Программа дисциплины (syllabus) Павлодар, 2013 Лист утверждения программы дисциплины (Syllabus) Форма



жүктеу 0.54 Mb.
Pdf просмотр
бет2/2
Дата15.03.2017
өлшемі0.54 Mb.
түріПрограмма дисциплины
1   2

   3.   Сұрақтарға жауап беріңіз.

а) Мәтінде қандай мәселе туралы айтылады?

ә) Мәтіндегі кәсіби сөздерді анықтап, астын сызыңыз.

б) Мәтінде тұрақты тіркестер кездесе ме, анықтаңыз.

в) Мәтінде сіздің мамандығыңыздан басқа қай саланың терминдері жиі 

кездеседі?

г) Еліміздегі құрылыс материалдарын шығаратын өндіріс орны туралы ақпарат 

дайындаңыз

.

4. Берілген сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз.

Ішкі   рыноктағы   тұтыну,   еңбек   өнімділігін   арттыру,   жаңа   еңбек   орындары,

мақсатқа қол жеткізу.

     5.

 

Тест тапсырмаларын орындаңыз.

1. Төмендегі сөйлемді толықтырыңыз. 



Қазір елдің әлеуметтік-экономикалық ... жақсарды.

                                                        А.тұрмысы

                                                        Ә. өмірі

                                                        Б. жағдайы

                                                        

2. «Қайта даму» сөзінің синонимі

                                                         А. жаңару.

                                                         Ә. жақсару



                                                          Б. өркендеу

3. Құрылыс өндірісіне қажетті материалдарды көрсетіңіз.

                                 А. жоба, дизайн, зауыт, техника

  Ә.ғимарат, цемент, бояу, металл өнімдері

                          Б. қоспалар, резина, пластмасса бұйымдары, керамика

4. Жіктік жалғауы жалғанған сөзді көрсетіңіз.

  А. қызметтесің

  Ә. қызметтессің

  Б. қызметтес

5. Сөйлемдегі сөздердің орналасу тәртібін көрсетіңіз.



Алматы   арналған   қаласында   басқосу   болды   өндіру   мәселесіне   жуырда   құрылыс

материалдарын. 

                                              А.  1,2,5, 7,6,3.

                                              Ә.  6,1,3,7,5,2,4.

                                              Б.   6,1,4,3,7,2,5



 

БӨЖ ТАҚЫРЫБЫ: Қазақстандағы құрылыс өнеркәсібі туралы не білеміз? 

Ағымдық бақылау тапсырмалары:

1. Құрылыс материалдарының түрлері  туралы айтыңыз.

2.     Заманауи   құрылыс   материалдарының   ерекшеліктері   мен   жасалу   технологиясы

туралы не білесіз?

3. Отандық құрылыс материалдарының өндірісі туралы мәлімет дайындаңыз.


3 апта

Бірінші сабақ

Сабақтың тақырыбы: «

Қазақтардың ежелгі баспанасы -киіз үй»

Грамматика:

 

септік жалғауларын қайталау

Сабақтың   мақсаты: студенттердің   киіз   үй   және   оның   құрылысы   жайлы

мағлұматтарын   кеңейту,  кәсіби   мәтін   бойынша   студенттердің   сөздік   қорын   молайту

және   берілген   ақпараттар   нәтижесінде   олардың   танымдық   қабілетін   арттыру,   жаңа

терминдермен таныстыру, сөйлеу қабілетін арттыру, сауатты жазуға дағдыландыру.



1.

Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.

Табиғаттағы тіршілік атаулының өсіп-өнуі, даму көзі – оның тамыры, адам баласының

даму   көзі-тілі,   діні,   салт-дәстүрі.   Біз   осы   уақытқа   шейін   ғылым   мен   білімге   тек

еуропалықтардың көзімен қарап келгенімізге мән бере бермейміз. 

      

Арғы-бергі тарихымыз бен мәдениетімізді зерделей қарасақ, киіз үйдің атқарған



рөлі өте зор екеніне көз жеткіземіз. Біздің киіз үйіміз тек баспана ғана емес, ол сәулет,

құрылыс,   сурет,   қолөнер  сияқты  бірнеше   өнердің  басын   құрайтын   ғажайып   туынды

десек   те   болады.   Басқа   елдердегідей   емес,   бұл   ағаш,   киіз,   ши,   әрі   көшпелі

(жылжымалы) құрылыс түріне жатады. Сонғы 7 – 8 ғасыр бойына киіз үйге өзгеріс

енгізілмей, қазақтар үшін ең қолайлы баспана болып қалды. Киіз үй әлемге белгілі,

яғни   әлемдегі   ең   тез   құрастырылып,   тез   жығылатын   үй.   Және   де   киіз   үйіміз   басқа

халықтардың   үйлерімен   салыстырғанда,   бір   де   бір   шеге   пайдаланбай   –   ақ

құрастырылатын үй деп танылады. Ол ауа райының қандай жағдайында да пайдалануға

өте   ынғайлы,   ішіне   жарық   жақсы   түседі,   ауа   алмасу   талапқа   сай,   жел   –   дауылға

шайқалмайды, берік, төбесі жадағай емес, күмбез болып келеді.           

Балманова Г.С.

2.

Жаңа сөздердің аудармасын жазыңыз. 

Ежелгі-                                    Ыңғайлы -  

Баспана -                                 ауа алмасу-

Ағаш -                                       Көшпелі құрылыс – 

Киіз -                                         дауылға шайқалмайды -

Ши -                                          күмбез –


3.

Жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрастырыңыздар.

Үлгі: Қазақтың ежелгі баспанасы – киіз үй.

 

4.

Тиісті сөздерді мағынасына қарай орнына қойып, мәтінді толықтырыңыз.

     Киіз   үй   –   көптеген   ...   бойы     Еуразияның   ұшы-қиырсыз   жазирасын   басқарған   ...

халықтың көшпенді тұрмысы мен өмір салтына мейлінше ... болған баспана түрі. Соңғы

қола   дәуірінің   өзінде-ақ   (б.з.д.   2   мыңжылдық   тың   соңы   –   1   мыңжылдықтың   басы)

Еуразия даласында доңғалақ үстіндегі алғашқы ... тұрғын жайлар пайда бола бастады.

    Орта ғасырларда платформаларға орнатылған, ондаған жетек малы сүйреткен орасан

зор жиналмайтын  киіз  ... кезіп  жүрген.  Арба үстіндегі  жай (күйме)  – киіз  үйлердің

осындай салтанатты түрлері Қазақстанда ХҮІІ ғасырға дейін қолданыста болды.

Керекті сөздер: ежелгі, үй-ордалар, жылжымалы, тұрғын, ғасырлар, қолайлы.

5. Кестені толтырыңыз. 

 

Сөздер

атау

ілік

барыс

табыс

жатыс

шығыс көмектес

халықтың

баспанамен

тұрмысы

даласында

ағаштан

киіз үйін

Екінші сабақ

1.

 

Мәтінді оқыңыз. 

Киіз үй өлшемдері.

                       Киіз үй негізгі 3 бөліктен тұрады: 1) үйдің сүйектері (ағаштан тұратын

бөліктері); 2) киіздері (ши де осыған кіреді); 3) бау шылаулары (баулары мен басқұр

арқандары). Киіз  үй бөліктерін  дайындағанда,  экологиялық  таза,  табиғи  материалды

қолданған,   яғни   олардың   құрамында   ешқандай   денсаулыққа   зиян   келтіретін

синтетикалық қоспалары жоқ. 

               Киіз үйді тіккенде, алдымен керегелерді бір–біріне қосып, оның екі жағы есік

босағасына   таңғыштар   арқылы   бекітіледі.   Кереге   басын   бас   арқанмен   орай   тартып,

маңдайшаның екі жақ басына мықтап байлайды. Үйдің берік тұруының себебі оның

салмағы осы бас арқанға түсетінімен түсіндіреледі. Содан соң бақан арқылы шаңырақ

көтеріліп, оның жан–жағынан уық шаншылады. Уық тегіс шаншылып біткеннен кейін,

ірге киіз жабылады. Оның биіктігі жарты метрдей, онымен үй айнала орала жабылып,

түсіп кетпес үшін әр жерінен керегеге байланады. Ірге киіз желді күні шаң, топырақтан,

қыста суықтан қорғайды. Осыдан кейін туырлық жабылады да, ол туырлық бау (құр)

арқылы уықтан асып, қарсы керегеге байланады. Үй көлеміне қарай туырлық 3,4 бөлік

болуы мүмкін. Туырлық екі босаға жақтан бастап жабылып, ол да бау арқылы белдеуге

байланады.

2. Мәтіннен киіз үй құруға қажетті заттардың атын тауып, теріп жазыңыз.

3. Өлеңнің мазмұнын біліп, жаттап алыңыз.

 

Киіз үй жасаулары

Сағақты кереге


Шаңырақ біреу,

Шаңыраққа сексен уық болар тіреу

Алты қанат боз үй дейсің мұны,

Сынамаққа сұрай қалса біреу-міреу.

Ең алғаш күлдіреуіштен сығалар таң,

Керегенің басында адалбақан.

Төрдегі текеметке малдас құрып

Көнеден хикаясын шертер атаң.

Іргеден маңдай төсеп еспе желге

Қымыз іш


Сырқат қалмас еш денеңде.

Кесе қап, аяқ қап пен әбдіре, сандық

Артық мүлік болмайды көшпелі елде.

Тап-таза,

Есетұғын ауасы жас,

Киіз үйге жұрттың ынтық болғаны рас.

Жылы, жеңіл

Тігуі, жығуы оңай

Үй басуды үйренер зерделі жас.

4.   Жоғарыда   берілген   өлең   жолдарынан   қазіргі   кезде   тұрмыста   қолданбайтын

(көнерген сөздер) заттардың атауын тауып жазыңыз.

БӨЖ:  Киіз   үй   материалдарының   физикалық   қасиеттері   жайлы   ақпарат

дайындаңыз.

Ағымдық бақылау тапсырмалары:

1. Киіз үй құрылысы туралы айтыңыз.

2. Киіз үй   құруға қажетті заттарды атаңыз.

3. Киіз үйдің физикалық қасиеті туралы не білесіз?



4 апта

Бірінші сабақ

Сабақтың тақырыбы: 

 «

Ағашқа ою салу өнер». 

Грамматика:

 

етістіктің өткен шақ категориясы

Сабақтың мақсаты:  студенттерге кәсіби мәтін негізінде ағаш өнері жайлы мағлұмат

беру,   олардың   танымдық   қабілетін   арттыру   және   сөздік   қорын   молайту,   жаңа

терминдермен   таныстыру,   мемлекеттік   тілде   ауызша   жылдам   әрі   сауатты   сөйлеу

қабілетін арттыру, сауатты жазуға дағдыландыру.



1. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.

Ағашқа ою салу өнерi.

            Ағашқа   ою   салу   өнерi   Қазақстанның   солтүстiк   аудандардан   бастап   барлық

аумақтарға   кеңiнен   таралған.   Стилистикалық   тұрғыда   ол   қазақтың   халықтық

қолөнерiнiң басқа да барлық түрлерiмен тығыз байланысты. Ең бастысы, киiзден және

былғарыдан   оюлап   көркем   бұйымдар   жасаудың   да   ағаш   оюы   өнеріне   қатысы   көп.

Мысалы, киiзден оюлап жасалған дүниелер, өрмелер, түрлі тоқымалар, кестелеу сияқты

халық өнерiнiң түрлерi киiз үй жиһазының сәнiн келтiрiп отырған. Үйге қажеттi тұтыну

аспаптарын толықтырған, сөйтiп, өнер туындысына айналған.  

Қазақтардың   ағашты   өңдеп,   пайдалануы,   ең   алдымен,   оның   көшпендi   өмiр

салтының  қажетiн  өтеуге  байланысты   болған.  Киiз   үйдiң  сүйегi  мен  есiгі,   босағасы

ағаштан жасалған. Киiз үйдiң сүйегiне әдетте ою салынбаған, ал есiк пен жиналмалы

босағаларға ою ойылып, олар түрлi бояулармен әшекейленiп отырған. Кейде, әсiресе

салтанатты   ордалардың   ағаштары   сүйекпен,   алтын,   күмiс,   мыс-жезбен   оюлап

безендiрiлген. Көшпендi өмiр салтына қарамастан қазақтардың ағаштан жасалған үй

жиһазы болған, мысалы төсек, сандық, адалбақан, кебеже т.с.с.

2. Жаңа сөздер және сөз тіркестерімен танысыңыз.

Ағашқа ою салу-                                           көркем бұйымдар- 

өнері-                                                             өрмелер - 

халықтық қолөнер-                                       тоқымалар-

өнер туындысы-                                            ағашты өңдеу-

3.

Мәтіннен  Не   істейді?  деген   сұраққа   жауап   беретін   етістіктерді   теріп

жазыңыз.

Ағашты


 

өңдеп


 

______________________________________________

___________________________________________________________

4.

Асты   сызылған   етістіктерге   бұрынғы   өткен   шақ   жұрнақтарын   жалғап

жазыңыз.  

 

          Қазақ   шеберлерi   көбiне   қаптамалы   өрнектеудi  қолдан....  Аса   қымбат   бағалы



дүниелердi жасағанда, сүйекке алтын-күмiс жапсырмаларын қосып безендiретiн бол....

Сүйекшi шеберлердiң еңбегi өте жоғары бағалан.... Қазақ шеберлерi қайыңның қатты

безiнен қымыз iшетiн тостаған, саптаяқтар  ой....  Қымыз құятын ожаулардың өзi де әр

алуан қалыпта жасал.... Салтанатқа ұсталатын ыдыс-аяқтарға күмiстелген өрнектермен

қоса   iрi   асыл   тастар   салынып   зерленетiн  бол....  Ою   салынған   дүниелермен   қатар

станокта жонылған ыдыс-аяқтар кеңiнен қолданыл....



Екінші сабақ

Сабақтың тақырыбы:  

Домбыраның кұрылысы

Грамматика:

 етістіктің келер шақ категориясы

1. Мәтінді оқыңыз.

               Домбыраның құрылысы бірнеше бөліктен тұрады: басы, құлақтары, пернелер,

мойын,   шанақ,   бетқақпақ,   ілгек   және   ішектер.   Сондай-ақ,   оның   көптеген   қосымша

бөлшектері бар (

тиек

, кемер ағаш, 



тұжым ағаш

,

бастырма, ойық, 



қалқа

түйме



өрнек


, желкелік).

Домбыра тиегі үш түрлі болады (шайтан тиек,

негізгі тиек, табалдырық тиек).

     Домбыра дыбыс өткізгіштігі жоғары қарағай,

дыбыс   жаңғырту   қасиеті   бар   үйеңкі,   емен

секілді   киелі   ағаштардан,   негізінен,   екі   түрлі

әдіспен

  –   құралып   немесе   ойылып   (шауып)



жасалады.   Құрама   домбыралардың   шанағы

жұқа   тілшелерден   құралып   жасалса,   бітеу

домбыра тұтас 

ағаштан


 ойылады.

2.   Мәтін   бойынша   сұрақтар   құрастырып,

оларға жауап беріңіз.

3.   Мәтіннен   етістіктерді   тауып,   қай   шақта

тұрғанын анықтаңыз.

4.   Берілген   етістіктерден   мақсатты   келер

шақ формасын жасаңыз:

пайдалану, кесу, әзірлеу, бекіту, қолдану, ою.



5.   Мына   етістіктерді   мақсатты,   болжалды,

ауыспалы келер   жіктеңіз:

орындау, салыстыру, бейнелеу, дайындау.



Үлгі: орындамақ, орындар, орындайды.

6. Мәтінді оқыңыз. 



Қазақтың қара домбырасы Гиннестің рекордтар кітабына енді

                 Қытай қазақтары ұлттық музыкалық аспап – домбыраны Гиннестің рекордтар

кітабына тіркеді. Шыңжаң өңіріндегі Толы ауданының 10 мың домбырашысы жексенбі

күні   бір   сәтте   қазақ   халқының   «Кеңес»   күйін

орындады.   Толы   аудандық   мәдениет   мекемесінің

бастығы   Гүлістан   Хамитқызының   айтуынша,   қара

домбыраны   рекордтар   кітабына   тіркеуге   дайындық

шамамен   екі   жыл   бұрын   басталыпты.   Аудандық

халық   өкіметі   мұндай   бастамаға   қолдау   көрсеткен.

Науқанға аймақтағы ең мықты деген домбырашылар

тартылған. Ұйымдастырушылар ақылдаса келе қазақ

халқының   «Кеңес»   күйін   таңдап   алыпты.   Биылғы

мамырдың   30-күні   қазақтың   ұлттық   киімін   киген


10450   домбырашы   аудандық   орта   мектептің   үлкен   спорттық   алаңына   жиналды.

Олардың   ішінде   28   ұлттың   өкілдері   болған,   әйткенмен   дені   қазақтар   екендігі

хабарланып отыр. Ұйымдастырушылар алаңды безендіру, домбырашыларды көркемдеп

отырғызу жағына ерекше көңіл бөлген. Таңертең сағат 10-да «Кеңес» күйі орындалды. 

           - Кері уақыт саналып, бәрі бір сәтте бастады. Дәл сол сәттегі жағдайды тілмен

сипаттап   жеткізу   қиын:   домбыраға   тағылған   үкілердің   тербелісі,   әуенде   қалықтаған

саз…   Гиннестің   рекордтар   кітабына   тіркеуге   келген   адамдардың   өздері   сондай

тебірентерлік сәттің куәсі болғандықтарын айтып жатыр. 10 мың домбырашының күй

орындау сәтін жоғарыдан қарағанда керемет көріністі тамашалауға болар еді, – дейді

Гүлістан Хамитқызы.

«Кеңес»   күйі   орындалған   соң   Гиннес   рекордтар   кітабының   өкілдері   рекорд

тіркелгендігін растайтын куәлікті табыс етті. 



                                                                                                    Талғат Дүйсенбек

7. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Мәтін не туралы? 

2. Қазақ домбырасы Гиннес рекордына қалай енді?

3. Қандай күй орындалды? 

4. Күйді орындауға қанша адам қатысты?



БӨЖ:  Жоғарыда   оқыған   мәтінді   пайдалана   отырып,   тақырып   бойынша   эссе

жазыңыз.

Ағымдық бақылау тапсырмалары:

1. Ағашқа ою салу өнерi туралы пікіріңіз.

2. Домбыраның құрылысы туралы айтыңыз.

3. Қазақ домбырасының Гиннес рекордына енуі туралы айтыңыз.



5 апта

Бірінші сабақ

Сабақтың тақырыбы:  «Қазақстанның жер бедері»

Грамматика: Тәуелді септеу.

Сабақтың   мақсаты:   студенттерге   Қазақстанның   жер   бедері   жайлы   мағлұмат   беру,

олардың   кәсіби   мәтін   негізінде   сөздік   қорын   молайту,   танымдық   қабілетін   арттыру,

терминдермен таныстыру, сауатты жазуға дағдыландыру.

1. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.

Қазақстанның жер бедері.

Қазақстанның жер бедері әр қилы. Ол палеогеографиялық дамудың талай ұзақ

кезеңдерін   басынан   кешірді.   Жер   бедері   теңіздік   және   континенттік   жағдайлардың

алмасып   отыруынан,   климаттың   үнемі   өзгеріске   ұшырауынан   және   тектоник,

қозғалыстардың нәтижесінде қалыптасқан. 

Республиканың   орталық   бөлігінде   болған   варийлік   (герциндік)   тау   жүйелері

жоғары   палеозойдан   бастап   қарқынды   континенттік   мүжілуге   ұшырады.   Соның

салдарынан қалдық қырқалы денудациялық жазықтар мен аласа тауларға айналды. Тек

қана   Торғай   алқабы   мен   республиканың   солтүстік-шығыс   бөлігін   кайнозойдың

мореналық   алаптарының   жекелеген   шығанақтары   басып   жатыр.   Ал   оңтүстік-батыс

бөлігін тұтасымен бор және неогендік теңіз басып жатыр. 

Төрттік кезеңде ғана Маңғыстау түбегі мен оған жапсарлас аудандар климаты

қуаң   жазық   құрлыққа   айналды.   Қазақстанның   оңтүстік-шығысында   неоген-төрттік

кезеңде түзілген биік таулы аймақтың қалыптасу процесі бүгінге дейін созылуда. Оған

жер қыртысының осы аймақтағы қозғалыстары мен сілкіністері дәлел. 

Таулы өңірді табиғат тарихында 3 рет мұз басқан. Соның салдарынан мұнда қар,

мұздықтық аңғарлар, мореналық материалдар ұшырайды.

2. Жаңа сөздермен танысыңыз. 

палеографиялық даму –                          

варийлік (герциндік) –                                   

мүжілу –                                                            

денудациялық жазықтар –    

шығанақ –

құрлық –

жер сілкіністері –

мұздықтық аңғарлар

                                    



3. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Неліктен Қазақстанның жер бедері әртүрлі?

2. Республиканың   орталық   бөлігінде   жер   бедерінің   өзгеру   жайы   жайлы   не

білесіз?


3. Солтүстік-шығыс және оңтүстік-батыс бөліктерінің қандай айырмашылықтары

бар?


4. Маңғыстау төңірегіндегі жер жағдайы қандай?

5. Таулы өңрдің жері жайлы не білесіз? 



4.   Төмендегі   жай   сөйлемдерді   салалас   және   сабақтас   құрмалас   сөйлемдерге

айналдырыңыз. Олар қандай қатынастарды білдіреді (мезгілдік, мекендік т.б,). 

1.     Қазақстанның   жер   бедері   әр   қилы.   Ол   палеогеографиялық   дамудың   талай   ұзақ

кезеңдерін басынан кешірді. 

2. Қалдық қырқалы денудациялық жазықтар мен аласа тауларға айналды. Ал оңтүстік-

батыс бөлігін тұтасымен бор және неогендік теңіз басып жатыр.

3. Қазақстанның оңтүстік-шығысында биік таулы аймақтың қалыптасу процесі бүгінге

дейін созылуда. Оған жер қыртысының осы аймақтағы қозғалыстары мен сілкіністері

дәлел. 


5. Төменде берілген жай және тәуелді септеуді жалғастырып, есіңізге түсіріңіз.

                     Жай септеу                             Тәуелді септеу

   А.   Қазақстанның жер бедері                 А.   Менің елімнің жер бедері

    І.   Қазақстанның жер бедерінің             І.   Менің елімнің жер бедерінің

Екінші сабақ

1. 

Мәтінді оқып, есте сақтаңыз. Өз сөзіңізбен мазмұндап айтыңыз. 

Геодезия ғылымы туралы.

Геодезия грек сөзінен алынған,  ge  – жер және     dai  – бөлемін деген сөздерден

тұрады. Жер туралы ғылымның бір саласы. Бұл ғылым жердің пішіні мен мөлшерін

зерттейді,   жер   бетінің   жоспары   мен   картасын   салады.   Жердің   пішіні   мен   мөлшері

градустық өлшеу әдісімен анықталады. 

Геодезия   өте   ерте   заманда   жер   бетін   шаруашылық   мақсаттар   үшін   зерттеу

қажеттігі туған кезде Ежелгі Египетте, Қытайда, Ежелгі Грекияда пайда болып, дами

бастады. Геодезиялық жұмыстардың Ресейде ғылыми жолға қойылуы  І Петр кезінде

жүзеге асырылды. 

Жоғары   геодезиялық   міндеттерді   шешу   үшін   геодезиялық   астрономия,

геодезиялық гравиметрия және ғарыштық геодезия деген жеке пәндер қолданылады.  

1) Геодезиялық гравиметрия. Ол жер бетінің жекелеген нүктелерінің ауырлық

күшін арнайы аспаптармен өлшеу арқылы жердің пішінін зерттейді.

2)   Геодезиялық   астрономия   жердің   карталары   мен   пландарын   жерден   және

әуеден түсірген фотосуреттер. Теңіз геодезиясы мұхиттар мен  теңіздер түбінің табиғи

қорларын барлау мен картаға түсіруге байланысты арнайы өлшеу әдістерін талдайды.

3)   Ғарыш   геодезиясы.   Жердің   жасанды   серіктерінің   көмегімен   жер   бетіндегі

нүктелердің арақатынасын зерттейді. Геодезия жер телімдерін түсірсе, картография жер

бетінің кескіндерін карталар түрінде жасау әдістері мен процестерін , оларды  жасау

және көбейту технологиясын зерттейді. 



2.   Төменде   берілген   сөйлемдерден   бірыңғай   мүшелерді   табыңыздар.   Олар

бірыңғай қай мүшелер және қандай сұрақтарға жауап береді?

1. Жер   бедері   теңіздік   және   континенттік   жағдайлардың   алмасып   отыруынан,

климаттың   үнемі   өзгеріске   ұшырауынан   және   тектоник,   қозғалыстардың

нәтижесінде қалыптасқан.



2. Соның салдарынан қалдық қырқалы денудациялық жазықтар мен аласа тауларға

айналды.


3. Тек   қана   Торғай   алқабы   мен   республиканың   солтүстік-шығыс   бөлігін

кайнозойдың мореналық алаптарының жекелеген шығанақтары басып жатыр.

4. Ал оңтүстік-батыс бөлігін тұтасымен бор және неогендік теңіз басып жатыр. 

5.  

Төрттік  кезеңде ғана Маңғыстау түбегі  мен оған жапсарлас аудандар  климаты

қуаң жазық құрлыққа айналды.

6.  

Соның   салдарынан   мұнда   қар,   мұздықтық   аңғарлар,   мореналық   материалдар

ұшырайды.

3. Төменде берілген сөздермен мәтіннен тыс сөйлемдер құраңыздар. 

Бедер,   даму,   климат,   мүжілу,   жазық,   шығанақ,   алап,   қалдық,   теңіз,   жапсарлас,

құрлық, қуаңшылық, қалыптасу, сілкініс, өңір, аңғар.

БӨЖ:

 

Өзіңіздің  туған  жеріңіз жайлы еске түсіріп, ондағы жер бедерінің ерекшелігі

жайлы айтыңыз.

Ағымдық бақылау тапсырмалары:

1. «Геодезия» қандай сөзден шыққан және қандай мағынаны білдіреді?

2. Геодезия нені зерттейді?

3. Ерте замандағы геодезия ғылымы.

4. Геодезия пәндері.

6 апта

Бірінші сабақ

Сабақтың тақырыбы:  «Сіз Сарыарқа даласы жайлы білесіз бе?»

Грамматика: Мекенді білдіретін грамматика

Сабақтың мақсаты:   студенттерге Сарыарқа даласының ерекшелігі жайлы мағлұмат

беру,   олардың   кәсіби   сөздік   қорын   молайту,   берілген   ақпарат   бойынша   танымдық

қабілетін арттыру, терминдермен таныстыру, сөйлеу қабілетін арттыру, сауатты жазуға

дағдыландыру.



1.  Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.

Сіз Сарыарқа даласы жайлы білесіз бе?

І   Республиканың   шығысында   Алтай   тау   жүйесі   созылып   жатыр.   Алтай   жер

бедерінің   құрылысы   сатылы   болып   келеді.   Оның   жоталары   жұмыр,   тік   шыңдары

оқшауланып, жеке-дара тұрады. Бұл жүйенің орташа биіктігі 2500-3500 м., биік жері –

Мұзтау – 4506 м. Алтайдың жағасы – Қалба жотасы Ертістің сол жағалауында жатыр.

Қазақстан   жеріне   Тарбағатай   тауының   тек   батыс   бөлігі   кіреді,   ал   шығыс   жартысы

Қытай аумағында. 

ІІ Тарбағатайдың шығыстағы  жалғасы – Сауыр жотасы. Оның биіктігі – 3816

метр. Бұл жота Алакөл ойысы арқылы Жетісу (Жоңғар) Алатауына ұласады. Ұзындығы

450 м., ені 100-250 м. Жетісу Алатауы оңтүстігінде Іле ойысымен шектеседі.

ІІІ Қазақстанның оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында Тянь-Шань жүйесіне

жататын ірі тау жоталары жатыр. Хантәңірі шыңы – бүкіл Тянь-Шаньдағы мұзданудың

негізгі торабы. Солтүстік Тянь-Шаньнің ірі әрі биік тау жотасы – Іле Алатауы., оның

ұзындығы 350 км., ең биік шыңы – Талғар шыңы 4951 м.. Қазақстанның оңтүстігінде



Қырғыз   Алатауының   солтүстік   беткейі,   Талас   Алатауы,   Қаратау   жотасы   жатыр.

Алдыңғы екеуінің дені (көп жері) Қырғызстанда орналасқан. 

ІV  Ұсақ шоқылы Сарыарқаның ең биік жері – Қызыларай тауындағы Ақсораң

шыңы, биіктігі -1565 м. Таулық жер бедеріне Көкшетау, Баянауыл, Ұлытау, Қарқаралы

таулары және Шыңғыстау жотасы жатады. Мұғалжар тауы - Орал тау жүйесінің тікелей

жалғасы. Маңғыстау таулары 3 жотадан тұрады. 

Балқаш-Алакөл   ойысы   құмды     шөл  боп  келеді.  Бұл  өңірдегі   сазды   жазықтар

Сарыарқаға ұштасады. Бұл жазықтар Ертіс жазығы мен Есіл жазығынан тұрады.  



2. Төмендегі сұрақтарға жазбаша жауап беріңіздер.

1. Қазақ жері жер бедерінің түрлеріне қарай қандай бөліктерден тұрады?

2. Алтай тау жүйесі жайлы не білесіз?

3. Тарбағатай тау жүйесінің қандай ерекшеліктері бар?

4. Тянь-Шань тауларының құрамы және ол неге жалғасады?

5. Сарыарқа даласындағы таулар мен жоталар, жазықтар жайлы айтыңыз.



Мекенді білдіретін грамматика. 

  Қазақ   тілінде   мекенді   білдіретін   грамматикаға   қайда?   деген   сұраққа   жауап

беретін   мекен   үстеулер   (жоғары,   төмен   т.т.),   мекен   мағыналы   көмекші   сөздер

(астында, үстінде т.т.)  және   барыс, жатыс жалғаулы зат есімдер (ауылға, қалада)

жатады. 

Мысалы: Ұшақ бірден жоғары (қайда?) көтерілді.

                  Үйдің артында (қайда?) бір топ бала ойнап жүр.

                   Біздің қалада (қайда?) жаңадан цирк ғимараты салынып жатыр. 

3. Жағдаяттық әңгіме. 

  А)   Алыстан   бірге   оқыған   студент   досыңыз   келді.   Амандасыңыз,   өзіңіздің   туған

қалаңыз, ауылыңыз жайлы хабардар етіңіз.



4. Тест тапсырмаларын орындаңыз.

1. Геодезия нені зерттейді?

                            А. Тауларды

                            Ә. Жер бедерін

                            Б. Өзен-көлдерді

2. Сөйлемді толықтырыңыз.



Шаруашылықтың түрлі салаларында геодезияның ... маңызы зор. 

                           А. ғылыми

                           Ә. практикалық

                           Б. үйретуде

3. Сөйлемдегі сөздердің орналасу тәртібін көрсетіңіз.

Мемлекеттік қызмет қаражаты бюджет мақсаттағы есебінен қаржыландырылады

және геодезиялық картографиялық.  

                          А. 1,5,9,8,10,2,4,3,6,7.

                          Ә. 2,5.7,1,3,6,4,9,8,10.

                          Б. 10,3,4,2,7,9,1,5,8,6.

4. Сөйлемді аяқтаңыз.

Қазақстан   Республикасының   геодезиялық   және   картографиялық   қызмет

туралы   заңдарының   бұзылуына   кінәлі   тұлғалар   Қазақстан   Республикасының   заң

актілеріне сәйкес ... . 

                            А. міндеттенбеген



                            Ә. шығын төлейді

                            Б. жауапты болады

5. «Жақын» сөзінің антонимі

                           А. алыс

                           Ә. Таяу

                           Б. алыс емес

7. Мақалды аяқтаңыз.

Көрмеген жердің .................

                         А. ой-шұқыры көп.

                         Ә. тау-тасы көп

                         Б. өзен-көлі көп



Екінші сабақ.

1. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.

Қазақстандағы құрылыс

Адамзат   өмірінің   соңғы   он   жылдығында   экономика   мен   тұрмыста   түрлі

технологиялық   үдерістер   күрт   қаулап   дамып   келеді.   Солардың   алдыңғы   қатарында

құрылыс саласы бар. Құрылыстың қарқынды дамуының нәтижесінде жер бетінде жаңа

қалалар пайда болып, олардың саны артуда. Сонымен қатар, қалалдардың қарқынды

дамуы   біздің   Қазақстанымызда   да   аз   емес.   Мәселен,   мұндай   құбылыс   қазіргі   күні

Алматы,   Астана,   Қарағанды   мен   Теміртау   қалаларының   бет-бейнелерінен   байқалып

отыр.  


Әлемде   құрылыс   қарқынды   дамып   жатқандықтан,   бұл   салада   жаңа

технологияларға негізделген небір жаңа материалдар пайда болуда. Олар тұрғын үйлер

мен   ғимараттардың   беріктігін   нығайтып,   сәніне   сән   қосуда.   Ең   бастысы,   бұрын

қиындықпен   жүргізілетін   күрделі   құрылыстар   жеңілдеп,   олардың   өзіндік   құны

төмендеді. 

Міне, осындай жағдайларды қазіргі күні Астана қаласының көріністерінен анық

байқаймыз. Бұл қалада бұрын біздің өңірімізде болмаған небір ғажайып ғимараттар мен

сарайлар тұрғызылуда. Тұрғын үйлердің бойлары биіктеп  барады. Қазіргі күні 100-120

қабаттық   үйлер   тұрғызу   адамзат   қауымына   көп   қиындыққа   түспейтін   болды.   Тек

жобасын талапқа сай дайындап, қажетті материалдарды  пайдалана білсеңіз болғаны.

Тәуелсіздігімізге  ие болғанымызға  20 жыл ғана өткеніне  қарамастан,  біз  бұл салада

едәуір тәжірибе жинақтадық деп айта аламыз. 



2. Жаңа сөздермен таныс болыңыз.

Үдеріс – процесс

Күрт (шұғыл) - резко

Қарқынды – 

Өзіндік құн – себестоимость

3. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Сіз Қазақстанның қай өлкесінде тұрасыз?

1.Сіздің облысыңыз үлкен бе?

2.Сіздің облысыңызда неше адам тұрады?

3. Сіз өз облысыңыздың тарихын білесіз бе?

4. Қазір сіздің облыс орталығыңыз қай қала?



5. Сіздің облысыңыздың орталығында құрылыс қалай жүріп жатыр?

6. Сіздің облысыңыздың жол құрылысы жайлы не айта аласыз?



4. Жоғарыда берілген мәтіннен мекенді білдіретін сөздер мен сөз тіркестерін теріп

көшіріңіз. 

БОӨЖ: «Қандай көркем туған өлкем» деген тақырыпта эссе жазыңыз.

Ағымдық бақылау тапсырмалары:

1) Құрылыс неге байланысты дамуда?

2) Қазақстанда қай қалаларда құрылыс қарқынды дамып жатыр?

3) Жаңа құрылыс матеиалдарының құрылыс үшін қандай пайдасы бар?



7 апта

Бірінші сабақ

Сабақтың тақырыбы: «

Қазақ архитектурасы»

Грамматика: 

Мезгілге байланысты грамматика.

Сабақтың   мақсаты:   студенттерге   қазақ   архитектурасы   жайлы   мсағлұмат   беріп,

танымдық қабілетін арттыру, олардың сөздік қорын молайту, берілген ақпарат бойынша

терминдермен таныстыру, сөйлеу қабілетін арттыру, сауатты жазуға дағдыландыру

1. Мәтінді оқып, мағынасын ұғып алыңыз.

Қазақ архитектурасы

Қазақ   сәулет   өнері   –   ғимараттарды,   құрылыстар   мен   ескерткіштер   кешенін

жобалау, салу, оларға уақыт талабына сай эстетикалық көркемдік сипат беру өнерінің

ұлттық саласы. Қазақ архитектурасы – материалдық игілікті жасаудың басты саласы.

Ол қоғамның өндірістік-экономикалық дамуына, ғылым мен техника жетістіктерімен

жарақтануына,   оны   жасаушылардың   дүниетанымдық–эстетикалық   талғамына   тығыз

байланысты өркендейді. 

Қазақтан аумағындағы жекелеген аймақтарды, оның ішінде Оңтүстік Қазақстан

өңірін   адамдар   шелл-ашель   дәуірінде   (ерте   палеолит   кезеңі)   қоныстана   бастады.

Ашель-мустье кезеңінде қоныстану аумағы айтарлықтай кеңейді. 

Қазақстан   жерінде   құрылыс   салу   жоғары   палеолит   дәуірінде   пайда   болды.

Қаратаудағы, Баянауылдағы, Ұлытаудағы, Маңғыстаудағы үңгірлер мен адам тұрақтары

шағын топтар болып өмір сүрген, бірігіп еңбек еткен алғашқы қауымдық құрылыстар

аңшылардың, кейінірек ертедегі рулық қауымдарды құрған адамдардың тіршілік жайын

сипаттайды.   Бұл дәуірден ортасында дөңгелек ошағы бар, тастан немесе топырақтан

қаланған, аласа қабырғалы, төбесі сырықтармен жабылған алғашқы тұрғын үйлердің

іздері сақталып қалды (Орталық Қазақстандағы Тамды, Бөрібас, Дамсы тұрақтары).

2. Жаңа сөздерді біліп алыңыз, олармен сөйлемдер құраңыз.

Материалдық игілік – материальная ценность

Жетістіктермен жарақтану – освоить передовые достижения

өркендейді – процветает

аумақ – территория

аймақ – местность

үңгір – пещера

қоныстану – поселиться

алғашқы қауымдық құрылыстар – 

ошақ – печь

3. Сұрақтарға жауап беріңіз

.

1) Қазақтың сәулет өнеріне қандай анықтама беруге болады?



2) Неліктен   қазақ   архитектурасын   материалдық   игілік   жасаудың   басты   саласы

деген?


3) Қоғам дамуының архитектураға қандай қатысы бар?

4) Архитекторлардың   дүниетанымдық-эстетикалық   талғамының   архитектураға

қандай қатысы бар?

5) Адамдар Оңтүстік Қазақстанды қай кезеңде қоныстанды және ол кезде қандай

құрылыс болды? Бұған дәлел не?



4.Еске түсіріңіз.

Мезгілді білдіретін грамматика. 

 

Қазақ   тілінде   мезгілді   білдіретін   грамматикаға   қашан?   деген   сұраққа   жауап

беретін мезгіл үстеулер (ерте, кеш т.т.),  мезгіл   мағыналы көмекші сөздер (соң,

кейін   т.т.)     және       жатыс   жалғаулы   есімшелі   тіркестер   (ауылға   барғанда,   үйге

кіргенде) жатады. 

Мысалы: Атам бүгін ерте (қашан?) тұрды.

                  Сабақтан соң (қашан?) кітапханаға бардық.

                  Біз келгенде (қашан?) сен жоқ екенсің.

5. Мәтіннен мезгіл мағыналы сөздер мен сөз тіркестерін теріп жазыңыз. 

М: шелл-ашель дәуірінде, ... .

6. Өзіңіз  тұратын өңірде тарихи  ескерткіштер  бар ма, бар болса,  ол туралы  не

білесіз? Айтып шығыңыз.

7. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Менің туып өскен ауылым өте ертеден келе жатыр, ал, сіздің қалаңыз ше?

2. Біздің қаламызда тарихи ғимараттар көп, ал, сіздерде ше?

3. Астанада керемет жаңа құрылыстар салынып жатыр, ал сіздің облыс орталығында

ше?

4. Маған архитектор мамандығы ұнайды, ал сізге ше?



Екінші сабақ.

1. Мәтінді оқып, мағынасын ұғып алыңыз.

Қазақ архитектурасының даму тарихы

1. Қола дәуіріндегі кешендер   тас тақталармен тік бұрышты етіп қоршалады. Кіре

берісте галереялар салынды, төбесі бағаналармен жабылды. Б.э.д. 4 ғасырда құрылыста

төбені күмбездеп жабу тәсілі, сондай-ақ оның алуан түрлері – цилиндр, сопақ, кеспек

тәрізді түрлері кеңінен қолданылды. 

             2. Орта ғасырлардағы  кешендердің  құрылысы өзгерді. Ежелгі бекініс-қалалар

бекініс-үйлерге,   одан   кейін   бекініс   қамалдарға   айналды.   Қамалдардың   айналасына

немесе  бір жағына Орта Азияда  «шахристан»  деп аталатын  қалалар салынды. Олар

бірнеше   қорғаныс   дуалдармен   қоршалды.   Шахристанда   негізінен   діни   ғимараттар,

базарлар,   ақсүйектердің,   әкімдердің,   ірі   қолөнершілер   мен   саудагерлердің   тұрғын

үйлері тұрғызылды.

Тараз қазбаларынан ірі діни ғимараттарды әшекейлеуге арналған пішімі алуан

түрлі көптеген күйдірілген саз тақталар табылды. Тараз тақталары 5-7 ғасырларда Ақ-

Тепедегі  (Ташкент түбінде), Пенжикенттегі, Барахшадағы бекініс-үйлерінен табылған

архитектуралық нақыштың осындай түрлерімен біртекті.  


3. 15-18 ғасырлардағы Қазақстанның далалық аймақтарында салынған діни және

мемориалдық ескерткіштер 3 негізгі топқа бөлінеді: 1) күмбезді мазарлық; 2) қоршаулар

(сағанақ   там,   төртқұлақ   там);   3)   қабір   үстіндегі   ескерткіштер   және   қабір   үстіндегі

ұстындар   (сыпа,   үштас,   бестас,   қойтас,   құлпытас   т.т.).   Олар   мұнаралы,   порталды-

күмбезді, орталық білікті болып бөлінеді. 

4. 30-жылдардың басында Алматы қаласында құрылыс кең өріс алды. Түркістан-

Сібір темір жолын салу және республика астанасын Алматыға көшіру қаланың қауырт

өсуіне   жағдай   жасады.   1926-34   жылдары   Үкімет   үйінің   ғимараты,   Байланыс   үйі,

Түрксиб темір жол басқармасы үйі салынды. 

2. Жаңа  сөздер  мен  сөз  тіркестерін   сөздіктің  көмегімен  біліп  алыңыз.  Олармен

сөйлемдер құраңыз.

Кешен, кіре беріс, бекініс, біртекті, күмбез, архитектуралық нақыш, қауырт өсу,

мұнаралы.

3.   Төмендегі   сөз   тіркестерін   мезгіл   мәнді   тіркестерге   айналдырып,   олармен

сөйлемдер құраңыз.

 

Қола дәуірі, орта ғасыр, ерте заман, 15-18 ғасыр, 30-шы жылдар.



4. Сұхбатты толтырыңыз.

-

Олжас, қазақтың сәулет өнері жайлы білесің бе?



-

-------------------------------------------------------------- .

-

Қазақ архитектурасы өз бетінше дамуы неге байланысты деп ойлайсың?



-

----------------------------------------------------------------- .

-

Қазақ архитектурасының дамуы кезеңдері жайлы оқыдыңыз ба?



-

--------------------------------------------------------------------------- .

-

Ол кезеңдер жайлы не білесің?



-

--------------------------------------------------------------------------- .

-

Сенің туған жеріңдғ тарихи ескерткіштер бар ма?



-

------------------------------------------------------------ .



БӨЖ: «Ш.Уәлиханов – ірі ғалым»  деген тақырыпта эссе жазу.

Ағымдық бақылау тапсырмалары:

1. Қазақ архитектурасының даму кезеңі жайлы не айта аласыз?

2. Қола дәуіріндегі  кешендер қалай салынатын болған?

3. Орта Азияда Шахристандар қалай орналасқан?

4. Тараз қазбаларынан табылған саз тақталар қандай нақышқа ұқсайды?

5. 15-18 ғасырлардағы діни-мемориалдық ескерткіштердің қандай түрлері бар?

6. 30-жылдардағы құрылыс жайлы не айта аласыз?


8 апта

Бірінші САБАҚ 

Cабақтың тақырыбы: 

 «Қ.А. Яссауи кесенесі . XIV - XV ғасыр құрылысы»

Грамматика:

 

Зат есім жасайтын жұрнақтар.

Сабақтың   мақсаты:  студенттерге  Қ.А.   Яссауи   кесенесі   және  XIV   -   XV   ғасыр

құрылысы  жайлы   м   ағлұмат   бере   отырып,   олардың   сөздік   қорын   молайту,   берілген

ақпарат   негізінде   танымдық   қабілетін,   сөйлеу   қабілетін   арттыру,   сауатты   жазуға

дағдыландыру.



1. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.

                   Қазақстанның ежелгі қаласы Түркістан көбіне көне заманда салынып, біздің

заманымызға дейін сақталған тамаша сәулет ескерткіштерімен әйгілі. Соның бірі – XII

ғасырда   өмір  сүрген   көне  түркі   ақыны,  Ислам  дінін   уағыздаушы   Ахмет  Иассауидің

қабірінің басына Ақсақ Темірдің әмірімен тұрғызылған зәулім ескерткіш. 

Түркістан   қаласындағы   Қожа   Ахмет   Яссауидің   кесенесі   -   Орта   Азия   мен

Қазақстандағы теңдесі жоқ тарихи жәдігер. Ескерткіш 1396-1404 жылдары салынған.

Ахмет Яссауи  сәулет  ғимараты  құрылымдық жағынан және ерекше  сәнділігімен көз

тартатын   аса   күрделі   туынды.   Ғимаратты

салуға   күйдірілген   қыш   пайдаланылған,

оның   сырты   бірнеше   плиталармен

безендірілген.   Ғимараттың   биіктігі   40

метрге   таяу,   ені   –   46,5   м,   ал   ұзындығы   –

62,5 м. 


     Бұл ғажайып сәулет өнерінің туындысы

өз   бойына   ертеден   келе   жатқан   жергілікті

және   Шығыс   мұсылман   құрылыс

тәжірибесін   жинақтаған   бірегей   ғимарат.

Қ.А. Яссауи сәулет ғимараты айқын, дәл әрі

үйлесімді жоспармен салынған. Деректерде

Әмір   Темір   кесененің   салынуына   бұйрық

беріп,   әрі   жобасын   жасауға   да   өзі   тікелей

қатысқан.  

Қожа Ахмет Яссауи сәулет ғимараты

- аса үлкен порталды-күмбезді құрылыс. Оның ені - 46,5м, ұзындығы - 65м. Ғимараттың

орасан зор порталы (ені - 50 метрге жуық, порталдық аркасы - 18,2 м және биіктігі -

37,5м) және бірнеше күмбезі бар. Оның орталық бөлмесінің төңірегінде түрлі мақсатқа

арналған   35   бөлме   салынған.   Қ.А.   Яссауи   кесенесі   жамағатхана,   қабірхана,   мешіт,

кітапхана,   үлкен   ақсарай,   кіші   ақсарай,   асхана,   құдықхана   және   бірнеше   құжыра

бөлмелерден   тұратын,   діни-ғұрыптық,   діни-ағартушылық,   тұрмыс-салттық   қызмет

түрлерін   атқаруға   арналған   аса   күрделі,   аса   зор   кешенді   құрылыс   болуымен

ерекшеленеді.



2. Жаңа сөздердің баламасын табыңыз.

Сәулет –                                 әйгілі -

Теңдесіз  –                             ескерткіш -

Жәдігер –                                әмір -

3. Берілген синонимдерді пайдаланып, мәтінді мазмұндаңыз. 

Ежелгі,  бұрынғы,  көне                                  Ерекше,  айрықша,  өзгеше

     Тамаша,  керемет, ғажайып                            Сұлу,  әсем,  әдемі

Әйгілі,  белгілі, даңқты                                   Нақ орта,   дәл орта

     Әмір, бұйрық,  өкім                                         Шаһар,  қала

     Зәулім,  биік                                                     Асыл металл,    қымбат металл



4. Берілген ойды құптаңыз, не құптамаңыз. 

1) Ахмет Яссауи сәулет ғимараты ежелгі Отырар қаласындағы ескерткіштердің бірі.

2) Қожа Ахмет Яссауи сәулет ғимараты - аса үлкен порталды-күмбезді құрылыс.

3) Ол қазақтың ханы Тәуке ханның айтуымен салынды.

4) XII ғасырда өмір сүрген көне түркі ақыны, Ислам дінін уағыздаушы Ахмет 

Яссауидің қабірінің басына тұрғызылған зәулім ескерткіш.



Екінші сабақ

1. Мәтінді мәнерлеп оқыңыз.



Тайқазан

            Ахмет Яссауи кесенесінің сәулеттi залындағы аса құнды материалдық мұра -

қазандық. Залдың төбесіне орта Азиядағы ең үлкен күмбез төңкерілген.  Тайқазанға

60   шелек   су   сияды,   салмағы   екi   тонна,   диаметрi   2,45   метр.Тайқазан   1399   жылы

Түркістан  шаһарынан  25 шақырым жердегі  Қарлақ  деген  жерде  7 асыл металдың

(темір, мырыш, қорғасын, мыс, күміс, алтын, қола) қосындысынан жасалған.   Оған

толтырылған судан жұма намаздан соң, қасиеттi су ретiнде мұсылмандар дәм татқан.

Көрші   асхана   залында   пісірілген   бидай   ботқа   осында   жиналған   мүгедектер   мен

кедейлерге таратылатын болған. Тайқазан - бiрлiк пен қонақжайлықтың белгiсi.

2. Берілген ойды құптаңыз не құптамаңыз

.

   1. Ескерткіш ХҮ ғасырда салынған.

   2. Кесенені әйгілі қолбасшы Ақсақ Темір салдыртыпты.

   3. Тайқазан сегіз металдың қосындысынан құйылған.

   4. Кесене көне Сайрам қаласында орналасқан.

   5. Алып тайқазан Санкт-Петербургтегі Эрмитажда болған.

   6. Кесене Орта Азиядағы зәулім, қыштан соғылған ғимарат.

3. Мәтінді оқыңыз және мазмұндаңыз.

                            Ахмет Яссауи ғибраты

         Ахмет Иассауи - білімпаз-ғалым, ақын, ойшыл, бүкіл түрік жұртының рухани

атасы.  Ол  қазіргі   Шымкент   облысындағы   Сайрамда   туып,   Қазақстан  жерін   Үнді,

Қытай,   Еуропамен   байланыстырған   Түркістан   қаласында   тұрды.   Ол   »Хикметтер»

атты   кітабын   жазған.   Бұл   кітабы   адамдық,   ізгілік   жолына   үндейді.   Иассауи

сақтандырған бес нәрсе мыналар:

        Алланың ақ жолын мойындамаудан қашық бол,

        Менмен, тәкәппар болма,



        Дүние-мүлік үшін арыңды сатпа,

       Арамдықтан аулақ бол,

       Еріншек болма.

1. «Менмен, тәкаппар» сөздерін орыс тіліне аударыңыз.

2. Төмендегі сөздердің антонимін табыңыз.

        Білімпаз                   Қашық                    Арамдық

        1.ақылды                 1.жақын                 1.арсыздық

        2.надан                    2.алыс                     2.адамдық

        3.шешен                  3.шалғай                 3.адалдық



3. Берілген сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіріңіз.

          Адамдық жол, жол жүру, жол табу, жолы болу, ұзақ жол,

          ақ  жол.

4. А. Яссауи сақтандырған бес нәрсе нелер? Артық сөзді

         табыңыз.

           1. тәкаппарлық

           2. арамдық

           3. жомарттық

          4. арсыздық

          5. жалқаулық 



                             

  БОӨЖ тапсырмасы: Қазақстандағы ежелгі ескерткіш кесенелер жайлы мағлұматтар 

жазыңыз.

Ағымдық бақылау тапсырмалары:

1. Қ.А. Яссауи кесенесінің құрылысы туралы айтыңыз.

2. Алып тайқазан жайлы не білесіз?

      3. Ахмет Иассауи ғибраттарын айтыңыз.



9-апта

Бірінші сабақ

        Сабақтың тақырыбы: «Шегесіз салынған мешіт»

          



Грамматика: Анықтауыштық қатынастың есімше арқылы берілуі

     


 

Сабақтың мақсаты:  студенттерге мешіт түрлері жайлы мағлұмат беру,  сөздік қорын 

молайту, берілген ақпарат бойынша танымдық қабілетін арттыру, сөйлеу қабілетін 

арттыру, сауатты жазуға дағдыландыру.

                

1.  Жаңа сөз және сөз тіркестерімен танысыңыз, сөйлем құраңыздар.

Тапсырыс,   көз   тартады,   атағы   жер   жарған,   мешіт   жобасы,   өсімдік   іспеттес,   кертік

(надрез, зарубка)

2. Мәтінді жайлап, түсініп оқыңыз.



Шегесіз салынған мешіт

Алматы   облысындағы   ежелгі   Жаркент   қаласына   бара   қалсаңыз,   өз   дәуірінің

атақты   саудагері   Уәлібайдың   (халық   арасында   -   Уәли   бай)   арнайы   тапсырыспен

салдырған мешіті алыстан көз тартады.  

Тарихшылардың   зерттеуінше,   ХІХ   ғасырдың   аяғына   қарай   салынған   Жаркент

қаласындағы   мешіт   130   жыл   бойы   сақталып   тұр.   Тарихтан   белгілісі,   бүгінгі   күні

еліміздің  тарихи  әрі мәдени  мұрасына  айналған  бұл мешітті  саудагер  Уәлібай Ахун

Юлдашев   сонау   1887-1892   жылдары   халықтан   жинаған   қаржыға   салдырыпты.   Бір

ерекшелігі, мешіттің  сәулеті,  құрылымы және әшекейленуіне  баса  назар аударсаңыз,

ғимараттың Қазақстан мен Орта Азияның сәулет-құрылыс өнерінің ең үздік тәсілдері

ескеріле   отырып   салынғандығы   айқындала   түседі.   Тіпті   бұл   мешітті   әдеттегі

мешіттерден өзгеше етіп салу мақсатында Уәлібай көршілес Қытайдан осы елдің сол

жылдардағы ең мықты сәулетшісі Хон Пикті алдырып, мешіттің жобасын соған арнайы

сыздырған екен. Бұған қоса, құрылысты салуға шебер қолды қытай мамандары да өз

үлестерін   қосыпты.   Нақты   дерекке   жүгінсек,   Уәлібайдың   алып   мешітін   салуға   сол

жылдарда   1500-ден   астам   адам   жұмылдырылып,   ғимарат   бес   жылға   жетер-жетпес

уақытта бой көтерген. 

Уәлібай   мешітінің   жалпы   көлеміне   келсек,   оның

ұзындығы - 54,4 метр, ені - 29 метр, ал биіктігі - 22 метр.

Ал   мұндағы   минареттің   биіктігі   19   метр.   Ғимараттың

өзіне тән бір ерекшелігі, мешіттің минаретін алуан түрлі

әдемі,   қайталанбас   өрнекпен   безендірілген   52   колонна

(бағана) қоршап тұр. Мұндағы колонналардың барлығы

дерлік   арнайы   дайындалған   Тянь-шань   шыршасынан

жасалған. Ғимаратты және оның қос қатарлы мұнарасын

әшекейлеуге   сурет   пен   сәндік   өнерінің   алуан   түрлі

үлгілері пайдаланылған. 

Мешіттің өзіне ғана тән тағы бір ерекшелігі, оның құрылысына шеге атаулы әсте

қолданылмаған.  Мұның себебі  мұндағы  әрбір бөрене немесе арқалық арнайы кертік

ойық жасау арқылы бірімен-бірі берік етіп бекітілген. Тіпті мешіт қабырғаларының өзі

арнайы   әзірленген   бөренелерден   көтерілген.   Тек   шатырына   ғана   қаңылтыр

пайдаланылған. Шатырды мешіттің ішінен 122 бағана-тіреуіш көтеріп тұр. Жергілікті



сәулетші-зерттеушілердің пікірінше, Жаркент мешіті шатырының құрылымы да өзгеше.

Мамандардың пікірінше, шатырдың жалпы бүгілген бағыты қажетті қайқылыққа жету

мақсатында   белгілі   қашықтықта   орналастырылған   қиылысу   жүйесіне   байланысты.

Мұндай заңдылық шатырды  «қайқы қалқыма шатыр» пішініне келтіруді  қамтамасыз

ететін көрінеді. 

Уәлібай мешіті бүгінгі күні еліміз жастары үшін тарихтан сыр шертетін мәдени-

демалыс орталығына айналып отыр.

3. Мәтіннен мамандығыңызға қатысты сөздерді анықтап, сөйлем құраңыз.

4. Мәтінде айтылатын ойды тезис түрінде жазып көрсетіңіз.

5 Мәтін бойынша сұрақтар дайындаңыздар.

1. Мешіттің ерекшелігі неде?

2. Осы мешіттің басқа елдің сәулет өнерімен ұқсастығы бар ма?



Грамматика: Анықтауыштық қатынастың есімше арқылы берілуі

1-жаттығу. Есімшелі анықтауыштарға сұрақ қойыңыз.

Інім оқитын университетке келдім. Бақта бұрын мен білмейтін гүлдер өсіп тұр.

Залда кеше мен оқыған романның авторы сөйлеп тұр. Біз оқитын  университет қаланың

орталығында.  Мектеп   бітірген  күнді   ұмытпаймыз.   Мені  күтіп   тұрған  машинаға

жақындадым.  Астанадан келген  досым хабарласты.  Адам болар  баланың кісіменен ісі

бар. 

2-жаттығу. Мына етістіктер тобын оқыңыз.

Әңгімелескен,   өскен,   оқыған,   зерттеген,   біріктірген,   орындаған,   пайдаланған,

жазған,   ерекшеленген,   айналысқан,   жарияланған,   ашқан,   ойлап   тапқан,   экрандаған,

армандаған, ойнаған.



3-жаттығу.  Мына   сөйлемдерге   көп   нүктенің   орнына   есімшенің   тұлғасын

жазыңыз.


а)   Нобель   сыйлығын   ал   ...   лауреаттар   Стокгольмге   және   Ослаға   отбасымен

келеді.


б)   Жерде   кездес...   барлық   элементтердің   ішінде   оттегі   кең   таралған   болып

табылады.

в)   Қазақ   ғалымдарының   маңызды   мәселелерді   шеш...   ғылыми   жаңалықтары

халықаралық танымға ие болды.

4-жаттығу.   Мәтіннен   анықтауыштық   қатынастағы   сөз   тіркестерін

анықтаңыз. 

(З.С.Күзекова «Қазақ тілі практикумы» грамматикалық жаттығулар жинағынан

37-38 бет)

Екінші сабақ

Шегесіз салынған мешіт(жалғасы)

1. Мешіт туралы ақпаратпен таныс болыңыз.



Дерек пен дәйек

          Қазақстандық сәулетшілер алғаш рет 1969 жылы Уәлібай мешіті құрылысының

салыну   ерекшеліктерін   жан-жақты   зерттеп,   құрылыстың   өзіндік   ерекшелігі   бар

екендігін

 

жан-жақты



 

анықтады. 

1975   -   1978   жылдары   мешіт   ғимаратының   бүлінген   жерлерін   қайтадан   бастапқы

қалпына   келтірген   республикалық   «Қазқайтаөңдеу   -   Казреставрация»   бірлестігінің

маман-сәулетшілері тарихи-мәдени осы ескерткішті «Жаркент мешіті» сәулет-құрылыс

кешені деп атау туралы ұсыныс енгізді. Сөйтіп, олардың ұсынысын орынды деп тапқан

ел Үкіметі бір жарым ғасырдан астам тарихы бар Уәли бай мешітін «Жаркент мешіті»

сәулет-құрылыс   кешені   ретінде   қайта   құру   туралы   қаулыға   қол   қойды.  

2001   -   2004   жылдары   мемлекеттік   қазынадан   26   миллион   теңге   қаржы   бөлініп,

«Жаркент   мешіті»   сәулет-құрылыс   кешені   ғимаратының   қирап,   бүлінген   бөліктері

бастапқы

 

қалпына



 

келтірілді.

 

Халық арасында Уәли бай мешіті  аталып  кеткен  Жаркент  мешіті  1982 жылдан бері



республикалық   маңызы   бар   сәулет   және   тарихи   ескерткіш   ретінде   танылып,

мемлекеттің

 

қорғауына



 

алынды.


 

Ұлттық   банктің   шешімімен   2008   жылы   Жаркент   мешітінің   көрінісі   номиналы   500

теңгелік

 

ескерткіш



 

теңгеде


 

бейнеленді.

 

                       «Айқынның» анықтамасы:  Алматының солтүстік шығысына орналасқан

ежелгі Жаркент қаласының іргетасы 1882 жылы қаланған. 1942 жылы қызыл империя

басшыларының шешімімен Жаркент қаласы Панфилов қаласы деп аталды. 

Арада 49 жылдан кейін Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялап, көк байрағын

көкке  көтерген  1991 жылы  қалаға  ежелгі  атауы  беріліп,  қайтадан  Жаркент  аталды.  

                                                                                          

                                                                                 Жомарт Молдахметұлы

1. Мәтіннен анықтауыштық қатынастағы сөз тіркестерін анықтаңыз.

2.

Сіз тұратын жерде осындай тарихи ескерткіштер бар ма? Таныстырыңыз.



3.

Әлемге танымал мешіттер туралы ақпарат дайындаңыз.



БӨЖ   ТАҚЫРЫБЫ:   «ХАЗІРЕТ   СҰЛТАН»   және   «НҰР-АСТАНА»   мешіттерінің

құрылысы мен сәулеті. 

  

Ағымдық бақылау тапсырмалары:

1. Еліміздегі  құрылысы мен сәулеті ерекше нысандар туралы ақпарат дайындаңыз.

2.  Мешіттердің басқа құрылыс нысандарынан ерекшелігі туралы.

3.   Мешіт  құрылысы мен сәулетінің авторлары туралы ақпарат дайындаңыз. 

                                                       

                                                     


10 – апта

Бірінші сабақ

Сабақтың тақырыбы: «Норман Фостер»

Грамматика: Сан есімді қайталау

Сабақтың   мақсаты: кәсіби   мәтін   бойынша   студенттердің   сөздік   қорын   молайту,

берілген   ақпарат   негізінде   олардың   танымдық   қабілетін   арттыру,   терминдермен

таныстыру, сөйлеу қабілетін арттыру, сауатты жазуға дағдыландыру.

1.Жаңа сөздермен танысыңыз. Сөйлем құрастырыңыз.

Үлес қосу, тұлға, жаһан, бейресми, даусыз мойындау, шағармашылық ізденіс. 

                    

2. Мәтінді оқып, 

мазмұндаңыз.

                                 

 

Норман   Фостер 



сәулетші 

1935   жылы   Манчестер

маңайындағы

 

шағын



қалашықта,   қарапайым

жұмысшы


 

отбасында

дүниеге   келген.   1962

жылы   АҚШ-тағы   Йель

университетін   бітіріп,

архитектура   мектебінің

дипломын   алып   шығады.

1967   жылы   “Foster

Assosіates”   атты   жеке

фирмасын   құрған.   Бара-

бара   Фостердің   жобалары

жыл өткен сайын жаһанға

жайылып,   әйгілі   бола

түскен. Фостердің әлемдік

сәулет   өнеріндегі   беделі

қай  кезде   де,  қай   елде  де

керемет   биік   тұратыны

назар аудартпай қоймайды.

2005   жылдың   желтоқса-

нында "The Times"   газеті

Фостер Дрездендегі орталық вокзалдың ашылу

салтанатында



Жалпы  мағлұматтар

Азаматтығы

 Ұлыбритания



Туған күні

1 маусым 1935



Туған жері

Манчестер,Англия



Жұмысы мен жетістіктері

Жұмыс істеген

қалалар

Астана, Лондон, Нью-Йорк, Берлин

 Гонконг, Мәскеу

Сәулет  стилі

Хай-тек


Лорд   Норман   Фостерді   бүкіл   әлем   өнеріндегі   №1   тұлға   деп   жариялады.   Гиннесс

кітабына ол атақ-лауазымы ең көп адам ретінде кіргені де талай жайды аңғартады. Ең

алдымен айтарымыз – оның  Прицкер сыйлығының  лауреаты екендігі. Бұл, бейнелеп

сөйлер болсақ, архитектурадағы  Нобель сыйлығы . Оның сыртында Фостер 60 ұлттық

және халықаралық конкурстардың жеңімпазы, бас-аяғы 300 награданың иегері.  

Норман Фостер архитектураға қосқан үлесі үшін Король алтын медалінің (1983),

Француз архитектура академиясы алтын медалінің (1991), Америка архитектура инс-

титуты   алтын   медалінің   (1994)   иегері.   1999   жылы   оған   “Темза   жағасындағы   Лорд

Фостер” даңқтамасы беріліп, өмір бойғы пэр атанды. Ұлыбританияда пэр атағы лордтар

палатасының мүшесі болу құқын береді. 

Норман Фостердің ең жиі ауызға алынатын бейресми атағы — хай-тек королі.

“Вече”   баспасынан   2000   жылы   шыққан   “100   великих   архитекторов”   жинағындағы

Фостер  туралы  мақалада   хай-текке  “технологияның  эстеттендірілуі”  деген   анықтама

берілген. Бүгінде «хай-тектің көзі тірі классигі» деп даусыз мойындалатын Фостердің

жобалары осы анықтамаға дәлме-дәл келеді.  

Сәулетшінің   есімімен   байланыстырылатын   жаңалықтардың   бірі   —   «ақылды

үйлер».  Сөйлегеннен-ақ  лифтісі  көтеріліп,  шамы  жанып,   газы  қосылып,  кіржуғышы

айналып, теледидары көрсетіп сала беретін тұрғын үйлердің, офистердің алды енді көп

ұзамай біздің Астана мен Алматыға да келгелі жатыр. Соларды да алғаш жобалаған,

салдыртқан   –   Норман   Фостер.   Оның   айналы   шынылауды   (зеркальное   остекление)

енгізгеніне   де   айналасы   30   жылдай   ғана   болды,   ал   қазір   бұған   бәріміздің   көзіміз

үйреніп барады.  

Астана   да   хай-тек   стиліндегі   сәулет   өнерінің   танылған   көшбасшысы,   атақты

сәулетші   Норман   Фостердің   идеяларының   өрісі   болды.   Астананың   архитектурасын

айшықтап тұрған «Бейбітшілік және келісім сарайы» және «Хан Шатыры» сауда және

ойын-сауық орталығы - осы сәулетшінің шығармашылық ізденісінің жемісі.



Тапсырмалар.

1.Мәтінде кім туралы айтылады?

2.Мәтіннен мамандығыңызға қатысты сөздерді табыңыз.

3.Мәтіннен сан есімдерді тауып, түрлерін ажыратып айтыңыз.

4.Әлемге танымал қандай сәулетшілерді білесіз?

Екінші сабақ

(мәтіннің жалғасы) 

Норман   Фостер:   «Астананың   ХХІ   ғасырдың   айтулы   қаласы   болатыны   анық.

Пирамиданың өзі командалық жұмыстың нәтижесі. Қандай да болсын ойға алған істің

үш тірегі болады, олар: іскерлік қарым-қатынастың тазалығы, парасат пен ақыл және

тиянақтылық.   Осы   үшеуі   қосақтасқан   жерде   алынбайтын   қамал   жоқ.   Мен   осындай

қасиеттердің   Қазақстанның   жас   астанасының   бойында   таңбаланады.   Осыны   сезіп,

қандай   мархабат   күй   кешіп   жүрмін   десеңізші?!   –   деп,   Қазақстанның   бас   қаласына

сүйсінген.



Пирамиданың   бірінші   қабатында   1,5   мың   орындық   опера   залы   орналасқан.

Залдың   қақ   ортасында   үлкен   сахна   бар.   Сахнадан   2,8   метр   төмендікте   оркестрге

арналған орын лайықталған. Оған 80 адам сыяды.

Германияда   зәулім   опера   театрында   өнер   қойылымы   жүріп   жатқанда   күллі

қозғалыс   тоқтатылып   тастайды   екен.   Пирамиданың   жерасты   қабатында

орналастырылған   1500   орындық   опера   театры   келешекте   қандай   да   бір   туындысын

ешқандай   алаңсыз   күйде   жүргізе   беретін   болмақ.   «Жұрт   Пирамиданың   ақшаға

шаққандағы құнын сұрайды. Оның құны өлшеусіз екенін қалай айтпай тұра аламын», –

дейді Норман Фостер сан қырлы сыры бар, терең тылсымды, сән-салтанаты жарасқан

үлкен сарайдың ерекшелігіне тоқталып. 

Төртінші қабатта патша залы – Атриум залы қоныс теуіпті. 2090 метр аумақты

алып жатқан Атриум залынан кейін «Бесік» залы бар. Залдың «Бесік» деп аталуының

астарында әлемдегі негізгі 4 діннің арасында ешқандай алауыздыққа жол берілмей өмір

сүру   мағынасы   жатыр.   Залдың   архитектуралық   ансамблі   тыныштық   пен   татулық

бесігінде тербеле өмір сүруге үндейді.

Тапсырмалар.

1.Мәтінде қандай сәулет өнері туралы айтылады? 

2. Пирамидада болдыңыз ба? Қандай әсер алдыңыз?

3. Мәтіндегі «қосақтасқан жерде», «қоныс теуіпті», «алауыздыққа жол берілмей»

сөз тіркестерін қалай түсінесіз?  Оқытушы көмегіне сүйеніңіз.

4. Мәтінде  сан есімнің қандай түрлері кездеседі?

     5. Қазақстандық сәулетшілерді білесіз бе?

6.Өзіңізге ұнаған сәулетшінің өнері туралы әңгімелеңіз.



БОӨЖ   ТАҚЫРЫБЫ:  «Хан   шатыры»   мен   «Бейбітшілік   және   келісім   сарайы»

құрылысы, сәулеті туралы кеңірек баяндаңыз.



Ағымдық бақылау тапсырмалары:

1. Н.Фостердің туындылары туралы ақпарат  дайындау.

2. Астана сәулетіне Н.Фостердің қосқан үлесі.

      3. Қазақ сәулетшілері туралы ақпарат дайындау.



Екінші сабақ.                                                                 

(Мәтіннің жалғасы)

 

         Еуропа елдерінде 17 ғасыр мен 18 ғасырдың



1-жартысына   дейін   дамыған  барокко   стилінің

басты ерекшелігі сәулеттік туынды тіп-тік, тақтадай

жазық болмайды, оның әр қыры мүсіндік, болмаса

әшекейлі   әлеміштермен   өрнектеледі.   Еуропа

елдерінде   17–19   ғасырларда  классицизм   стилі

дамыды.   Бұл   бағыт,   ежелгі   дәуір   архитектурасы   мен   ренессанстық   архитектураның

композициялық әдістері мен түрлерін жетілдіруден туған. 

Шығыс   архитектурасы     композициясының   байлығымен,   түрінің   әсемдігімен

және   мүсіндік   бейнелердің   әсерлілігімен   көз   тартады.   19   ғасырдың   2-жартысынан

бастап, 20 ғасырдың басында әлемде құрылыс техникасының дамуына байланысты бұл

кезеңде металл, әйнек, темір-бетон кеңінен пайдаланылды. Үлкен кеңістіктерді жаба

алатын, зәулім үйлер тұрғызуға мүмкіндік беретін жаңа жүйелер мен тәсілдер туды (ірі

блокты,   ірі   панельді   қабырғалар,   тақия-күмбездер,   ванттық   құрастырмалар,   т.б.).

Инженер  металдан 1889 ж. биіктігі 312 м  Эйфель мұнарасын орнатты. Америкада көп

қабатты   зәулім   үйлер   пайда   болды.   20   ғасыр   архитектурасының   дамуына   зор   үлес

қосқан Огюст Перре бірінші болып қаңқалық құрылымдарды, темір-бетонды қолданды,

құрылысқа   стандарттауды   және   өнеркәсіптік   әдістерді   кіргізді.   Италия   инженері   әрі

архитектор     армоцементті   ойлап   тауып,   темір-бетонды   тиімді   және   көркемдік

тапқырлықпен пайдаланды.

 

   Тапсырма. Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап жазыңыз. 

1.Мәтін тақырыбы не туралы?

2.Мәтіндегі мамандығыңызға қатысты кәсіби сөздердің астын сызыңыз.

     3.Мәтіннен  нәрсенің пайда болуын білдіретін сөйлемдерді анықтаңыз. 

     4.Мәтінде сәулет өнеріне тән қандай стильдер жайлы сөз болады?

     5.Шығыс стилінің ерекшелігі неде деп ойлайсыз?

6.Сізге сәулет өнерінің қандай стилі ұнайды?

7.Өзіңізге ұнаған сәулет стилінің бір туындысы туралы әңгімелеңіз.



БӨЖ тақырыбы: Шығыс сәулеті жайлы материалдар дайындаңыз

Ағымдық бақылау тапсырмалары:

1. Сәулет өнерінің даму тарихы туралы айтыңыз.

2. Сәулет өнерінің қандай стильдерін білесіз?

3. Ұлттық сәулет өнері туралы ақпарат дайындаңыз. 



5. Список литературы:

Основная


1)   Бектұров   Ш.   К.,   Бектұрова   А.   Ш.   Казахский   язык   для   всех.   –   Алматы   :

Атамұра, 2008.

2) Бектұров Ш. К. Қазақ тілі. – Алматы : Атамұра, 2009. 

3) Оралбай Н., Құрманалиев К. Қазақ тілі. – Алматы : Арыс, 2007. 

4) Франк В. Ю. Қазақ тілі жоғары сынып оқушылары мен студенттерге арналған.

– Алматы : Болашақ балапандары, 2009. 

5)   Зейнулина   А.   Ф.,   Рахимжанов   К.Х.,   Акошева   М.К.   Практический   курс

казахского языка для стройтельных специальностей. Учебник. – Павлодар, 2003 – 241 с.

Дополнительная 


1) Зейнулина А.Ф., Балпанов Н. М. Кәсіби-іскери қазақ тілі. - Павлодар, 2007.

2) Зейнулина А. Ф., Жұмабаева З. Е., Шаһарман Ә. П., Пазыл Ә. Қ. Іскери-кәсіби

қазақ тілі: практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау. – 2009.

3) Зейнулина А. Ф. Кәсіби қазақ тілі : ақпараттық жүйелер, информатика. -2012.

4)   Төлеуп   М.   М.   Кәсіби   бағытталған   тілде   сөйлеу   біліктілігін   дамыту   :   оқу

құралы. - Алматы, 2005.



Document Outline

  • ПРОГРАММА ДИСЦИПЛИНЫ (SYLLABUS)
  • Қазақтың қара домбырасы Гиннестің рекордтар кітабына енді
  • БӨЖ ТАҚЫРЫБЫ: «ХАЗІРЕТ СҰЛТАН» және «НҰР-АСТАНА» мешіттерінің құрылысы мен сәулеті.

Каталог: arm -> upload -> umk pdf
umk pdf -> Ж. Т. Сарбалаев
umk pdf -> Ж. Т. Сарбалаев
umk pdf -> Нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы Нысан пму ұс н 18. 3/40
umk pdf -> Бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы Нысан пму ұс н 18. 4/19 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk pdf -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk pdf -> Жұмыс оқу бағдарламасының титулдық парағы
umk pdf -> Бағдарламасының титулдық парағы Нысан пму ұс н 18. 2/06 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk pdf -> Әдістемелік нұсқаулардың титулдық парағы
umk pdf -> «Тері, мех, бағалы аң шикізатының технологиясы мен тауартануы» Бағалы аң, мех және тері шикізаттың технологиясы мен тауартануы
umk pdf -> Бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы Нысан пму ұс н 18. 3/37 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет