Python бағдарламаларын жазу және сақтау



Дата25.11.2023
өлшемі141,81 Kb.
#127548

1.Тіл негіздері
1.2 Бірінші бағдарлама
1.2.1 Мәліметтерді енгізу,өңдеу және шығару.print()
Python бағдарламаларын жазу және сақтау
PyCharm ортасын орнату сабағымызда, бағдарламалау ортасын өз компьютерімізге орнатқан соң, ендігі кезекте алғашқы Python тіліндегі бағдарламамызды жазып,іске қосу және оны сақтауды үйренейік. Төмендегі (сурет 1) суретте көрсетілгендей алғашқы «Сәлем» мәтінін кансолда шығару реті. Яғни:

  1. print('Сәлем')//python тілінде жазылуы

  2. Файл атауын (main.py //файл атауы )тінтуір көмегімен таңдап, «Run ‘main’» таңдамасын таңдау арқылы файлды іске қосамыз

  3. Кансолда Сәлем мәтіні пайда болады


Сурет 1
Мәліметтерді енгізу
Пайдаланушы өз ойынан қандайда бір мәліметті компьютерге енгізу үшін Python бағдарламалау тілінде input( ) функциясы қолданылады. Input() функциясын қолдануға мысал:
1 - мысал
a = input()
b = input()
print('a=' +a+' b='+b)
Input:
2
3
Output:
a=2 b=3

Мәліметтерді шығару print() функциясы
Python бағдарламалау тілінде қандай да бір мәліметті кансолда көру үшін print() функциясы
қолданылады. Мысал келтіретін болсақ:
print('Сәлем')//python тілінде жазылуы
Output: Сәлем
Print() функциясы арқылы кансолда сандық мәліметтерді шығаруда түсіндірме сөздер арқылы да шығаруға болады. Мысал:
a = int(input())
b = int(input())
print(a, '+', b, '=', a+b)
Output:
2
3
2 + 3 = 5
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Билл Любанович, Простой Python. Современный стиль программирования, екінші шығарылым,Санк – Петербург,2021.- 531 – 539 стр.

  2. Python 3 для начинающих https://pythonworld.ru/samouchitel-python

  3. Dr. Krishna Kumar Mohbey, Dr. Brijesh Bakariya, An introduction to python: A practical approach, first edition, India,2022. -1 – 36 page


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет