Профессиональное образование


Часть I. Учебник­хрестоматия 22 КӘСІПТІК БІЛІМ



жүктеу 35.58 Mb.
Pdf просмотр
бет3/53
Дата02.01.2017
өлшемі35.58 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53
Часть I.
Учебник­хрестоматия

22
КӘСІПТІК БІЛІМ
ПРОФЕССИОНАЛЬНОЕ ОБРАЗОВАНИЕ
Қазақ тілі мен әдебиеті
Казахский язык и литература
НАЗАРОВА  О.В.,  преподаватель  спец.  дисциплин  Петро-
павловского гуманитарного колледжа;
ЛИТВИНЕНКО  В.В.,  преподаватель  спец.  дисциплин  Пе-
тропавловского гуманитарного колледжа.
Учебник-хрестоматия  содержит  произведения  устно-
го  и  письменного  творчества казахского  народа  с  древ-
нейших времен и до конца ХХ века, биографии авторов, 
фрагменты  исследований  по  истории  литературы,  ма-
териалы  энциклопедий,  словарь  литературоведческих 
терминов, вопросы и творческие задания к темам. Под-
бор  художественных  текстов  в  данном  пособии  подчи-
нен жанрово-хронологическому принципу. 
Пособие адресовано учащимся и преподавателям лице-
ев, колледжей, гимназий и школ для работы на уроках, 
факультативных и внеклассных занятиях по предмету, а 
также для широкого круга читателей.
КЛЮЧЕВЫЕ МОМЕНТЫ
–  изучение  фрагментов  литературоведческих  статей, 
краткие биографии авторов произведений;
–  рассмотрение  вопросов  разного  уровня  сложности  и 
творческие задания к темам;
– способствовать развитию навыков литературного чте-
ния, анализа текстов и формированию у читателей си-
стемного представления о литературном процессе в Ка-
захстане с древнейших времен и до наших дней.
СОДЕРЖАНИЕ:  Введение.  Литература  второй  поло-
вины  ХХ  века:  Жубан  Мулдагалиев.  Абдильда  Тажиба-
ев. Мукагали Макатаев. Туманбай Молдагалиев. Кадыр 
Мырзалиев. Ильяс Есенберлин. Абдижамил Нурпеисов. 
Смагул  Елубаев.  Олжас  Сулейменов.  Мухтар  Шаханов. 
Фариза Унгарсынова. Роллан Сейсенбаев. Мухтар Магау-
ин. Оралхан Бокеев. Словарь литературных терминов.
Последнее издание 2007/ 580 с./ 84х108 
1
/
32
ІSBN 978-996-535-172-3 
Казахская литература. 
Часть II.
Учебник­хрестоматия
ҚОЖАБАЕВА Х.Ш. 
Оқу құралында лексика мен грамматикалық материал-
дар  кәсіби  бағдардағы  ауызша  тіл  дамытумен  қатар 
жүргізіледі  және  «Автомобильді  жөндеу  және  оған 
техникалық  қызмет  көрсету»  мамандығы  бойынша  Қа-
зақстан Республикасының мемлекеттік білім беру стан-
дартына  сәйкес  өңделген.  Мәтіндерден,  лексикалық 
тақырыптардан  грамматикалық  формаларды  табу, 
грам матикалық  талдау  жасату  жұмыстары  студенттер-
дің  логикалық  ойлауын  жетілдірудің,  грамматика-
ны  қайталаудың,  дұрыс  сөйлеу  дәрежесін  меңгерудің 
негізгі  құралы  болып  табылады.  Студенттердің  жазба-
ша  кәсіби  тілін  дамыту  мақсатында  әр  түрлі  жазбаша 
жұмыстары  жүргізіледі.  Осыған  орай,  оқу  құралында 
жазба жұмыстарына жататын тапсырмалар берілген.
Оқу  құралы  кәсіптік  оқу  орындарының  техникалық 
мамандық студенттері мен техникалық лицей оқу шыла-
рына арналған.
ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР 
– терминдер мен сөздер, сөз тіркестерінің қолданылуын 
меңгеру; 
–  лексикалық-грамматикалық  тапсырмалар  орындау 
барысында  студенттердің  алған  білімдерін  практикада 
қолдана білуі;  
–  мамандыққа  байланысты  іс  қағаздарын  қазақ  тілінде 
жаза білу. 
МАЗМҰНЫ: Алғы сөз. 1-модуль. Қазақ тілі – Қазақстан 
Республикасының мемлекеттік тілі. 2-модуль. Кәсіби тер-
минология. 3-модуль. Автомобиль тарихынан. 4-модуль. 
Кәсіби қатынас. 5-модуль. Автомобиль құрылғысы. 6-мо-
дуль. Қазақстан Республикасының Автомобиль көлігі ту-
ралы Заңы. 7-модуль. Көлік әлемінде. Әдебиеттер. 
Соңғы басылым 2010/ 304 б./ 84х108 
1
/
32
ISBN 978-996-535-883-8 
Кәсіби қазақ тілі
(Автомобильді жөндеу 
және оған техникалық 
қызмет көрсету 
мамандығына арналған). 
Оқу құралы

23
КӘСІПТІК БІЛІМ
ПРОФЕССИОНАЛЬНОЕ ОБРАЗОВАНИЕ
Қазақ тілі мен әдебиеті
Казахский язык и литература
АҚЖАНОВА  А.,  Қостанай  экономикалық  колледжінің 
оқытушысы; 
ӨТЕГЕНОВА  К.,  Қостанай  экономикалық  колледжінің 
оқытушысы.
Лексикалық  материалдар  жинағы  болып  табылатын 
бұл оқу құралының басты мақсаты – қаржы, экономист-
бухгалтер және сақтандыру ісі мамандықтарына қатысты 
сөйлеу  тiлi  қалыптасқан  үйренушiлердiң  қазақша 
сөйлеуiн,  жазуын,  баяндауын  жетiлдiру,  лексикасын 
байыту.
Жүргiзiлген сабақтардың мәтіндері барынша iрiктелінiп 
алынған.  Тақырыптардың  жүйелiлiк,  логикалық  бай-
ланыс  жағы  ескерiліп,  экономикалық  терминдердiң 
лексикалық  мағынасы  түсiндiрiлген.  Тақырыптардың 
мазмұнына  сәйкес  сұрақтар,  сұхбаттар,  тапсырмалар 
берiлген.
Оқу құралы колледждерде «Есеп және аудит», «Қаржы» 
мамандықтарында білім алушыларға арналған. 
ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР 
– лексикалық және грамматикалық тапсырмалар;
– типтік оқу бағдарламасына сай тапсырмалар;
–  іс  қағаздарын  ұйымдастырудағы  терминдер  мен 
сөздерге,  сөздердің  тіркесуі  мен  қолданылуына  талдау 
жасау;
– дайын мәтіннің стилін анықтау;
– берілген стильдің мәтінін құрау. 
МАЗМҰНЫ:  Кіріспе.  Қазақ  тілі  –  мемлекеттік 
тіл.  Қазақстан  Республикасы.  Тәуелсіз  Қазақстан. 
М.  Мақатаев.  Туған  жер  туралы  мақал-мәтелдер. 
Жұмбақтар.  Қазақстан  Республикасының  тұңғыш 
президенті. Қазақстанның табиғи байлығы. Қазақ жері. 
Қазақстан қалалары. Беташар. Тойбастар. Бата. Наурыз 
бата.  Тоғызқұмалақ.  Бәйге.  Қыз  қуу.  Бекзат  Саттарха-
нов.  Шәкәрім  Құдайбердіұлы.  Ахмет  Байтұрсынов. 
Міржақып  Дулатов.  Жүсіпбек  Аймауытов.  Мағжан 
Жұмабаев. Экономиканы білу – пайда. Банк тарихынан. 
Банк  жүйесі.  Банкті  таныстыру.  Әбу  Насыр  әл-Фараби. 
Қожа  Ахмет  Йассауи.  Абылай  хан.  Абай  Құнанбаев. 
Ыбырай  Алтынсарин.  Төле  би.  Қазыбек  би.  Әйтеке 
би.  Асан  Қайғы.  Алтын  адам.  Қожа  Ахмет  Йассауи 
кесенесі.  Шоқан  Уәлиханов.  Қаныш  Сәтбаев.  Сағындық 
Сатыбалдин.  Тоқтар  Әубәкіров.  Талғат  Мұсабаев. 
Құрманғазы Сағырбаев. Әбілхан Қастеев. Шәкен Айма-
нов. Іс қағаздарының стилі. Резюме. Акт. Іскерлік қарым-
қатынас.  Өтініш,  арыз.  өмірбаян.  Келісім.  Мәдениет. 
Мәдени  қарым-қатынас.  Ақша.  Дүниежүзілік  Сауда 
ұйымы.  Отбасы  экономикасы.  Нарықтық  экономика. 
Қалтарыстағы  экономика.  Қазақстан  банктері.  Банкир 
болғым келеді. Есепші маман. Салық. Жарнама. Тауар. 
Аудитор.  Ұлттық  байлық.  Экономикалық  тәуелсіздік. 
Уақыт. Тұрар Рысқұлов. Әлихан Бөкейханов. Дінмұхамед 
Қонаев – қоғам қайраткері. 
Соңғы басылым 2010/128 б./ 84х108 
1
/
32
ISBN 9965-35-877-Х
Кәсіби қазақ тілі 
(Экономика, 
бухгалтерлік есеп және 
аудит мамандықтарына 
арналған)

Оқу құралы
 ҚЫДЫРНИЯЗОВА А.Б.,  зейнеткер. 
Орфография мен тыныс белгілері бойынша оқу-әдістемелік 
көмекші  құралда  орфографияны  оқытудағы  принцип-
тер  мен  әдіс-тәсілдер,  сауатты  жазуға  үйрету  жолда-
ры,  қойылатын  талаптар  мен  берілетін  тапсырмалар 
көрсетілген.  Жазба  жұмыстары,  теориялық  білімді  тә-
жірибеде қолдану, жазба жұмыстарын талдау және қа-
темен  жұмыс  жүргізудің  тиімді  жолдары  ұсынылған. 
Қазақ  тіліндегі  тыныс  белгілері  және  олардың  қойыла-
тын  орындарына  кеңірек  тоқталып,  тыныс  белгілерін 
дұ рыс қоюдың маңыздылығы дәлелденген. Орфогра фия 
емлелері  мен  тыныс  белгілері  қойылатын  орындарды 
игертуде іс жүзінде қолданылып келе жатқан әдістердің 
ішінен  ең  тиімді  деп  саналады.  Бұл  әдістерді  қолдану 
үшін  әр  түрлі  жаттығулар  беріп,  шығармашылық  тап-
сырмалар  арқылы  оқушыларды  өздік  жұмысқа  дағ ды-
ландырып,  олардың  белсенділіктері  мен  алған  білім-
дерін  практикада  дәлелдеп  көрсете  алатындай  етіп 
тәр биелеуді  көздейді.  Оқушылардың  орфографияны 
тану,  оған  байланысты  ережені  қолдана  білу  дағдысын 
қалыптастырып,  қазақ  тілінің  заңдылықтарын  жүйелі 
меңгертуді мақсат еткен бұл еңбектің оқытушылар мен 
мұғалімдер үшін көмегі көп жинақ.
Ұсынылып  отырған  құрал  0105000  –  «Бастауыш  білім 
беру», 0111000 – «Негізгі орта білім» мамандықтары бой-
ынша  оқитын  педагогикалық  колледж  оқушыларына 
және мектеп мұғалiмдерiне арналған. 
ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР 
–  орфография  заңдылықтары  мен  тыныс  белгілерін 
меңгерту,  орфографияны  оқыту  принциптері,  оқытуда 
қолданылатын әдіс-тәсілдер;
– емлелік қателерді төзету жолдары, талдау жұмы ста ры;
–  тыныс  белгілері  (пунктуация),  оның  түрлері,  қазақ 
тіліндегі тыныс белгілерінің қойылатын орны;
– пернелеп сөйлеу үлгілері. 
МАЗМҰНЫ:  Кіріспе.  Орфографияны  оқыту  принцип-
тері.  Орфографияны  оқытуда  қолданылатын  әдістер. 
Емлелік  қателерді  түзету  жолдары.  Тыныс  бел гілері 
(Пунктуация).  Лексиканы  орфографиямен  байланыс-
тыру.  Морфологияны  оқытуға  байланысты   орфо гра-
фиялық  материалдар.  Зат  есім.  Сын  есім.  Сан   есім. 
Есімдік.  Етістік.  Үстеу.  Еліктеу  сөздер.  Шылау.  Одағай. 
Орфографияны оқытудағы тіл дамыту жұмыстары. Ор-
фографияны  оқытуда  жүргізілетін  жазба  жұмыстары. 
Орфографиялық жаттығуларды орындату. Жаттығу ма-
териалдарын  іріктеу.  Оқушының  өздігінен  жүргізетін 
жұмыстары. Жаттығулар мен тапсырмалар. Дыбыс жә-
не  фонема.  Дауысты  дыбыстар.  Дауыссыз  дыбыстар. 
Буын. Екпін. Интонация. Сингармонизм. Ассимиляция.  
Дыбыс  алмасуы.  Бірге  жазылатын  сөздер.  Бөлек  жазы-
латын сөздер. Орыс тілінен енген сөздер. Дефис арқылы 
жазылатын  қосымшалар  мен  шылаулар.  Тыныс  белгі-
лері. Сөйлемнің интонациясы. Нүкте. Көп нүкте. Сұ рау 
белгісі. Леп белгісі. Үтір. Сызықша. Қос нөкте. Нүк телі 
үтір. Тырнақша. Төл сөз. Қазақ тілінен бақылау-пысық-
тау  тапсырмалары.  Шығармашылық  жұмыс.  Дидак-
тикалық  материалдар.  Пернелеп  сөйлеу  үлгісі.  Оқу-
шылардың өздік жұмыстары. Тест сұрақтары. 
Соңғы басылым 2008/ 184  б./ 84х108 
1
/
32 
   
ISBN 9965-35-440-5 
Орфография 
және тыныс 
белгілері
Оқу­әдістемелік 
құрал

24
КӘСІПТІК БІЛІМ
ПРОФЕССИОНАЛЬНОЕ ОБРАЗОВАНИЕ
Қазақ тілі мен әдебиеті
Казахский язык и литература
ШАЛҚАРОВА  Г.И.,  Ж.  Досмұхамедов  атындағы  Орал 
педагогикалық колледжінің оқытушысы;
САТЫБАЕВА  А.Т.,  Ж.  Досмұхамедов  атындағы  Орал 
педагогикалық колледжінің оқытушысы.
Оқу  құралында  қазақ  және  орыс  тілдерінің  грамма-
тикасын  салыстыра  оқытудың  мазмұны  ұсынылған. 
Оқушылардың  білімдерін  тексеруге  арналған  жатты-
ғулар,  сұрақтар,  тапсырмалар  мен  тесттер  берілген.   
Мемлекеттік тілде оқымайтын мектептердегі қазақ тілі 
мен  әдебиеті  мамандығы  бойынша  дәріс  алып  жатқан 
және гуманитарлық бағытта білім алатын оқушылар мен 
студенттерге, қазақ тілі пәні оқытушыларына арналған. 
ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР 
– мемлекеттік тіл мен орыс тілін салыстыра оқыту;
– фонетика. Орыс және қазақ тілдері дыбыстарының са-
лыстырмалы жіктемесі;
–  морфология.  Орыс  және  қазақ  тілдеріндегі  типо-
логиялық ерекшеліктер; 
–  қазақ  және  орыс  тілдеріндегі  сөздердің  жасалу  тәсіл-
дерінің негізгі түрлері; 
– синтаксис. Сөз тіркесінің түрлері. Сөйлем және оның 
мүшелері;
– лексика. 
МАЗМҰНЫ: Алғы сөз. Фонетика: әліпби туралы түсінік. 
Орыс  және  қазақ  тілдері  дыбыстарының  салыстыр-
малы  жіктемесі.  Дауысты  дыбыстар.  Дауыссыз  дыбы-
стар. Буын. Морфология. Орыс және қазақ тілдеріндегі 
типологиялық ерекшеліктер. Сөз таптары. Лексика: Не-
ологизмдер. Терминдер. Кірме сөздер. Көнерген сөздер. 
Диалектілік  лексика.  Метонимия.  Табу.  Эвфемизм. 
Кәсіби  сөздер.  Әлеуметтік  лексика.  Метафаза.  Анто-
нимдер. Омонимдер. Фразеологизмдер. Синтаксис. Сөз 
тіркесі. Сөйлем. Жай сөйлем. Құрмалас сөйлем. 
Соңғы басылым 2007/ 220 б./ 84х108 
1
/
32
ISBN 9965-35-440-5 
 
 
Салыстырмалы 
грамматика.
 
Оқу құралы
ҚАЛИМҰҚАШЕВА Б.Д.
Оқу-әдістемелік  құралда  шешендік  өнерді  үйретуді 
әдістемелік тұрғыдан арнайы зерттеу ұлттық менталитет-
пен сабақтастырыла қарастырылған. Ежелгі дәуірлердегі 
шешендік  әдістерден  бастап  қазақ  шешендерінің  сөз 
сөйлеу дәстүрін үйрету жолдары баяндалған. Шешендік 
өнерді үйрету әдістемесін ғылыми-теориялық тұрғыдан 
негіздей  отырып,  шешендік  шеберлікке  жетудің  жол-
дарын (әдіс-тәсілдерін, көлемін, мазмұнын, жаттығулар 
жүйесін, тест, сауалнама, т.б.) ұсынады. 
Сөйлеу  мәдениетін  қалыптастыратын  бұл  құрал  оқы-
тушыларға, мұғалімдерге, гуманитарлық факультет сту-
денттеріне және осы сала ізденушілеріне арналған.
ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР 
– шешендік сөз өнерінің теориялық негіздері;
– шешендік өнер туралы және оның әдістемесіне қатысты 
ғылыми әдебиеттерге (философиялық, лингвистикалық, 
психологиялық,  логикалық,  әдістемелік)  және  бұрын 
жарық  көрген  оқулықтарға  шешендік  өнер  әдістемесі 
тұрғысынан талдау жасау;
– қазіргі кездегі шешендік сөздің түрлері;
–  шешендік  өнерге  үйрету  әдістемесін  жүргізудің  ғы л ы   -
ми  негізделген  әдіс-тәсілдер  жүйесі,  оны  тәжірибеде 
қолдану. 
МАЗМҰНЫ:  Кіріспе.  Шешендік  өнерді  үйрету  әдіс-
темесінің  ғылыми  негіздері:  Шешендік  өнердің  тари-
хына  шолу.  Шешендік  өнерді  үйрету әдістемесінің  ше-
шендіктану  және  лингвистикалық  негіздері.  Шешен дік 
өнерді  үйрету  әдістемесінің  дидактикалық  негіздері. 
Шешендікке  үйрету  әдістемесінің  логикалық  және 
психологиялық  негізі.  Шешендік  өнерді  үйрету  әдіс-
темесі: Шешендік өнерді үйрету жайындағы әдістемелік 
әдебиеттерге  талдау  жасау.  Шешендік  өнерді  үйрету 
әдістемесі.  Дәрістер  жүйесі.  Практикалық  сабақтарды 
өткізу.  Өзіндік  жұмыстар.  Аудиториядан  тыс  жүргізі-
летін жұмыстар. Қорытынды. 
Соңғы басылым 2010 / 168 б./ 84х108 
1
/
32
ISBN 978-996-535-858-6
Сөйлеу мәдениеті 
және шешендік 
өнер.
 
Оқу­әдістемелік құрал

25
КӘСІПТІК БІЛІМ
ПРОФЕССИОНАЛЬНОЕ ОБРАЗОВАНИЕ
Қазақ тілі мен әдебиеті
Казахский язык и литература
ӘБДІҚАЛЫҚОВ М.Н., Алматы қаласының №1 кәсіптік 
лицейінің директоры;
КҮНТУАРОВА  Б.С.,  Алматы  қаласының  №1  кәсіптік 
лицейінің оқытушысы;
ПАРФЕНОВА  Л.А.,  Алматы  қаласының  №1  кәсіптік 
лицейінің оқытушысы.
Оқулықта  сөздік  қатынас  теориясының  негізгі 
ұғымдарына,  сөздің  қызметтік  стильдеріне  сипатта-
малар  берілген.  Сондай-ақ,  оқу,  жазу,  тыңдау,  сөйлеу 
дағдыларын  дамыту,  сөйлеу  техникасын  жетілдіру, 
сөздік норманы меңгеру мәселелері қозғалады. 
Оқулық  кәсіптік  мектеп,  лицей  және  колледждердің 
оқушыларына арналған.
ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР 
– сөздік қатынас теориясының негізгі ұғымдары;
– ұлттық тілдің түрлері мен сөздің қызметтік стильдері;
– сөйлеу мәдениетінің өлшемдері;
– ауызша және жазба әдеби тілдің қалыптарын ме ң геру;
– оқу, жазу, тыңдау сөйлеу дағдыларын  дамыту
–  сөйлеу  техникасын  дамытудың  теориялық  және 
тәжірибелік мәселелері. 
МАЗМҰНЫ:  Кiрiспе.  Сөздік  қатынас  теориясының 
негізгі  ұғымдары:  Ұлттық  тiлдiң  түрлерi  және  сөздiң 
қызметтiк  (функционалдық)  стильдерi.  Лексика  және 
фразеология.  Қызметтiк  стильдер.  Терминологиялық 
лексика.  Сөз  мәдениетінің  негіздері:  Сөз  мәдениетi 
ұғымының  мәнiсi.  Сөйлеу  нормалары  және  сөйлеу 
мәдениетi.  Сөздiк  нормалардың  түрлерi.  Сөз  байлығы. 
Сөздік  қатынас  дағдыларын  дамыту  және  жетілдіру: 
Оқу  дағдыларының  дамуы  және  жетілдірілуі.  Тыңдау 
дағдыларын  дамыту  және  жетілдіру.  Жазба  тілдің 
дағдыларын  дамыту  және  жетілдіру.  Ауызша  тілдің 
дағдыларын  дамыту  және  жетілдіру.  Сөздің  құрылуы. 
Сөз сөйлеу. Сөйлеу техникасы: Сөйлеу аппараты. Тыныс 
алу және оны жаттықтыру. Дикция (сөздi айқын айту). 
Интонация. Кiдiрiс. Сөздік қатынас түрлері: Тұрмыстық, 
күнделiктi сөйлесу. Iскерлiк әңгiмелесулер. Келiссөздер. 
Телефон арқылы байланыс. Сөздік қатынастың этикасы 
мен психологиясы: Этика және сөз. Этика және сөйлеу 
әрекетiнiң түрлерi. Сөздiк қатынас психологиясы. Сөздiк 
қатынастардағы тиiмдi стратегия мен тактикалар. Сөздiк 
минимум. 
Соңғы басылым 2010 / 376 б. / 84х108 
1
/
32
ISBN 978-996-535-884-5
Сөздік қатынас 
негіздері.
 
2-басылым.
Оқулық 
ТЕМІРЕШЕВА  А.Ж.,  Орал  қаласы  №1  жалпы  орта  білім 
беретін  мектептің  жоғары  санатты  қазақ  тілі  мен 
әдебиеті пәні мұғалімі.
Оқулық  «Тіл  білімі  негіздері»  бойынша  дайындалған 
дәрістердің қысқа конспектісі іспеттес құрылған. Оқулық 
әрі теориялық, әрі практикалық мәселелерді қамти оты-
рып, оқушылардың таным дүниесін қалыптастырады.
Ұсынылып  отырған  оқулық  педагогикалық  колледж 
оқытушылары мен оқушыларына арналған.
ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР 
– тіл білімінің зерттеу объектісі;
– тіл білімінің философия ғылымымен байланысы;
–  грамматикалық  категория.  Лексикологияның  салала-
ры;
– сөз құдіреті туралы;
– терминдерге анықтама;
қірме сөздердің ерекшелігі;
– ғылыми этимология;
– сөз таптары және т.б. 
МАЗМҰНЫ: Тілді практикалық және ғылыми тұрғыдан 
білу.  Тіл  білімінің  өзге  ғылымдармен  байланысы.  Тіл 
білімінің  тараулары  мен  салалары.  Тілдің  анықтамасы. 
Тілдің  мәні  және  қызметі.  Лексикологияның  зерттеу 
объектісі.  Сөздің  лексикалық  мағынасының  түрлері. 
Терминдер.  Кірме  сөздер.  Синоноимдер.  Антоним-
дер.  Омонимдер.  Тілдік  актив  және  пассив  лексика-
сы  жөнінде.  Диалектілік  лексика.  Полисемия.  Сөз 
мағынасының  кеңеюі,  тарылуы.  Табу  және  эвфизмдер. 
Фразеология  және  фразеологиялық  бірліктер.  Ғылыми 
этимология.  Халық  этимологиясы.  Лексикография  ту-
ралы  түсінік.  Түсіндірме,  аударма,  терминологиялық 
сөздіктер. Диалектологиялық сөздіктер. Фонетика, оның 
зерттеу объектісі. Тіл дыбыстарының түрлері. Дифтонг-
тар. Фонема. Екпін, оның түрлері. Дыбыстардың өзгеруі 
мен  үндесуі.  Сингармонизм,  ассимиляция,  редукция, 
элизия.  Буын.  Тасымал.  Дауысты  дыбыстар.  Дауыссыз 
дыбыстар. Грамматика туралы түсінік. Грамматикалық 
тәсіл  түрлері.  Аффиксация,  аглютинация  және  фу-
зия  құбылыстары.  Сан  категориясы.  Жақ  категориясы. 
Септік  категориясы.  Сөз  таптары,  олардың  жіктелуі. 
Синтаксис  мәселелері.  Сөйлемнің  түрлері.  Жазу  және 
оның  даму  кезеңдері.  Тілдердің  шығуы  және  дамуы. 
Тілдердің  топтастырылуы  туралы  жалпы  түсінік.  Фра-
зеология  және  мақал-мәтелдер.  Еліктеуіш  сөздердің 
дыбыстық  ерекшеліктері.  Тақырыптар  бойынша  тест 
тапсырмалары. Сызбалар. 
Соңғы басылым 2008/ 224 б. / 84х108 
1
/
32
ISBN 9965-35-326-3
 
 
Тіл біліміне кіріспе. 
Оқулық

26
КӘСІПТІК БІЛІМ
ПРОФЕССИОНАЛЬНОЕ ОБРАЗОВАНИЕ
Қазақ тілі мен әдебиеті
Казахский язык и литература
ДАУПАЕВ Қ., Орал педагогикалық колледжінің жоғары са-
натты қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы.
Тіл  мәдениеті,  стилистика  бойынша  құрастырылған 
бұл жинақта сөйлеу мәдениетіне қойылатын талаптар, 
топ алдында сөйлеуге әзірлік жұмыстары туралы айты-
лып, тіл дамыту жолдары, сөз саптау үшін жүргізілетін 
жұмыс  түрлері  нақты  тапсырмалар  арқылы  толық 
қамтылған.
Оқу  құралы  мектеп  мұғалімдеріне,  педагогикалық, 
техникалық  және  кәсіптік білім беретін оқу орын да ры-
ның оқытушыларына арналған.
ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР 
– тіл мәдениеті курсының зерттеу объектісі, мақсаты мен 
міндеттері;
– тіл тазалығы, сөйлеу шеберлігі;
–  ауызша  сөйлеу  мәдениеті  және  оған  дыбыс  тілінің 
қатысы;
тіл мәдениетін қалыпқа келтіру;
–  ритмикалық  топ,  ауызша  сөйлеу  мәдениетіне  оның 
әсері;
– сөз қолдану және жазу мәдениетінің бір-бірімен бай-
ланысы;
– сөз жатықтығы мен дәлдігі. 
МАЗМҰНЫ:    «Тіл  мәдениеті»  курсының  зерттеу  объ-
ектісі,  мақсаты  және  міндеттері.  Ауызша  сөйлеу  мәде-
ниеті  мен  дыбыс  тілінің  тікелей  байланыстылығы.  Сөз 
қолдану  мәдениеті  мен  жазу  мәдениетінің  байланысы, 
оған қойылатын талаптар. Тіл тазалығы. Сөз жатықтығы 
(әдеби тіл нормасы). Сөз дәлдігі. Сөз байлығы. Сөз әсер-
лігі. 
Соңғы басылым 2008/ 72 б./ 84х108 
1
/
32
ISBN 9965-35-396-4 
Тіл мәдениеті 
және стилистика. 
Оқу құралы
НЫСАНОВА К.Н., преподаватель русского языка и литера­
туры высшей категории педагогического колледжа им. Ж. Дос­
мухамедова;
ДЖАБАШЕВА Н.А., преподаватель первой категории рус-
ского языка и литературы;
ТУКЕШЕВА К.К., преподаватель первой категории русско-
го языка и литературы.
В учебнике дана характеристика основных процессов и 
этапов  развития  русской  литературы  с  XI  по  XX  века. 
Значительное внимание уделено раскрытию обществен-
ного    значения  крупнейших  произведений,  их  роли  в 
идеологической борьбе, формированию прогрессивных 
идеалов.  Монографические  главы  посвящены  творче-
ству М.В. Ломоносова, Г.Р. Державина, А.С. Пушки-
на,  И.С.  Тургенева,  Л.Н.  Толстого  и  других  писателей-
классиков. Каждый писатель, раскрывая духовный мир 
своих,  воспроизводит  и  те  обстоятельства,  в  которых 
формируются их характеры, рисует целостную картину 
жизни людей той или иной исторической эпохи.
Учебник предназначен для учащихся и преподавателей 
педагогических колледжей.
КЛЮЧЕВЫЕ МОМЕНТЫ
–  изучение  основных  черт,  составляющие  особенность 
русской  классической  литературы:  высокая  идейность, 
беспощадный и трезвый реализм, глубина проникнове-
ния в мир человеческих побуждений, страстность худо-
жественного слова;
–  знакомство  с  произведениями  русской  классической 
литературы;
– познание закономерностей социально-экономических 
процессов;
– овладение многообразным опытом человеческой прак-
тики и приобщение к высшим идеалам нравственности.


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет