Жыныс бездері – гонадалар (грекше gone – пайда болу, aden – без) аралас сөлініс бездері болып есептеледі.
Олардың қызметі – жыныс жасушаларын (гаметоциттерді) жасау және шығару. Еркек организмдегі ұрық жолында сперматозоидтар, ал айел организмдегі аналық безде жұмыртқа жасушалары пісіп жетіледі.
Жыныс бездері
Жыныс бездері
Аталық және аналық гормондарға бөледі.
Жыныс гормондары холестериннің туындылары болып табылады.
Жыныс гормондарының түзілуі және бөлінуі нейрогуморальдық жолмен реттеледі
Жыныс гормондары – биологиялық активті заттар, олар жыныс бездерінде, бүйрек безінің қыртыс қабатының тор аймағынан және баланың серігінде түзіледі. Ерте эмбриональды кезеңде жыныстық түрленуін, біріншілік және екіншілік жыныстық белгілердің дамуын және жыныс органдарының қызметін және жыныстық мінез құлық , зат алмасу процессін реттейді.
Жыныс гормондары
Жыныс гормондарының әсері:
Денедегі зат алмасуды, ассимиляция үрдісін күшейтеді.
Екінші жыныс белгілерінің дамуына,пайда болуына көмектеседі.
Жүйке жүйесі мен жоғары жүйке қызметіне әсер етеді.
Ер адам ағзасында үнемі аз мөлшерде әйел гормондары, ал әйелдерде - еркек гормондары өндіріледі. Егер олардың арақатынасы бұзылса, еркек әйел пішінді бола бастайды, ал әйелге мұрт және сақал өсуі мүмкін.
Аталық гормондар
Аталық гормондарға алъдостерон, изоандростерон, дегидроандростерон, тестостерон жатады. Олардың арасындағы ең белсендісі -тестостерон. Олар бұлшықетте белоктың түзілуін және жиналуын күшейтіп, оң азоттық теңдестік қалыптастырады, денеге салмақ қостырады, денеде майдың жиналуын азайтады, бейорганикалық фосфордың, сульфаттың, натрий-калий хлоридтерінің қорға жинақталуын күшейтеді.
Аналық гормондар
Аналық гормондар аналық жыныс мүшелерін физиологиялық тонуста ұстап, жыныстық айналымды, сүт безінің қызметін реттейді.
Эстрогендер (эстрадиол, эстрон, эстриол) аналық организмге тән белок пен майдың, су мен минералды тұздардың алмасу деңгейін қалыптастырады, капилляр қабырғасының өтімділігін жоғарылатады.
Бала жолдасы (плацента)
Плацента (латын placenta, грек. plakus — жалпақ) — ұрықты ана организмімен байланыстыратын орган. Бала жолдасы ұрық дами бастағанда жатырда пайда болады.
Плацента қызметтері:
1. Қоректену.
2.Тыныс алу
3. Гормондық. Плацентада гормондар пайда болады, олар жүктіліктің қалыпты дамуына көмектеседі.
4. Қорғаныс.
Плацента гормондары
Плацента жүктіліктің сақталуына және оның дұрыс өтуіне қажетті гормондық заттарды шығарып отырады.
Хориондық гонадотропин - жатырға ұрықтанған жыныстық жасуша бекітілгеннен кейін бірнеше тәуліктен жүктіліктің соңына дейін шығарылады. Бұл гормон сары денеде прогестеронның және ұрықтың бүйрекүсті бездерінде бөлінетін эстрогеннің пайда болуына әсер етеді.
Хориондық самотомаммотропин – жүктілік кезеңінде зат алмасудың барлық түрлеріне анаболизмдік әсер етеді және сүт бездерінің өсуін реттеп, оларды сүт шығаруға дайындайды.
Релаксин – жүктілік кезінде жатыр етінің және жамбас сүйегінің біріккен жеріндегі буын байланысының біртіндеп босаңсуына әсер етеді, жатырдың мойын еттерін босаңсытып, тууды жеңілдетуге себепші болады.
Стероидты плацента гормондары
Стероидты плацента гормондары
Эстрогендер – овогенез, ұрықтану, жұмыртқа жасушаның имплантациясын, ұрықтың дамуын реттейді. Эстрогендер: эстрон, эстриол, эстрадиол фолликулалардың дәнді қабығында және графов көпіршігінде түзіледі.
Прогестерон – жүктілік кезінде жатыр бұлшықетінің қысқаруын әлсіретеді және аз мөлшерде овуляцияға қатысады.
Плацента гормондары
гипофиз бен жыныс гормондарының орнын баса алады.
Қорытынды
Адам организмінде ішкі сөлініс бездерінің күрделі жүйесі жұмыс істейді. Ол жүйке жүйесімен бірге организмнің біртұтастығын қамтамасыз етеді. Денеде зат алмасуды,анаболизмдік үрдістерді күшейтеді,яғни күрделі органикалық қосылыстардың түзілуін күшейтеді.
Жыныс және плацента гормондары - біріншілік және екіншілік жыныстық белгілердің дамуына, пайда болуына көмектеседі, ұрықтың өсуі мен дамуына, туу акгі мен сүт жасалып бөлінуінің іске асуы үшін қажетті ана организміндегі бейімделу өзгерістеріне қатысады.
Қолданылған әдебиеттер:
Адам физиологиясы. Сәтбаева Х.Қ
Акушер-гинеколог, зав. отделением патологии беременности Центра планирования семьи и репродукции №1