Құрамы әр кез біркелкі бола бермейді. Мағыналық түрлері



Дата31.12.2021
өлшемі359,42 Kb.
#22423
түріҚұрамы
Байланысты:
Сабақ №11


Жай сөйлем

Жай сөйлем құрылысы жағынан аса күрделі болмағанымен, көлемі, құрамы әр кез біркелкі бола бермейді.



Мағыналық түрлері:

- Жақты және жақсыз сөйлемдер;

- Жалаң және жайылма сөйлемдер;

- Толымды және толымсыз сөйлемдер;

- Атаулы сөйлем.

Жақты сөйлем

Құрамында бастауышы қатысқан немесе жасырын тұрса баяндауыш арқылы табуға болатын сөйлем.



Кітапты көп оқимын.

Балалар кітапханаға кірді.

Жақты сөйлемдердің бастауыштары төмендегідей жағдайларда түсіріліп айтылуы мүмкін:
  • Өзара мағыналас байланыстағы сөйлемдердің бастауышы алғашқысында болып, соңғысында қайталанбай, ортақтасып келе береді: апам ауылға қонаққа шақырды. Бармасаң, ренжиді.
  • баяндауыштық тұлғадан бастауыштың қай сөз екендігі белгілі болып тұрғанда, көбіне-көп І, ІІ жақтағы бастауыштар сөйлемде айтылмайды: оны көп тыңдай берме.
  • Жіктеу есімдіктерінен ( мен, сен, сіз, біз, ол ) болған бастауыштарға ерекше екпін түсіріп, мән беру керек болғанда. Олар бірнеше рет қайталана береді:

  • Мен, мен, мен едім,

    Мен Нарында жүргенде

    Еңіреп жүрген ер едім.

Жақсыз сөйлем

Тілде сөйлеушіге немесе тыңдаушыға істі істеушінің кім екендігін

дәлдеп көрсету қажеттігі болмайтын, тек іс-әрекетті, оқиғаны хабарлап



қана қоятын сөйлемдер болады.

Сабақтан кешігуге болмайды.

Етістіктің қалау райының –қы, - кі, - ғы, - гі. жұрнақты етістікке кел көмекші етістігінің тіркесуі арқылы жасалады. Менің оны тыңдағым келмейді.

Қимыл атауына барыс септік жалғауы жалғанып, оған бол, кел, жара сөздерінің тіркесуі арқылы: Қайта жазуға келмеді.

Атау, барыс септіктегі қимыл атауынан соң керек, жөн, мүмкін бейтарап сөздері тіркеседі: Ата – аналарын балалары құрметтеуі керек.

Көсемшенің –ып, - іп, - п жұрнағынан соң көмекші етістіктің болымсыз тұлғасы келеді. Жазғанынан ештеңе оқып болмайды.

Тұрақты сөз тіркесі қатысқан сөйлемдер: Сансыз қатеден аяқ алып жүргісіз.



Жақсыз сөйлемнің жасалу жолдары

Тұрлаусыз мүше қатыспаған сөйлемді жалаң сөйлем дейміз.

Мыс: Біз барамыз. Олар да келеді.

Тұрлаусыз мүше қатысқан сөйлемді жайылма сөйлем дейміз.

Мыс: Әбішті кім орысша оқытып жүргенін Ұлжан айтып берді.

Жай сөйлемдердің құрамы аса күрделі болмағанымен, кейбірінде ойға қатысты сөздердің барлығы сөйлемге қатысып, сөйлем мүшесі болады. Мыс: Менің балдай балалық шағым сол әсем жайлауда қалды.

Айтылуға тиісті сөйлем мүшелерінің бірі түсіп қалған жай сөйлемді толымсыз сөйлем дейміз.

Толымды сөйлем

Ойға қатысты барлық сөйлем мүшелерінің толық қатысқан сөйлемді толымды сөйлем деп атаймыз.

Айтылуы тиіс тұрлаулы мүшелердің барлығы сөйлем құрауға қатысқан сөйлем түрін толымды сөйлем деп атаймыз.

Мыс: Кәлен бір ытқып сыртқа шықты.

Толымсыз сөйлем

Ойға қатысты сөйлем мүшелерінің бірі қолданылмаған сөйлемді толымсыз сөйлем дейміз.

Аталуға тиісті сөйлем мүшелерінің бірі түсіп қалған жай сөйлемді толымсыз сөйлем дейміз.

Мыс: Қазақстан Еуразия құрылығында орналасқан.

Атаулы сөйлем

Құбылысты немесе мезгілді мекендік ұғымдарды атап білдіретін сөйлем.



Атаулы сөйлем оның мән мағынасын толықтыратын қосымша сөйлем қажет.

Ол бір сөзден немесе сөз тіркестен құралады. Сөйлем мүшесіне талданбайды.



Мыс: Алтын күз. Түн. Жымыңдаған жұлдыздар.

Атаулы сөйлемдер көбінесе зат есім, сын есімнен болады. Құрамы жағынан бір сөзден де, екі сөзден немесе сөз тіркестерінен тұруы мүмкін.

Назарларыңызға рахмет!!!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет