Постмодернистік философиясындағы сана мәтін ретінде (Ж.Деррида, Ж.Делез). Постмодернизмге қызығушылық XX ғасырдың екінші жартысында көбейді. Постмодернизм XX ғасырдың басында пайда болған, 60-шы жылдардағы кітаптарда ғана бұл ағымға идеялық бағдарлама тұжырымдамасы берілді. Постмодернизмнің дүниетанымдық қайнар көздері болып Д.Анин, У.Спанос, И.Хассан, Л. Фридлер сияқты әдебиеттанушылардың шығармалары табылады. Олар постмодернді парадигма және эпистема ретінде қарастыра бастады. Постмодернизмнің табиғатын зерттеуге 1979 жылы жарық көрген Ж.Ф.Лиотардың «Постмодернизмнің күйі» атты шығармасы арналды. Постмодернизмнің қазіргі замандағы ролін ашуға замандас батыс ойшылдары Ж.Бодрийяр, Ж.Делез, Ф.Гваттари, У.Эко үлестерін қосты.
Постмодернизм философиясы структурализмнің, марксизмнің, фрейдизм және
ницшеандықтың қазіргі заманғы дүниетанымдық потенциалын әрі сақтау, әрі
өзгерту мақсатында қалыптасты. Бұл мақсатта радикалды эклектика да,
ұмытылған антикалық дискурстарды жаңғырту тәсілі де пайдаланылды.
Соның ішінде софистиканы, сондай-ақ философиялық білімнің социологизациясы және психологизациялану, риторизация құбылыстарын атап айтуға болады. Постмодернизмде қала құдіреті космос құдіретімен, индустриализм идеалы экологизм императивтерімен алмастырылады. Космизм, экологизм, постгуманизм, жаңа жыныстық түсінік постмодернизм дүниетанымының ядросын құрады. Бұр тұғырнамалар қазіргі заманғы жағдайға сәйкес келіп жатты. Постмодернизмнің пайда болуына себеп болған объективті жағдайлар:
1. мемлекеттің, соның ішінде тоталитарлық мелекеттің адамзаттың тіршілігінің
қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі басқару потенциалдарының әлсіреуі;
2. технологиялық қатынастар процестерінің антигумандық сипатының өсуі, коммуникациялық процестерден адами жан-сезімдердің жоғала
бастауы;
3. әлеуметтік процестерге бұрын аутсайдер болып табылған топтардың
қозғалыстар. Постмодерн философиясы заңшыл ақыл-парасаттан бас тартып, оны түсіндіруші ақылмен алмастырды. Ж.Дерриданың айтуынша, европалық санадағы ақиқатты толық меңгеру идеалы шындап келгенде агрессиялық тұрпаттағы құбылыс. Түсіндіруші ақыл білімнің негізін іздестіру мәселесін
трансцендентальді субъективтіліктен күнделікті-қарапайым өмірлік практикаға бұруды жөн тапты. Постмодернистер ұсынған жаңа ақыл білімнің негізін метафизикадан іздеген жоқ, коммуникациядан іздестірді. Араласудың, әңгімелесудің жалпы фоны ғылыми ақиқатқа қол жеткізу емес, еркін сұхбат арқылы катарсиске (рухани тазаруға) жету. Күнделіктілік тақырыбы феноменологиялық социологияның бел ортасына қойылады. Күнделіктілік – бұл ғылымға дейінгі табиғи қондырғы, субъектінің «қәзіргі», «осындағы» актуальді болмысы. Ж.Деррида постмодернизмнің онтологиялық және гносеологиялық-
методологиялық идеяларын әзірлеп жасады. Деррида қазіргі заманғы
философияның патологиясын лого-фоно-фалло-центризм деп тапты.