Сөж тақырыбы: Зейіннің механизмдері



бет1/3
Дата13.06.2022
өлшемі26,22 Kb.
#36793
  1   2   3

Қазақстан Республикасының денсаулық министірлігі
Жезқазған қаласының жоғары медициналық колледжі


СӨЖ
Тақырыбы:« Зейіннің механизмдері.»


Орындаган: Исахова З. Э
Кабылдаган: Фазылова М.Ш.


Жезқазған 2021ж.
Жоспар:

  • Кіріспе бөлім

  • Негізгі бөлім

  • Зейін жөнінде түсінік

  • Зейіннің негізгі қасиеттері

  • Зейіннің түрлері

  • Зейіннің физиологиялық механизмдері

  • А.Ухтомский мен И.Павлов ілімдері

  • Қорытынды бөлім

  • Қолданылған әдебиеттер



Кіріспе
• Кез келген құбылыстарды қабылдау үшін біз өзіміздің сезім мүшелерімізді іске қосамыз.
• Зейін- психикалық әрекеттердің айналадағы заттар мен құбылыстарға бағытталып, түйдектелуі. Ол объектілерді анығырақ, ашығырақ тану үшін, жан қуаттарының оларға бет алып, жинақталу үшін қажет. Егер зейін болмаса организмнің сыртқы ортамен байланысқа түсуі дәрменсіз,
ой, дене еңбегінің жөнді нәтижесі болмас еді. Зейін ырықсыз, әлдеқайда ырықты, үйреншікті, сыртқы және ішкі болып бөлінеді. Оның іс-әрекеттің орындалу барысында көрінетін тұрақтылығы, аударылуы, бөлінушілігі, көлемі, алаңдаушылығы секілді түрлі қасиеттері бар.

Зейін туралы түсінік
Зейін деп – адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын көрсететін құбылысты айтады. Дәлірек айтқанда, зейін дегеніміз айналадағы объектілердің ішінен керектісін бөліп алып, соған психикалық әрекетімізді тұрақтата алу және психикалық әрекеттің айналадағы заттарға бет алып, бағытталып түйдектелуін айтады.
Зейін бізге сыртқы дүние заттары мен құбылыстарын анығырақ және ашағырақ сәулелендіру үшін, психикалық әрекеттеріміздің оларға бет алып жинақталуы үшін керек.
Егер зейін болмаса, заттарды, құбылыстарды жақсылап, толығырақ ашығырақ қабылдауға, оларды санамызға сәулелендіруге болмас еді. Психикалық әрекеттердің бет алуы және түйдектелуі олардың өзгеріп, дамып отыратындығын,заттардың, құбылыстардың сәулесін, санамызға түсіретіндігін көрсетеді.
• Адамның күнделікті тұрмысында да, оқу процесінде де, еңбек те де зейін үлкен орын алады. Егер адамда зейін болмаса, ой еңбегінің де, дене еңбегінің де мәні, нәтижесі болмас еді. Егер оқушылар өздерінің оқитын пәндеріне, мұғалімнің әңгімесіне зейін қойып құлақ салмаса, оларды
жақсы ұғып, есінде қалдыра алмайды. Оқушылардың үйреншікті зейіні жақсы түсініп, көп ұғып алады.
• Орыстың педагогі К.Д.Ушинский зейін- сыртқы дүниедегі материалдың барлығын санамызға жіберіп отыратын есік дейді. Егер осы есік дұрыстап ашылған болса ғана, оқушы мұғалімнің айтқанын ұғып, біліп алады, егер бұл есік жабық болса, онда мұғалімнің айтқанын жөнді ұғып, есінде қалдыра алмайды. Зейіннің пайда болуына, көтермеленіп отыруына бірнеше жағдайлар себеп болуы мүмкін. Егер әсер етуші заттар күшті, көрнекті, ашық болса,соншама ол заттарға адам зейінін молырақ бөлнді. Сондай-ақ тітіркендіргіштердің әсер ету мөлшері ұзақ болса, оларға да адам еріксізден зейін аударады. Біріне-бірі қарама-қарсы заттар да еріксіз адамның зейінін бұзғызады. Өте бойшаң адам мен аласа бойлы адам қатар келсе, біреуінің өте ұзын екені, екіншісі алас адам екені көзге бірден шалынады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет