Қр білім және Ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата22.02.2022
өлшемі274,83 Kb.
#26138
  1   2   3
Байланысты:
өндірістік бағдарлама жүргізілуі



ҚР Білім және Ғылым министрлігі 

Болашақ университетінің жоғары колледжі 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



 

 

Пәні: Ұйым экономикасы 



Тақырыбы: Кәсіпорындағы өндірістік бағдарламаның жүргізілуі 

Орындаған: Аманжолова Аякөз 

Қабылдаған: Тажикова Жанат 

Оқу тобы: УА-19\9г  

 

 

 



 

 

 



 

Қызылорда қаласы, 2022 жыл 


 

 

Мазмұны: 

I.  Кіріспе 

II.  Негізгі бөлім 

1.  Кәсіпорынның шаруашылық қызметі 

2.  Кәсіпорындағы өндірістік бағдарламаны жүргізу 

III.  Қорытынды 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 


Кәсіпорындағы өндірістік бағдарламаның жүргізілуі 

   Кез  келген  экономиканың  негізін  жұмыс  орындары  құрайды.  Жұмыс 

орындарында  өнім  өндіріледі  немесе  өндірістік  қызмет  түрлері  көрсетіледі. 

Атап  айтқанда,  кәсіпорында  өнім  өндіріледі,  жұмыстар  жасалады,  қызмет 

көрсетіледі, яғни тұтынудың негізі жасалып, ұлттық байлық көбейтіледі.  

   Ұлттық  экономиканың  барлық  кезеңдерiндегi  негiзгi  буыны  кәсiпорын 

болып  табылады.  Осы  кәсiпорында  өнiм  өндiрiледi,  жұмыскер  өндiрiс-

құралжабдықтарымен тығыз байланыста болады.  

   Кәсiпорын деп пайда алу және оны көбейту мақсатында бәсекеге қабілетті 

тауарлар мен қызметтердi өндiрумен, оны өткiзумен айналысатын заңды түрде 

құрылған  дербес  шаруашылық  субъект  немесе  заңды  тұлғаларды  айтады. 

Өндірістік  кәсіпорын  –  тұтынушыларға  қажетті  өнімді,тауарды  дайындауға 

қабілетті  кәсіби  ұйымдастырылған  еңбек  ұжымы  бар  мамандандырылған 

ұйым.  


   Кәсіпорынның  басты  мақсаты  барынша  жоғары  пайда  алу  және  жоғары 

пайдалылыққа жету және жұмыс орындарын құырып, жергілікті тұрғындарды 

жұмыспен қамту. Осы мақсаттарға жету үшін кәсіпорын алдына төмендегідей 

бірқатар міндеттер қойылады:  

    - тұтынушының сұранысына сай және қолда бар өндірістік мүмкіндіктерді 

пайдалана отырып жоғары сапалы өнім шығырып, қызмет көрсету және оны 

жүйелі түрде жаңартып отыру;  

   - иелігіндегі өндірістік ресурстарды ұтымды пайдалану; 

   -  кәсіпорынның  стратегиясы  мен  тактикасын  жасау  және  жағдайлардың 

өзгеруіне қарай өзгерістер енгізу;  

   -  өндіріске,  еңбекті  ұйымдастыруға  және  басқаруға  алдыңғы  қатарлы 

жаңалықтарды,инновацияны енгізіп отыру; 

    -  өзінің  жұмыскерлерінің  жағдайын  жасау,  олардың  біліктілігін  арттыру, 

еңбек  ұжымындағы  әлеуметтік-психологиялық  ахуалды  жоғары  деңгейде 

ұстау. 

    Сонымен  қатар,  негізгі  мақсаттарға  ұмтылуда  тұрған  корпоративтік 

мақсаттардың  барлығы  бар.  Олар  иесінің  мүдделері,  капитал  мөлшері, 

кәсіпорын  ішіндегі  жағдай,  сыртқы  орта  және  белгілі  бір  талаптарды 

қанағаттандыруы  тиіс  (нақты  және  өлшенетін,  уақытқа  бағытталған,  қол 

жетімді және өзара қолдауға ие) болуы мүмкін.  




    Бұл мақсаттарға: өнімдердің, жұмыстардың, қызметтердің көлемін барынша 

арттыру;  ғылыми  және  технологиялық  прогресті  пайдалану  негізінде 

өнімдердің  бәсекеге  қабілеттілігін  қамтамасыз  ету;  бірқалыптылық  пен 

тұрақтылық; нарық позицияларын ұстап тұру (жаңа нарықты сатып алу) және 

өндірістің  жоғары  тиімділігін  қамтамасыз  ету;  өндірістің  күрделілігіне  қол 

жеткізу  және  т.б.Осы  мақсаттардың  әрқайсысы  да  кәсіпорынның  негізгі 

мақсаттарына қол жеткізу құралы болып табылады. Кәсіпкерлік мақсаттарды 

таңдау, бір жағынан, өз ресурстарымен кәсіпорынның қауіпсіздігін, ал екінші 

жағынан,  сыртқы  орта  мен  нарықтық  жағдайды  сипаттайтын  бірқатар 

факторларға  байланысты.  Кәсіпорынның  экономикалық  жүйесіне  әсер  ету 

бағытына байланысты факторлар оң және теріс бөлінеді, сонымен қатар, орын 

алған  жеріне  байланысты  ішкі  факторларға  жіктеледі,  бұл  өз  кезегінде 

объективті  (олардың  пайда  болуы  басқарудың  субъектісіне  тәуелді  емес), 

субъективті  (мысалы,  кәсіпорынның  ерекшелігі  мен  тұлғасына  қатысты, 

кәсіпорынның  баға  саясаты  және  т.б.)  және  сыртқы  (мысалы,  инфляциялық 

процестерге, мемлекеттік қызметке, отандық және әлемдік нарықта және т.б.).  

     Өнеркәсіптік кәсіпорынның атқаратын қызметтері мыналар: 

   -  өндірісте  және  жекеше  тұтынылатын өнім  шығару;  -  тұтынушыға  өнімді 

жеткізу және сату;  

  - өнімді сатып болғаннан кейін қызмет атқару,  

  - кәсіпорындардағы өндірісті материалдық-техникалық жабдықтау; 

   - кәсіпорын жұмысшыларының еңбегін ұйымдастыру және басқару; 

   - кәсіпорындағы өндіріс көлемін жан-жақты дамытып, ұлғайту; 

   - кәсіпкерлік қызмет;  

   -  салықтарды  төлеу,  мемлекеттік  бюджеттің  және  басқа  да  қаржы 

ұйымдарының міндетті және міндетті емес төлемдерін орындау; 

    - мемлекеттік заңдарды, нормативтер мен стандарттарды орындау. 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет