Реферат «Қан айналу жүйесі»



Дата27.11.2023
өлшемі43,28 Kb.
#129313
түріРеферат
Байланысты:
офд1



О
ңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық Университеті



Реферат
«Қан айналу жүйесі»


Группа:1703-12-7
Орындаған: Жүсіпбай Қарақат
Қабылдаған: Абубакирова А.А.


Жоспар
Кіріспе
Қан жүйесі
Қан айналым жүйесі
Қорытынды
Қан- қызыл түсті, мезодермадан түзілетін сұйық ұлпа. Ол ұлпалық сұйық лимфамен бірігіп, организмнің ішкі ортасын құрайды, денеде көл қырлы қызмет атқарады, солардың арасында бастылары: қорғаныштық қызметі, жылу реттеуші қызметі, байланыстырушы қызмет.
Қорғаныштық қызмет- қанның ақ түйіршіктері фагоциттік белсенділік көрсетеді және лимфоциттер бөлінген антиденелер бөгде заттарды жойып жібереді.
Жылу реттеуші қызмет- толассыз айналыста болудың арқасында қан денеде жылудың біркелкі таралуына мүмкіндік береді, қанның жәрдемімен жылудың артық мөлшері арқылы сыртқы ортаға бөлінеді.
Байланыстырушы қызмет- әртүрлі мүшелер мен торшалар әрекеті кезінде тнзілген өнімдер мен ішкі секреция бездері бөлген гормондарды тасымалдап, қан организм торшаларын, ұлпаларын мүшелерін өзара байланыстырады.
Қан әртүрлі торшалар жиынтығы болып табылады. Ол сұйық зат- плазмадан және қан түйіршіктерінен; қызыл түйіршіктерден (эритроциттерден), ақ түйіршіктерден (лейкоциттерден) және қан табақшаларынан (тромбоциттерден) тұрады. Қанның жалпы мөлшерінің 55-60% плазма, 40-50% қан торшалары құрайды. Дененің жалпы массасының шамамен 6-8% қаннан тұрады. Ересек адам органимінде 4,6-6л қан болады.
Қан құрамында 4 түрлі буферлік жүйе болады:
Бикорбанатты буферлік жүйе- ол көмір қышқылы мен натрий бикорбанаттарынан тұрады.
Фосфатты буферлік жүйе- бір және қос негізді фосфорқышқылды натрийдан тұрады.
Белокты буферлік жүйе- плазма белоктарынан құралады. Бнлоктар амфотерлік қасиетінің арқасында ортаның әрекетшіл ортасына қарай не сутегі, не гидроксил иондарын бөледі де, қанның сутектік көрсеткішін бір деңгейде ұстайды.
Гемоглобиндық жүйе- гемоглобинның калийлі тұзына байланысты. Бұл қосылыс көмірқышқылына қарағанда әлсіз қышқыл болғандықтан оған өзінің калий ионын береді де, сутегі ионын қосып алып, баяу диссоциацияланатын қышқылға айналады. Қанның буферлік қасиетінің 75% осы гемоглобинге байланысты.
Қан айналу жүйесі. Қан өзіне тән физиологиялық қызметтерді бір ғана жағдайда тоқтаусыз айналымда болғанда атқарады. Ал оның қан тамырларымен толассыз ағуы қан айналым жүйесі мүшелерінің қызметіне байланысты. Сондықтан барлық мүшелер мен жалпы организмнің әрекеті қан айналым жүйесі мүшелерінің қызметіне тікелей байланысты. Қан айналым жүйесін организмде сорап қызметін атқаратын жүрек пен қан тамырлары- артериялар (қызыл тамырлар), веналар (көк тамырлар), капиллярлар (қыл тамырлар) құрайды. Қанды жүректен ұлпалар мен мүшелерге тарататын тамырларды артериялар, ал олардан жүрекке алып келетін тамырларды-веналар деп атайды. Ұлпалар мен мүшелерде жіңішке артериолалар мен венулалар бір-бірімен капиллярлар арқылы жалғасады. Барлық омыртқалыларда қан айналым жүйесі тұйық жүйе. Ол үлкен (жүйелік) және кіші (тыныстық) қан айналым шеңберлерінен тұрады.
Қорытынды. Қан айналым жүйесінің сол қарыншадан қолқамен басталып, оң жүрекшеде қос қуыс венамен аяқталған бөлігін үлкен (жүйелік) қан айналым шеңбері деп атайды. Жүректен басталған қолқа артерия тамырларына тармақтала келіп, ұсақ тамырларға артериолалар мен тек микроскоппен ғана көрінетін капиллярлар түзеді. Капиллярға келген артерия қаны өзінің құрамындағы оттегіні ұлпалар береді де, зат алмасу процессі нәтижесінде ұлпаларда түзілген көмірқышқыл газды сіңіріп, вена қанына айналады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Ғаламтор желісі
www.stud.kz ; www.baribar.kz



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет