«Профи-time» квест ойынының анықтамасы 22 жылдың сәуір күні «А», «Ә», «Б», «В» сыныптар арасында кәсіптік бағдар беру жоспары бойынша «Профи-time»



Дата10.05.2022
өлшемі1,04 Mb.
#33893
Байланысты:
Профи-time анықтама


«Профи-time» квест ойынының анықтамасы

2022 жылдың 8 сәуір күні 9 «А», 9 «Ә», «Б», «В» сыныптар арасында кәсіптік бағдар беру жоспары бойынша «Профи-time» атты квест ойыны болып өтті.



Мақсаты: Жасөспірімдердің мамандық туралы мәлімет алуына жағдай жасау; 

Квест ойыны арқылы оқушы практикалық тапсырмалар арқылы мамандық туралы іс - тәжірибе жинақтау. 



Квест ойынының идеясы: ойында оқушылар мамандық туралы жаңа мағлұмат алады, сол мамандықтың қызметкерлерімен танысады, коммуникативті дағдыларды бойына сіңіреді, топта нәтижелі жұмыс істеуге үйренеді, ортақ мақсатқа жету жолдарының бағыттарын табуға дағдыланады. 

Квест ойынына 9А, 9Ә, 9Б, 9В сыныптардан 4 команда қатысты. Оқушыларға бағыттаушы парағы берілді. Тапсырманы сол бағыттаушы парағына сәйкес орындады.



Ойын 4 кезеңнен тұрды. Бірінші кезең бойынша оқушыларды квест ойынының мақсатымен, міндетімен, ережелерімен таныстырып өтілді. Екінші кезеңде оқушылар өрт сөндірушінің, шаштараздың, аспазшының, медициналық қызметкердің жұмыстарын практикалық түрде көрсетіп, таныстырды. Үшінші кезеңде оқушылар бекеттерден өтіп, түрлі тапсырмаларды орындады. Яғни үшінші кезең 6 бекеттен (станция) тұрды. Алты бекетке бару жолы жұмбақ ретінде жасырылды. Оқушылар жұмбақты шешіп, баратын бекеттін жауабын алды

  1. Өрт сөндіруші

  2. Медициналық қызметкер

  3. Шаштараз

  4. Аспазшы

  5. Құжататр бөлімі 

  6. Кітапханашы

  1. «Өрт сөндіруші» бекетінде, өрт сөндіруші киімін белгіленген уақыт мөлшеріне байланысты киінді. Топтың жалпы уақыты саналды.

  2. «Медициналық қызметкер» бекетінде оқушылар алғашқы мединалық көмек қалай көрсетіледі және адамның қан қысымы қалай өлшенеді, соны практикалық түрде көрсетті

  3. «Шаштараз» бекетінде шаш үлгісін жасап көрсетті

  4. «Аспазшы» бекетінде төрт адамға арналған үстел басын дайындап көрсетті  

  5. «Құжататр бөлімі» бекетінде оқушылар оқуға түсерде қандай құжаттар керек екенін тауып көрсетті

  6. «Кітапханашы» бекетінде оқушылар берілген тапсырмадағы оқулықтарды тауып көрсетті

Соңғы кезеңде қорытынды бөлімде оқушылар мадақтау қағаздарымен марапатталды. 9Б сыныбының оқушылары «Үздік ойыншылар» номинациясымен, 9Ә сынып оқушылры «Талантты жастар» номинациясымен, 9В сынып оқушылары «Шығармашыл жастар» номинациясымен 9А сынып оқушылары «Ізденімпаз жастар» номинациясымен марапатталды. Квест ойыны оқушылардың көңілдерінен шықты. Ойын өз мақсатына жетті. 













Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет