Причины и последствия краха Уолл-стрит



бет1/5
Дата24.01.2022
өлшемі1,74 Mb.
#24260
  1   2   3   4   5

АҚШ-тағы тұрақтандыру ерекшеліктері. «Просперити» кезеңі. Америка Құрама Штаттары тұрақтану дәуіріне басқа жоғары дамыған мемлекеттерден бұрын келді. Тұрақтану кезеңінде әлемнің аса дамыған мемлекеттері – АҚШ, Англия, Франция, Германия жаңғыртуды жалғастыра отырып, индустриялық қоғамға аяқ басты. Ұлттық әртүрлілікке қарамастан, бұл үдірісте ортақ ұлттық табыстағы өнеркәсіптік өнімінің басымдығы, ғылым мен техникадағы жаңа жетістіктердің жылдам енуі, өнеркәсіпиегі жаңа салалардың дамуы, дамыған және біршама тұрақты саяси жүйенің қалыптасуы, қала тұрғындары үлесінің артуы, халықтың сауаттылығының біршама жоғары деңгейі сияқты ортақ сипаттарды атап өтуге болады.

Калвин Кулидж

Герберт Гувер

АҚШ-тың әлемдегі жағдайы соғыстан кейінгі алғашқы жылдары өзгерді. 1922 жылдан бастап елде өнеркәсіптің өркендеуі орын алды. Америка экономикасының гүлденуі туралы айтыла бастады. Бұл тұрақтандыру кезеңін Просперети кезеңі деп атады. Расында, америкалық экономика қарқынды екпінмен дамыды. АҚШ-тың экономикалық даму қарқыны әлемде ең жоғары көрсеткіштерге ие болды.

«Просперити» - бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін АҚШ-тың ерекше экономикалық өрлеуі.



АҚШ, Еуропа елдеріне қарағанда, Бірінші дүниежұзілік соғыстан кейін ауқымды шығындармен байланысты экономикалық дағдарысқа ұшыраған жоқ. Керісінше соғыс Америка Құрама Штаттарын таңғаларлық ауқатты елге айналдырды. Американдық кәсіпкерлер ірі әскери тапсырыстармен пайда тауып отырды. АҚШ әлемінің қаржы орталығына айналды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет