Р. Т. Айтбай, Ә.Қ. Қасымова, А. О. Ешмұқамбетов


Флот – теңiз кемелерiнiң жиынтығы. Фреска



Pdf көрінісі
бет101/105
Дата10.11.2022
өлшемі4,4 Mb.
#49244
түріОқулық
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   105
Флот – теңiз кемелерiнiң жиынтығы.
Фреска – үйдiң қабырғасына сылағы кеппей тұрғанда бояумен салынатын 
кескiндеме.
Халиф – Мұхаммед пайғамбар өлген нен кейiн арабтар мемле ке тiнiң басшысы 
болған орын ба сарлары.
Халифат – халифтер басқарған ис лам дық Араб мемлекетi, оның құ рамына кiрген 
елдер.
Харадж – ислам дiнiн қабылдаған ел дердегi жер салығы.
Хартия – қоғамдық-саяси мәнді бағдарламалық құжат.
Хроника – жылнама, тарихи оқиғалар тiзбегi.
Цехтар – феодалдық қаладағы қол өнершiлердiң бiрлестiгi, эко но ми ка лық-саяси 
және соғыс одағы. Негiзгi мақсаты – қолөнер шiлердiң мүдде сiн қорғау. 
Цехтардың өз жарғысы, таңбасы, туы болды.
Чомпилер – орта ғасырлардағы Ита лияның Флоренция қала сындағы тоқыма 
кәсiпорын да ры ның жұ мыс шылары. 1378 жылы мау сым ай ын да олар көтерiлiс-
ке шы ғып, қа ла бас шыларының ал дына жағдайларын жақсарту жөнінде та лап 
қойды. Кө те рiлiс же ңi лiп, жұмысшылардың талаптары орындалмай қалды.
Iнжу – Шыңғысхан әулетiнен шыққан 
билеушiлерге бөлiнiп берiл ген жер үлесi.
Эпицикл – дүниенiң 
геоцентрлiк жүйе сiн де ғаламшарлардың қозғалысын тү-
сiндiру үшiн енгізілген қосымша шең бер. 
Юстиниан заңдары – Византия им ператоры I Юстинианның (527–565) заңдар 
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


жинағы. Заңдар им ператордың шексiз билiгiн, құлие ленушiлiк құры лыс ты
нығайтуды, меншiк құқын қорғауды көздедi.
Янычар – сұлтандық Түркиядағы по ли цейлiк және жазалаушылық қыз меттерiн 
жауынгерлiк қыз ме тiмен қоса атқарған, артықшылық жағдайдағы (1826 жылға 
дейiн) жаяу әскер. Ал ғаш құлдыққа айдап әке лiн ген жастардан құрылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет