ПРЕЗЕНТАЦИЯ Такырыбы: Генетикалық зерттеулерді құқықтық реттеу
Шымкент 2020 ж «Әлеуметтік медициналық сақтандыру және қоғамдық денсаулық» кафедрасы Орындаған: Бесбаев Б. Тобы: 501 А ЖМқ Қабылдаған: Бейсембаева З.И.
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
Гендік-инженерлік қызметті мемлекеттік реттеудің мақсаттары.
2-бап. Қазақстан Республикасының гендік-инженерлік қызмет туралы заңнамасы
Қазақстан Республикасының гендік-инженерлік қызмет туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгендерден өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
1. Гендік-инженерлік қызметті мемлекеттік реттеудің мақсаттары мыналарды қамтиды: 1) гендік-инженерлік қызметті жүзеге асыру кезінде халықтың денсаулығын қорғау; 2) ӨТО/ГТО-ны пайдалану кезінде қоршаған ортаны қорғау және қалпына келтіру;/ 3) гендік-инженерлік қызметті дамыту; 4) гендік-инженерлік қызметті жүзеге асыру кезінде елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
2. Гендік-инженерлік қызметті мемлекеттік реттеудің қағидалары мыналар болып табылады: 1) адамның өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта үшін гендік-инженерлік қызмет қауіпсіздігінің басымдығы; 2) адам денсаулығы мен қоршаған ортаға ықтимал зиянды әсердің алдын алу; 3) қатерлерді бағалаудың ғылыми негізділігі; 4) гендік-инженерлік қызмет туралы ақпараттың ашықтығы, жалпыға бірдей қол жетімділігі, шынайылығы; 5) гендік-инженерлік қызмет саласында мемлекет жүзеге асыратын іс-шаралардың айқындылығы.