Тұтынушы талғамын талдаудың негізгі алғышарттары. Тұтынушы тиімділігі туралы тұжырымдама



Дата15.11.2022
өлшемі138 Kb.
#50329

1.Тұтынушы талғамын талдаудың негізгі алғышарттары. Тұтынушы тиімділігі туралы тұжырымдама.
Нарықтық жағдайда өндірістік өнімнің өсу қарқынын халықтың жалпы сұранысымен тығыз байланысты. Егер өндіріліген өнімдер ұтымды бағамен сатылып жатса, онда осындай тауарларды өндіруге деген ынта арта түседі.Сондықтан, тұтынушлыардың сұраныстарын зерттеп, олардың қандай заттарлы сатып алғысы келетінін дер кезінде анықтаудың зор маңызы бар.Тұтынушылардың нарықтық ортадағы іс-әрекеттері «микроэкономиканың» тұтынушылар талғамы атты тарауында зерттеледі.
Тұтынушылар талғамын зерттеу үш кезеңнен тұрады.
Бірінші кезеңде тұтынушылардың көптеген тауарлар құрамының ішінен өзіне қалаулысын қандай принцеппен таңдау керектігі жөнінде мәліметтер келтіріледі. Осы тұрғыда ,егер А,В, С тауарлар құрамы берілген болса, онда олардың ең жақсысын таңдау әр адамның кейбір ерекшеліктеріне байланысты болады. Сондықтан оны тұтынушылар қалауын анықтау кезеңі деп атаймыз.Тұтынушылардың тауарлары құрамын дұрыс анықтауы олардың тек қалауларына тәуелді емес, өйткені өзі ұнатқан тауарларын сатып алуға тұтынушының қаражаты жетпеуі мүмкін. Демек,тұтынушының таңдауының қалыптасуына оның жалпы табысының шектеулі екендігі үлкен әсерін тигізеді.Егер табыс көлемі тұрақты болып,заттардың бағасы өсетін болса, онда тұтынушының сатып алу қабілеті кемиді. Бұл жағдай тұтынушының нарықтық ортадағы іс-әрекетін түбегейлі өзгеріп, оның талғамының басқаша түрде қалыптасуына әкеліп соғады. Сондықтан тұтынушалар талғамы зертеудің осы екінші кезеңінде бюджеттің шектеулілігі және оның тұтынушының талғамына тигізетін әсері туралы мәліметтер қараластырылады.
Үшінші кезең тікелей тұтынушылар таңдауын зерттеуге бағытталады. Үшінші кезеңде жоғарыда келтірілген тұтынушылардың нарықтық ортадағы іс-әрекеті шектейтін жағдайлар ескеріп, тұтынушы қаражаты жететін және оған ең көп пайдалылық алып келетін тауарлар құрамы анықталады. Егер тұтынушыға ең көп пайдалылық алып келетін және оның бюджетін қанағаттандыратын тауарлар құрамы анықталатын болса,онда бұл жағдай тұтынушының теңдестік жағдайы деп аталады.

2.Пайдалылық пен құндылық.


Амалдар
Пайдалылық- бұл адамның бір немесе бірнеше қажеттіліктерін қанағаттандыратын экономикалық игіліктердің қабілеттілігі. Ол жеке тұлғалық, субъективті сипатта болады. Тұтынушы сатып алынған тауарлар және көрсетілетін қызметтерден қанағаттану үшін қандай да бір түрде пайдалылықты салыстыруы тиіс. ХІХ ғасырдағы экономисттер жүргізген зерттеулер нәтижесінде микроэкономикалық теорияда игіліктер пайдалылығын бағалау кезінде екі амал түзілді: сандық (кардиналистік) амал және реттік (ординалистік) амал. Бұл амалдардағы сұлбалық айырмашылық 1-суретте бейнеленген.

Кардиналистік



Ординалистік



Тұтынушы пайдалылық деңгейінде айырманы
бағалауға қабілетті

Тұтынушы пайдалылық деңгейінде айырманы
бағалауға қабілетсіз

Пайдалылықтың сандық көрінісі

Пайдалылықтың реттік көрінісі

1-сурет-Пайдалылық бағасы


Пайдалылық функциясы- игіліктер уақытының осы кезеңінде олар тұтынғандардың санымен байланысты жалпы пайдалылықтың тұтынушылардан алынған шамасын бейнелейтін функция. Пайдалылықтың талдау функциясы былай белгіленеді:
T U = f (QX , QY , .... QI ),
мында T U -жинақталған пайдалылық;
f - функционалдық тәуелділіктің нысаны;
QX , QY , QI -игіліктердің тұтынылған түрлерінің көлемі.
3. Экономикалық игіліктердің жалпы пайдалылығы-бұл игіліктердің белгілі бір көлемін тұтыну кезінде қол жеткен психологиялық қанағаттандыру деңгейі. Екіншіден, қажеттіліктің толық емес қанағаттандырудан оның толық қанағаттандыруға өтуі бірте-бірте болады, яғни тұтыну шамасы бойынша қажеттілік қарқындығы немесе шиеленісушілігі азаяды. Тұтынушыны игіліктің әрбір қосымша бірліктерінен шығаратын пайдалылық деңгейін шекті пайдалылық деп аталады.
Максимум пайдалылық тауарларды сатып алу кезінде, егер өнімдердің әрбір түрлерін сатып алуға шығындалған әрбір ең соңғы ақша бірлігі бірдей шекті пайдалылықты әкелетіндей, бюджет міне осындай түрде тарайтын болса ғана қол жеткізуге болады.
Жалпы пайдалылық- тұтынған игіліктің барлық бөлшегі құндылығының қосындысы.Оны мына формуламен есептеуге болады.
TUi = f (Qi) 1
Мұндағы і –игіліктің түрі;
Q-өнім
f-уақыт бірлігі
TUi - жалпы пайдалылық
Сонымен тұтынылған уақыт бірлігі арасында жалпы пайдалылығының қосындысы тең болады барлық тұтынылған жалпы игіліктің жалпы құндылығының қосындысы. Жоғарыда атап өткендей тұтынушының тұтынатын игіліктерінің саны көбейген сайын жалпы пайдалылық өседі, бірақ ол шексіз өсе бермейді.Жалпы пайдалалық келесі тұтынылған игіліктің шекті пайдалылығы шамасына өседі.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет