Сөйлемге тән белгілер: предикативтілік, коммуникативтілік, модальділік



Дата16.02.2022
өлшемі487,88 Kb.
#25647

Сөйлемге тән белгілер: предикативтілік, коммуникативтілік, модальділік

Орындаған: Усербай Аружан КРО

Жоспар:

  • 1. Номинативті және етістікті сөйлемдер.
  • 2. Интонацияның сөйлемдегі атқаратын қызметі және айтылым және тыңдалым әрекеті.
  • 3. Сөйлемді коммуникативті аспектіде меңгертудің әдіс-тәсілдері.

қазақ тілінде сөйлемдердің басты, негізгі типі болып номинативті, яғни бастауышы зат есімнен болған сөйлемдер есептеледі .

  • Мен кітап оқыдым — Кітап оқыған — мен. Менің оқығаным — кітап.

Номинативті сөйлемдер ойдың кұрылысымен, мазмұнымен тығыз байланысты. Номинативті сөйлемдерді әр уақыт трансформацияға түсіріп етістік бастауышты сөйлемге айналдыруға болады. Бұл сөйлеу талабына байланысты. Бастауышы етістікті сөйлем логикалық субъектіні, объектіні актуализациялау, (ерекше атап көзге түсіру) үшін қажет болған жағдайда жұмсалады.

Интонацияның сөйлеу тіліндегі күрделі құбылыс ретінде атқаратын ролі айырықша. Ол сөйлемнің құрылуы мен жасалуына ғана қызмет атқарып қоймай, сонымен бірге оның коммуникативтік мағынасын, эмоциялық-экспрессивтік түрлерін анықтайды. Оның үстіне интонацияның сөйлем мен сөйлемнің ара жігін ажыратуда да мәні зор.

Тіл үйретуде тыңдалым әрекетінің маңызды орны бар. Әрине сөйлесім әрекетінің төрт түрінің де өзіне тән ерекшеліктері бар. Бірақ оларды тек бір- бірімен тығыз байланыста қолдану ғана белгілі бір нәтижеге жеткізетіні анық. Дегенмен, «Тыңдай білу – ұлылық», «Тыңдамаса, сөз – жетім ...», деп халқымыз бекер айтпаса керек. Тыңдалым – сөйлеу әрекетінің ауызша баяндау түрі. Тыңдай отырып, өзіміздің серіктесімізден қажетті мәліметті аламыз және оның ойын, мақсатын білеміз

«Тыңдалым» – «аудирование» деген терминнің білдіретін мағынасы – «есту арқылы түсіну». Бұл термин айтылған не техникалық аппараттарға жазылған аудиомәтіндегі сөздерді, сөйлемдерді тыңдай білудің нәтижесінде қабылдау және түсіну дегенді білдіреді. Бұл атаудың ең басты мәні адамдар арасындағы қарым-қатынасты жүзеге асыратын тілдік бірліктерді тыңдау, есту арқылы қабылдау және ұғу

«ВЕЕР»

  • «ВЕЕР»
  • Қағазды веер пішінінде бүктеп, бірінші оқушы бір бөлігіне сабаққа қатысты сұрақтар жазып шығады, екінші оқушы екінші бөлігіне қысқаша жауап жазып тапсырады.

Назарларыңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет