Проспер Мериме «Таманго» Білу: 1- тапсырма



бет1/3
Дата11.12.2023
өлшемі40,86 Kb.
#137490
  1   2   3

Проспер Мериме «Таманго»
Білу:
1- тапсырма
Сұрақтарға жауап беріңіз

  1. Өздеріне қанша қастандық жасаса да кіріптар құлдар не себепі Тамангоға сенім артып қашуға бел буды?

  2. Новеллада адами болмысқа жат азғындықтың қандай қаситеттері кездеседі?

  3. Қапитан Леду құлдарды басында қандай заттарға айырбастап сатып алды, соңында ше?

Дескриптор:

  1. Проспер Мерименің “Таманго” новелласын оқиды

  2. Берілген сұрақтарға жауап бере алады

2- тапсырма
Новелла мазмұнының реттілігін қалпына келтіріңіз

1

Капитан Леду оны біраз уақыт үн-түнсіз көзімен шолды,ал Таманго болса,шетелдік генерал алдында көрмеге қойылған гренадер тәрізді,қакшиып қатып қалған күйі, өзі ана ақ адамға сұмдық әсер еттім-ау деген ойды малданып, соған іштей мәз болып, рақатка батып тұрды.

2

Әрбір жаңа құл немесе күң көрінер-көрінбестен, капитан еркектерді әлсіз де дәрменсіз, әйелдерді тым кәрі немесе тым жас деп кемсітеді.

3

Жүз алпыс кіріптар табанда арзанқол мата, оқ-дәрі мен шақпақ тасқа, үш кеспек арақ пен шала құрастырылған елу мылтыққа айырбасталды.

4

Арақ қызуынан құтырынып алған Таманго «- Мына әйелді саған сыйладым, ала кет!»- деді дауыстап.

5

Таманго қолымен маңдайына бір қойып қалды да, дереу мылтығын альп,теңізге кұяр алдында
ирелеңдеп, көп бұрылыс жасайтын өзен бойымен жүрмей ,кұярлықтан жарты мильдей жерде жатқан теңіз қойнауына қарай тікелей тартты.

6

Өткен түнде бізде үш кіріптар кұл мүрдем кетті, сөйтіп біраз орын босап қалды. Біз, өзі әлгі бір өмірем қапкан үшеуге татитын мына алпамсадай сабазды неге алмаймыз? - деді жайымен.

7

Леду іштей Тамангоны мың экюге сатуға болар еді деп түйді ойын.

8

Басқа да кіріптар құлдармен бірге қамауда жатқан Таманго, қайтадан бостандыққа шығу үшін, күн демей- түн демей,оларды батыл әрекет жасауға үгіттей бастады.

9

Әбден қанына қарайып алған Таманго, дұшпанын қапсыра кұшактап, қысып жіберді де, оның алқымына арыстандай ауыз салып, қанын дірдектетіп кеңірдегін орып жіберді.

10

Кеме жүрісіне осы бір арбиған дөңгелек пен онын қарсы алдында тұрған жәшіктің тікелей әсер ететінін бұл кемеде білмейтін ақылсыз зәңгі жоқ болатын; бірақ осы механизмнің тылсым сыры бұларға жұмбак еді.

11

Айналасы өліктен көрінбей, кеме жүзіп келеді.
Оның әйелі Айша сол түні жан тапсырды.

12

Ағылшын фрегаты кемеден бір әйелдің мәйіті мен әбден арықтап, терісі сүйегіне жабысып қарған, мумия тәрізді зәңгіні көрді. Оны қамқорлығына алып, бағып-қақты.

Дескриптор:

  1. Новелланы оқиды

  2. Новелла мазмұнын біледі

  3. Реттілігін сақтап орналастыра алады



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет