Қабылдаған : Султанкожа Амитов. Орындаған : Утеген Айдана тфп 014 группа



Дата19.12.2023
өлшемі15,52 Kb.
#140806

Қабылдаған : Султанкожа Амитов.
Орындаған : Утеген Айдана тфп 014 группа.

БӨЖ тапсырмасы:


1 «.Қола дәуіріндегі жерлеу салты мен ғұрыптары» тақырыбына баяндама дайындау.

Кіріспе: Ең алдымен қола дәуірірімен жақын танысып ,маңызын біліп,,ашқан жаңалықтарына тоқтала кетсек. Тас ғасырынан кейін қола дәуірі келді. Біздің жерімізде қола дәуірі б.з.д. 3 мыңжылдықта басталған. Мыс пен қалайы қосындысынан қола алынды. Қола дәуірі адамзат баласы тарихында ерекше орын алды.Металл өңдеуді игерді онымен қатар түрлі түсті металдар мен алтындарды өндірістік жолмен алды.Бұл кезеңде егіншілікпен қатар мал шаруашылығыда қатар өркендеді.Десекте мал шаруашылығы жедел түрде дамып ,негізгі салаға айналды.Экономикаға назар аударар болсақ маңызды рөлде әрине металлургия мен мал шаруашылығы болды.Түрлі түсті металдардың құймаларынан еңбек құралдарын жасады.Мысалы : балта,пышақ,қанжар,найза,шаппашот,жебе.Мыстан ,тастан жасалған еңбек құралдарын қола ығыстырды.Бұл дегеніміз тас балтаға қарағанда ,қоладан жасалған балта онымен қоса әртүрлі құрамды балқытылып жасалған құралдар өз кезегінде әлде қайда мықтылау,берік,сары түсті болды. Мысалы : тас балтаға қарағанда ,ағашты қола балтамен 3 есе тез шабуға мүмкіндік алғаны дәйек етсек болады.


Негізгі бөлім: Шығыс Қазақстан жеріндегі жерлеу орындары: жалпы қола дәуіріндегі Қазақстан аумағындағы қабірлердің үсті айнала жалпасынан салынған немесе қырынан қойылған және қазылып орнатылған тақта тастардан тік бұрышталып, шаршыланып, дөңгелектеніп қоршалды, кейде обалар да етегінен тақта тастармен айнала көмкерілді, осындай тақта тастар лақыт шығарғанда да қолданылды. Оның ең көп тараған түрі тақта тастардан тігінен қойып жасалған немесе жалпағынан салынып, ішке қарай ұмсындыра өріп жапқан тас жәшіктер болды. Дегенмен, әр өңірдің өзіне тән ерекшеліктері болды. Мәйіттер сол жағына бүгіліп басы шығысқа әлде батысқа қаратылған. Мәйітті жатқызып қоюмен қатар мәйітті өртеген обалар да кездеседі. Соңғысына тән ерекшелік мүлкімен қою білінбейді. Ерте қола дәуіріне жататын жерлеу орынында мәйітті жатқызып қою тән. Атасу кезеңінде адамды сол күйінде жерлеген, өртеген сүйектер өте сирек кездеседі. Бұл кезеңнің қабірлері, негізінен, үлкен қақпатастардан салынған тас сандықтар. Кейде әншейін жер қабір, кейде қабір — төрт ағаштан жасалған рама түрінде де кездеседі. Қабірлер, әдетте, ұзына бойына шығыстан батысқа қарай бағытталған. Атасу кезеңінде сонымен қатар қос кабірлер кездеседі. Бұл бір қоршаудың ішінде қатарынан қойылған екі тас сандыққа екі адамды жерлеу салты.


Қорытынды: Мал шаруашылығымен металлургия саласының қарқынды дамуы ер адамдардың еңбегін көбірек қажет етті,осылайша аналық рулық қатынастың күйреп,әкелік рулық қатынасқа алып келіп қана қоймай қоғамдағы рөлдерін алар орындарын жоғарлатты. Орталык Қазақстандағы Андронов мәдениеті тайпалары өз дамуында бірінен соң бірі келетін екі кезеңнен өтті: оның алдыңғысы — Нұра кезеңі, ортаңғысы — Атасу кезеңі.


Нұра кезеңінің тайпаларына өлікті өртеп жерлеу ғұрпы тән. Өлік казылып қойған молаға жақын жерде өртеліп, одан соң күлі молаға қойылған, ал өртелген жерге тас тақталар үйілген. Бүл замандағы тайпалардың өлікті жерлеуінде оны өртеу негізгі ғұрып болғанымен, бірден-бір ғұрып болған жоқ.
.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет