Проблемы языкознания


Г. ПРӘЛІ ЗЕРТТЕУЛЕРІНДЕГІ ӘУЕЗОВТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ



Pdf көрінісі
бет29/40
Дата02.01.2017
өлшемі4,73 Mb.
#971
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   40

Г. ПРӘЛІ ЗЕРТТЕУЛЕРІНДЕГІ ӘУЕЗОВТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
   
Мақалада филология ғылымдарының докторы, профессор Гүлзия Пірәлінің 2 кітаптан 
тұратын  «Қазіргі  мұхтартану»  монографиялық  зерттеуінің  негізінде  қазіргі  әуезовтану 
мәселелері  сараланған.  Г. Прәлінің  пайымдауы  бойынша  алдағы  уақыттағы  әуезовтану 
мәселелері  және  кейбір  ғылыми  нәтижелердің  мәні    байыпталады.  Автор  тарапынан 
санқырлы  М.О. Әуезовтің  мұрасын  заманауи  тұрғыда  зерттеу  бойынша  бірнеше 
ұсыныстар ұсынылған. 
 
    
Түйін сөздер: абайтану, әуезовтану, әдеби үдеріс,қолжазба,монография, жолжазба.   
 
Қазіргі  кезеңдегі  әуезовтануда  қозғалып  отырған  түбегейлі  мәселелер  тұрғысында 
Мұхтар  Әуезовтің  мемориалдық  музейі  үйінің  Бас  ғылыми  қызметкері,  филология 
ғылымдарының  докторы,  профессор  Гүлзия  Пірәлінің  2  кітаптан  тұратын  «Қазіргі 
мұхтартану»  («Елтаным»  баспасы,  2014  жыл)  (1)  атты  зерттеу  еңбегінің  теориялық  та, 
практикалық та мәні бар.  
Осы  еңбектің  құрылымдық  жүйесі,  мұхтартану  мәселелерін  қозғаудағы  өзіндік  тың 
ұстанымы  мұхтартанудағы  жаңа  бағыттағы  формалық,  қисындық  ізденістерді  көрсетеді. 
Соңғы  кезеңде  Тұрсын  Жұртбайдың  бірнеше  зерттеуі,  Бақытжан  Майтановтың  «Мұхтар 

244 
 
Әуезов және ұлттық әдеби үдерістер» (2009) монографиясы, Әдебиет Молдахановтың «Абай, 
Шәкәрім,  Әуезов  дәрістері»  оқулығы  (2011),  Елемес  Күзембаев,  Ұлықбек  Күзембаев, 
Жамбыл  Күзембаевтың  «»Мұхтартану»  оқу  құралы  (2007),  Нұржанат  Рахманованың 
«Әуезовтану дәрістері» оқу құралы (2010), т.б. зерттеулер жазылып, жарық көрді. 
Қай-қайсысының  да  әуезовтануға  түбегейлі  пайымдау,  тиімді  жаңа  зерттеу  тәсілдерін 
аңлау бағытында өзіндік тың лебі бар, мән-мақсаты бар. Жұмыла еңбектену, шұқшия зерттеу 
жандана түскені қуантады. 
Әуезовтанудың  ХХ  ғасырдың  30-жылдарынан  бергі  тарихында  да  ел  басынан  өткен 
қилы тарихтың табы қалды.  
Ендігі заман көшіндегі рухани-танымдық бетбұрыстар баянды ұлттық қазына – Мұхтар 
Әуезов мұрасын игеріп, сіңірудің толымды, кешенді зерттеулермен жалғаса беретін толассыз 
міндеттерін жүктеп отырғандығын барлығымыз да сезінеміз. 
Құтты  шаңырақ  –  «Әуезов  үйінде»  қызмет  ету  екінің  біріне  бұйыра  бермейтін 
абыройлы  міндет  қой.  Мекемтас  аға  Мырзахметұлы  осында  өзінің  ғылыми  бағытын 
түбегейлі  негіздеп  көрнекті  абайтанушы,  әуезовтанушының  мәртебесіне  көтерілді.  «Әуезов 
үйінде» көрнекті сыншы Зейнолла Серікқалиев қажетті, қайырлы еңбек жасады.  
Тұрсын  Жұртбай  шығармашылық  зертхананы  барлауда  жақсы  мағынасындағы 
қайдағы-жайдағыны қозғап ой қопарып, ой оятып жазу машығын орнықтыра түсті.  
Бақытжан  Майтановтың  Әуезов  әлемін  барлау  өнегесі  озық  ғылыми  үрдістер 
ауқымында назар аударған.  
Гүлзия  Жайлауқызы  –  қазіргі  қазақ  әдебиеттану  ғылымының  өзекті  ортадағы  білікті 
маманның бірі. Тындырымды, еңбекқор, кәсібіне адал ғалым. Соңғы жылдары өзінің «туған» 
психологиялық  күйдің  көркем  шығармадағы  көрініс  табу  тәсілдері  тұрғысында  жаса  келе 
жатқан  мәнді  зерттеулерінен  тыс  толып  жатқан  жұмыс  атқарды.  Кітаптан  кітап  шығарды. 
Барлығы да қажетті, қазіргі әдебиеттанудың зәру болып отырған, жоғары мектептің базалық 
пәндеріне  де,  таңдауы  бойынша  өтетін  курстарға  да  ауадай  қажет  деректік,  дәйектік  қоры 
мол еңбектер. 
Гүлзия  Пірәлиеваның  «Әуезов  үйіне»  келген  бетте  әлі  де  қозғаусыз,  игеріле  қоймаған 
қыруар  шаруаға  белшеден  батып,  ыждаһатпен  құныға  кірісіп  кеткенін  үстіміздегі  жылы 
қатар жарық көрген «Қазіргі мұхтартану» атты 2 кітаптан тұратын монографиясынан көрдік.  
Бұл екі кітапта Мұхтар Әуезовтің қилы заман, қиын тағдырға қажырлы еңбегімен төтеп 
берген  азаматтық  өмір  өнегесі,  шығармашылық  алуан  сырлары,  ғылымдағы  мектебі,  қоғам 
қайраткерлігі, 
ХХ 
ғасырдың 
50-жылдарынан 
бергі 
жазушының 
шығармашылық 
ғұмырбаянын  зерттеу  бағытында  жасалған  еңбектердің  негізгі  нәтиже-ұстанымдары, 
қисынды  тоқтамдар  жинақы,  ұтымды  тәсіл,  оңтайлы  құрылымдық  жүйеде  барланып, 
бағаланған.  
Әуезовтанудағы  негізгі  зерттеулерден  қажет  тұста  мәтіндік  дәйексөздер  кіріктіріп 
отыруы    орынды  көрінді.  Гүлзия  Жайлауқызы  «Әуезов  үйіндегі»  қолжазба  қорда  сақталған 
қойын дәптер жазбаларды айналымға тартып, жазушының нақты бір сәттегі көңіл ауанынан, 
өмірлік жағдаяттардан сыр ашуға ден қояды. 
Бірінші  кітапта  әсіресе  басымдау  пайдаланылған  аса  мол  құжаттық  деректер,  мәтін 
жазбалар  баршаға  қымбат  адамның  –  Мұхтар  Әуезовтің  қайталанбас  кісілік  қалпын, 
мызғымас  ұлтжанды  бағытын,  қилы  уақыттардағы  жан  толқындарын  сезінуге  өз  септігін 
тигізеді. 
Гүлзия Жайлауқызы қашанда зәрулігі даусыз Әуезов өміріне, әуезовтану мәселелеріне 
арналған  жаңа  бір  үлгіде  мазмұндалған  осы  екі  кітаптан  тұратын  еңбекті  жүрек  қызуымен, 
көзге ұрып тұрған шығармашылық құштарлықпен жазған.  
Г.Пірәлиева  әлемдік  әдебиеттанудың  жеке  шығармашылық  тұлға  мұрасын  танып, 
игерудегі озық зерттеу әдістерін назарда ұстайды.  
Еңбек  қазіргі  әуезовтанудың  көкейтесті  мәселелерін  құлаққағыс  етіп  отырып,  күн 
тәртібіне шығару бағытымен де, Мұхтар Әуезовтің шығармашылық ғұмырбаянын зерттеуде 

245 
 
әлі  де  қағаберіс  қалып  келе  жатқан  маңызды  фактілерге  зер  салған  аңғарымпаздығымен  де 
ұтымды жазылған.  
Гүлзия  Пірәлі  Мұхтар  Әуезовтің  1932  жылға  шейінгі  шығармаларының  қолжазба 
нұсқаларын  сақталмағандығын  бірнеше  дереккөздерді  атап  отырып  айтады.  Оның  Мұхтар 
Әуезовтің шығармашылық тағдырындағы тағы бір шырғалаң елуінші жылдардың басындағы 
орыс  тілді  басылымдардан  қолдау  көру  фактісіне  зер  салуы  –  ойлантады.  Жаңа  зерттеу 
міндеттер жүктейді.  
«Ата-анасының 
ұлдан 
жалғызы, 
Алаш 
арыстарының 
аманатын 
жалғыз 
жалғастырушысы  М.  Әуезовтің  әр  кезеңде  белең  алып  тұрған  саясаттың  соққысынан  аман 
қалуына  дәнекер  болған  орыс  қаламгерлерінің  шығармашылық  өмірбаянында  алар  орны 
ерекше.  Өйткені,  осы  1950-60  жылдары  баспасөздерде  жарық  көрген  зерттеулері, 
шығармалары,  баяндамалары, мақалалары,  түрлі  тапсырыстармен  орындаған  пікірлері  бәрі-
бәрі де осы мәскеулік, яғни одақтық ірі басылымдарда жарық көрген дүниелер. «Қолда барда 
алтынның  қадірі  жоқ»  дегендей,  Әуезовтей  кемеңгердің  бағасын  біз  емес,  өзгелер  білді. 
Өкінішті. Орыс басылымдарында осы он жыл көлемінде жарық көрген мол мұраны талдап, 
түгендеп жату мүмкін де емес. Дегенмен, жазушының шығармашылық өмірбаянына тікелей 
қатысты деген дүниелерді жалпы шолып өтіп, зертхананың кейбір тәжірибелеріне тоқталып 
отырамыз» [1, 28]. 
Гүлзия  Пірәлі  жазушының  әр  жылдардағы,  әр  жағдайда  жазылған  хаттарына 
байланысты да ыждаһатпен жұмыс істеген.  
Ұзақ  жылдардағы  қаяу  көңіл  серпіліп,  шалқар  игіліктерге  кенелген  жақсы  бір 
жылдардағы  Мұхтар  Әуезовтің  Үндістан,  Жапония,  АҚШ  жолсапарларына  қатысты 
күнделік, жазбалардың ғибратына кенелудің бақытымен оқушысын ортақтастырады. 
Бірінші  кітаптың  бірінші  бөлімінде  жазушының  түрлі  басылымдарда  жарық  көрген 
әдеби-сын  толғамдары,  қарбалас  өмір  ағысындағы  маңызды  сәттер,  қатысқан  жиын,  сөз 
ұстаған ортасы, жұмыс есебін беріп отыру дағдысы туралы толымды танымдық, тағылымдық 
тоқтамдар жасалған.  
Жазушының  сөз  байыту,  тіл  дамыту  өнегесіне  нақтылы  шалқар  сөзжасамдық 
фактілермен қайырылып отыруында  қазіргі әуезовтанудың көптен ой қозғалып жүргенімен, 
біршама  іс атқарғанымен әлі де түбегейлі, арнаулы бағыт түзе алмай отырған «Әуезов тілі» 
жүйелі тілтанымдық, Рәбиға Сыздық айтатын лингвистикалық-стилистикалық тұрғыдан жөн 
ғылыми  арнаға  түсуі  керектігіне  тоқталады.  Әуезов  тілін  зерттеуде  Зейін  Шашкин 
талдауындай сергек, сезімтал, ұтымды байқампаздық қажет дейді.  
 «Әрбір  халықтың  тілі  –  қисыпсыз  қазына.  Оның  бәрін  меңгеру,  түгесу  мүмкін  емес. 
Сөзді,  бейне  шахмат  фигуралары  сияқты  мыңдаған  қалыпта,  сан  түрде  қолдануға  болады. 
Әуезов  бұл  салада  өзінің  асқан  білгірлігін,  тілші,  ғалымдығын  таныта  білді.  Сөйлемдердің 
бірыңғай  көмекші  етістіктермен  аяқталуы  оны  жұтаң  тартқызып,  қарабайырлап  жібереді. 
Әуезов сөйлемдері ондайдан мейлінше таза. Ол етістіктерді өткен шақ формасына бере білді, 
сөйтіп  көмекші  етістіктер  өз-өзінен  түсіп  қалып  отырды.  Әуезов  қазақ  тілінде  сиреп  бара 
жатқан заттанған етістіктерге қайта жан бітірді. Әуезов қазақ тіліне етістік сөйлемдер әкелді. 
Рас,  мұндай  жаңалық  нышандары  тілімізде  бұрын  да  болған.  Бірақ,  ғалым,  жазушы  соны 
түбегейлеп ғылыми, әдеби системаға айналдырды. 
Түркі тілдеріндегі сөйлемнің зат есімнен басталып, етістікке аяқталу нормасын Әуезов 
бұзып-жарып жаңаша қолданды. Ол зат есімдерді, көбіне, сөйлем ортасына апарды.  
Мұхтар  Әуезовтің  шығармасы  жайлы  көп  жазылып,  көп  айтылар.  Менің  өз  басым 
«Абай»  романының  сансыз  оқырманының  бірі  ретінде,  Мұхтар  Әуезовтің  қазақ  тіліне 
енгізген жаңалықтары жайлы айтуды мақсат тұттым». 
Автор «Өскен өркен» романы мен жазушы жолжазбаларындағы ұлттық мүдде» атты 2 
тарауда Мұхтар Әуезовтің «Өскен өркенді» жазу бағытындағы елеулі, мәнді шығармашылық 
толғаныстарын иланымды баяндайды, жан қозғап, ой түлетіп отырады. 
«Көркем  шығармалары  мен  әдеби  зерттеулерінде  алаштық  рухтан  арылмаған  Мұхтар 
Әуезовтің  ұлттық  мүддені  басты  назарда  ұстап  отырғанын  осы  «Оңтүстік  күнделіктері 

246 
 
(«Өскен  өркен»  романының  деректері)»  деген  жолжазбасы  тағы  бір  дәлелдейді.  Оған  көз 
жеткізу үшін жолжазбадағы 139 беттегі сандар сырына үңілейік: 
«... цех бастығы жалғыз-ақ қазақ. Қобдабергенов. Сауық, кружок, қазақтан мүлде жоқ. 
Оларды ешкім тыңдамайды дейді... Киоскаларда  «Қазақ әдебиеті» жоқ. Сейфуллин кітабын 
қырғын  очередпен  алдық.  Қазақ  тілінде  ешкім  сөйлемейді  ...  сөйлесе  аудару  жоқ.  Жас 
кадрды тәрбиелеу, өсіру жоқ...»,  деген үзік-үзік ойлар кім-кімді де ойландырары хақ». 
«Асығыс  түскен  тіркестерді,  өзі  кеңестік  кезеңдегі  отаршыл  саясаттың  салқынын, 
жергілікті жұрт пен жазушы жүрегіне түскен салмақтың қаншалықты ауырлығын сездіреді. 
«Малдан басқа ешбір еңбек түріне үйрене алмай жүрген қазақ» жазушының жан алаңы. 
Мұхтар  Әуезов  ел  шаруасына  енді-енді  араласа  бастаған  ХХ  ғасырдың  20-жылдары  осы 
күйге  алаңдайтын.  50-жылдардың  аяқ  шенінде  ле  бәз-баяғы  қалпынан  қазақ  қаншалықты 
ілгерілеген? 
Қазіргі  арба  сүйреткен  базардағы  құл  бала  –  сол  баяғы  бағыныштылықтан  басылып 
қалған, салғырт, самарқау, санасы уланған, бақытсыз қазақтың сарқыны. 
100 беттен асатын жолжазба «Оңтүстік күнделігін» егжей-тегжейлі қарастырған Гүлзия 
Пірәлінің тоқтамдары тағы да ойлантады. 
«Екі жылға жетер-жетпес уақытты қамтитын Оңтүстік сапарында өзі көріп, куә болған 
тағдырлар  тарихы  қаламгер  қиялының  қазанында  қайнап,  «Өскен  өркенде»  өмір 
шындығынан  өнер  шындығына  өріс  алады.  Романның  көркемдік  құндылықтарын  құрайтын 
ұлттық  кадр  мәселесінің  құпия  қалтарыстары  мен  жасырын  жай-жапсарлары  жазушы 
мұрағатындағы 362, 363, 364, 538, 539, 543, 544, 545, 562, 564-бумаларда түйіліп тәуелсіздік 
күні туғанша шаң басып шешілмей жатқаны да шындық» (120 б.). 
1-кітаптың ІІІ тарауы «Үндістан, Жапония, Америка қазақ жазушысының көзімен» деп 
аталған. 
Кітап авторы жолсапар күнделіктегі өте мол мағлұматты жалықпай ыждаһатпен талдап, 
танымдық,  тағылымдық  өреде  ой  қорытып  отырған.  Жазушының  асыққанның  өзінде 
шимайсыз таза жазатын жұмыс істеу мәдениетін байқайды.  
Мұрағатта  сақталған  жолжазба  мен  басылым  көрген  очерктерді  салыстыра  отырып 
қалып қойған, ұтқырлана түскен, ойып-ойып алынған тұстарына зер салады. Қажеттіні  қалт 
жібермей,  құнын  түсірмей,  қауқарын  кетірмей  екшеп  жеткізу  оңай  ма?  Ой  алыбы,  жазу 
өнерінде  қазақта  алдына  жан  түспеген  жүйрік  Мұхтар  Әуезов  көз  көрген  жайдың  әсерін 
өшірмейді. Шебер.  
«Тәуелсіздік  тұсындағы  мұхтартану»  атты  ІV  тарауда  1991-2015  жылдар  аралығында 
жарияланған еңбектер зерттеушінің нысанаға алған ғылыми мақсаты жөнінде толық ақпарат 
беріліп отырып мазмұндалған. 
Автор  әрбір  зерттеу  еңбектің  дара  мәнін,  қандай  да  бір  жаңашыл  өзіндік  түйін-
тоқтамын қалдырмай, қажыр-қайратын аямай айтып жеткізуді көксейді. Белгілі фактілердің 
өзін қайта сезінтіп, жан қозғап, ой туғызып, кен қопарғандай олжаға кенелтіп білікті кәсіби 
өреде зердеге тартады. 
2 кітапта әуезовтануға арнайы зерттеулер, жеке зерттеуші еңбегі сараланған. 
Г.Пірәлі  осы  еңбегінде  қазақ  әдебиеттануы,  мұхтартанудағы  мұрағат  құжатын 
айналымға  қосып  отыру  дағдысын,  дәстүрге  айналып  келе  жатқан  үрдісті  ұтымды 
шығармашылықпен қолданады. 
Әр  зерттеуші  еңбегін  тақырыптық  кеңістігін  кеңіте  түсер  ой-болжаммен  әдіптеп, 
әуезовтану  атты  шалқар  танымға  ұласа  қосылған  ағынды  ағыстардың  тұтастығын  ескере 
отырып жасалған авторлық тұжырымдамалар, күн тәртібіне қойылған әуезовтану мәселелері 
2  кітаптан  тұратын  «Қазіргі  мұхтартануды»  теориялық  та,  практикалық  та  мәні  бар,  тұлға 
мұрасын игерудегі құнды еңбектер қатарына қосып тұр.  
Әуезовтану мәселелеріне бағытталған бүгінгі дәстүрлі жиында нақтылы бірер мәселеге 
тоқталсам деймін. 

247 
 
Белгілі  әдебиеттанушы,  профессор  Серік  Мақпырұлы  «Қазына»  атты  [2,340]  зерттеу, 
әдістемелік  еңбегіндегі  «Мұхтар  Әуезовтің  кейбір  әдеби-теориялық  байыптаулары» 
мақаласында әуезовтануда мәні бар фактіге зер салған.  
Серік  Мақпырұлы  Мұхтар  Әуезов  1930  жылы  Әлкей  Марғұлан,  Бейімбет 
Майлыұлымен бірлесіп әзірлеген  «Қазақ шаруа жастар мектебіне  арналған программа және 
түсінік хат» атты әдістемелік құралдағы нұсқаулардың қазақ әдебиетінің пәндік негізін, оны 
оқыту әдістемесін түзудегі мәніне тоқталады. 
Әдіскер маман Серік Мақпырұлы Мұхтар Әуезов мұрасын зерттеудегі елене бермеген 
мәнді жайды қозғаған. 
Біздің көпшілігіміз алдыңғы толқын, ардақты ағалардың әдебиет оқулықтарын жазуға, 
нұсқалық-хрестоматиялар құрастыруға ХХ ғасырдың 20-жылдарынан былай қарай араласып 
отыру, соның ішінде Мұхтар Әуезовтің де 1927 жылғы «Әдебиет тарихы» шыққаннан кейін 
де  әдеби  мұраны  оқытуға  қатысты  еңбектер  жасағанын,  кейінде  1933  жылы  Әлібек 
Қоңыратбаев,  Молдағали  Жолдыбаевтармен  бірігіп  7  кластың  «Қазақ  әдебиеті»  оқулығын 
жазғанын, 1937, 1938 жылдары «Әдебиет хрестоматиясын» жариялағанын біле тұра Мұхтар 
Әуезовтің  әдеби  мұрасы  зерттеудің  түбегейлі  бағыттарын  айқындауымен  бірге  әдебиетті 
оқытудың  әдістемесімен  де  түпкілікті  шұғылдану  дәстүріне  негіз  салғанына  көңіл  бөлмей 
келгендейміз.  
Әдебиеттануда  дәстүр  және  жаңашылдық  бағытында  да  тыңға  түрен  салған 
зерттеушінің бірі Мұхтар Әуезов болатын. 
Осы  тұрғыда  Серік  Мақпырұлы  тағы  да  мәнді  байламдарға  барған.  Мұхтар  Әуезовтің 
әдеби  мұраны  игерудегі  кешенді,  келелі  ұстаным-тоқтамдарын  арқау  ете  отырып  өзіндік 
байламдар жасауы – негізді. 
«Орыс тіліндегі «Киргизский героический эпос» – «манас» деп аталатын (1938) көлемді 
зерттеу  еңбегінің  «Краткий  анализ  содержания  и  формы  поэмы»  деген  тарауында  Мұхтар 
Әуезов жырды тақырыптық тұтастығы және сюжеттік құрылымы, образдар жүйесі, көркем-
поэтикалық  тәсілдер.  Өлең  құрылысы  тұрғынан  талдаған.  Өзі  бұрынғы  мақалалары  мен 
еңбектерінде  маңыздылығын  әлденеше  рет  атап  айтқан  мәселені  (...  көркем  шығарманы 
мазмұн  мен  түр  бірлігі  тұрғысынан  құрастыру)  бейне  қалай  талдау  жолдарының  үлгісін 
көрсеткісі, соған түрткі болғысы келгендей». 
Мұхтар  Әуезовтің  Абай  өлеңдерін  Шығыс  әдебиетіндегі  дәстүрлі  үлгілермен 
көркемдеу  тәсілдері,  құрылымдық  ерекшеліктер  тұрғысында  талдау,  саралау  тәсілдеріне 
тоқталуында  да  Серік  Мақпырұлы  мәселенің  зерттелу  әдістерімен  астасып  жатқан  оқыту, 
танысу жолдарын ескеруге меңзейді.  
Мұхтар Әуезов ғылыми әдебиетте дәйектемеге сүйенудің жөн-жобасы мен ғылым әдебі 
туралы да ұғындырып, тарқата түсіндірген. 
Бағдарламада  оқытудағы  баланың  жас  ерекшелігін  ескеру,  тапсырма  беру,  тақырып 
қисындаудағы  пәндік  тұғыр,  салыстырмалы  оқыту  тәсілі,  бала  танымының  өсу  бағытына 
орай  жеңілден  күрделіге  ойысу,  түрлі  жазба,  ауызша  әңгіме,  пысықтау  жұмыстарының 
берілуі, оқуға жаттығу, жазуға жаттығу, шығармашылыққа баулу талап-міндеттерінің жүйені 
ғылыми-педагогикалық негізде қисындалуы Мұхтар Әуезовтің қазақ әдебиеті пәнін мектепте 
оқытудың классикалық, академиялық ғылыми-әдістемелік концепциясын қалыптастырудағы 
бастамашылдық  еңбегін,  кәсіби  біліктілік  алымын,  шынайы  ұлт  қамқорының  азаматтық 
белсенділік, әлеуметтік сергектігін айғақтай түседі. 
Әдебиет  пәнін  оқытудағы  Мұхтар  Әуезов  әдістемесі  қазіргі  кезеңдегі  мектеп 
оқулықтарын  жазуда  ескеріліп  жүр  ме?  Ол  –  өз  алдына  өзекті  мәселе.  Ескерілгені  аса  жөн 
болар еді.  
«Мұхтар  Әуезов»  энциклопедиясында  [3,13]  М.  Әуезовтің  оқу-ағарту,  білім  беру 
бағытындағы елеулі қызметі аталып өтеді. 
«Әуезовтің  1925  ж.  «Қазақ  тілі»  газетінің  40  санындағы  мақаласында:  «Ескілікті 
тірілтудің зор керегі – мектеп үшін. Әрбір мектеп нағыз ұлт мектебі болу үшін екі діңгекке 
тіреледі.  Біреуі  –  сол  елдің  тілі,  екіншісі  –  тарихы.  Осы  екі  тараудағы  білімнен  әрбір 

248 
 
мектептің  бір  ұлтқа  тиісті  пішіні  құралады»  деп,  көрегендікпен  айтқан  ғибрат  сөзінің  құны 
бүгінде артпаса, кеміген жоқ. 
...  Қазақ  әдебиетінің  пән  ретінде  қалыптасуына  Әуезовтің  де  тікелей  қатысы  бар» 
(Б.Әрінова). Мұхтар Әуезовтің әдебиеттану терминдерін түзу бағытындағы, жалпы ғылыми 
термин  туралы  ұсыныс,  байламдары  негізінде,  ұғым  атауларын  қисындау  тәжірибесін 
ескеріп  зерттеулер  жасалды  ма?  Осы  уақытқа  шейінгі,  қазіргі  кезеңдегі  Мұхтар  Әуезов 
ғылыми  зерттеу  Орталығы  атқарған,  қолға  алып  отырған  заманауи  жаңа  бағыттар  бізді 
қуантады.  Аса  көрнекті  қаламгердің  бай  мұрасын  әлі  де  игерілмей  жатқан  мұрағат 
материалдарын көпшілікке ұқсатып ұсыну, жазушы кітапханасының библиографиясын түзу, 
тың бағыттардағы кешенді зерттеу жұмыстары, т.б. қыруар қайырлы істің беталысында ойға 
ой  қосу  мақсатында  айтар  ұсыныстар  да  бар.  Әуезовтанудағы  еңбектердің  нұсқалық-
хрестоматиялық  көптомдығын  шығару  қолға  алынса.  Мұның  өзі  бардың  бағасын  білумен 
бірге, келешек зерттеу бағыттарын айқындауда да нақтылы деректік-дәйектік негізде септігін 
тигізер еді. 
Сонымен  бірге  Мұхтар  Әуезовтің  жаңа  дәуірдегі  толық  академиялық  ғұмырбаяны 
жазылса. Әуезовтану тарихын жүйелеп жазу  да қажет. Бұл бағытта жұмыс істейтін ғылыми 
кадр қазіргі уақытта бар. 
Әуезовтанудағы  көп  қозғалмаған  арнаның  бірі  –  Шәкәрім  және  Әуезов  бағыты.  Бұл 
әңгіме  шәкәрімтануда  да  қажетінше,  тиісінше  көтеріліп  жүрген  жоқ.  Және  бір  тақырып: 
Мұхтар  Әуезовтің  көркем  шығармаларындағы  қазақ  әдебиеті  тарихының  мәселелерімен 
тоқайласып  жатқан  арқаулар.  Бұл  тұрғыда  «Абай  жолы»  роман-эпопеясы  –  абайтану 
мәселелері  астасып  жатқан  ғылыми-көркемдік  сабақтастық  Мекемтас  Мырзахметұлының 
«Мұхтар  Әуезов  және  абайтану  проблемалары»  монографиясында  кең  қамтылып,  нақтылы 
зерттелді. 
Соның өзінде Мекемтас Мырзахметұлы мәселенің әлі де күн тәртібінде қалып отырған 
қырларын осыдан  35 жылдай  уақыт  бұрын  еске  салған  болатын.  «Осы  тұрғыдан  қарағанда, 
төрт  рет  қайта  жазылған  Абай  өмірбаянының  барлық  нұсқалары  мен  «Абай  жолы» 
эпопеясындағы  өзекті  творчестволық  ішкі  байланыстардың  сырын  ашу  үшін  арнайы  кең 
көлемдегі  ғылыми  зерттеу  жұмысын  жүргізуді  талап  етеді»  [4,318].  Соңғы  65  жыл  уақытта 
абайтану  Абай  өмірбаянының  Мұхтар  Әуезов  жазған  төрт  нұсқасынан  (1933,  1940,  1945, 
1950)  басқа  да  дерек-дәйектермен  толыға  түскенін  де  ескерсек,  мәселе  тіптен  жоталана 
түседі.  
Мұхтар  Әуезовтің  9лт  бітімімен  тұтасқан  ұланғайыр  мұрасын  ыждаһаттап  отыруда 
жазушы  шығармаларының  орта  мектепте,  жоғары  мектепте  оқытылу  бағыты  да  ғылыми 
негізде,  әдістемелік  негізде  пысықталып,  жүйелене  түсу  қажеттілігі  де  ескеретін  шаруа. 
Мұхтар Әуезовтің әдебиет тарихын зерттеудегі методологиялық ұстанымдар түзу өнегесінен 
де  монографиялық  зерттеулер,  оқу  құралдарын,  дәстемелік  нұсқаулар  шығару  шаруасын  да 
ұмытпасақ.  Келесі  жылы  Мұхтар  Әуезовтің  қайтыс  болғанына  55 жыл  толады.  Арғы  жылы 
ХХ ғасырдағы қазақтың азат ойлы асыл ұлдарының бірі – Мұхтар Әуезовтің туғанына – 120 
жыл.  Мерейлі  тұстарда  әдеттегіден  гөрі  қаурыт,  қызу  қимылдайтын  дағдымызбен  бірқатар 
шаруаның басын қайтарып тастауға болатын сияқты.  
Іске сәт! 
Әдебиеттер тізімі 
1. Пірәлі Г. Қазіргі мұхтартану. 1, 2 кітап. – Алматы: Елтаным, 2014. 
2. Мақпырұлы С. Қазына. – Алматы: Арыс, 2004. – 340 б. 
3. Мұхтар Әуезов энциклопедиясы. – Алматы: Атамұра, 2011. 
4.  Мырзахметұлы  М.  Мұхтар  Әуезов  және  абайтану  проблемалары.  –        Алматы: 
Ғылым, 1982. – 318 б. 
                                       
В 
статье 
рассмотрены 
вопросы 
современного 
ауэзоведения 
на 
основе 
монографических  исследований  доктора  филологических  наук,  профессора  Г.Ш. Пралиевой 
«Современное  мухтароведение».  Отмечены  некоторые  научные  результаты,  проблемы 

249 
 
дальнейщего ауэзоведения, намеченные Г.Пралиевой. Изложены некоторые рекомендации со 
стороны авторов по вопросам современного изучения многогранного наследия М.О.Ауэзова. 
 
In article questions of a modern auezovedeniye on the basis of monographic researches of the 
Doctor of Philology, professor G.Sh.Praliyeva "A modern mukhtarovedeniye" are considered. Some 
scientific  results,  problems  of  a  further  auezovedeniye  planned  by  G.  Praliyeva  are  noted.  Some 
recommendations  from  authors  concerning  modern  studying  of  many-sided  heritage  of  M.O. 
Auezov are stated. 
 
 
 
 
ӘОЖ 821.512.122.09 
 
М.С. Оразбек, Р.М. Муталиева 
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті 
Павлодарский государственный университет имени С. Торайгырова 
Астана, Казахстан 
Павлодар, Казахстан 
makpal_zere@mail.ru, aimanmen-79@mail.ru 
 
АРХЕТИП ОБРАЗДАР ЖӘНЕ АВТОРДЫҢ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТАНЫМЫ 
 
Мақалада  идея  мен  архетиптің  өзара  жалғас  ұғымдар  болып  табылатынына  мән 
берілді.  Автор  санасында  пайда  болған  идея,  белгілі  бір  символдық  бейнелер  негізінде 
заттанып, нақты мәнге, тіпті белгілі бір характерге ие болатыны, ал ондай символдардың 
бастау  көзі  архетип  образдар  болып  табылатынына  көз  жеткізілді.  Архетип  образдар 
немесе 
кескін, 
фигуралар, 
символдардың 
астарына 
үңіліп, 
нәтижесінде 
қазақ 
жазушыларының  шығармаларында  кесек  кейіпкер,  анық  адам  образы  немесе  соған  тең 
келерлік  аң-құс,  жан-жануар  образдары  мен  мифологиялық  кескіндердің  жоғары 
эстетикалық идеал тұрғысынан суреткерлік таным-таразысын айқындағаны анықталды.  
 
Кілт  сөздер:  автор,  шығармашылық  процесс,  шығармашылық  психологиясы,  сана 
және бейсаналық. 
 
Автордың  өзіне  тән  айрықша  индивидумы  көркем  шығарманың  сюжеттік  мазмұнына 
немесе  кейіпкерлер  характеріне  жалпылама  мән  беріп,  сырттай  мазмұндап  шығудан  әсте 
анықталмайды.  Онда  тағы  да  сюжеттік  оқиғаны  құр  ғана  қызықтаудан  аспаймыз.  Ол  үшін 
автордың  көркем  шығарманы  тудыруға  себеп  болған  о  бастағы  идеясының  образдарға 
айналу  барысына,  өзекті  оқиғалардың  емін-еркін    өрбуіне  негіз  болған  авторлық 
фантазиясына,  психологиялық  жағдайына,  шығармашылық  көңіл  ауанына  барынша  мән 
беруге тура келеді.  
Көркем  шығарма мазмұнын  субъективті  ой-қиял  дүниесінен  өрбіткен  автордың  нақты 
адамдық  жаратылысында  жұмбақ  жайлар  мол  болғандықтан,  әсіресе  философ-психолог 
ғалымдар осы жұмбақтың шешуін суреткердің психологиясы мен психикалық күйінен, сана-
сезімі мен жан-дүниесінен тануға талпыныс жасады. Олар әдебиетшілерге қарағанда көркем 
шығарма  табиғаты  мен  кейіпкерлер  характеріне  жоғары  мән  беру  арқылы  автордың 
шығармашылық болмысын субъективтік қырынан көрсетуге күш салды.  
“Ақиқатына  келсек,  шығармашылық  тұлға  –  жұмбақ,  осы  жұмбақтың  шешуін  табуға 
қаншама  ізденіс  жасалғанмен,  көбіне  сәтсіз...  Әрбір  дарынды  творчество  адамы  –  бұл 
біршама  екіжақтылық  немесе  таңғаларлық  қасиеттің  синтезі.  Бір  жағынан,  бұл  жеке  адамға 
тән  жайды  анықтаса,  екінші  жақтан,  жеке  бастықтан  гөрі  адамдық  процесс...  Суреткер 

250 
 
барлық ресми қайшылықты өз бойынан көрсетсе де, бәрібір бұл екі жайдың арасында құпия 
үйлесім  бар.  Яғни,  арнаулы  шығармашылық  психологияда  жеке  бастыққа  жатпайтын 
ұжымдық нәрсе бар, немесе суреткер үшін өнер тап бір инстинкт сияқты туғандықтан ол оны 
барынша  меңгеріп,  өзінің  қаруына  айналдырған.  Сондықтан  да  ол  индивидтен  гөрі  ерікті 
субъекті ретінде ең бірінші болып шығармаға қатыса алады. Индивид ретінде өзіндік қылық, 
тілек,  жеке  мақсаты  болғанмен,  суреткер  ретінде  ең  жоғары  ұғымдағы  “Адам”,  адамзат 
жанына  бейсаналық  әрекетпен  әсер  ететін,  жеткізетін  және  ене  алатын  ұжымшыл  адам”  [1, 
115–117].  Демек,  автор  бойында  түрлі  қадір-қасиет  пен  қарама-қайшы  мінез-құлықтың 
тоғысып  жататыны  оның  шығармашылық  психология  астарында  “ұжымшыл  адамға”  тән 
“бейсаналық” қасиеттің де анық танылатынына кепіл болады. 
Фрейд  суреткер  болмысындағы  шығармашылықтың  бастау  көзін  балалық  шақтан 
іздеді.  Ол  бала  өзінің  арманы  мен  қиялын  әр  түрлі  ойын  ойнаған  кезде  үлкендердің  көз 
алдында жайып салатынын, тек өсе келе қиял-фантазиясы ұлғайып, оны басқалардан жасыра 
бастайтынын,  ал  мұндай  фантазия  өнер  адамдарында  шығарма  тудыруға  себеп  болғанын 
меңзейді.  “Балалардың  ойынан  гөрі  үлкендердің  қиялын  бақылау  әлдеқайда  қиын.  Бала 
жалғыз-жарым  немесе  басқа  балалармен  ойнаған  кезде  ойын  мақсатына  қарай 
ұйымдастырған  құпия  психикалық  ойларын  үлкендерге  көрсетпесе  де,  олардан  ешқандай 
жасырмайды.  Ал  үлкендер  өз  фантазиясынан  ұялады  және  оны  басқалардан  жасырады;  аса 
қымбат құпиясы ретінде сыртқа шығармайды” [2, 190]. 
Әрбір адамның психикасында жасырын жатқан ой-фантазия бар. Ал осы фантазия өнер 
адамдарында  оның  шығармасына  міндетті  түрде  ықпал  етеді.  Көркем  шығарма  тікелей 
қиялдан  туатындықтан,  тіпті  жазушы  өмірде  бар,  болған  нәрсені  суреттесе  де,  тікелей  өз 
қиялынан  өңдей  өріп  отыратындықтан,  ішкі  әлеміндегі  “аса  қымбат,  жасырын  ойларын” 
еріксіз өнер дүниесі арқылы ағытатынын анық аңғарамыз.  
Автордың  жан-дүние  қатпарында  жасырын  жатқан  аса  астарлы  “құпия”,  шынайы 
болмыс туралы сөз қозғағанда, шығармашылық тұлға мен шығарма арасындағы қатынасқа 
байланысты басты авторлық позиция жайында түсінуіміз керек. “Өзінің шығармасына деген 
романистің  нақты  позициясы  туралы  ойланайық,  –  дейді  Ж. Маритен.  –  Ол  адамдардың 
шиеленіскен  әлсіздігін  жария  етуші  Құдай  сияқты.  Ол  өзі  жасаған  персонаждар  әлемімен 
бірге бола отырып, кейде олардың өзінен күштірек екенін сезінеді. Бірақта олардың еркіндігі 
– қиялдағы ғана бостандық.  
Романистің  Құдайға  ұқсамас  кереғарлығы  да  сонда,  ол  өзі  жасаған  кейіпкері  арқылы 
зұлым бола алуы. Роман табиғатында “жатқан” зұлымдық [қасиетті апостол Ионна айтуынша 
да,  біздің  әлем  “зұлымдық  ішінде  жатыр”]  біздің  реалды  өмірдегі  шын  жауыздықпен 
таңқаларлық  жақындықтан  тұрады.  Бұл  дегеніміз  образ  немесе  ақиқат  зұлымдықтың 
белгісі...  Романистің  анық  табиғатын  жан-дүниесімен  және  шығармасымен  арадағы  қарым-
қатынастағы  контексте  қарастырсақ,  сондай-ақ  бөгде  біреудің  жан-дүниесі  тұрғысынан 
қарастырсақ та, бәрібір өзінікі екені; яғни Мариак айтқандай:  “  Автор қасиетті [таза адам – 
М.О.]  болуы  керек...  онда  бірақ  роман  жазбайсың  [Надо  быть  святым...  но  тогда  не 
напишешь  роман]” [3,  195-196]  дейтіні  орынды.  Өйткені  автор  қаншалықты  адамгершілікті 
биік  орынға  қоятын,  көркем  шығарманы  тудыруда  адамгершілік  позицияны  басты  қағида 
ретінде ұстанатын шығармашылық тұлға болғанмен, кемшілікті пенде екені хақ. Сондықтан 
автор қиялынан туған көркемдік әлемде адамгершілік пен зұлымдық атаулы, жақсылық пен 
жауыздық алмаса суреттеліп, дәл бір өмірдің  өзіндегідей шынайылықпен бейнеленіп, автор 
санасымен саралана, “бейсаналық” түйсікпен сезіне суреттеледі. 
Авторда  шығармашылық  сезім  басым  болғандықтан  шынайы  шығармашылық  тұлға 
көптің  арасындағы  адамгершілік  пен  зұлымдық  жайын  терең  түйсініп,  басқаларға  жеткізу, 
сол арқылы ескерту, сабақ алу, тіпті сақтандыру тұрғысынан суреттейді. 
Ал  психолог  әрі  философ  ғалымдар  Э. Нойманн,  К. Юнг  т.б.  көркем  шығарманың 
тууын, идея мен символдардың жанды суретке айналуын, адам санасының терең түпкірінде 
жасырын  жатқан,  күллі  адамдардың  туа  біткен  жаратылысында  болатын  архетип 
образдардан  іздейді  [4].  Олардың  түсіндіруінше,  шығармашылық  адамына  белгілі  бір  жай 

251 
 
өте қатты ықпал еткенде, бейсаналы, яғни санадан тыс тұрақсыз деңгейде, әр түрлі кескінде 
оянады. Бірақ ол әрбір өнер адамының интеллектісіне де тікелей қатысты.  
Творчестволық  процесс  барысындағы  автордың  “айрықша  күйін”  немесе  суреткерлік 
ерекше  қабілетін  психологиялық  жақтан  К. Юнг  пен  Э. Нойманн  “Психоанализ  және  өнер” 
атты  зерттеуінде  барынша  ашуға  тырысты.  “Бағзы  [первобытный]  образ  немесе  архетип  – 
адам  немесе  демон  кескінді  фигура,  бұл  тарих  қойнауында  пайда  болып,  үнемі  қайта 
туындап  отыратын  процесс  барысында  творчестволық  фантазияның  [шығармашылық  қиял] 
өзін-өзі танытуы”[5, 24-26].  
Шығарманы жаратушы суреткердің қиялында  пайда болған “архетиптік” абстрактылы 
образдар  жүйесі,  яғни  шығармашылық  тұлғаның  ой-санасындағы  “бағзы  образдан”  бастау 
алған  процесс  бірте-бірте  күшейіп,  автордың  шығармашылық  әрекетінде  ерекше 
тудырушылық  мән-мазмұнға  ие  болады.  Демек,  “әрбір  осы  образдар  бойында  адам 
психологиясы мен адам тағдырының бөлшектері өмір сүреді”.  
Автор  шығармашылық  процесс  барысында  өз  психикасында  бұрыннан  бар  бағзы 
архетиптік  образдар  елесі  негізінде  өзі  де  ойламаған  кездейсоқ,  бірақ  нақты  әрі  жаңа 
образдарды да кемелділікпен бейнелейді. Сондықтан да көркем шығармадағы кейіпкерлердің 
адамды таңқалдырарлық іс-әрекетін оны жазып отырған авторға бағынбай, автордың еркінен 
тыс әрекеттерге барды деп қабылдаймыз. 
Ал мұндай күрделі процесті К.Юнг былай түсіндіреді: “Шығарма өзімен бірге өзіне тән 
ерекше  форма  әкеледі,  ол  автордың  қосқысы  келгенін  қосқызбайды,  ал  алып  тастағысы 
келгенін  керісінше  қайта  туындатады.  Бұл  кезде  авторлық  саналы  ой  осы  бір  феноменге 
сырттан  таңғала  қарап  тұрады;  ал  автор  болса  бұрын  ешуақытта  өз  еркімен  туындай 
қоймаған  ой  тасқыны  мен  ешқашан  бейнелеуге  ұмтылмаған  образдар  шырмауында  қала 
береді.  Бұл  дегеніміз,  автордың  көркем  шығарма  мазмұнында  ерекше  шеберлік  шыңына  көтерілгенде, 
өзінің жекеменшік “мені” [собственное “я” – К.Юнг], яғни жекеменшік ішкі табиғатының өзіне ашылғаны” 
[5, 18 ].  
Автор көркем шығармадағы түрліше кейіпкерлердің адам баласына тән “жұмбақ” жан-
дүниесінің  терең  қатпарына  шығармашылық  процесс  барысында  бойлағанда,  “бұрын 
ешуақытта өз еркімен туындай қоймаған ой тасқыны мен ешқашан бейнелеуге ұмтылмаған 
образдар  шырмауында  қалып”,  сол  соны  образдардың  ерекше  іс-әрекеті  мен  сезім-сырын 
шеберлікпен суреттейді. 
Юнг шығармашылық процесс кезіндегі автордың көптеген зерттеушілер шешімін таба 
алмай  жүрген  “жұмбақ”  күйін,  оның  творчестволық  тұлғасындағы  “архетип  образдардан 
бастау”  алып,  соның  ырқында  барлық  басқа  дүниені  ұмытып,  о  баста  өзі  ойламаған 
кейіпкерлерді  тудырып,  сұмдық  ситуацияларды  кейіпкерінің  бейсаналық  ырқында  суреттеп 
кететінін түсіндіріп берген. 
Шындығында,  көркем  шығарма  өмірдегі  шындық  оқиғалардың  дәл  сол  қалпындағы 
көшірмесі  емес.  Тіпті  өмірде  болған  тарихи  оқиғалардың  өзі  көркем  шығарма  мазмұнына 
арқау  болғанмен,  ондағы  тарихи  кейіпкерлер  мен  қиялдан  құрылған  персонаждардың  бір-
бірімен қарым-қатынасы, жан-дүниесіндегі өзек жарды ойлары – автордың шығармашылық 
фантазиясына, субъективті ой-танымына тәуелді. 
Осы  бір  субъективтік  санаға  қатысты  әралуан  құбылысты  суреттеу  барысында  автор 
“...өз  еркімен  саналы  түрде  тудырам  дей  отырып,  бөгде  біреудің  “жат  еркінде”  кетіп  бара 
жатқанын  сезінгендей  болады”  [5,  18-19].  Автор  шығармашылық  жұмысқа  берілу 
барысында,  оның  рухани  бай  болмысы  санасындағы  шығармашылық  қиял  күшінің  ырқына 
ерік  береді.  Соның  нәтижесінде  “бөгде  біреудің  “жат  еркі”  сияқты  күйге  түсіп,  архетип 
образдардың  бой  көтеруіне  жол  береді.  Бірақ  бұл  дегеніміз,  автор  мүлде  өз-өзіне  ие  бола 
алмайды,  немесе  архетип  образдардың  жетегінде  кетіп,  өз  шығармасына  басшылық  жасай 
алмайды  деген  сөз  емес.  Керісінше  автор  өзінің  рухани  болмысынан  туындаған,  бөгде 
біреудің  “жат еркі” сияқты болып көрінетін творчестволық әрекетті саналы түрде реттеп, 
бүкіл  шығармашылық  процесті  бақылап,  басқарып  отыратын  шығармашылық  тұлғаға 
айналады.  Сөйтіп  автордың  субъективті  табиғаты  шығармашылық  процесс  барысында 

252 
 
ашылады және шығармашылық тұлғаның тудырушылық процесс кезіндегі “жат ерік” тектес 
психологиялық күйі анықталады.  
Көркем  өнер  дүниесі,  оның  ішінде,  әсіресе  әдеби  көркем  шығарманың  табиғаты 
күрделі,  психологиялық  қатпары  өте  терең,  адам  баласына  жұмбақ  болып  келетін  өнердің 
айрықша бір түрі. Сондықтан да психолог ғалымдар көркем шығарманы туғызушы автордың 
психологиялық  қырларын  ашып,  автор  тұлғасының  шығармашылық  ерекшеліктерін 
[особенности] анықтауға ұмтылды. 
Лейбниц, Кант, З.Фрейд, К.Юнг, Э.Нойманн, К.Абрахам, О.Ранк, Г.Закс, Гегель, орыс 
ғалымдары  Л.Выготский,  М.Арнаудов,  Л.Т.Левчук,  Г.М.Ленобыль,  А.Н.Лук,  Б.С.Мейлах, 
Е.Я.Басин т.б. ғалымдар автордың шығарманы жасау, туғызу барысындағы көңіл күй, сезім, 
жан-дүниесіндегі  өзгеге  құпия,  тіпті  кейде  өзіне  де  беймәлім  әрекеттеріне  үңіле  отырып, 
олардың шығармашылық тұлғасын айқындауға күш салды. 
 
Список литературы 
1  Юнг  К.Г.  Психология  и  поэтическое  творчество.  Автор.  //В  кн.:  Самосознание 
европейской  культуры  ХХ  века:  Мыслители  и  писатели  Запада  о  месте  культуры  в 
современном обществе. – М.: Политиздат, 1991. – 366 с. 
2 Фрейд З. Поэт и фантазия. //В кн.: Современная книга по эстетике. Антология. – М.: 
Издательство иностранной литературы, 1957. – 604 с. 
3  Маритен  Ж.  Ответственность  художника.  Гл.  ІV.  Поэзия  и  совершенство 
человеческой  жизни.  //В  кн.:  Самосознание  европейской  культуры  ХХ  века:  Мыслители  и 
писатели Запада о месте культуры в современном обществе. – М.: Политиздат, 1991. – 366 с. 
4  Нойманн  Э.  Леонардо  да  Винчи  и  Архетип  матери.  //В  кн.:  К.Юнг,  Э.Нойманн. 
Психоанализ и искусство. – М.: REFLbook, К.Ваклер, 1996. – 304 с. 
5 Юнг К.Г., Нойманн Э. Психоанализ и искусство. – М.: REFL-book, K.: Ваклер, 1998. – 
304 с. 
 
В  статье  придается  значение  единству  идеи  и  архетипа.  Исследователь  убедилась, 
что идея, возникшая в сознании автора, материализуясь в какие-то значимые символы по-
настоящему вечные, формируется в известный типический характер, такие символы берут 
начало в образах архетипов. Достоверно выясняется, что, всматриваясь глубоко в образы 
архетипов  или  их  изображений,  фигур,  символов,  крупных  героев  в  творчестве  казахских 
писателей,  ясный  человеческий  образ  или  подобные  им  образы  птицы,  звери,  животные  с 
мифологическими чертами, изображены точки зрения высокого эстетического идеала.  
 
In the article is given importance to the unity and the idea of the archetype. The researcher 
was convinced that the idea originated in the  mind of the author, materialized in any meaningful 
symbols  truly  eternal,  is  formed  in  the  well-known  typical  character,  such  symbols  originate  in 
images  of  archetypes.  Is  authentically  turns  out  that,  peering  deep  into  the  archetypes  images  or 
their images, figures, symbols, major characters in creativity Kazakh writers, clear human image or 
the like the images of birds, animals, animals  with mythological traits are depicted terms of high 
esthetic ideal. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

253 
 
ӘОЖ  821.512.122.09 
 
М.С. Оразбек 
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті 
Астана, Казахстан 
makpal_zere@mail.ru  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет