Психикалық қасиеттер (терминнің анықтамасы, түрлері, функциялары) Психикалық қасиеттер дегеніміз бір адамды екінші адамнан ажыратуға негіз болатын ең маңызды ерекшеліктері



Дата27.10.2022
өлшемі121,83 Kb.
#45633
Байланысты:
психология

.Психикалық қасиеттер (терминнің анықтамасы, түрлері, функциялары) Психикалық қасиеттер дегеніміз бір адамды екінші адамнан ажыратуға негіз болатын ең маңызды ерекшеліктері. Психикалық қасиеттерге белгілі бір сандық және сапалық қызмет деңгейі мен адамның мінезін қамтамасыз ететін оның ең басты ерекшеліктерін түсінген жөн. Психикалық қасиеттерге бағытталу, темперамент, қабілеттілік, мінез-құлық жатады. 7. Психикалық күйлер (терминнің анықтамасы, түрлері, функциялары) Психикалық күй дегеніміз адамның түрлі көңіл күйінің тұрақты компонеттері. Психикалық күйге қорқу, қуану, зерігу, зорығу т.б. 8. Психология салалары (терминнің анықтамасы, түрлері) Қазіргі кезде психология ғылымы – көптеген салалар мен тармақтарға бөлініп, ілгері дамып отырған өрісі кең ғылыми пін. Бұл салалар мен тармақтар дамуы мен қалыптасуы жағынан адамның түрлі тәжірибелік ісәрекеттерін қамтитын әр қилы салада тұр. Салалары Тәлім-тәрбие, жас ерекшелік, арнаулы, еңбек, авиациялық, ғарышкерлік, медициналық, әскери, әлеуметтік, спорт, сауда, ғылымишығармашылық, көркем өнер, әдебиет пен шығармашылыққа қатысты, салыстырмалы, заң психологиясы. 9. Психология әдістері (терминнің анықтамасы, түрлері) Психологияның басқа ғылымдар сияқты өз әдістері бар. Ғылыми зерттеулердің әдістері – практикалық ұсыныстарды шығару және ғылыми теория құру үшін керекті мәліметтер алынатын тәсілдер мен құралдар. Психологиялық әдіс екі негізгі үлкен топқа бөлінеді 1. Субъективті 2. Объективті 1. Субъективті – бақылау(өзін бақылау, сыртқы, еркін, стандартты қосылған), сауал(ауызша, жазбаша, еркін стандартты), тест(сауалнама, тапсырма-тест) 2. Объективті-тестер(объективті жобалы), эксперимет(табиғи зертханалық), модельдеу(техникалық математикалық киберниткалық логикалық) 10. Сенсибилизация (терминнің анықтамасы) Сенсибилизация тітіркендіргіш әрекетінің ықпалымен жүйке орталықтары сезгіштігі артуын көрсететін психикалық құбылыс 11. Дағды (терминнің анықтамасы) алғашқыда саналы орындауды қажет ететін іс-әрекет бөліктерінің қайталап жаттығудың нәтижесінде автоматталынуын дағды деп атайды. 12. Сана (терминнің анықтамасы, түрлері, функциялары) – адам психикасының ең жоғарғы сатысы және болмыстың осы сана арқылы күрделі түрде бейнеленуі 13. Түйсік (терминнің анықтамасы, түрлері, функциялары) Түйсік – бұл материалдық дүние заттары мен құбылыстарының сондай-ақ организмнің ішкі күйлерінің жеке қасиеттерін бейнелеуде көрінетін қарапайым психикалық процесс. Түйсіктердің негізгі түрлеріне жататындар тері түйсіктері – жанасу, қысым, сипап сезу, температуралық түйсіктер , ауырсыну түйсіктері, дәм сезу түйсіктері, көру түйсігі, есту түйсігі,күй-қалып пен қозғалыс түйсіктері(статистикалық және кинетикалық), сондай-ақ, органикалық түйсіктер (аштық, шөлдеу, жыныстық түйсіктер, ішкі мүшелерді түйсіну және т.б.) 14. Дистантты түйсік (терминнің анықтамасы) Дистантты түйсік алыс аралықта сезу мүшелеріне тітіркену арқылы әрекет етеді. Бұған иіс түйсігі, есту және көру жатады. 15. Түйсіну табалдырығы (терминнің анықтамасы) 16. Қабылдау (терминнің анықтамасы, түрлері, функциялары) Қабылдау – ақиқат дүниедегі заттар мен құбылыстардың сезім мүшелеріне тікелей әсер етіп, тұтастай заттық түрде бейнеленуі. Қабылдаудың түрлері кеңістікті, уақытты және қозғалысты қабылдау. 17. Апперцепция (терминнің анықтамасы) Апперцептио деген лат. сөздерінен алынған. (Лат. «ап» – үстеме жұрнақ, «перцепцио» –қабылдау. Қаз. қабылдауға қосымша деген мағынаны білдіреді) 18. Ес . Ерікті және еріксіз ес (терминнің анықтамасы, түрлері, функциялары) Ес – бір-бірімен байланысты жеке процестерден тұратын күрделі психикалық процесс. Ерікті және еріксіз ес түрлері Сонда белгілі мақсат қоймай-ақ, арнайы есте қалдырмай-ақ есте сақтау мен жаңғыртуды еріксіз ес деп атайды. Мақсат қойып, арнайы әрекеттерді қолданып жатып есте сақтағанды ерікті ес деп атайды. Түрлері- қимыл-қозғалысты, эмоциялық немесе сезім, мағыналық немесе сөздік-логикалық, бейнелендіру немесе елестету есі 19. Қиял (терминнің анықтамасы) Адам миында бұрыннан бар елестерді мәнерлеп жаңа образ жасау процесі қиял деп аталады. 20. Зейін (терминнің анықтамасы, түрлері, функциялары) Зейін дегеніміз айналадағы объектілердің ішінен керектісін бӛліп алып, соган психикалық әрекетімізді тұрақтата алу. Зейін ырықты, ырықсыз және үйреншікті болып үшке бөлінеді. 21. Зейін қасиеті: бөлінушілігі (терминнің анықтамасы) Зейіннің бөлінуі деп - адамның кез келген іс-әрекет үстінде бірнеше объектіге бір мезгілде зейін аудара алатындығынан көрінеді. 22. Иллюзия (терминнің анықтамасы) Түрлі себептерге байланысты шындықтағы объектілерді қате қабылдауды иллюзия деп атайды. 23. Галлюцинация (терминнің анықтамасы) (галлюцинация) – лат. сөзі, қаз. қиялдану, шатасу деген мағынада. Г. жүйке жүйесінің ауруға шалдығуына байланысты жалған, теріс, бұрмаланған бейнелердің туындауы 24. Агнозия (терминнің анықтамасы) (грек. а – қаз. теріс бөлшек +gnosis – қаз. білім) – бас миы жоғарғы бөліктерінің зақымдану салдарынан адамның қабылдауында танып білу қабілетінің бұзылуы. 25. Қабылдау (терминнің анықтамасы, түрлері, функциялары) Қабылдау дегеніміз ақиқат дүниедегі заттар мен құбылыстардың сезім мүшелеріне тікелей әсер етіп, тұтастай заттық түрде бейнеленуі. Қабылдаудың түрлері кеңістікті, уақытты және қозғалысты қабылдау. 26. Қабылдау бұзылыстары (терминнің анықтамасы, түрлері) 27. Ойлау (терминнің анықтамасы, түрлері, функциялары) .Ойлау операциялары Ойлау дегеніміз – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланысқатынастардың мида жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі. Ойлаудың үш түрі болады: көрнекті-әрекеттік ойлау, көрнекті-бейнелік ойлау, сөздік-логикалық ойлау Ой операциялары(тәсілдері). Ой тәсілдері: анализ, синтез, абстракциялау, нақтылау, жалпылау, жүйелеу, топтастыру, салыстыру 28. Сөздік - логикалық ойлау (терминнің анықтамасы) Сөздік-логикалық ойлау – тілдің және тілдік құралдардың көмегімен шығарылатын ұғымдарды, логикалық құрылымдарды пайдаланумен сипатталатын ойлаудың негізгі түрлерінің бірі. 29. Зейін (терминнің анықтамасы, түрлері, функциялары, қасиеттері) Зейін дегеніміз айналадағы объектілердің ішінен керектісін бӛліп алып, соган психикалық әрекетімізді тұрақтата алу. Зейін ырықты, ырықсыз және үйреншікті болып үшке бөлінеді. 30. Ерік (терминнің, функцияның анықтамасы) Ерік деп адамның өзінің психикасы мен қылықтарын саналы басқару қабілетінен көрінетін қасиетті атайды. Ол саналы қойылған мақсатқа жету жолында кездескен кедергілерді жеңуден көрінеді. Еріктің негізгі функциясы өмір әрекеті барысындағы қиын жағдайларда белсенділікті саналы түрде реттеуден тұрады 31. Күрделі ерікті процестің кезеңдерінің реттілігі. Күрделі еріктік әрекетте мақсатты аңғару, жоспарлау және орындау деген үш буыннан тұрады. Мақсатты аңғару. Адам мінез-құлқының стимулдары сан алуан. Мұндайлар: ашығу, шӛліркеу сияқты физиологиялық қажеттіліктер, ауа жұту, дем алу, ұйықтау қажеттіліктері, басқалармен араласу, білімге, кӛңіл кӛтеруге құмарлық тәрізді қажеттіліктер бола алады. Жоспарлау. Күрделі ерік әрекетінде шешім қабылдаудан соң қойылған міндетке жету жолдарын жоспарлау басталады. Орындау. Жол мен тәсілдер белгіленіп болысымен, адам қабылданған шешімдерді жүзеге асыруға кіріседі.

темперамент (терминнің анықтамасы, түрлері, функциялары) Темперамент – белгілі бір адамға тән, сыртқы әсерлерге жауап беру реакцияларының динамикасы, бір қалыптылығында көрініс беретін мінезқұлықтың табиғи ерекшелігі, адамның биологиялық жағын көрсететін қасиеттердің бірі. Темперамент функциясы жеке адам қасиеттеріне тек шартты түрде бағынады және ол биологиялық әрі туа біткен қасиет болғандықтан, көбінесе индивиттік ерекшелік болып табылады. Темперамент түрлері холерик, сангвник, феглматик,мелонхолик 33. И.П. Павлов бойынша темперамент теориясы - Темперамент ерекшеліктері Темпераменттердің физиологиялық негіздерін ғылыми тұрғыдан дәйекті етіп түсіндірген академик И.П.Павловтың ілімі темперамент туралы түсінікті ғылыми сара жолға түсірді. Ол темпераменттердің осы қасиеттерінің туа үйлесуіне орай сипатталатындығын кӛрсетті. Холерик аса қозғалғыш, ұшқалақ. Қарым-қатынасқа күйгеле, бір беткей, ісәрекетке пысық. Сангвиник- қызу қанды, іскер адам. Қимыл-қозғалысқа пысық. Адамдармен тез тіл табыса алады. Флегматик – барлық уақытта байсалды, ұстамды, бір қалыпты, табанды, төзімді. Меланхолик – аса сезімтал, тез жараланғыш. 34. Ақпарат жинау әдістері. Бақылау – әр түрлі табиғи жағдайда жеке тұлғаның іс әрекеті мен қылықтарын қабылдаудың негізінде мақсатты зерттеу Құжаттарды қарастыру – адам іс-әрекетінің өнімдерін талдауға көмектеседі Сұрау әдісі – анкеталар мен интервьюлер пайдаланылады Эксперимент – әр адамның дара ерекшеліктерін зерттейді 35. Аурудың ішкі сипаты 36. Симуляция (терминнің анықтамасы) Симуляция – жоқ ауруды бар етіп көрсету. 37. Диссимуляция (терминнің анықтамасы) Диссимуляция – ауруды, оның белгілерін жасыру, 38. Аггравация (терминнің анықтамасы) Аггравация – нақты ауруды науқас үлкейтілген кезде сезінеді.Науқас айналадығы адамдардың оны ойлап, оларыдың назарын аударуға тырысады. 39. Анозогнозия (терминнің анықтамасы) Анозогнозия – науқас өзінің ауруын және оның белгілерін саналы түрде қабылдамайды. Науқас аурын айналасындағылардан ғана емес, өзінен де жасырады. 40. Личко бойынша ауруға көзқарастың түрлері (Личко бойынша барлық 13 түрдің анықтамасы мен сипаттамасы) Мiнез акцентуациясы А.Е.Личко бойынша: жас өспiрiмдердi бақылауға негiзделген, нақты бiр мiнез күшейуiн қарастырды, ол сыртқы жағдайларына байланысты. А.Е.Личко бойынша мінездің жасөспірімдерге арналған типологиясы: 1.Гипертимді тип. Бұл типті адамдардың қарым-қатынасы жоғары, қимыл – қозғалысы ширақ, қалжыңға бейім. Өздерінің ортасында шулы, көңіл – күйі жоғары. Өте жоғары қабілеті бар, бірақ тұрақсыздығының нәтижесінде сабаққа дайындығы біркелкі емес. Көңіл – күйі үнемі көтеріңкі жүреді. Ересектермен, ата – аналарымен, ұстаздарымен қарым – қатынас барысында әртүрлі қақтығыстарға түседі. 2.Циклойдты тип. Апатияға бейім, өте қызба. Көбіне үйде жалғыз қалғанды ұнатады, өздерінің құрбыларымен қарым – қатыныас жасамайды. Айналадағылардың ескетпелерін қабылдамайды, қабылдаған күнде өте қызба, жағымсыз түрде өтеді. Сәл болатын өзгерістерді қапаланып қабылдайды. Көңіл – күйі жоғарыдан өте төмен деңгейге тез ауысып отырады. Көңіл –күиінің ауысу мерзімі 2-3 апта. 3.Лабильді тип. Мінезі тұрақсыз, көңіл – күйі жиі өзгергіш. Көңіл – күйінің өзгеруіне кез – келген ұсақ – түйек әсер етуі мүмкін. Мұндай адамдардың көңіл – күйі жабырқау кезінде өздерінің жанын түсінетін адамдардың көмегін қажет етеді. Олар басқа адамдардың өздеріне деген қатынасын аса сезімталдықпен сезінеді. 4.Астенал – невротикалық тип. Бұл типті адамдар аса жоғары көңілге алушылығымен, тез шаршап, болдыруымен, қырсықтығымен көзге түседі. 5.Сензитивті тип. Аса сезімталдық: біреудің қуанышына да, қайғысына да ортақтасады. Аса үлкен ортаны, қатты қимыл-қозғалыс орындарын аса ұнатпайды. Олар танымайтын, бөтен адамдармен қарым – қатынасқа көп түсе бермейді. Өздерінің қабілет саласындағы кемшіліктерді аса ұқыптылық, кез – келген істі орындаумен толтырады. 6.Психастеникалық тип. Секем алғыштық, көңілшек, барлық жаңалықтан қорқатын, сезімі нәзік келеді. Болашақта қауіп пен сәтсіздікті сезінеді. Интеллектісі жоғары. Бірақ оқуы нашар, себебі, ауызша жауап бергенде мазасызданып, білгенін жеткізе алмай қиналады. 7.Шизойдты тип. Тұйық, айналасындағылармен қарым – қатынасқа түсуге ынта –ықыласы жоқ, оқшау жүреді, ішкі жан –дүниесі бай, бірақ сырт келбеті кедей адам. Ақыл – ой дарындылығы бола тұра, икемсіз. 8.Эпилептойдты тип. Бұл типті адамдар ызақор, өте қозғалғыш, әсіресе бұл белгілер 2-3 жас арасында корінеді. Личконың айтуынша бұл типті адамдар жан – жануарларды азаптап, қинауды, өздерінен әлсіз адамдарды мазақ етуді жақсы көреді. Аса қатыгез, өздерін аса жақсы көреді. Басшылыққа ұмтылады 9.Истероидты тип. Бұл типке тән белгілер: үнемі назарда болуға тырысу, өзін көрсетуге және үнемі таңқалдыруға әуестік. 10. Тұрақсыз тип. Бұл типті адамдар болашақты тіпті де ойламайды. Олардың әрекеттері белгілі бір мақсатпен, міндетпен байланысты болмайды, тұрақсыз және өзгермелі. 11. Комформды тип. Кез – келген өзіне тиімді жағдайларға тез бейімделеді 41. «Коммуникативті дағдылар» түсінігінің анықтамасы. Коммуникативтік дағдылар дегеніміз, парыз, адамгершілік, міндет, кәсіби этика туралы ғылымдарды белгілейді.Адамдар арасындағы болатын түрлі қиыншылықты жеңу үшін түрлі кәсіби қызмет дағдыларын кеңірек пайдаланған абзал. 42. Дәрігердің коммуникативті құзыреттілігін қалыптастыратын психологиялық сипаттамалар: аффиляция, эмоционалды тұрақтылық, эмпатия, бас тартуға сезімталдық, рефлексия (терминнің анықтамасын білу) Аффиляция – басқа адамдармен бірге болуға шара қосылуға ұмтылу қажеттілігі. Эмоционалды тұрақтылық – бірізділік; эмоционалды жетілген, тыныш, мүдделерде тұрақты, жұмыс істей алатын, қатал болуы мүмкін, шындыққа бағдарланған, ол тітіркендіргіш заттарға зиян келтірмейді. Эмпатия – науқастың қиындығына ортақтасуы Бас тартуға сезімталдық – бұл қасиет дәрігерге науқаспен қарым-қатынас жасаудағы өзінің мінез-құлқын қайта құрып, түзетуге көмектесетін кері байланыс рөлін атқарады. Рефлексия - бұл дегеніміз субъектің өзіне және өзінің санасына назар аударуды, атап айтқанда, өзінің жеке белсенді өнімдеріне, және соның барлығына кішкене де болса қайта қарастыруды білдіреді. Атап айтқанда, - дәстүрлі мағынада, - өз сана мазмұны мен ерекшеліктеріне, соның ішіне тұлғалық құрылымдар кіреді (құндылықтар, мүдде, себепшілік), ойлау қабылеті, қабылдау/сіңдіру механизмдері, шешім қабылдау, эмоциялық жауап, мінез-құлық шаблондары және т.б..



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет