Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің мақсаты



бет1/3
Дата01.07.2023
өлшемі178,77 Kb.
#103898
  1   2   3

Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді іске асыру тетігі
Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу-бұл жалпы білім беретін мектеп жағдайында табысты әлеуметтендіру үшін әлеуметтік-психологиялық жағдай жасауға бағытталған кәсіби қызмет жүйесі
Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің мақсаты.
Осы әлеуметтік-педагогикалық орта шеңберінде оқушылардың табысты әлеуметтенуіне жағдай жасау
Инклюзивті мектептерде психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастыру – бұл, ең алдымен, даму мүмкіндігі шектеулі балалардың актуалды жағдайы және жақын даму перспективалары тұрғысынан баланың психологиялық-педагогикалық статусын жүйелі түрде қадағалау, балаларды нәтижелі оқыту мен дамыту, нақты бір баланың оқыту, сөйлесу психикалық күйінің проблемаларын шешу үшін әлеуметтік-педагогикалық жағдай жасау. Сонымен қатар, жалпы білім беретін үдерісте даму мүмкіндігі шектеулі балаларды нәтижелі педагогикалық қолдау, оларды қоғамда әлеуметтендіру білім беру үдерісіне қатысушылардың, ең алдымен, мектеп мұғалімдерінің даму мүмкіндігі шектеулі баламен жұмыс істеуге қажетті білім мен құзыреттілік болған жағдайда ғана жүзеге асады.
Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметінің міндеттері
1. Білім алушының тұлғасын зерттеу. Әлеуметтік-педагогикалық қолдауды қажет ететін оқушылардың деректер банкін қалыптастыру.
2. Білім беру процесінің барлық қатысушыларының құқықтарын қорғау және психологиялық денсаулығын қолдау.
3. Сынып ұжымдарында және жалпы білім беру мекемелерінде қолайлы психологиялық климат құру.
4. Оқушылардың түрлі категорияларымен және олардың отбасыларымен дифференциалды жұмысты ұйымдастыру.
5. Өзіне-өзі көмек көрсету тұжырымдамасын іске асыру үшін жағдайларды қамтамасыз ету (тұлғаның бірегейлігі мен қайталанбастығын көтермелеу).
6. Психологиялық және әлеуметтік атаулы көмек көрсету.
7. Тәрбие үрдісінің нәтижелілігін қадағалау.
8. Жанжалды жағдайлардың алдын алу.
9. Білім алушылардың табысты әлеуметтенуіне ықпал ету.
Әдістері
1. диагностика
2. сауалнама
3. жеке кеңес беру
4. тестілеу
5. құжаттарды зерделеу


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет