Плагиатты анықтау және оның алдын алу, академиялық адалдық



бет1/2
Дата25.11.2023
өлшемі15,51 Kb.
#127957
  1   2


Плагиатты анықтау және оның алдын алу, академиялық адалдық


Жастайынан адамзат баласы әлеуметтік процесстерде белсенді қатысып, қоғамдық орындарда тұлға ретінде біртіндеп дамиды екенін белгілі. Соның ішінде білім беру орталықтары, яғни балабақшадан бастап жоғарғы оқу орнына дейін қоғамда заманауи мүмкіндіктер ашылуда. Алайда, бүгінде технологиялық прогресс пен ғылыми ашулардың әсерінен білім беру саласы қарқынды өзгеріп жатыр. Бұл құбылыста мүмкіндіктердің өзіндік жағымсыз шектері бар.
Күннен күнге мектеп қабырғалардан бастап, оқушылар оңай тәсілдерін қолданып, басқа еңбегін көшіріп немесе рұқсатынсыз мәліметтерді алу сияқты іс-әрекеттер байқауға әбден мүмкін. Ол тек академиялық жағынан ғана емес, адам бойындағы жауапкершілік пен құрмет, әділдік құндылықтарын бұзады. Осы құбылысты қазіргі таңда жас студенттердің арасында «плагиат» деген кең таралған ұғым кездесуде. Плагиат дегеніміз бұл авторлық құқық пен этикалық нормаларды бұзатын дереккөзді көрсетпестен басқа біреудің материалын пайдалану немесе көшіру. М.Г. Лазардың «Плагиат в научных коммуникациях современной эпохи» мақаласында айтылған факт: «Э.Г. Баландинаның пікірінше, ХVII ғасырда бұл ұғым алғаш рет әдеби ұрлық мағынасында "біреудің шығармасының немесе оның фрагментінің авторлығын қасақана иемдену ретінде" қолданылған».[1] Яғни, термин бұрыннан зерттеп бастаған, бірақ заманауи қоғамда аса маңызды рөл атқарып жатыр. Бұл жағдайды байқаған зертхананың ғылыми қызметкері Островская Анастасия «Плагиат в XXI веке» деген ғылыми басылымда статистика бойынша 2000 жылға дейін плагиаттың тақырыбына қатты назар аудармаған, көптеген адамдар қазіргі жағдайда, бір іздеу сұранысы арқылы берілген тақырып бойынша мәтіннің мегабайттарын алуға болатын кезде, тек кілт сөздерді басшылыққа ала отырып, бұл мәселе ғылыми қоғамдастықта белсенді түрде талқылана бастады.[2] XXI ғасырда ғаламтордың мүмкіндіктерін жарық көргенде сайттар мен әдеби дереккөздер, басқа авторлардың еңбектері қолжетімді бола бастаған. Сол кездерде Еуропа елдері , әсіресе АҚШ, Германия және Жапония плагиатпен күресу жағынан керекті шаралар жетілдіре түскен. [3] Плагиаттың туындауына бірнеше себептер мен жағымсыз салдары жатады. Соның ішінде авторлық құқықтың бұзылуының себептеріне зерттеу жүргізіп, «Плагиат в научных статьях: причины и его последствия» деген ғылыми мақаласында былай мәлімдеген: «негізгі және қарапайым себеп - авторлық зерттеулер мен авторлық мазмұнды дайындамау, плагиат ақпаратпен жұмыс істей алмау және көптеген материалдарды қолдану нәтижесінде пайда болады» [4]. Плагиаты анықтау үшін оның түрлері де қазіргі уақытта қалыптасқан. Тікелей плагиат ( басқа біреу автордың еңбегін көшіру), парафразиялық плагиат (біреудің жұмысына бірнеше өзгерістер енгізіп, өзіндік жеке жұмыс ретінде санауы), «мозаика» плагиат ( ол тікелей мен парафразиялық плагиаттардың байланысы), кездейсоқ плагиат (керекті мәліметтердің болмауы немесе олар қате берілген кезде пайда болуы) сияқты түрлер адамның еңбегін плагиатқа тексеруге болады. Басқаша айтқанда, плагиат - бұл үлкен интеллектуалды бұзушылық деп санауға болады. Студенттердің академиялық адалсыздыққа болдырмау мақсатында плагиаттың алдын алу шаралары да бар. Бұл жағдайды болдырмау үшін тек дәйексөздің дұрыстығын тексеріп қана қоймай немесе парафразаны жасыру үшін сөздерді ауыстыру ғана емес, бұл өзіндік академиялық дағдыларыңызды жұмысты жоғары деңгейде орындау үшін барынша пайдалану керек. «Плагиат: Что вы должны знать и лучшие способы его предотвращения» мақаласында автор плагиаты алдын алуға бірнеше шаралар келтірген болатын. Мысалға, басқа адамдардың идеяларын немесе тұжырымдарын талқылау және олардың дәлелдеріңізге қалай әсер ететінін көрсету маңызды. Тікелей дәйексөздерді тырнақшаға алуды, дереккөздерден жазбалар алуды және оларды сақтауды есте ұстаған жөн. [5] Онымен қоса, менің жеке қолданып жүрген тәсіл - тақырыптың алдында өз ойларды мен тұжырымдарды алдын ала қағазға жазып алу, осы әрекет академиялық адалдықтың сапасын жоғартады. Академиялық адалдық дегеніміз не? Академиялық адалдық деген плагиаттың антонимі, плагиаттың дұшпаны. Бұл мектеп пен университет қабырғаларында авторлық құқықтың бұзылғанда, басқа адамның еңбегін көшіргенде қалыптасқан ұғым болып табылады. «Академическая честность как этическая проблема» деген мақалада академиялық адалдық туралы былай баяндалған: «Бұл этикалық теория үшін дәстүрлі ұғым, ол адамның моральдық өзін-өзі бақылауды жүзеге асыру, өзі үшін моральдық міндеттерді дербес тұжырымдау, оларды орындауды талап ету және өзін-өзі бағалау орындалатын іс-әрекеттер». Яғни, академиялық адалдық адам бойындағы жауапкершілік, адалдық және басқа адамға деген құрметтін нығайтады. Нақты әрі терең өз ойларынды жеткізу, ерекше идеяларды білдіру, жазу сияқты қабілеттер тек білім орталықтарында ғана емес, болашақта мамандырылған кәсіпке керек болатын қабілеттерінің бірі. Астана қаласында барлығына атақты Назарбаев Университетінде академиялық адалсыздық тек білім алудан айырып қана қоймай, тапсырмаларды бағалаудың төменділігіне немесе тіпті университеттен шығарылуы әбден мүмкін. [6] Жемқорлықтың тақырыбы да академиялық адалсыздыққа жатады екенін рас. Мұны расталған Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің басшысы Василий Олейниктің айтуы бойынша, «Оның қауіптілігі болашақ мұғалімдердің, заңгерлердің, экономистердің және практикалық қызметте өмірлік маңызды міндеттерді шешетін басқа мамандардың кәсібилігі мен біліміне теріс әсер етіп қана қоймай, сонымен қатар оқу процесінде сыбайлас жемқорлық көріністерінің болуы фактісі осындай құқық бұзушылықтарға бейім тұлғаларды қалыптастырады».[7] Сонымен қатар, 120-дан астам мектеп мұғалімдері, ұстаздар мен магистранттар академиялық адалдықтың маңыздылығымен байланысты Nugse профессоры Дуйшон Шаматовтың "Білім берудегі академиялық адалдықтың рөлі"тақырыбындағы вебинарды жүргізді. Шаматов вебинар барысында қатысушыларға академиялық адалсыздық тек плагиат туралы түсінік емес, ол академиялық адалсыздық принциптерін бұзуға қатысты басқа да алдау түрлері бар екенін ескереді. «Ол сондай-ақ академиялық адалдық жағдайында қабылданған санкциялар мәселесіне егжей-тегжейлі тоқталып, студенттерге академиялық адалдық ережелері мен принциптерін қалай түсіндіруге болатындығы туралы өз тәжірибесімен және идеяларымен бөлісті» деп мақаласында жазылады. Сол вебинарда қатысқан Майра Рахымбаева сөзі бойынша, «Мен осы тақырып бойынша вебинарларды жалғастырғым келеді. Бұл өте маңызды, өйткені мен орта білім беру жүйесінде ұзақ уақыт жұмыс істедім және плагиатпен кездесемін - авторлық жұмыстар, оқушылардың ғылыми жобалары, конференциядағы мақалалар сатылады және мұғалімдердің кітаптары сатып алынған жұмыстармен жарияланады. Бұл мен үшін қорқынышты нәрсе, қалай болу керек?» . [8] Қазіргі уақытта атқарып жатқан жұмыстар академиялық адалсыздық, плагиат және басқа алдау тәсілдермен күресу үшін шаралар қолдануда.
Қорытындылай келе, академиялық адалдық күннен күнге білім алу барысында маңызды рөл атқарып жатыр. Егер бүгінде оны маңызды емес тақырып және қатты назар аудармасақ, онда білім сапасы одан әрі төменделеді. Плагиат пен басқа еңбегін көшіру, перефраз жасамау сияқты іс-әрекеттер шағын бұзышылық емес, ол университеттегі Кодексында, елдегі Конституциясында бекітілген заң ретінде сақталған. Сонымен біздің мақсатымыз - әр оқушыны, студентті академиялық адалдыққа баруға шақыруымыз керек!




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет