ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ
«МЕД-ПРОФИ КОЛЛЕДЖ» ЖШС
РЕФЕРАТ
Денсаулықты сақтаудың экономикалық тиімділігі.
Тақырыбы: Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы
Дайындаған: Бексариева Камшат
Тексерген: Лаура Манасовна
Құлсары қаласы.
2023 жыл.
Мазмұны.
1.Балалар мен жасөспірімдер гигиенасына түсінік.
2.Қоршаған орта факторларының әсері. Санитарлық шаралар.
3.Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер.
Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы пән және денсаулық сақтау жүйесінің іс –
тәжірибелік саласы ретінде өсіп келе жатқан ұрпақтардың денсаулығын сақтап,
нығайтуға бағытталған профилактикалық шараларды өңдеп, негіздеуге арналған
ғылым.
Бұл
пән
өсіп
келе
жатқан
организмге
қоршаған
ортаның әртүрлі факторларының
әсер
етуін зерттеумен
және
болашақта осы факторлардың организмге әсерін болжаумен айналысады.
Сонымен қатар ғылыми мәліметтер негізінде гигиеналық, санитарлық-гигиеналық
және санитарлық індетке қарсы ережелер мен нормаларды өңдеп, аурушаң-
дықты азайтуға,
организмнің
қызмет
қабілетін жоғарлатуға,
балалар
мен жасөспірімдердің
қалыпты дамуына
бағытталған емдеу
профилактикалық және салауаттандыру шараларын қарастырады. Балалар мен
жасөспірімдер гигиенасы санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің құрамына ене
отырып, гигиена ғылымының жеке бөлімі болып табылады. Балалар организмінің
морфофункционалдық жетілу дәрежесіне байланысты, олардың өсіп, дамуының әр
кезеңіне қоршаған орта факторларының әсеріне жауап ретіндегі физиологиялық
реакцияларының өзіндік ерекше деңгейі сәйкес келеді, сондықтан, гигиеналық
нормалар олардың жас ерекшелігіне қарай өзгеріп отырады. Балалар мен
жасөспірімдер гигиенасы өз алдына жеке ғылым ретінде денсаулықты сақтап,
нығайтуға, сонымен қатар организмнің үйлесімді дамуын қалыптастыруға
бағытталғандықтан, бұл саладағы гигиеналық нормалар организм мен қоршаған
ортаның тек сол мезеттегі қолайлы әсерлесуін ғана емес, организмнің дұрыс өсіп,
дамуына қажетті жағдайларын да қарастыруы тиіс.
Қоршаған орта факторларын нормаландыру кезінде балалардың іс-әрекетінің
түрлері,
еңбегінің сипатымен қатар мерзімдік,
климаттық жағдайлар да
ескерілуі керек. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы пәнінің негізгі ерекшелігі
сонда, ол ересек адамдардың организмінен сандық жағынан ғана емес, сапалық
жағынан да айырмашылығы бар, өсіп-даму кезеңдеріне байланысты, толық
қалыптасып бітпеген организмді зерттеп, оқытады. Басқа сөзбен айтқанда,
гигиенаның бұл саласын өсіп келе жатқан жас ұрпақтардың жас мөлшерлерінің
гигиенасы
деп
қарауға
да
болады.
Сондықтан,
балалар мен жасөспірімдер
гигиенасының
құрамына
өсіп
келе
жатқан
организмнің ерекшеліктерін ескере отырып көптеген зерттеулер жүргізетін
қосалқы пәндердің бөлімдері енеді: (тағам тану,еңбек, коммуналдық, әлеуметтік
гигиена, эпидемиология). 1959 жылы барлық ғылыми зерттеу жұмыстарды
біріктіретін
ССРО
МҒА
(ме-дициналық
ғылыми
академиясы)
жүйесінде балалар
мен жасөспірімдер гигиенасы
ғылыми
зерттеу институты ашылды.
Осы кезден
бастап
балалар мен
жасөспірімдер гигиенасы медициналық
жоғары
оқу орындарының санитарлық-гигиеналық
факультетінің құрамына
кірді.
Қазақстанда
осындай оқу орны
Қарағанды мен
Алматы
қаласында бар.
Қазақстанда
алғашқы санитарлық-гигиеналық
факультет Алматы
мемелекттік медицина институтында 1943 жылы ашылған болатын. 1948 жылы
мектеп гигиенасы кафедрасы өз алдына жеке кафедра болып құрылды.
Оны ұйымдастырған және
1960
жылға
дейін басқарған м.ғ.к.,
доц.
В.А.Смирнов болды. Кейіннен 1964 ж бұл факультет Қарағанды мемлекеттік
медицина институтына ауыстырылды және сол жылдан бастап балалар мен
жасөспірімдер гигиенасы кафедрасы коммуналды гигиена кафедрасының
құрамына кірді, осы біріккен екі саланың меңгерушісі м.ғ.д., доц. Ботенко Э.К.
болды.1989жылы Алматы мемлекеттік медицина институтында қайтадан санитарл
ық-гигиеналық факультет ашылып, алғашқы 100 студент қабылданып, оның 30
ең алғаш мемлекеттік тілде дәріс алды.1991жылы ашылған коммуналды гигиена ж
әне балалар мен жасөспірімдер гигиенасы кафедрасы студенттерді санитария, гиг
иена, эпидемиология саласынан екі тілде оқыта бастады. Оның ұйымдастырушыс
ы, әрі меңгерушісі Ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшесі, м.ғ.д.,
профессор Б.А.Неменко болды. Осы кезең Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған
кезеңге тура келді және өткен Кеңестер одағы кезіндегі осы саладағы заңдылық,
нормалық құжаттардың барлығы м.ғ.д., проф. Неменко Б.А. басшылығымен,
Республикамыздағы осы саладағы басты мамандардың қатысуымен елімізде
қабылданған жаңа Конституцияға сәйкес қайта қаралып, бекітіліп, басылып
шықты. Аталған пән бойынша өте қысқа мерзім ішінде оқу бағдарламасы өңделіп,
екі тілде дәрістер курсы дайындалды. Қазіргі кезде коммуналды гигиена және
балалар мен жасөспірімдер гигиенасы кафедрасы мақсатты бағытта ғылыми-
зерттеу жұмыстарымен айналысып отырған, шығармашылық әлеуеті кеңінен
дамып келе жатқан, болашағы зор ұжымдарЕліміздегі балалар мен жасөспірімдер
гигиенасында, денешынықтыру тәрбиесінің мақсаты - қандай да бір спорттық
нәтижелерге жету емес, жоғары деңгейдегі денсаулық көрсеткішіне жету. болып
табылады. Бұл мақсат жеке адамдармен қатар, жалпы қоғамның мүддесіне де
сәйкес келеді. Көпшілік қауым баланың чемпион титулына талаптануына тиым
сала алмайды, бірақ оны денсаулығына әсер ететін қауіптен қорғауға міндетті.
Көрсетілген мақсатқа жету үшін, денешынықтыру тәрбиесінің міндеттері оның
жетістіктеріне байланысты біршама өзгертілді және әлі де өзгертілуде. Жастардың
әлеуметтік іс-әрекеттерге жарамдылығы негізінде жүргізілген есептеулер бойынша
бұл
өзгертулердің
тиімділігі
өте
көптеген
факторларға
байланысты.
Денешынықтыру
тәрбиесінің негізгі
міндеттеріне:
денсаулықты нығайту,
функционалдық мүмкіндіктер мен дене бітімі дамуының үйлесімділігін жетілдіру;
қимыл-қозғалыс дағдыларын, бұлшық ет күшін дамыту; жылдамдық, төзімділік,
ептіліктің негіздерін құрып, жетілдіру; еркіндік пен тәртіп саласын дамыту;
гигиеналық дағдыларға тәрбиелеу; т.с.с. жатады.
Денешынықтыру
тәрбиесін
салауттандырудың
тиімділігін төмендегі жағдайлардан көруге болады: организмнің қоршаған
ортаның әсеріне төзімділігі артады; өсу мен даму процесстерінің жақсаруына
жағдай жасайды; жылуреттеуші механизмдер жетіледі; организмнің салқын
тигеннен пайда болатын ауруларға қарсы төзімділігі жоғарылайды т.б.; Адам
эволюциясы қимыл-қозғалыс белсенділігімен үзбей байланыста болады. Қимыл-
қозғалыс тіршіліктің белгісі және организмнің биологиялық қажеттілігін
қамтамасыз етудің, әлемді танып, білудің құралы. Қимыл-қозғалыс белсенділігі
дегеніміз - белгілі уақыт аралығындағы дене қозғалыстарының жиынтығы.
Қимыл-қозғалысқа биологиялық қажеттілік, баланың өмірге алғаш келген
күнінен бастап пайда болады, бірақ, ол әлеуметтік факторларға байланысты
өзгеріп отырады. Тіршілік жағдайы мен тәрбие жүйесі тәуліктік қимыл-қозғалыс
белсенділігін шұғыл төмендетіп, не болмаса, жоғарылатып жіберуі мүмкін. Ол
ерте жаста биологиялық (генетикалық) механизммен ал одан кейінірек, ересек
жастарда әлеуметтік механизм бойынша реттеледі. Бірақ казіргі кезде
денешынықтыру тәрбиесінің өсіп келе жатқан жастардың тілегі мен мүмкіндіктерін
ескеретін, көптеген жаңа түрлері пайда болып жатыр. Бұлар, спорт-тық билер,
ырғақты гимнастикалар "аэробика", қытай гимнастикасы "ушу" және т.б. Олардың
көбі, өзінің жаңалығымен, қолайлылығымен арнаулы бөлмелер мен арнаулы
құралдарды қажет етпейді. Сондықтан денешынықтыру тәрбиесінің қосымша
түріне қатал регламентация сақталмаса да болатын сияқты. Олардың негізі еркін
таңдау, қолайлылық және формалды түрде болмауы керек. Балалар мен
жасөспірімдердің денешынықтыру тәрбиесінде оқытудың үш тәсілі кеңінен
қолданылып жүр: қатал регламентация тәсілі, ойындар және жарыстар өткізу.
Балалар мен жасөспірімдердің денешынықтыру тәрбиесінің әрбір жас топтарына
және мекемелердің типтеріне қарай бөлінген мемлекеттік бағдарламасы бар.
Бағдарламалар балалар мен жасөспірімдер мекемелерінің төменде көрсетілген
типтеріне арнап өңделген: балалар бақшасы; жалпы білім беретін мектеп; кәсіпттік
- техникалық білім беретін мекеме; балалар мен жасөспірімдердің спорттық
мектебі.
Санитарлық дәрігер- мектеп
жасына
дейінгі балалардың
денешынықтыру
тәрбиесіне
баға
беру
үшін
төмендегі
үлгі
бойынша тексеру жүргізеді:
- Балалардың жасына, денсаулығына және дайындығына байланысты
денешынықтыру тәрбиесінің құралдары мен түрлері;
- Денешынықтыру сабағының бүтіндей және жеке бөлімдерінің ұзақтығы,
моторлы тығыздығы, сабақ жүргізу жағдайы, құралдары);
- Таңертеңгілік гимнастика (реттілігі, орны, жағдайы, киімдері);
- Қимыл-қозғалыс ойындары мен көңіл көтеру уақыттары (күн тәртібіндегі
уақыты, ойынның сипаты, жабдықтары, құралдары);
- Серуендер мен экскурсиялардың ұйымдастырылуы (ара қашықтығы,
ұзақтығы, өткізу орны, киімдері);
- Балалардың денсаулық жағдайының мәліметі (аурушаңдығы, дене бітімінің
дамуы).
Санитарлық дәрігер, мектептегі денешеынықтыру тәрбиесінің ұйымдастырылуына
төменде көрсетілген үлгі бойынша гигиеналық баға береді:
- Медициналық
тексерудің қорытынды жинағы (дұрыс, уақытында
өткізілгендігі, денсаулық топтары, оның динамикасы);
- Денешынықтыру сабағының мазмұны (сабаққа қатынасуы, сабақ босатудың
себептері, сабақтың ұзақтығы, құрылысы, моторлы тығыздығы);
- Денешынықтыру салауаттандыру шаралары (толықтығы, дұрыстығы,
реттілігі, сабақ жүргізу жағдайы);
- Сыныптан тыс спорттық-қоғамдық жұмыстар (секциялардың және спортпен
шұғылданатындардың саны, экскурссиялар мен жорықтар, денсаулық және
спорт күндерінің реттілігі);
- Денешынықтыру сабағы өткізілетін орынның гигиеналық жағдайы;
Кәсіптік-техникалық
білім
беру
орындарында жүргізілетін
денешынықтыру
тәрбиесінің өз
ерекшеліктері бар.
Мұндағы денешынықтыру тәрбиесінің бағдарламасы мектептегіге ұқсас келеді,
ерекшелігі
-
денешынықтыру сабағының
кешенді және
арнайыландырылған
деп бөлінуінде.
Жасөспірімдердің
арнайы
спорт мектептеріндегі денешынықтыру
тәрбиесінің мақсаты
-
кәсіпкер
спорт шеберлерін даярлау болып саналады. Спорттық мектеп - интернаттар,
спорттың жеке түрлерінен жоғары спорт шеберлерін даярлауға арналған.
Шынығу деп организмнің
қоршаған
орта
факторларына,
әсіресе,
метеорологиялық факторларға
(шынығудың
арнаулы әсері)
қарсы тұру
мүмкіндігін арттыратын процедуралар жүйесін түсінеді. Сонымен қатар шынығу
организмнің
қызмет
қабілетін жоғарылатады,
әр
түрлі ауруларға иммунобиологиялық
қарсы тұру
(арнаулы емес
әсері)
дәрежесін арттырады. Жеке әсерлердің ұзақтығы мен күшінің жүйелі түрде
қайталануына байланысты, шынығуды жаттығулардың жеке түрі деп қарауға
болады. Бұл жағдай шынығудың негізгі принциптерін ( ақырындап, еппен бастау
және жүйелігін сақтау) анықтайды.
Балаларды ерте жастан метеорологиялық факторларға шынықтырудың маңызы
өте
зор.
Дене
температурасының
тұрақтылығы
химиялық
және
физикалық болып бөлінетін термореттеу процесі арқылы сақталады. Біріншісі-
жылу бөлінуін (зат алмасу) реттеу, екіншісі- жылу беруді реттеу болып табылады.
Сыртқы ортаның температуралық факторлары, терінің терморецепторларына
(жылулық, салқындық) әсер етеді. Бұл рецепторлар дененің барлық аймақтарында
біркелкі таралмаған. Оның ең көп бөлігі бет терісінде, ең аз бөлігі иық,
қол
терілерінде орналасқан.
Кейінгі
жылдары терідегі
жүйке жүйесінің еркін аяқталуы туралы - салқындаған кезде терідегі жиі соға
бастайтын импульс яғни салқын сезгіш жіпшелер туралы айтыла бастады.
Импульстер рецептордан гипотала-мусқа (организмнің жылу реттеу орталығына)
барады. Жылу реттеу реакциялары өз кезегінде зат алмасу және қаңқа бұлшық
еттерінің моторлы ортасымен, яғни жылу өндіру орталығымен байланыста болады.
Дене температурасын реттеуде перифериялық қан айналысының жылдамдығы мен
көлемі, тері бетінің жылу беру мөлшерін өзгертеді. Температуралық
тітіркендіргіштер әсер еткенде қан тамырларының кеңеюуі немесе тарылуы,
орталық жүйке-жүйесінің қатысуымен реттеледі. Салқын әсер еткенде,
рефлекторлық реакциялар жылу бөлінуді 15-30% кемітіп, қан тамырларының
тарылуын қамтамасыз етеді. Сонымен бірге жылу өндіруді ұлғайтатын, шартсыз
рефлекстер де іске қосылуы мүмкін.
Бала организмі туған күнінен бастап, термореттеуші жүйемен реттеледі, бірақ ол
толық жетілмеген,
әлсіз болып келеді.
Балалардың
терісі
ересектердікіне қарағанда жұқалау
және
капиллярларға бай келеді.
Тері
бетінің көлемі де салыстырмалы түрде көбірек болады, зат алмасу процессі
ересектерге қарағанда үдемелі
түрде жүретіндіктен,
жылу
берілуіне
қолайлы жағдай
туады,
сондықтан
олар
салқын
тигеннен
пайда болатын ауруларға бейім келеді. Жылу реттеу жүйесінің дұрыс жетілуі
үшін, организм шынығуды қажет етеді және осы жүйелерге кейбір жүктеме түсіру
бала организміне зиянды емес, керісінше, пайдалы болып келеді. Сондықтан,
организмнің шынығу процесі термореттеу аппаратының жаттығуына негізделген.
Балалық шақта әсіресе, сәбилік шақта және мектепке дейінгі кезеңдерде химиялық
жылу реттеу орталығының өте маңызды қорғаныш рөлін атқарады. Салқын
тітіркендіргіштерге тері-тамыр реакциясының жылдамдығы жас өскен сайын арта
түседі, бірақ аздаған шынығу процедурасы болуы да мүмкін. Рецепторлық
аппараттар мен қан-тамыры реакцияларына қайта-қайта жүктеме түсіру, олардың
қызметін жетілдіре түседі және термореттеу жүйесінің функционалдық
мүмкіндіктерінің жетілуін жылдамдатады. Белгілі шартсыз рефлекстерден басқа,
солардың негізінде, балалар организмінде температуралық әсерлерге термореттеу
жүйесін саналы түрде іске қосатын шартты рефлекстер пайда болады.
Шынығудың
тиімділігі
төменде
көрсетілген принциптердің сақталуына
байланысты:
-
Процедураларды қолданудың жүйелілігі;
-
Тітіркендіргіштердің күшін ептеп ұлғайту;
-
Жасына, денсаулығына және шынығу дәрежесіне байланысты шынығуды
бастаған кезде, жеке бас ерекшеліктерін ескеру;
-
Балалардың ең жақсы жылулық жағдайда болуы;
-
Баланың көңіл-күйінің дұрыстығы.
Балаларды
шынықтырудың
құралдары
болып,
негізінен табиғи
факторлар алынады: ауа, су, күн радиациясы. Оларды шынығуға пайдалану үшін,
белгілі
гигиеналық
талаптар
қойылады.
Ауа
мен су
таза
және
белгілі температурада
болуы қажет.
Сонымен қатар ауаның
ылғалдылығы мен қозғалу жылдамдығы да есепке алынады. Күн сәулесінің
түсетін бұрышы, әсер ету үстемдігі және ұзақтығы белгілі мөлшерде болуы қажет.
Жалпы алғанда, денешынықтыру тәрбиесінің салауаттандырудағы тиімділігі екі
негізгі принципті сақтағанда ғана дұрыс болады: тәуліктік қимыл-қозғалыс
белсенділігіне гигиеналық нормаларға сәйкес түзетулер жүргізілуі және
денешынықтыру тәрбиесінің гигиеналық негізделген жалпы моделінің болуы.
Қимыл-қозғалыс белсенділігінің дұрыс жасалған нормасы негізгі үш талаптың
орындалуын: организмнің барлық жүйелерінің үнемді қызмет етуін, олардың
сенімділігін және қоршаған ортаның өзгеруіне реакцияның дұрыс сақталуын
қамтамасыз етуі керек.
Қорытынды.
Салауатты өмір салты - белгілі популяцияның денсаулығын сақтап, нығайтуға,
салауаттандыруға арналған мінез-құлқы, тәрбиесі. Салауатты өмір салты -
тек
медициналық емес,
сонымен қатар
өндіріс пен өндірістік
қатынастардың дамуына байланысты болып келетін әлеуметтік-экономикалық
категория. Салауатты өмір салты жеке адамның тіршілік жағдайын денсаулығына
сәйкес таңдауы, яғни жеке әлеуметтік топтар мен жалпы қоғамның жоғары
гигиеналық мәдениеті. Организмнің қорғаныш қабілетін жоғарылатуға жағдай
жасайтын тәртіптер және организмге зиянын тигізетін әдеттерге қарсы тәртіптер -
гигиеналық дұрыс тәртіп болып саналады. Организмнің қорғаныш қабілетін
жоғарылатуға әр түрлі іс-әрекеттер мен демалысты дұрыс пайдалану, рационалды
тамақтану, жақсы қимыл-қозғалыс белсенділігі, денешынықтыру, шынығу, жеке
бас гигиенасын сақтау, өзінің денсаулық жағдайына ерекше көңіл бөлу, жақсы
экологиялық жағдай т.с.с. әсер етеді. Бұл жағдайда балалардың өзіне қажетті
тіршілік ортасын қалыптастыра алмайтындығын ескеру керек. Сондықтан бұндай
жағдайларды қалыптастыру негізінен ата-аналарға, ағарту жұмыстарын
ұйымдастырушыларға, педагогтарға байланыстыі. Яғни, баланың болашақтағы
мінез-құлқы оның сәби кезінен бастап тіршілік ортасына байланысты болады.
Салауатты өмір зиянды әдеттермен үйлеспейді. Алкоголь және басқадай
маскүнемдікке әкелетін заттар, анаша, шылым шегу салауатты өмір салтын
қалыптастыруға жан-жақты кедергі келтіреді. Зиянды әдеттер көптеген
аурушаңдықтың қауіптілік факторы болып саналады және балалар мен
жасөспірімдердің денсаулық жағдайына кері әсер етеді. Қазіргі кезде, жоғарғы
сынып оқушыларына жүргізілген эпидемиологиялық тексерулер шылым шегу,
шарап ішу, анаша пайдалану жастардың арасында кеңірек таралып бара жатқанын
көрсетеді. Әсіресе маскүнемдік бірінші орынға шығады екен. Маскүнемдікке бейім
келетін ең қиын кезең - жасөспірім кезеңі. Бұл кезеңде жасөспірімдер тіршілігінде
бірқатар маңызды өзгерістер болып жатады. Біріншіден, организмнің психо-
эндокриндік қайта құрылуы қалыптасады, екіншіден жаңа көзқарас, қажеттіліктер
қалыптаса бастайды. Психологиялық қайта құрылу дискамфорттық жағдайлардың
пайда болуының себебінен қиын қалыптасады. Жасөспірімдердің мінез-құлқы
тұрақсыздықпен, жылдам жәбірленгіш, өкпешілдікпен сипатталады. Осы кезеңде
жолдастар тауып, топ құрып жүру қажеттілігі жоғары болады. Сонымен қатар,
жасөспірімдер тобында өздерінің бағалайтын бағыт, пікірлері, демалыс
уақыттарын өткізу, көптеген қиын жағдайларды шешу тәсілдері қалыптасады.
Сондықтан бұл кезеңде топтармен бірге арақ-шарапқа үйрену қауіпі артып, ата-
аналары мен педагогтардың ескертпелері оның еркіндігіне, құқығына қарсылық
көрсету сияқты қабылданып, көбінесе олардың мінез-құлқына кері әсер етуі
мүмкін. Сондықтан, оларды бір жақты тыңдауға мәжбүр ету олардың қарсылығын
туғызып, өз бетімен кетуіне әкеліп соғады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Оқулық. Кучма В.Р. «Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы. 2014 ж.
2.Электрондық сайттар.
Достарыңызбен бөлісу: |