Құрастырған Мұхамеджан естеміров әмірсейт қажы Дәулеталиев уағыз (365 КҮнге арналғАН уағыздар) Шымкент, 2015 ж


ДҰҒА ҚАБЫЛ БОЛУ ҮШІН ҚАНДАЙ ШАРТТАР ОРЫНДАЛУ КЕРЕК?



Pdf көрінісі
бет28/32
Дата06.03.2017
өлшемі1,6 Mb.
#7845
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32

ДҰҒА ҚАБЫЛ БОЛУ ҮШІН ҚАНДАЙ ШАРТТАР ОРЫНДАЛУ КЕРЕК? 
Дұғаның шарттары :
        1.Дұғаның қабыл болуы үшін мына дүниенің өзіндік заңдары мен себептерін ешбір 
ақаусыз атқаруымыз қажет. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) тек қана дұға етіп қана отырмай, 
ол үшін қажетті шарттардың бәрін орындаған. Мәселен, Бәдір шайқасында Алланың 
елшісі бүкіл дайындықтарын жасағаннан кейін барып, қол жайып Жаратқаннан медет 
тілеген болатын. Сондықтан ғалымдарымыз дұғаны екіге бөліп қарастырған. Біріншісі 
«фиғли дұға», яғни, ісіміз арқылы Ұлы Жаратушыдан тілеу. Мысалы, жер жыртып, дән 
сеуіп, оны жаз бойы суарып, өсіп-жетілуі үшін керекті барлық іс-шараларды атқару. 
Мұндай дұға Алла тағаланың орнатқан заңдары мен себептерін орындау арқылы жүзеге 
асатындықтан көбіне қабыл болады.
          Ал, екінші дұға «қаули дұға», яғни, сөзбен, не жүрекпен тіленетін дұға. Қаули 
дұғадан бұрын фиғли дұға жасалуы керек. Іс істемей жатып, жасаған барлық дұғаларды 
Алла тағала қабыл ала беретін болса, елдің бәрі жатып-ішер жалқауға айналар еді. Ал, 
Алла тағала құлдарының жалқау болуын, әлбетте, қаламайды. Әр сұрағанымызды Алла 
тағала сол мезет бере берсе, дүниедегі тепе-теңдік бұзылар еді.
2.  Дұғаны  шынайы  ықыласпен  жасау.  Құрандағы:  «Аллаға  шынайы 
ықыласпен  дұға  етіңдер»  деген  аят  осыған  шақырады.  Ал,  Алла  елшісі  (с.ғ.с): 
«Біліп  қойыңдар!  Алла  тағала  құлықсыз  жүрекпен  жасалған  дұғаны  қабыл 
етпейді» , – дейді.
3. Харам аспен қоректенбеу.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадисінде бір адамның алыс сапарға шығып, алба-жұлбасы 
шыққан кейіпте екі қолын көкке көтеріп, Алладан тілек тілегені жайлы жеткізе келе :
«Алайда,  оның  ішкен-жегені,  киген  киімі  харам  болса,  дұғасы  қалай  қабыл 
болсын?»  деген.  Адамдардың  көбісі  дұға  жасай  салып,  дұғам  қабыл  болмайды  деп 
шағым айтып жатады, алайда ішкен-жегені мен нәпақасын қалай тапқанына аса көңіл 
аудармайды.
3. Құбылаға қарап, дұға жасау. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) дұға тілерде құбылаға 
қарап, дұға жасағаны жайлы Жәбир ибн Абдуллаһ былай жеткізеді:
«Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Арафатқа келгенде, құбылаға қарап күн батқанға дейін 
дұға жасаған».
4.  Дұға  жасағаннан  кейін  бетті  сипау.  «Пайғамбарымыз  (с.ғ.с.)  дұға  жасаған 
кезде қолдарын көтеріп, бетін сипамастан түсірмейтін еді».

204
5. Қасиетті мекендер мен уақыттарда жасау. Дұға жасауға кез-келген уақыт пен 
кез-келген орын лайық. Бірақ ерекше аталған қасиетті жерлер мен қадірлі уақыттарда 
жасалған  дұғаның  айрықша  қабыл  болатыны  туралы  да  хабарлар  бар.  Сол  хадистің 
бірінде: «Құл сәжде кезінде Раббысына ең жақын болады. Сондықтан сәждеде мол дұға 
жасаңыздар» деген.
6. Дұға тілегенде тек бір Алладан ғана сұрау. Құран Кәрімде:  «Алла тағаладан 
басқа  пайда  да,  зиян  да  келтіре  алмайтыннан  (пұттардан)  дұға  тілемеңдер»  ,  – 
дейді.
7.Алла  тағаланың  көркем  есімдерімен  дұға  тілеу.  «Раззақ»  есімі  арқылы 
ризықтың  сұралуы,  «Рахим»  есімі  арқылы  мейрімділіктің  қалануы,  Шаафи  есімі 
арқылы неше түрлі ауруларға шипа тіленуі дұғаның бір хикметіне жатады. Сол секілді 
Алланың  басқа  да  есімдері  арқылы  жәрдем  сұрау  жайлы  Алла  тағала  былай  дейді: 
«Алла тағаланың көркем есімдері бар. Осылармен дұға жасаңдар» .
8. Дұғаны үш реттен қайталау керектігі жайлы ибн Масғуд: «Пайғамбарымыз 
(с.ғ.с.) дұға еткенде, бір нәрсені сұрағанда, үш реттен қайталайтын» .
Иә, дұға ету, яғни Алладан қажетiн тiлеу – мұсылман тiршiлiгiндегi елеулi орын 
алатын ғибадат түрi. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «
Дұға – мүміннiң қаруы, дiннiң тiрегi, 
аспан мен жердiң нұры» , – деген.
АҚИҚА ҚҰРБАНЫ
Жаңа туылған сәбидің басындағы шашына «
ақиқа» – делінеді. Алла Тағаланың 
нәсіп еткен перзентіне шүкір ретінде шалынатын малға да «ақиқа» құрбаны делінеді. 
Ақиқа құрбанын сәбидің туылған күнінен бастап, балиғат жасына толғанға дейін шалуға 
болады. Бірақ сәбиге жеті күн толғанда шалу – абзал. Сәбидің туылғанына жеті күн 
болғанда аты қойылып, шашы алынады. Алынған шаштың салмағында алтын немесе 
күмісті садақа ретінде беру – сүннет. Құрбанның да сол күні шалынуы – мұстахап. 
Пайғамбарымыз  (с.а.у.)  екі  немересі   Хұсайн  мен  Хасан  үшін  ақиқа  құрбанын 
шалғаны риуаят етіледі. Құрбан айтта құрбандыққа жарайтын малдар ақиқа құрбанына 
да жарайды. Қыз балалар үшін де ақиқа құрбанын шалады. Ақиқа құрбанының иесі 
етінен  жеуіне  және  басқаларға  садақа  ретінде  таратуына  болады.  Ақиқа  құрбанын 
шалар кезде: «Бисмиллаһи, Аллаһу әкбар. Алла Тағалам, бұл сенің ризалығың үшін 
шалынған пәленшенің ақиқа құрбаны» – делінеді.
ҚҰРАН ОҚЫП ҮЙРЕНУ МЕН ҮЙРЕТУДІң МАңЫЗЫ
Барлық  болмыс  атаулы  мен  таңғажайып  ғаламның  жаратушысы  Аллаһ  тағала 
Ислам діні арқылы діндерді толықтырып, кемеліне келтірді. Адамзаттың бақыты үшін 
Құран Кәрімді түсірді. Құран аса дана һәм шексіз рақым иесі Хақ тағала тарапынан 
түсірілген  адамзатты  шынайы  бақытқа  жетелейтін,  қияметке  дейін  бірде  –  бір  әріпі 
өзгермейтін мәңгілік мұғжиза. Құран – Жаратқанның тура жолы әрі хаққа бастар нұр. 
Ол – соңғы пайғамбарлықтың құжаты, ханиф (тура) діннің тілі әрі Ислам шариғатының 
Ата заңы. 
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Құран аяттарын неғұрлым көп жаттаған адамның жұмақта 
дәрежесінің соншалықты жоғарылайтынын айтады. Абдуллаһ ибн Амр ибн ал – Асъ 
риуаят еткен хадисте: «
Құран иесіне (Құран оқып жаттаған адам) былай делінеді: 
Оқы және жоғарыла (төрлет), оқы, дүниеде қалай оқыған болсаң дәл солай оқы, 
расында,  сенің  орның  ең  ақырғы  оқылатын  аятта»(  Тирмизи,  Әбу  Дәуіт  және 
Ахмад).  Расулуллаһ және бір хадисте Құран оқу адамды бүкіл болмысымен ізгілікке 

205
бет  бұрғызатын  айтады.  Егер  Құран  оқитын  мұсылманның  ішкі  дүниесіне  үңіліп 
қарасаң, оның тап-таза екенін көресің, егер де жүріс-тұрысына қарасаң, оның көркем 
мінез-құлықты,  биязы  екенін  көресің.  Бұны  пайғамбарымыздың  мына  хадисінен 
білеміз: «
Құран оқитын мүмин  дәл утружжә (цитрон, лимон) сияқты. Иісі хош, 
дәмі керемет. Құран оқымайтын мүмин  дәл құрма секілді. Хош иісі жоқ, дәмі 
тәтті.  Құран  оқитын  мұнафық  (екі  жүзді)    райхан  гүлге  ұқсас.  Иісі  хош,  дәмі 
ащы.  Құран оқымайтын мұнафық – ханзала (колоквинт) тәрізді. Хош иісі жоқ, 
дәмі ащы»( Бухари, Муслим, Тирмизи, Әбу Дәуіт, Нәсәи, және ибн Мәжә (Әбу Муса 
ал – Ашғариден)Абдуллаһ ибн Масғуд айтады: 
«Кімде – кім Құранды сүйсе (жақсы 
көрсе), Аллаһ пен Елшісі де ол адамды сүйеді. Кімде – кім Аллаһ пен Елшісінің 
сүйіктісі болуды қаласа, онда өзінің Құранды қаншалықты сүйгендігіне қарасын» 
(Хайсәми және ат – Табарани).  
Құранға деген махаббат оны оқуға байланысты. Бұл қасиетті кітапты оқу ең ұлы 
ғибадаттардың бірі әрі Аллаһқа жақындататын бірден – бір төте жол болып табылады. 
Аллаһ  Тағала  бізге  қасиетті  Құранды  оқуды  әмір  еткен.  Құранда: 
«Құраннан  оқи 
алатындарыңды  оқыңдар»(Мүзәммил,  20)   деп  айтылса,  Әбу  Умәмә  риуаят  еткен 
хадисте  Пайғамбарымыз  (с.ғ.с.):  «Құран  оқыңдар!  Ол  қиямет  күні  иесіне  шапағат 
етеді»(Мүслим)  –  деген.  Келесі  хадистерде  Құранды  оқудың  қандай  сауап  екендігі 
айтылады: «
Кімде – кім Аллаһтың кітабынан бір әріп оқыса  бір сауап, ал бір сауап 
он сауапқа тең. Әлиф-ләм-мим («Бақара» сүресінің басы) бір әріп деп айтпаймын, 
әлиф бір әріп, ләм бір әріп, мим бір әріп»( Тирмизи (Абдуллаһ ибн Масғуд риуаят 
етеді). Яғни, әлиф-ләм-мим үшеуі үш бөлек әріп болып есептелгенде, үш сауап, ал үш 
сауап  отыз  сауапқа  тең  болады.  Құранды  жақсылап  оқыған,  әріптерін  дұрыс  айтуға 
машықтанған  әрі  аяттарға  амал  еткен  мұсылман  Құранды  жазуға  тағайындалған 
мәртебелі  періштелермен  бірге  болатынын  бізге  мүминдердің  анасы  Айша  риуаят 
еткен хадистен көреміз: «
Құранды шебер оқуға машықтанған жан Құранды жазуға 
тағайындалған  мәртебелі  періштелермен  бірге  болады,  ал  Құранды  оқығанда 
кекештеніп қиналса, екі сауап алады»(Бухари, Муслим, Әбу Дәуіт және Тирмизи). 
Аллаһ Тағала да әрдайым Құран оқитын және оған амал ететін пенделеріне сауабын 
еселеп  беретінін  айтады:
«Әлбетте,  Аллаһтың  кітабын  оқитын,  намазды  толық 
атқаратын және Біз рызық етіп берген нәрселерден Аллаһ жолында жасырын және 
жария жұмсайтындар ешқашан бітпейтін сауда-саттықтан үміт етеді (Яғни, олар 
жақсы  амал  қайыр  –  садақа  арқылы  Аллаһтан  сауап  күтуден).  Өйткені  Аллаһ 
олардың сауаптарын толық етіп береді және Өз кеңшілігімен оларға қосымша сый 
береді. Әлбетте, Ол жарылқаушы әрі шүкір етуші (яғни, аз ғана игі амал үшін көп 
сый беруші)» (Фатыр, 29 – 30). Құранды үйрету және жаттау «уәжіп кифаяға» жатады. 
Яғни, мұсылмандардың кейбірі үйретсе, бұл міндет жалпы үмбеттің мойнынан түседі. 
Керісінше жағдайда үмбеттің барлығы күнәһар болады. Пайғамбарымыз еш уақытта 
сахабаларға Құранды жеткізу және үйрету ісін кідіртпеген. Себебі, Аллаһ Тағала оған 
былай деп әмір еткен:
«Уа, Пайғамбар! Саған Раббың тарапынан түсірілген нәрсені 
жеткіз!  Егер  бұны  істемесең,  онда  елшілікті  жеткізбеген  боласың»  (Маида  67). 
Аллаһ Тағала мұсылман үмбетін жер бетіндегі қайырлы үмбет етті. Бұл үмбеттің кітабы 
қасиетті Құран ең абзал кітап. Сол себепті бұл үмбетке осы кітапты жеткізіп үйретуде 
аянбай қызмет еткен.
Еркебұлан Қарақұлов

206
«ИТІ ЖӘНЕ СУРЕТІ БАР ҮЙГЕ ПЕРІШТЕ КІРМЕЙДІ» ДЕГЕН ХАДИС 
БОЙЫНША БӨЛМЕГЕ ҚОЙЫЛҒАН СУРЕТТЕРДІ НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?           
Расында  Пайғамбарымыздың  (с.а.у.):    «
Періштелер  сурет  тұрған  және  ит 
болған  жерге  кірмейді...»  деген  хадисі  бар.  Ит  ұстаған  үйге  періштелердің  келмеуі 
иттің ластығы не діни тұрғыдан нәжіс саналатындығы болса керек, бірақ оның басқа 
да  себептері  де  болуы  мүмкін.  Пайғамбарымыздың  (с.ғ.с.):  «
Егер  иттер  де  жеке 
басына үмбет болмағанда, оларды қырып тастауға бұйрық берер едім» (Әбу Дәуд, 
Әдаһи, 22; Тирмизи, Сайд, 16-17; Нәсаи, Сайд, 10; Ибн Мәжа, Сайд, 6) – деген хадисі 
табиғаттағы экологиялық тепе-теңдіктің сақталуында иттердің де өз үлесі бар екенін 
білдірген тәрізді. 
Негізінде,  пайғамбарымыздың  (с.а.у.)  «
Періштелер  тірі  жандылардың  суреті 
ілінген үй мен иті бар жерге кірмейді» деген хадисіне байланысты ғалымдар түрлі 
пікір өрбіткен. Кейбір ғалымдар бұл жерде ниеттің өте маңызды екенін ескеріп, яғни, 
суреттің ешқандай құлшылықпен табынумен байланысы жоқ болған жағдайда, намазға 
тұрған  адамның  құбыла  жағынан  басқа  қабырғаларға  сурет  ілуге  рұқсат  бар  екенін 
айтады.  Ислам  дінінде  суреттің  тыйым  салынуына  қатысты  көптеген  себептер  бар. 
Ең алдымен сурет немесе мүсіннің тыйым салынуына исламнан бұрынғы надандық 
дәуірдің  әсері  болғандығын  ескергеніміз  абзал.  Яғни  пұттарға  табынудан  енді  ғана 
арылған қауымға көне, жаңсақ сенімдердің қайта сіңісіп кетпеуі үшін пайғамбарымыз 
(с.а.у.) сурет немесе мүсінге байланысты қатаң ескертулер жасаған еді.
Қалмахан Ержан
ЖОЛАУШЫЛЫҚ ҮКІМІ ҚАЙ ЖЕРДЕН БАСТАЛАДЫ?
Тұрған мекенінің (қала, ауыл) соңғы үйлерінен өткен уақыттан бастап жолаушы 
саналады. Қаламен бітісе орналасқан ауылдар да қала саналып, олардан өткен кезде 
ғана  жолаушылық  үкімі  жүреді.  Яғни,  намаздарын  қысқартып  оқи  алады.  Қала 
біткеннен кейін кездесетін бірен-саран үйлер есепке алынбайды. Жолаушы өз жерінен 
бөгде жерге барып, сол жерде он бес күн, яки одан да көп мерзім қалуға ниет етсе, 
тұрғын  саналып,  жолаушылық  үкімінен  шығады.  Егер  де  он  бес  күннен  аз  қалуға 
ниет  етсе,  намаздарын  қысқартып  оқиды.  Жолаушы  үйіне  қайтып  келгенге  дейін 
жолаушы саналады. Негізгі тұрған жерінен көшіп, басқа жерге толық орналасқаннан 
кейін, көшкен жеріне он бес күннен аз мерзім үшін қайта келсе, намазын қысқартып 
оқиды. Жолаушылық үкімінің тоқтауы үшін 15 күн тұруды ниет еткен жер – бір жер 
болуы керек. Егер бөлек-бөлек жерлерде жалпы 15 күн қалуды ниет етсе, жолаушылық 
үкімінен  шықпайды.  Мысалы,  10  күн  Атырауда,  5,  яки  14  күн  Қарағандыда  болуды 
ниет  етсе,  жолаушылығы  бітпегендіктен  намаздарын  қысқартып  оқи  береді.  15 
күн қалу ниеті бірден ниет етілу керек. Егер 7 күн қаламын деп ниет етіп, жеті күн 
өткеннен кейін кейбір себептерге байланысты тағы да 10 күн қалуды ниет етсе, қалған 
күндерінің  жалпы  саны  17  күн  бола  тұра  жолаушылық  үкімі  тоқтамайды.  Өйткені, 
уақыттар бөлек-бөлек ниет етіліп, белгіленіп отыр. Жолаушылық уақыты бітпесе де 
бір жерде 15 күн тұруды ниет ету арқылы жолаушылық үкімі тоқтайды. Намаздарын 
қысқартпастан толық оқиды. Жолаушы 85-90 шақырым жол жүргеннен кейін, жарты 
жолдан үйіне қайтуды ниет етсе, үйіне келгенге дейін жолаушы саналады. Яғни, тек қана 
үйге қайту ниеті жолаушылықтан шығармайды. Намаз жамағатпен оқылғанда тұрғын 
–  жолаушыға,  жолаушы  –  тұрғынға  ұюына  болады.  Бірақ  тұрғын  адам  жолаушыға 
ұйығанда, екі рәкаттан кейін жолаушы имамның сәлем беруін күтеді. Жолаушы имам 
екі жаққа сәлем берген кезде, тұрғын сәлем бермей, орнынан тұрып қалған екі рәкатын 

207
толықтырып оқиды. Ал егер жолаушы тұрғынға ұйыған жағдайда, намазын төрт рәкат 
етіп, толық оқиды. Имамға бағыну шарт. Жолаушылық кезде қаза болған намаздардың 
қазасын кейін жай уақытта оқыған жағдайда да екі рәкат қылып қысқартып оқиды. Сол 
сияқты жай уақытта қаза болған намаздардың қазасын жолаушы болған уақытта оқыса, 
қысқартпай толық оқиды.
Мұхитдин Исаұлы, 
теология ғылымының докторы. 
ФАТИХА  СҮРЕСІНІң ҚАСИЕТТЕРІ
Қасиетті Құранның алғашқы сүресі Фатихада: 
«Рахман әрі рақымды Алланың 
атымен бастаймын.  Барша мақтау, шүкірлер әлемдердің Иесі Аллаға тән. Шексіз 
мейірімді,  теңдессіз  рақымды.  Қиямет  күнінің  иесі.  Тек  саған  ғана  ғибадат 
жасаймыз, тек сенен ғана жәрдем сұраймыз. Бізді тура жолға баста. Өзің нығмет 
бергендердің  жолына  (бастағын),  ғазапқа  дұшар  болғандардың  жолына  емес, 
адасқандардың да емес», делінген. 
Бұл сүре  «үммүл Құран» яғни «Құранның анасы» деп те аталады. Мұнымен қатар 
Фатиха сүресінің жиырмадай атауы бар. Фатиха сүресі Алла Тағалаға шүкір етуді, мадақ 
айтуды, сыйынуды, ғибадат жасауды, дұға оқуды үйретеді. Алланың ұлық сипаттары 
мен қиямет күнін еске түсіреді. Бір Аллаға жалбарынуды әрі жақсы үмбет пен жаман 
үмбеттердің жайын айтып, дін жолында дұрыс бағытта болмаудың ақыр-соңы адасуға 
және ғазапқа дұшар болатындығын хабарлаумен, содан сақтануды баяндайды. 
Имам  Ахмад  ибн  Ханбалдың  муснад  кітабында  риуаят  етілген  хадис  шәріпте: 
«
Ұбай  ибн  Кааб  (р.а)  Пайғамбарымыз  хазреті  Мұхаммед(с.а.у.)ның  құзырында 
Фатиха  сүресін  оқыды.  Сонда  хазреті  Пайғамбарымыз(с.а.у.):  Менің  жаныма 
иелік еткен Алланың атымен ант етем, Таурат, Інжіл, Забур, кітаптарында осыған 
ұқсас мұндай аяттар түсірілмеген», деді. 
Бұл  хадисте  намаздың  әрбір  ракаатында  оқылатын  «Фатих»а  сүресінің  қасиеті 
баяндалып тұр. «Фатиха» сүресі Дәуіт пайғамбарға түскен «Забур» кітабында, Мұса 
пайғамбарға түскен «Тауратта», Исаға түскен Інжіл кітабында да жоқ, Фатиха тіпті, 
қасиетті Құрандағы сүрелердің ішіндегі бірегей сүре. Оны оқу өткен пайғамбарлардың 
үмбеттеріне нәсіп етпеді. Фатиха сүресін оқу сіздер мен біздерге Мұхаммедтің үмбетіне 
бұйырды. Күнделікті бес уақыт намаз бен нәпіл намаздардың ешбірі Фатиха сүресінсіз 
оқылмайды. Хадис шәріпте: «
Фатиха сүресі оқылмаған намаз намаз емес», делінген. 
Ханафи  мазхабының  ғұламалары  мұны  «Рүкуғ  пен  сәждеден  тұратын  намаздарда 
Фатиха сүресі оқылмаса, ол намаз намаз емес», деп түсіндіреді. 
«Фатиха»  сөзінің  мағынасы 
«ашушы»  дегенді  білдіреді.  Өйткені,  ол  қасиетті 
Құран кітабының алғашқы сүресі. 
«Фатиха»  сүресінің  алғашқы  аяттары
  «Күллі  әлемнің  раббына  мақтаулар 
болсын» деп басталды. Аллаға осылай мадақ айту Құран тәлімі. Дегенмен, мұнан басқа 
мадақ айту туралы риуаяттар көп. 
Ибн Мажаһтың Абулла ибн Умардан риуаят еткен хадисте:  «
Алланың пенделерінен 
бір  пенде:  О,  жаратқан  барлық  мақтау  саған  ғана  тән.  Бұл  менің  Саған  арнап 
айтқан  мақтауым.  Сенің  құдіретіңе,  сұлтандығыңа  лайық  болсын,  деп  мақтау 
айтты, деді. Сонда пенденің екі иығындағы амалын жазып отыратын періштелер 
не, бұлай мақтаудың сауабын қалай жазуды білмей дал болды. Сонда періштелер 
Аллаға жалбарынып: пенделеріңнен бір пенде бір мадақ оқыды. Біз оның сауабын 
қалай  жазуды  білмей  тұрмыз,  деп  сұрады.  Алла  тағала  періштелерден  сұрады: 
пендем не деп айтты? Періштелер оны оқыды. Алла Тағала сонда періштелерге: 
пендем қалай айтқан болса, солай жазып қойыңдар, мен осы мақтауының сауабын 
пендеме құзырыма келгенде беремін, деді», делінген. 
«Шексіз мейірімді, теңдессіз рақымды», делінді келесі аятта. Яғни «әр-Рахман 

208
әр-Рахим» Әр-Рахман – шексіз мейірімді. Алла баршаға яғни мұсылманға да, мұсылман 
емеске  де  мейірімді,  ризық  несібесін  бөліп  жармайды.  Алланың  Рахман  сипаты  тек 
Аллаға  тән,  одан  басқа  ешкімді  бұл  сипатпен  сипаттауға,  пенденің  есімі  ретінде 
қолдануға болмайды. Сонда, адамға ат қойғанда рахман емес, Әбдурахман, деп атау керек.
Хадистердің бірінде: «Алла тағаланың мейір шапағаты жүзге бөлінеді. Алла сол 
мейірімінің жер бетіне біреуін ғана түсірді. Сол бір пайыз мейір-шапағатпен адамдар 
бірін бірі сүйеді, ата-ана перзентін еркелетеді, жануарлар боталарын аяғымен басып 
алмайды,  құстар  балапандарын  аялайды.  Ал,  Алланың  қалған  тоқсан  тоғыз  пайыз 
мейірімі қияметте иман еткен мұсылмандарға бұйырмақ. Осы тоқсан тоғызын қияметке 
қалдырған, бір бөлігін осы дүниеде берген Аллаға мадақ болсын», делінген. Алланың 
о дүниедегі мұсылманға мейірімділігі қаншалықты екенін осы хадистен ой жүгіртіп 
білуге  болады.  Демек,  жер  бетіндегі  барлық  мейірімділік  Алланың  бір  ғана  пайыз 
мейірімінің жемісі екен. Алланың «Әр-Рахим» «
теңдессіз рақымды», деген сипаты тек 
мұсылмандарға  ғана  тән, қиямет күні рақым етуші мағынасын білдіреді. Шариғатта, 
«Әр-Рахим» деген сипатты Алладан өзге, мысалы,  пайғамбарымызға да «әр-рахим» 
деп айтуға болады. 
Алла тағала «
Қиямет күнінің Иесі». Осы аятта «Дін» сөзі «Қиямет» мағынасында 
келеді. «Дін» сөзі арабшадан аударғанда есеп, қисап, жаза беру, сыйлау мағыналарын 
да береді. «Яумиддин» қиямет күні пенделер қайта тіріліп есеп-қисап қылынатын күн. 
Жақсылар сауаппен сыйланады, жамандар күнә істерінің жазасын алады. 
Адамзат  қиямет  күніне,  жаза  күніне  иман  келтірмесе,  ол  бір  төмен  деңгейдегі 
адам саналады. Егер қиямет болмай, осы жалған дүниедегі қысқа уақытта адамзаттың 
мәселесі  шешілетін  болғанда,  адам  бойындағы  қасиеттердің,  әлемдегі  хикметтердің 
құны  болмай,  арзымас  дүниеге  айналатын  еді.  Қияметке  сенген  адамдар  қияметтегі 
беретін жазаға иман етіп, өзінің осы дүниедегі барлық іс-әрекетін Жаза күнінің иесінің 
бұйрықтары  бойынша  өткізуге  әрекет  жасайды.  Ал  өлгеннен  кейін  қайта  тірілуге 
сенбейтін адамдар бұл жалған фәни дүниеде жеке басының пайдасын ғана ойлайды. 
Осы екі адамды салыстыратын болсақ, жаза күніне сенген адамды иманды адам деп 
аталса, сенбейтін адамды имансыз дер едік. 
«Тек  саған  ғана  ғибадат  жасаймыз,  тек  сенен  ғана  жәрдем  сұраймыз» 
делінген келесі аятта. Адамзаттың жаратылуынан көзделген негізгі мақсат - ғибадат. 
«Иякәнағбуду»  «
тек  саған  ғана  ғибадат  жасаймыз»  деген  сөз.    Бұл  пенденің 
Аллаға  берген  уәдесі.  Алла  Тағала  бәрімізді  осы  уәдемізді  орындаушылардан  етсін. 
«иякәнастағин» да сондай уәде, «
тек Алладан ғана жәрдем сұраймыз» мағынасындағы 
сөйлем. Өмір сүру, адал тіршілік ету, дін жолында тақуалыққа бел буып, нәпсімізбен 
күресу  оңай  шаруа  емес.  Бұл  жолда  біз  міндетті  түрде  Алланың  көмегіне  зәруміз. 
Жаратқан Алладан үнемі көмек сұраймыз.
Осы  сөйлемдегі  сөздер  жеке  түрде  емес,  көпше  түрде  келген.  «Сыйынамыз, 
сұраймыз» деп. Бұл Ислам дініндегі амалдарды, мысалы намазды жамағатпен орындау 
керек екенін білдіреді. Көпшіліктің рухы биік екенін көрсетеді. 
«Б
ізді  тура  жолға  баста»,  деп  сыйынумен  келесі  аят  жалғасады.  Аяттағы 
«иһдинәә» деген сөз «бізді һидаятқа баста», яғни, 
«тура жолға баста» дегені. Келесі 
аят: «
Өзің нығмет бергендердің жолына (бастағын), ғазапқа дұшар болғандардың 
жолына емес, адасқандардың да емес».
«
Өзің  нығмет  бергендердің  жолына»  дегені  пайғамбарлар,  әули-әмбиелер, 
турашылдар, әділ жандар мен ізгі адамдар.
Ғазапқа дұшар болғандар дегені иаһудилар. Иаһудилардың азапқа ұшырауының 
себеб көп, мысалы, пайғамбарларды өлтірулері, Аллаға берген уәделерінде тұрмаулары, 
тағы басқалары. Бірақ, ең үлкен себеп, білгеніне амал етпеулері. Алла оларға білім берген, 
білдірген,  бірақ,  олар  біле  тұра  амал  етпеді.  Демек,  иаһудилар  жасаған  қателіктерді 
жасамау керек. 
Адасқандар  дегені  христиан-насаралар.  Насаралардың  «адасқандардан  болуы» 
бірнеше себептер бойынша. Ең негізгілері, олар мақсатқа жету үшін Алла көрсеткен 
жолды емес, өздері салған жолды таңдаған. Яғни, Иса пайғамбардың алдында өздерін 
айыпты  санап,  оны  риза  етеміз,  деп  Алла  айтпаған  сенімдерге  сеніп,  ғибадаттарды, 

209
амалдарды істеп кеткен. Олардың жолы тура жол емес, адасу болатыны осыдан. 
Сонда, Фатиха сүресінің жетінші соңғы аятының мағынасы: «О, Жаратқан Алла, 
бізді өткен әмбие, әулиелердің, ізгі жандардың жолына баста, иаһуди, христиандардай 
ғазапқа ұшыраудан, адасушылықтан сақта», дегенді білдіреді. 
Сондықтан сүрені оқығанда пенде пікірмен оқу керек. Өйткені, Алла мені мақтады 
деп  тұр.  Негізінде  адамзат  Алла  Тағаламен тілдесіп тұрса,  қуанғанынан  есінен  тана  
жаздау керек емес пе?! 
Фатиха  сүресінің  аяттарын  намаздарда  асықпай  бөліп,  бөліп  оқу  дұрыс,  деп 
санайды шариғат ғұламалары. 
Құран мен хадистерде періштелер туралы не айтылған?    
«Періштелер нұрдан, жындар түтінсіз оттан, ал адамдар болса Құрандағы сендерге 
айтылған нәрседен (балшықтан) жаратылған» (Муслим, Зухд, 60). Демек, періштелер 
нұрдан  жаратылғандықтан  көзге  көрінбейді.  Сонымен  қатар  адам  баласының  көру 
мүмкіндігінің  шектеулі  екендігі  де  белгілі.  Тіпті  біз  өз  болмысымызды  да,  рентген 
секілді  түрлі  сәуелерді  де  жалаң  көзімізбен  толықтай  көре  алмаймыз.  Сондықтан 
періштелердің жаратылысын, олардың көзге көрінбеу ерекшелігін өзіміздің шектеулі 
мүмкіндіктерімізбен бағамдап олардың бар екендігіне күмән келтірудің аса орынсыз 
екені хақ.  
Көз көп нәрсені көре алмағанымен, кейбір нәрселерді көре алмайды. Бірақ олардың 
бар екеніне шүбәсіз сенуге тиіспіз. Мәселен, адамның ақыл-ойы, рухы   болса да көзге 
көрінбейді. Демек, көздің көру аясы шектеулі. Оның көре алмаған нәрселерін жоққа 
шығара алмаймыз. Періштелер – пәк жаратылыстар, оларда күнә атаулы, тәкаппарлық, 
реніш  тәрізді  пенделік  қылықтар  болмайды.  Бар  міндеттері  –  Аллаһтың  әмірлерін 
мүлтіксіз орындау. Олар әуел баста, қандай мақсатпен жаратылған болса, тек соны ғана 
атқарады. Яғни олар, басқа жаратылыстар тәрізді Аллаһқа құлшылық етіп, Оның әмірін 
орындайды және ешқандай астамшылық әрекеттерге бармайды. Бұл жайлы Құранда: 
«...

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет