өмірінің, 

жалпыадамзаттық  мәдениеттің  бір  бөлігі  ретінде.  Қазақстандағы  ұлтаралық 

қарым-қатынас мәдениетінің тарихи тамырлары. Төзімділік (толеранттылық) 

қазақ  халқының  ділдік  ерекшелігі  ретінде.  Қазақстандағы  көпэтникалық 

қоғам,  мәдениеттер  сұхбаты.  Көпэтникалық  қоғамдағы  ұлтаралық  қарым-

қатынас. Көпмәдениетті тұлғаның сипаттамасы. Этникааралық төзімділік пен 

қоғамдық келісімнің қазақстандық моделі. Қазақстан ұлт бірлігі доктринасы. 

Болашақ  мамандарды  мәдениетаралық  өзара  әрекеттестікке  дайындау. 

Мәдениетаралық құзіреттілік. ЖОО-дағы көпэтникалық орта. Студенттердің 

этникааралық  қарым-қатынас  мәдениетін  қалыптастыруға  ықпал  ететін 

факторлар.  «Мәңгілік  Ел»  ұғымы  мен  құбылысы  аясындағы  этникааралық 

және конфессияаралық келісім. 

        

  Тақырып 

13. 

Салауатты  өмір  салты 

–  дені  сау  ұлтты 

қалыптастырудың  негізі.  «Салауатты  өмір  салты»  ұғымының  мәні. 

Денсаулық  пен  салауатты  өмір  салтының  негізгі  құрамдас  бөліктері 

(адамгершілік, әлеуметтік, психикалық, физикалық).  Салауатты өмір салтын 

қалыптастыру  ұстанымдары.  Жастардың  денсаулығы  қзіргі  қоғамның 

тұрақты  құндылығы  ретінде.  Қазақ  халқының  салауатты  өмір  салтын 

қалыптастырудың  ерекшеліктері.  Қазақ  халқының  гендік  қорын  (генофонд) 

сақтаудың  маңызы  ұлт  денсаулығын  сақтаудың  негізі  ретінде.  Жастар 

ортасындағы  асоциалды  көріністер  олардың  ұлттық  сана-сезімінің  төмен 

деңгейінің көрсеткіші ретінде. Салауатты өмір салты мәдениетіне тәрбиелеу, 

денсаулықты  құндылық  ретінде  бағалауға  бейімдеу  –  ұлттың  рухани-

адамгершілік тұрғыда жаңғыруы үшін аса қажет жағдай. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет