Презентация Тақырыбы: Түркі тілдерінің есім сөз тұлғасында өзгеру тәсілдері



Дата20.02.2023
өлшемі259,82 Kb.
#69580
түріПрезентация

Презентация

Тақырыбы: Түркі тілдерінің есім сөз тұлғасында өзгеру тәсілдері.

Орындаған: Сопбек А.

Қабылдаған: Ақылбаева Г.

  • Түркі тілдеріндегі морфемалар басқа жүйелі тілдердегі сондай элементтерден ерекше болып келеді. Ол ерекшелік түркі тілдері жүйелі жалғамалы (аглютинациялық) болып келетіндігіне және аглютинацияға байланысты сөз тұлғасы құрылыстың ерекшелігіне барып ұштасады.
  • Қазіргі тіл білімінде аглютинация құбылысын жан-жақты қамтитын айқын ереже қалыптаса қойған жоқ. Зерттеушілер бұл құбылысқа әр қтлы анықтама берумен келе жатыр. Алайда, тіл мамандарының көбісі анлютинативтік тілдерде берілетін грамматикалық мағыналардың көрсеткіштердің саны біршама сай, көбіне екеуі тепе-тең болып отырады.
  • Сондықтан ол тілдерде сөз формасының күрделенуі көрсеткіш қана емес, сөз беретін мағынаның да аффикстердің сөзге қабаттасып жалғануы арқылы іске асады да, ондай құбылыс сөз формаларының іштей өзгерісі немесе ішкі флекция арқылы болмайды.
  • Осындай грамматикалық өзгерістер саны мен грамматикалық мағыналар санының сәйкестігін сақтауға құрылған сөз формасының қалыптасқан орны мен қызметі, мәні айқындалып, синтаксистік тіркеске ұқсас болып келеді. Аглютинатавтік тілдердегі сөз формасының бұд ерекшелігі кейбір зерттеулердің ол тілдерде грамматикалық мағыналар дербес сөздер арқылы берілген, грамматикалық форма атымен болмаған дейтін қорытынды жасауына мүмкіндік берді.
  • Диахрондық тұрғыдан алғанда, аглютинативтік тілдегі жеке морфемалардың арғы тегі сөз болуы мүмкін. Алайда бүгінгі тілдердегі кез келген морфеманы жеке сөзбен алмастыруға ешбір негіз жоқ. Синхрондық тіл білімі сөз бен морфеманы грамматикалық жағынан да, семантикалық жағынан да пртнципті айырмасы бар элементтер деп есептейді.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет