ТАҚЫРЫБЫ: «Нарықтық тепе-тендік және оның негізгі үлгілері, сұраныс және ұсыныс»
ЖОСПАР
1.КІРІСПЕ
Тарихы
2. Сұраныс және ұсыныс заңы
Ұсыныс пен сұраныс кестесі
3.Сұраныстың анықтаушылары
Хамид С. Хоссейни айтуы бойынша, сұраныс пен ұсыныс концепциясын ерте замандағы мұсылман ғалымдары белгілі бір дәрежеде түсінген болатын.Мысалы, он төртінші ғасырғы Сирия ғалымы Ибн Taймиях жазды: “ Тауарларға тілек ұлғайтылса, ал оның қолдағысы төмендесе, оның бағасы өседі.Дегенмен, тауардың қолдағысы өсіп, ал сатылушылардың тауарға ұмтылысы азайса, сол тауардың бағасы төмендейді.” Джон Локктың 1691-шы жылы жазылған «Пайыздар мен ақша құны төмендеу салдары туралы кейбір ойлар» жұмысында ерте және нақты сұраныс пен ұсыныстың сипаттамасы және олардың қарым-қатынасы қамтылады. Бұл сипаттамасында былай деп жазылады: «Кез келген тауардың бағасы сатып алушы мен сатушылардың санының үлесімен көтеріледі немесе төмендейді». «Ұсыныс және сұраныс» фразасын бірінші рет Джеймс Дэнхам-Стюарт өзінің 1767-ші жылы жазылған кітабында қолданды. Адам Смит осы сөз тіркесін 1776-шы жылы «Ұлттар әл-ауқаты» кітабында пайдаланды,ал Дэвид Рикардо өзінің 1817-ші жазылған «Саяси экономика және салық салу принциптері» жұмысының бір тарауының атын «Сұраныс пен ұсыныстың бағаға әсері туралы» деп жариялаған. «Ұлттар әл-ауқатында», Смит, әдетте ұсыныс бағасы өзгеріссіз болатының белгіледі, бірақ оның «құны» төмендегенімен оның «тапшылығы» өседі. Сондай-ақ, кейін, бұл қатынас сұраныстың заңы деп аталды.

Сұраныс және ұсыныс заңы бойынша тауардың бағасы неғұрлым төмендеген сайын тұтынушының сатып алатын тауарларының саны көбейеді немесе керісінше. Бұл заң нақты ақиқаттармен дәлелденген гипотеза болып табылады.
Мысалы: 1) күнделікті өмірде адамдар тауарды төмен бағамен және көп мөлшерде алғысы келеді. Бірақ тауарларды сатып алу кезінде тұтынушыға ең басты кедергі болатын көрсеткіш- баға. Жоғары деңгейдегі баға сатып алушыға үлкен кедергі болады да, ол өнімді көп алғысы келмейді, ал төмен деңгейдегі баға оның сатып алу қабілетін күшейтеді.
2) әр уақытта да тұтынушы өнімнің алғашқы бірлігінен көп қанағат алады. Мысалы: сіздің бірінші жеген бауырсағыңыз өте тәтті болып көрінеді, ал екіншісі ондай тәтті болмайды, үшіншісі екіншіден де аз қанағат әкеледі. Бұл жағдайда тауардың шекті пайдалылығының азаю принципі тұтынуға әсер етеді. Сондықтан тұтынушы тауардың әрбір келесі бірлігін тек қана баға төмендеген дағдайда ғана алады.