Реферат Әлемдік технопарктер. Алматы, 202 3ж



Дата27.11.2023
өлшемі175,89 Kb.
#129150
түріРеферат

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті




Педагогика және психологии институты

Пәннің атауы «Инновациялық бизнес негіздері »


Орындаған: Тастанбек Динара


Қабылаған: Аренова.А.Х


СӨЖ 14


Реферат


Әлемдік технопарктер.


Алматы, 202
Технопарк ғылыми-өндірістік аумақтық кешен дегенді білдіреді, оның міндеті шағын және орта инновациялық клиент-фирмалардың дамуы үшін барынша қолайлы орта құру. Осылайша, технопарк ұғымы инновациялық қызмет саласындағы инкубатор ұғымына өте жақын. Инновциялық инфрақұрылымның бұл екі элементі де шағын инновациялық компаниялардың дамына ықпал етуге, олардың қызметіне қолайлы, қолдау жасай алатын орта құруға арналған кешен. Олардың айырмашылығы неде? 
Технопарктердің клиент-фирмаларының жиыны инкубаторға қарағанда қайтадан құрылып жатқан және дамуының ерте кезеңіндегі инновациялық компаниялармен шектелмейді. Технопарк қызметтерін тек ғылыми білімдерді, ноу-хау мен ғылымды қажет ететін технологияларды коммерциялық меңгерудің түрлі кезеңдеріндегі шағын және орта инновациялық кәсіпорындар пайдаланады. Басқаша айтқанда, технопарктерге инновациялық қызметтер саласындағы инкубаторларда болып тұратын тұрақты жаңарудың, клиенттерді алмастырудың қатаң саясаты тән емес.
Бұл жерде атап өтетін нәрсе, егер технопарктер тек инновациялық қызметтерді қолдауға арналған болса, онда инкубаторлар технологиялық емес, яғни дәстүрлі салалар мен қызмет түрлері үшін де құрылады (мысалы, өнер, ауыл шаруашылық қызметі). 
Оған қоса, инкубаторлар кешені әдетте бір немесе бірнеше ғмратта орналасады. Ал технопарктерде клиент фирмаларға кеңселер немесе басқа өндірістік ғимараттарды салу үшін жалға берілетін жерлер бар. . 
Яғни, технопарктер инкубаторлармен салыстырғанда шағын және орта инновциялық кәсіпорындардың құрылу базасын материалдық-техникалық, әлеуметтік-мәдени, ақпараттық және қаржылық дамыту арқылы инновациялық кәсіпкерлікті қолдау бойынша неғұрлым көп қызметтер жиынтығын ұсынуға мүмкіндік беретін түрлі инновациялық орта құруды білдіреді. 
Технопарктің негізгі құрылымдық бірлігі орталық болып табылады. Әдетте, технопарк құрылымында инновациялық-технологиялық, оқыту, кеңестік, ақпараттық, маркетингтік орталықтар, өндіріс аймағы ұсынылған. Технопарк орталықтарының әрқайсысы мамандандырылған қызметтер жиынтығын ұсынады, мысалы, мамандарды қайта даярлау қызметі, белгілі бір технология бойынша ақпаратты іздеу және ұсыну, заңгерлік кеңестер және т.с.с. Атап өтілгендей, технопарк құрамына оның жеке құрылымдық элементі ретінде инкубатор кіруі мүмкін.
Технопарк құрылымындағы орталық орын инновациялық-технологиялық орталықтарға (ИТО) тиісті болады, олардың жағында көп жағдайда ақпараттық-сараптамалық орталықтар қызмет етеді. Инкубаторлар сияқты ИТО қандай да бір технопарктік құрылымға тәуелсіз қызмет ететін инновациялық құрылымның жеке элементі де бола алады. 
Мұнда атап өтетін нәрсе, парктер инновациялық құрылымның элементі ретінде түрлі елдерде түрлі атауларға ие болған. Егер Ресейде оны «технологиялық парктер» (технопарктер) немесе «ғылыми-технологиялық парктер» деп атаса, АҚШ-та ол құрылымдарды «зерттеу рактері» деп, Ұлыбританияда – «ғылыми парктер», ҚХР – «ғылыми-өндірістік парктер» деп атайды. 

Кей мамандар түрлі парктердің типтерінің арасындағы айырмашылықтың тек лингвистикалық емес, ал принципиалды да сипаты бар деп, олардың бөліп және сипаттауға тырысады. Кейде парктердің түрлі үлгілері туралы да айтылады (американдық, жапондық және т.б. үлгілер). Парктердің түрлі үлгілері мен типтерінің өзгешелік сипаты ретінде не олардың университеттермен және басқа ғылыми орталықтармен байланысының деңгейін, не инновациялық үрдістердің түрлі деңгейдегі қамтылуын, не қозғаушы күштердің сипаты мен олардың қызметінің практикалық бағытын қарау ұсынылады. Әрине, инновациялық құрылымның элементі ретінде парктердің жеке елдерде ғана емес, олар бар әр аймақта немесе қалада ерекше белгілері бар. Түрлі парктердің университетермен, ғылыми орталықтармен және басқа да ұйымдармен байланысы да айтарлықтай түрленіп тұрады. Сондықтан түрлі елдер мен облыстарда парктердің пайда болуы мен қызмет етуінің белгілі бір ерекшеліктерін жоққа шығармай оларды технопарктік құрылымның жалпылай бір түрі деп қараған орынды. Яғни, технопарктер деп біз технологиялық та, ғылыми, зерттеу, ғылыми-зерттеу, ғылыми-өндірістік парктер құрамына кіретін инновациялық құрылым элементтерінің тобы, класы деп түсінеміз. Технопарктердің құрылтайшылары рөлін көбінде университеттер, техникалық және басқа жоғарғы оқу орындары, ғылыми-зерттеу және конструкторлық мекемелер атқарады.


Қазіргі уақытта әлемде 450-ден астам технологиялық (ғылыми, зерттеу) парктері қызмет етеді, олардың 170-і Еуропада, 70-тен астамы – Ресесйде орналасқан [Ресейдің университеттіе ғылыми-техникалық парктерінің каталогы, 1998]. Түрлі елдердегі технопарктердің дамуына мысал келтірейік. 


Француз Альпілерінде орналасқан «София Антиполис» Француз технопаркін технологиялық утопия деп жиі атайды. Ол 1969 жылы Тау ісі жөніндегі университеттің инженерлері мен ғалымдарымен аймақтық үкіметпен бірлесіп құрылған. Парктің құрылау фазасы 15 жылға созылған. Провинциалды ғылым мен технологиялық қызмет дәстүрі әлсіз елдерде парк жұмысының табысты болуы көпшілік үшін таң қаларлық болған. Қазіргі уақытта ол жерде 5 мың адам қызмет етеді, алып жатқан аумағы 2800 га. 

1989 жылы құрылған Патра грек технопаркі сәтті қызмет етіп келеді. Осы парктегі технологияның жеті негізгі коммерцияландыру саласы Патра қаласындағы университетпен жүргізіліп отырған ғылыми жұмыс бағытына сәйкес келеді.


1990 жылы Швецияда Новум технопаркі құрылып, сәтті қызмет етіп келеді, оның қызметінің негізгі саласы медициналық өнімдерді өндіру мен медициналық қызмет көрсетуде маманданатын инновациялық компанияларды қолдау көрсету болып табылады.

Технопарктер идеясын дамыту көптеген елдерде инновациялық инфрақұрылымның неғұрлым интегралданған және кешенді элементі – технолполистердің пайда болуына алып келді. Технопарк пен технополис арасындағы шекті оңай ажырату мүмкін емес, себебі бұл элементтердің ортақ белгілері көп (осылайша, кей мамандар Франциядағы «София Антиполис» паркінің дамуына оны технополиске айналдырып жіберді деп есептейді). Сондықтан технопарктік құрылымның жеке топтары ретінде айтуға мүмкіндік беретін технополистің сипатын бөліп қарауға болады. 


Технополис, кейде оны ғылыми қала деп те атайды, құрамына мәдени және рекреиациялық инфрақұрылыммен жабдықталған университеттер немесе басқа жоғарғы оқу орындары, ғылыми-зерттеу институттары, сонымен қатар тұрғын аудандар кіретін ірі заманауи ғылыми-өндірістік кешен.
Ғылыми қалаларды, технополистерді салудың мақсаты ғылыми зерттеудің назарын алдыңғы қатарлы және пионер салаларға шоғырландыру, осы саладағы жаңа жаңа өндірісті дамыту үшін қолайлы орта құру болып табылады. Әдетте, технополис қанағаттандыруы тиіс критерийлердің бірі оның табиғаты көркем аудандарда орналасуы, табиғат жағдайлары мен жергілікті дәстүрлермен үйлесімдігі болып табылады.
Ресейде технополистерді жасау мен дамытудың тиімділігінің көптеген мысалдары бар. Солардың арасында – Пущино, Дубна, Обнинск. Алайда, инновациялық инфрақұрылымның дамуындағы технополистердің рөлін жете түсінген ел – Жапония.
Бұл елдің Үкіметі 1982 жылы технополистердің дамуының жиырма жылдық жоспарын, технополистер туралы арнайы заң жасап қабылдаған. Жапониядағы сәтті салынған технополиске мысал - «ақыл-ой қаласы» Цукуба. Ол Токионың солтүстік-шығысынан 35 миль жерде орналасқан. Цукуба тұрғындары екі университетте, 50 мемлекеттік зерттеу институттарында жұмыс істейді, бұл осы қаланы әлемдегі ең ірі ғылыми орталықтардың біріне айналдырады.

Атап өтілгендей, көптеген елдердің инновациялық инфрақұрылымының басты элементтерінің бірі болып ақпараттық-технологиялық жүйе табылады. Бұл жүйелер инновациялық қызметтің субъектілері мен нәтижелері туралы көптеген түрлі ақпараттар, инновациялық өнімдер, қызметтер, технологиялар, ғылыми және инновациялық ұйымдар, зияткерлік жеке меншік нсыандары туралы ақпараттар бар мәліметтер базасына негізделген. 


Интернет-технология мен басқа жаңа ақпараттық технологиялардың жылдам дамуы инновациялық қызметті ақпараттық қамтамасыз ету міндетін шешудің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Ақпараттық-технологиялық жүйелердің мәліметтер банкіне интерактивті қол жеткізу үшін телематикалық желілерді қолдану инновациялық үрдісті неғұрлым тиімді жүзеге асыруға ықпал етеді.
Инновациялық инфрақұрылымның осы элементінің табысты қызмет етуінің мысалы ЕО елдері қолдау көрсететін ARIST, CORDIS, EPIPOS ақпараттық-технологиялық жүйелер болып табылады. 
ARIST ғылыми-технологиялық ақпараттық қызмет – бұл нарықтағы инновациялық технологиялар туралы мәлімет алудың ақпараттық құралы. Ол тиісті технологиялары бар инновациялық ұйымдар мен потенциалды клиенттер арасында байланыс орнату үшін қолданылады. ARIST бірқатар ақпараттық қызметтерді көрсетеді, оларды үш топқа бөлуге болады: 
1. − белгілі бір инновациялық технологияның қандай деңгейге жеткенін талдау үшін ғылыми және технологиялық ақпарат. 
2. − Техникалық-заңгерлік ақпарат – өндірістік жекеменшік (патенттер, сауда маркілері, пайдалы үлгілер, ұлттық және шетелдік техникалық стандарттар), сонымен қатар түрлі мемлекеттердің заңнамалары, нормативтік-құқықтық актілері сияқты тақырыптар талданады. 
3. − Техникалық-экономикалық ақпаратқа жеткізілімдер мен дистрибьютерлерді нарықтық талдау кіреді. 
CORDIS – бұл ЕО елдеріндегі зерттеу қызметі туралы ақпарат шоғырланатын мәліметтер банкінің жүйесі (қазіргі уақытта 8 мәліметтер банкі). Бұл ақпараттық жүйені жасау 1990 жылдың қараша айында басталған. CORDIS құндылығы – инновациялық ұйымдар өз ҒЗТКД нәтижелерін жарнамалап қана қоймай, оларға түрлі ақпараттық көмек те көрсетіледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет