Профессор З. Базарбаеваның интонология саласына қосқан үлесі



Дата12.04.2022
өлшемі18,37 Kb.
#30694
Байланысты:
З.Базарбаеваның интонология саласына қосқан үлесі


Профессор З.Базарбаеваның интонология саласына қосқан үлесі

Зейнеп Мүсілімқызы Базарбаева 1952 жылы 3 қыркүйек күні Алматы қаласында дүниеге келген. 1970 жылы Алматыдағы № 35 орта мектебін бітірген. 1975 жылы Морис Торез атындағы Мәскеу мемлекеттік шет тілдер институтын (қазіргі Мәскеу мемлекеттік лингвистикалық университеті) бітіріп шыққан. Осы институтта аспирантураны аяқтап, еңбек жолын 1981 жылы Тіл білімі институтында кіші ғылыми қызметкерліктен бастап, аға ғылыми қызметкер, ғалым хатшы, бас ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді (1986-2000 ж.ж.). 2001 жылдан бастап қазірге дейін Фонетика бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарып келеді.

З.М.Базарбаева «Интонация вводных единиц в языках различного типа (на материале французского, казахского и русского языков)» атты кандидаттық диссертация (1983) және «Қазақ тілінің интонациялық жүйесі» атты докторлық диссертация (1997) қорғады. 2002 жылы профессор ғылыми атағын алады.

З.М.Базарбаева салғастырмалы-типологиялық, жалпы тіл білімі және түркі тіл білімі саласы бойынша жетекші ғалымдардың бірі. Түркі тілдеріндегі жаңа бағыт – интонология саласын зерттеп, қазақ интонологиясының негіздерін қалыптастырған еңбектер жариялады:



  • «Типологическое исследование интонации вводных единиц (на материале французского, казахского и русского языков), (1991)»;

  • «Қазақ тілінің интонациялық жүйесі» (1996); «Қазіргі қазақ тілінің интонация негіздері» (2002); «Строй казахского языка» (1991), (авторлар ұжымы);

  • «Қазақ грамматикасы» (2002), (авторлар ұжымы);

  • «Казахская интонация» (2008), «Қазақ тілі: интонология, фонология» (2008).

Қазақ интонациясы жүйелі түрде, кешенді зерттеліп, теориялық принциптері мен әдістері, тілдік бірліктері (интонемалары), оның просодикалық тәсілдерінің (әуен, қарқын, үдемелік, кідіріс т.б) сөйлем, мәтін, дискурста көрінісі мен қызметі анықталып, эксперименттік талдау негізінде қазақ интонациясының теориясы жасалып, интонология қазақ тіл білімінде, түркітануда тұңғыш рет жаңа сала ретінде танылды. Интонология саласы бойынша жоғары білікті мамандар дайындады. Фонология саласына арналған еңбектерінде фонема теориясының қазақ тіліндегі көрінісі, әлемдік фонологиялық мектептер, диахрондық фонология, фонологизация құбылыстарының тарихи негіздері деген проблемалар қазақ тілтанымында алғаш рет сөз болады.

Қазіргі кезде З.М.Базарбаева қазақ лингвистикасы және түркітану проблемалармен қатар айналысып, интонология, коммуникативтік синтаксис, қазақ сөзін талдау мен синтездеу, тарихи фонетика, диахрондық фонология салалары бойынша 2000 жылдан бері бүгінгі күнге дейін іргелі және қолданбалы зерттеу бағдарламалары аясындағы зерттеу тақырыптарына ғылыми жетекшілік етіп келеді. З.М.Базарбаева 1998-2008 жылдар аралығында Қайнар университетінде халықаралық факультетінің шет тілдер кафедрасының меңгерушісі және қазақ филологиясы кафедрасының профессоры болып жұмыс істеді. 2009 жылдан бастап Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде профессоры ретінде дәріс оқып, PhD мен магистранттарға арналған қазақ тілінің фонетикасы, фонология, интонология салалары бойынша типтік бағдарламаларын дайындады. Ізденушілерге ғылыми жетекшілік жасап келеді.

Москва, Ленинград, Новосибирск, Тбилиси, Қазан, Бішкек сияқты қалаларда және Францияның, Қытайдың, Түркияның бірқатар қалаларында өткен халықаралық ғылыми конференциялар мен конгрестерге қатысып баяндама жасап келеді.

Сонымен бірге З.М.Базарбаева іргелі зерттеу бағдарламасы бойынша ұсынылған ғылыми зерттеу жобаларын бағалауда Конкурстық комиссия мүшесі (2000-2006), жоғары аттестациялық комитеттің (ЖАК) мүшесі (2000-2003), Институт жанындағы диссертациялық кеңестің мүшесі (1998-2010) болып қызмет атқарған және республикалық ғылыми «Хабаршы» журналының редакция алқасының мүшесі, «Тілтаным» журналының жауапты редакторы жұмысын атқарып келеді. Аджип ККО компаниясы гранттарының иегері. 2008 жылы «10 жыл Астана» мерекелік медалімен марапатталды.



З.М.Базарбаеваның жетекшілігімен қорғалған ғалымдар:

  • А.Фазылжанова

  • А.Аманбаева

  • Ж.Кеншинбаева

  • Т.Кеншинбаев

  • И.Баймуратова

  • Ж.Жумабаева

  • А.Берікболова

  • С.Альпатина

  • А.Адаева

  • Н.Оспангазиева


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет