Презентация «Қазақтың жері, қазақтың елі»



Дата17.01.2023
өлшемі35 Kb.
#61609
түріПрезентация
Байланысты:
phpk5IpTT kazak-el


Сабақтың тақырыбы: 1. «Рухы биік, арманы асқақ - Қазақ елі» (тәрбие сағаты)
Мақсаты: Тәуелсіздіктің бізге оңай келмегенін, тәуелсіздікке жетер жолда қанша боздақтардың қиылған жаны мен төгілген қанын айта отырып, өз елін, өз жерін сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ (қазақ тілі, әдебиеті, музыка)
Көрнекілігі: слайд – презентация «Қазақтың жері, қазақтың елі».
Сабағымыз байқау түрінде өтетіндіктер Әділ қазылар алқасымен таныса отырыңыздар!


1 - жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгін сіздердің назарларыңызға «Қазақтың жері, қазақтың елі» атты тәрбиелік іс – шарамызды ұсынамыз. Тәуелсіздігіміздің тойы құтты болсын!
слайд - Н. Назарбаев, Қазақстанның картасы


2 - жүргізуші: Қазақ елі - сонау Алтайдан Атырауға шейін билік еткен Едігенің елі. Қазақ елі - асқан батырлығымен, ақыл парасаттылығымен Египед еліне билік жүргізген Бейбарыстың елі. Ендеше осындай тамаша жерді, батыр елді неге мақтана жырламасқа.
1 - жүргізуші: ендеше алғашқы әншімізді ортаға шақырайық! Қарсы алыңыздар _________________________________________
1 - жүргізуші: Бүгінгі Тәуелсіздікке халқымыз оңайлықпен жеткен жоқ. Ата – бабамыз өз жерін, Отанын, халқын қорғаймын деп талай тарихи оқиғаларды бастарынан кешірді. Еш жау жеңе алмаған, рухы биік, арманы асқақ қазақ елі туралы әнмен келесі сайыскеріміз _________________________________________________________ ортаға шақырамыз.
2 - жүргізуші: Бұл далада халқым 300 жыл бостандық пен еркіндік жолында соғысты. Солардың ішінде жалпы халықтық сипат алып, бүкіл қазақ даласын шарпыған қасіреттің ең ірісі 200 жылға созылған Жоңғар басқыншыларымен жүргізген шайқасы еді.

Слайд «Тәуелсіздік шежіресі» (Хандар, батырлар суреті)


Қаратаудың басынан көш келеді,


Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді.
Ел жұртынан айрылған жаман екен,
Екі көзден мөлтілдеп жас келеді.
Мына заман қай заман, бағы заман,
Баяғыдай болар ма тағы заман.
Қарындас пен қара орман қалғаннан соң
Көздің жасын көл ғылып ағызамын.
Қан да, көздің жасы да сорықпады,
Күңіреңітті көлдердің борықтары.
Азан - қазан, Ақтабан - шұбырынды,
Ала топан жоңғардың жорықтары.


1 - жүргізуші: Кіші жүздің кісілігін танытқан Әйтеке би, орта жүздің ордасын тіккен Қазыбек би ұлы жүздің аға биінің билігіне бас иіп, елді біріктірді. Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, қазақ халқының абыройы мен тыныштығын ойлап, Қалмақтарға қарсы күрес жұмысын басқарды. (слайд Қазақтың үш биінің портреті)
Келесі сайыскеріміз де туған жерге деген құрметін әнге қосып, мұздаған жүректі жылытады. Қарсы алыңыздыр ___________________!


2 - жүргізуші: Тәуелсіздік жолында қазақ халқы алапат шығынға ұшырады, сан мыңдаған боздақтар ажал құшты, аштан қырылды, жазықсыз жазаланды. 1931 - 1933 жылдардағы қолдан ұйымдастырылған аштық, орыс саясатының осы өрескел жауыздығына қарсы тұрған 1936 - 37 жылдарда Сталиндік репрессияға ұшыраған халық қорғаны болған Алашордалықтар өмірін қиды. (слайд Алашордашылар портреті, «Алжир» әйелдер түрмесінің суреттері)
Жау жағадан алса да, тілі мен тарихын, ділі мен дінін сақтай білген, ешқашан сағы сынбаған жасампаз қазақ еліне келесі сайыскеріміз жырын арнамақ! Қарсы алыңыздар!


1 - жүргізуші: Қазақ халқының ең соңғы күресі, халқымыздың әрі қайғысы, әрі мақтанышы 1986 жылы Желтоқсан алаңында көк мұз, ақ қарда жанын пида еткен боздақтарымыздың Қайрат, Ербол, Ләззат, Сабиралардың аты өлмек емес. (слайд, желтоқсан көтерілісшілерінің бейнебаяны)
Осы Тәуелсіздікті алып берген би бабаларымызға, батыр аталарымызға, «Алаш» деп өткен аталарымызға, кешегі қыршын кеткен жас аға апаларымызға мәңгілік бас иіп өтеміз. Келесі ән нағыз батырларға арналады. _____________________________________________
2 - жүргізуші: Көгінде күн нұрын төккен
Жерінде гүл жұпар сепкен.
Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы менің туған өлкем! дей келе Қазағымыздың кең байтақ жерін қорғап, еліне адал қызмет етейік, ағайын! (слайд Қазақстан табиғаты)
Хор «Атамекен» әні.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет