Программалау технологиялары



Pdf көрінісі
бет7/12
Дата12.09.2022
өлшемі19.65 Mb.
#38869
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Жүйелік деңгей 
Жүйелік деңгей
Бұл деңгей программалары
программаларды төменгі базалық программалармен
8


тікелей аппаратурамен байланыстырады. Осы программаларға 
байланысты компьютердің қызмет ету көрсеткіштері қалып- 
тасады.
Компьютерге жаңа құрылғы қоссақ, сол құрылғының 
жүйелік 
деңгей программасы
басқа программаларды осы құрылғымен 
байланыстырады. Бір кұрылғыны осылай басқа программалармен 
байланыстыру программасы драйвер деп аталады (принтер, 
тышқан, диск, дисплей драйверлері болады).
Тағы бір жүйелік деңгей программасы құрылғыны адаммен 
байланыстырады. Соның көмегімен ісомпьтерге мэлімет енгіземіз, 
басқарамыз, нәтиже ала аламыз. Бұлар тұтынушы интерфей- 
сін басқару кұралдары, осылар компьютер жұмыс өнімділігін
тиімділігін қамтамасыз етеді.
Жүйелік деңгейдегі программалар жиыны компьютер опе- 
рациялы қ жүйесінің (системасының) ядросын құрайды. Опе- 
рациялық система (ОС) ядросының болуы адамның компьютер- 
мен жұмыс істеуінің алғашқы шарты.
ОС ядросы компьютер жадын, енгізу-шыгару процесін, файл 
жүйесін, командаларды өқдеуді басқару, т.б. жұмыстар атқарады.
Қызметтік деңгей
Бұл деңгей программалары базалық деңгей программалары- 
мен де жэне жүйелік деңгей программаларымен де байланыса 
алады.
Қызметтік программалар (утилиттер) жұмысы - компь- 
ютерлік жүйені тексеру мен баптау (параметрлерін тагайындау) 
жұмыстарын автоматтандыру жэне де жүйелік программалар 
жұмысын жақсарту. Утилиттер жиі қайталанатын операциялар- 
ды - мысалы, магниттік дискіні форматтау, дискіні дефрагмента- 
циялау, файлдарды архивтеу, вирустарды тауып аластау, т.б. 
істерді орындайды.
Қызметтік программаларга
1. файл диспетчерлері;
2. архиваторлар;
3. диагностикалық программалар;
4. инсталляция жасау программалары;
5. коммуникациялық программалар, т.б. жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет