Президенттік жастар кадр резервінің кейбір мәселелері туралы



бет1/4
Дата14.09.2023
өлшемі22,13 Kb.
#107347
  1   2   3   4





Президенттік жастар кадр резервінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 27 тамыздағы № 141 Жарлығы.


Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкiметі актiлерiнiң
жинағында жариялануға тиiс


ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссия (бұдан әрі – Ұлттық комиссия) құрылсын.


2. Қоса беріліп отырған:


1) Ұлттық комиссия туралы ереже;


2) Ұлттық комиссияның құрамы;


3) Президенттік жастар кадр резервін қалыптастыру қағидалары бекітілсін.


3. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.



Қазақстан Республикасының

Президенті




Қ.ТОҚАЕВ




Қазақстан Республикасы
Президентінің
2019 жылғы 27 тамыздағы
№ 141 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссия туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссия (бұдан əрі – Ұлттық комиссия) Президенттік жастар кадр резервін (бұдан əрі – Резерв) қалыптастыру мақсатында құрылады.


2. Ұлттық комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін жəне осы ережені басшылыққа алады.

2. Ұлттық комиссияның міндеттері

3. Ұлттық комиссияның міндеттері:


1) Резервті қалыптастыру жөніндегі жұмысты жалпы үйлестіру;


2) Резервке алу туралы, Резервтен шығару туралы мəселелерді шешу;


3) Қазақстан Республикасы Президентінің Резервті қалыптастыру мәселелері жөніндегі тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету болып табылады.


Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 31.12.2022 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

3. Ұлттық комиссияның функциялары



4. Ұлттық комиссияға міндеттеріне сәйкес мынадай функциялар жүктеледі:


1) Резервке алуға ұсынылған кандидаттарды қарау;


2) Ұлттық комиссияның құзыретіне жататын мәселелер бойынша сұрау салуларды жіберу және мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан ақпарат алу;


3) Ұлттық комиссияның құзыретіне жататын мәселелер бойынша шешімдер қабылдау;


4) адамды Резервтен шығару туралы мәселені қарау.


Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 31.12.2022 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

4. Ұлттық комиссияның құқықтары



5. Ұлттық комиссия өз міндеттеріне сәйкес мынадай құқықтарға ие:


1) Ұлттық комиссияның құзыретіне кіретін мәселелерді қарауға мемлекеттік органдардың, ұйымдардың лауазымды адамдары мен мамандарын тарту;


2) Ұлттық комиссияның отырысына Ұлттық комиссияның мүшелері болып табылмайтын лауазымды және өзге де адамдарды, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін шақыру.

5. Ұлттық комиссияның құрамы және қызметін ұйымдастыру

6. Ұлттық комиссия төрағадан, оның орынбасарынан және комиссия мүшелерінен тұрады.


7. Ұлттық комиссияның төрағасы:


1) Ұлттық комиссияның қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;


2) Ұлттық комиссияның отырыстарын өткізу орны мен уақытын айқындайды;


3) Ұлттық комиссияның отырыстарында төрағалық етеді;


4) Ұлттық комиссияның мүшелеріне орындауға міндетті нұсқаулар береді.


8. Ұлттық комиссияның төрағасы болмаған уақытта, сондай-ақ оның тапсырмасы бойынша оның функцияларын комиссия төрағасының орынбасары орындай алады.


9. Ұлттық комиссияның отырыстары қажеттігіне қарай өткізіледі.


10. Ұлттық комиссия төрағасының тапсырмасы бойынша Ұлттық комиссия мүшелерінің сырттай дауыс беруі өткізілуі мүмкін.


Ұлттық комиссия мүшелерінің сырттай дауыс беру мерзімі Ұлттық комиссия мүшелеріне материалдар жіберілген күннен бастап үш жұмыс күнінен аспауы тиіс.


Сырттай дауыс беру мерзімі аяқталғанға дейін Ұлттық комиссия мүшелері өз пікірлерін Ұлттық комиссияның жұмыс органына жазбаша түрде жолдайды.


Көрсетілген мерзімде жауап ұсынылмаған жағдайда Ұлттық комиссия мүшесі шешім жобасын қабылдауға дауыс берді деп саналады.


11. Ұлттық комиссияның отырысы немесе сырттай дауыс беру оның құрамының жалпы санының кемінде үштен екісі отырысқа қатысқан немесе сырттай да уыс беруге қатысқан жағдайда заңды болып табылады. Ұлттық комиссияның мүшелері отырыстарға жəне сырттай дауыс беруге ауысу құқығынсыз қатысады.


12. Ұлттық комиссияның шешімдері Ұлттық комиссия отырысына қатысушы немесе сырттай дауыс беруге қатысушы мүшелерінің жалпы санының қарапайым көпшілік дауысымен ашық дауыс беру немесе сырттай дауыс беру арқылы қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады.


13. Ұлттық комиссияның шешімдері, оған Ұлттық комиссияның төрағасы және хатшысы қол қоятын хаттамамен ресімделеді.


Ұлттық комиссияның шешімдері тиісті мемлекеттік органдарға, ұйымдарға жіберіледі және Ұлттық комиссия белгілеген мерзімде міндетті түрде қаралуға тиіс.


14. Ұлттық комиссияның хатшысы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімінің меңгерушісі болып табылады.


15. Ұлттық комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасы Президенті Əкімшілігінің Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімі болып табылады.


Ұлттық комиссияның қызметін ұйымдық қамтамасыз етуді мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уəкілетті орган жүзеге асырады.



Қазақстан Республикасы
Президентінің
2019 жылғы 27 тамыздағы
№ 141 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет