ҚАЗАҚ ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИЗНЕС УНИВЕРСИТЕТІ
ТАҚЫРЫБЫ: “ Рационалды тамақтану негізі”
Дайындаған : Жаппар Аяулым
Қабылдаған : Байрон Лаура
Нұр-сұлтан, 2022
Рационалды тамақтану
Жоспар:
1. Рационалды тамақтану
2.Рационалды тамақтану принциптері
Рационалды тамақтану дегеніміз - қуат жағынан және адамның жас, жыныс, қызмет ортасының ерекшеліктеріне байланысты нәрлі заттардың құрамына қарай үйлестірілуі.
Тамақтану – бұл ағзаның энергетикалық шығындар орнын толтыру, тіндердің жаңалануы мен құрылымы, репродуктивтік қабілетін қолдау, ағза функцияларын қамтамасыз ету және реттеу үшін ағзаға келіп түсетін тағамзаттарының сіңу, қорытылу үрдісі.
Тамақтану адамға негізгі биологиялық қажеттілік болып табылады, себебі, оның өмірі тұрақты түрде тін элементтерінің шығынымен, жаңа жасушалардың және тіндердің, гормондардың, ферменттердің, антиденелердің, секреттердің, т.б. синтезімен байланысты. Егер осы шығындары тағам арқылы өтеліп отырмаса, өмірлік үрдістер тоқтап қалған болар еді.
Қазіргі заман адамының тамақтануы бірқатар өзгерістерге ұшырады. Бүкіл әлемдік экономикалық жағдай тамақтану құрамында төмендегі:
• майлар,
• өңделген өнімдер,
• жануар тегінен шығатын өнімдер,
• қант,
• тұз,
• ішімдік,
• жүрек-қан тамырлары ауруларының (ЖҚА) негізгі себептері-ас калориясын көп мөлшерде пайдалануға ықпалын тигізді.
Олар өз тарапынан тамақтанумен байланысты аурулар қатарын дамытуға әсер етті: семіздік, ЖҚА, 2 типтік қант диабеті, обырдың әртүрлі формалары, осының бәрі ерте мүгедектік пен өлім-жітімнің басты себептері болып табылады.
Өңделген өнімді жаппай тұтыну жағдайында созылмалы жұқпалы емес аурулардың алдын алу мақсатында өз тамақтануыңызға мән берген жөн, күнделікті тәжірибеде дұрыс тамақтану қағидаттарын қолдану маңызды болар.
Достарыңызбен бөлісу: |